Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет179/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

технология-
сы
бiрнеше мiндеттi сатылардан тұрады. МО маңызды кезеңi 
– 
мәселелi жағдайды 
түзу, сол арқылы оқушыларды қандай 
да қиындықты ой толғанысына келтiру. Мәселелi жағдайдың 
қай уақытта да адамды сана-сезiмдiк күштенуге түсiрiп, 
туындаған қайшылықтарды шешу қажеттiгiн пайда ететiнi бел-
гiлi. Олардағы қарама-қарсылықтар төркiнi – алға тартылған 
сұраққа бола бұрыннан бар бiлiмдерiмен жауап бере алмауын-
да. Ендi ол қайшылық кедергiлерiнен жол тауып шығуы үшiн 
жаңа бiлiмдердi игеруi тиiс. 
Жағдайға енгiзiлетiн оқу мәселесi белгiлi қиындық 
деңгейiнде болып, бiрақ оқушының оны шешуге күшi жететiн-
дей болуы қажет. Бiрiншi кезең осымен аяқталады. Мәселе 
шешiмiн табудың 
екiншi кезеңiнде
нақты сұрақ бойынша 
өз бiлгендерiн сарапқа салып, жауап табу үшiн не жетiспей-
тiнiн анықтап, кемшiн бiлiмдерiн толықтыруға белсендiлiкпен 
кiрiседi. Ал 
үшiншi кезең
әрқилы жолдармен мәселе шешу-
ге қажеттi бiлiмдердi игеруге бағытталады. Нәтижеде, “аян” 
жарқ етiп, бала “Бiлдiм, қалай болатынын!” деген тоқтамға ке-
ледi. Әрi қарай мәселе шешiле бастайды, нәтиже тексерiледi, 
бастапқы болжаммен салыстырылады, қолға түскен бiлiмдер 
мен ептiлiктер жүйеленiп, қорытылады.


244
Мәселелi сұрақтар мен тапсырмаларды өрнектеуге 
қойылатын талаптар:
– оқушылардың бiлiм, ептiлiк деңгейi мен ойлау қабiлетiне 
орайластырыла түзілуi тиiс;
– белгiлi мен белгiсiздердi салыстырудан бала таңдануын 
туғызып, аралық кедергiлердi жеңу ықыласын оятуы шарт;
– оқушыларды қиыншылықтарды шешуге ынталандырып, 
әртүрлі болжам ұсынуға ойыстыруы тиiс;
– жеке оқу пәнi материалымен шектелмеуi қажет.
МО мәселе мәнiн баяндау, эвристикалық (ішінара iздену), 
зерттеу iзденiсi әдістерiмен iске асырылады. Бастауыш мектеп 
сабағында мәселелi сұрақ және мәселе мәнiн баяндау секiлдi 
МО элементтерiн мұғалiм жиi қолданады, себебi кiшi жастағы 
балалар қандай да мәселенi шешуде сезiм толғанысына 
берiлiп, белсендi әрекетке келедi. Мұндай жұмыстың табысты 
болуы келесi жағдайларға тәуелдi:
– МО шарттарын iске асыруға мұғалiмнің өз дайындығы жет-
кiлiктi деңгейде болса;
– оқушылар сабақтардың қай-қайсысында да мәселелi 
сұрақтармен етене араласып барса;
– барша сабақтарда оқу мәселелерiн енгiзу мен оларды ше-
шуге қолайлы жағдайлар түзiлсе.
Көпшiлiкке таныс мәселелi оқу артықшылықтары: мен-
шiктi шығармашылық әрекет жолымен бiлiм жинақтау, оқу 
еңбегiне жоғары қызығушылық, өнiмдi ой қабiлетiнің дамуы, 
оқудың берiк те әсерлi нәтижелiлiгi. МО кемшiлiктi тараптары 
– оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiн басқару қиындығы, 
көзделген мақсатқа жету жолында уақыттың көп сарп етiлуi
аса қарқынды күш-қуат талабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет