228
жұмысқа бүкiл сынып қосылады. Түсiндiрме жаттығулар әдісi
сабақтың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етiп, барша ба-
лалар тарапынан материалдың саналы игерiлiп, мықты бекуi-
не жәрдемiн тигiзедi.
Бастауыш мектепте
ауызекi
жаттығулар кең қолданылады.
Олар тiл мен қисынды ой дамуына, танымдық мүмкіндiктердi
көтеруге өте пайдалы. Ауызекi жаттығулардың орындай-
тын қызметi әртүрлі: оқу техникасы мен мәдениетiн көтерiп,
ауызекi есеп, әңгімелеу, бiлiмдердi жүйелi баяндауға
үйрету. Ауызекi жаттығулардың тiл үйренудегi орыны ерек-
ше. Мұндай жаттығулар бiрте-бiрте күрделенiп барады. Оқу
қызметтерi қатарында
жазба
жаттығулардың (стилистикалық,
грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығарма, баян-
дамалар) маңызы өз алдына. Жазба жұмыстарға байланысты
мұғалiм қызметi – олардың көптүрлілiгi мен жеткiлiктi санын
қамтамасыз ету. Жазба жаттығулар қатарына математика, су-
рет сабақтарында кең қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: