Қабылдау барысында барша ақпарат көздерi (сөз, көрнекiлiк
және т.б.) пайдаланылады, ақпарат мазмұны бала санасы-
на индуктив не дедуктив қисынды жолдарымен жеткiзiледi.
Педагогтың басқарушылық қызметi бiлiм қабылдату мiндетi-
мен шектеледi.
Репродуктив, яғни
қайта жаңғырту
әдісiнде келесi бел-
гiлер көзге түседi: а) бұл әдісте де бiлiм оқушыға “дайын”
күйiнде ұсынылады; б) мұғалiм бiлiм мазмұнын хабарлап қана
қоймастан, оны жан-жақты түсiндiредi; в) оқушылар бiлiмдi са-
налы игередi, түсiнедi әрi есiнде қалдырады. Игерiлгендiктің
белгiсi – бiлiмдi қалтықсыз дұрыс қайта айтып не жазып бере
алу; г) игерiлгеннің қажеттi деңгейдегi бекiмi бiлiмдi көп мәрте
қайталап жаттау жолымен iске асады.
Түсiндiрме-көрнекiлiк әдістегiдей бұл әдістің де аса үлкен
артықшылығы – оның
үнемдiлiгiнде
(экономность), яғни
қажеттi бiлiм мен ептiлiктер ауқымы аз уақыт iшiнде елен-
бес күш-қуат жұмсаумен игерiледi. Көп мәрте қайталаулар
мүмкіндiгiнен игерiлген бiлiмдер бекiмi анағұрлым жоғары бо-
лары сөзсiз.
Достарыңызбен бөлісу: