236
Оқу еңбегi барысында қалыптасқан
мұғалiм мен балалар
арасындағы өзара қарым-қатынас (бiрлiктi қызметтестiк неме-
се әкiмшiлдiк).
Сыныптағы балалар саны.
Мұғалiмнің өз дайындық деңгейi.
Аталғандарға қосымша мұғалiм келесi сұрақтарға жауап iз-
дестiргенi жөн:
– тақырыпты қай әдіспен өткен тиiмдi – оқушылардың өзiндiк
жұмыстары әдісiмен бе әлде мұғалiм басшылығында ма?
– сабақта ол қандай құрал-жабдықтарды пайдаланғанды
жөн көредi?
– балаларды белсендiлiкке ынталандырудың қай әдістерiн
қалар едi?
– жалпы оқу не сабақ
аяғында бақылау мен өзiндiк
бақылаудың қандай жолдарын пайдаланған тиiмдi?
Әр сабаққа дайындала отырып, педагог бағдарламаны,
оқу
мазмұнын мұқият талдайды, жоғарыда келтiрiлген
жағдаяттарды бағалау сарабына салады,
ниеттелгендер мен
мүмкін болар, ойдағы мен нақты iстегiлердi салыстыра отырып,
алда өтiлетiн сабақтағы қадам әрекеттерiн бiржақты тоқтамға
келтiредi. Кәсiптiк саналы тексерiлiп, тыянақталған қызмет
осылай жасалуы шарт.
Сонымен, ертеңгi сабаққа
таңдастырылған әдіс жөн-
жосақсыз болмауы тиiс. Әдiс мейлiнше оқу мiндеттерiне,
оқушылар мүмкіндiктерiне барынша сай болуы үшiн мұғалiм
олардың
жағдаяттарға сәйкес, үйлесiмдi келуiне мән берiп,
талдау жұмыстарын мүлде тоқтатпайды.