Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет182/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

кеңiстiктi байқастыру
қабiлеттерi дамымаған балалар. 
Бұлар ақыл-есi дұрыс, бiрақ есептеуге жоқ, геометриялық фи-
гураларды айыра алмайды, құрастыру iстерiне орашолақ. Бұл 


248
қиыншылықарды жеңудің жолы балалармен жеке-дара жұмыс 
жүргізіп, сызу өрнектерiн, геометриялық бейнелер (шеңбер, 
үшбұрыш, ромб және т.б.) салдырып, жад бойынша суреттер 
мен құрастыру ойындарына тартып, дағдыландыру қажет. 
Көмекке ата-аналарды да тартқан тиiмдi. 
– 
жад, ес бұзылыстарына кезiккен 
балалар. Бұлар 
материалды қайталап айтып бере алмайды, қарапайым 
тақпақты жаттауға әлi келмейдi, ал математикалық тапсыр-
малар орындауға тiптi жоқ. Мұндай оқушылармен жеке-дара 
бағдарлама негiзiнде қосымша дәрiстер ұйымдастырып, 
iс-әрекеттерiн жаттықтыру жолында мүмкін болар барша 
әдістердi – көрнекiлiктен бастап, арнайы “тiрек” тәсiлдердi пай-
далану керек.
– оқу, жазу қабiлеттерi кем, 
дисграфия
құбылысынан 
күйзелiске түскен балалар. Бұл оқушылар дыбыс және әрiп 
айырмашылығын аңғармайды, әрiп пен сөздердi жазу жол-
дарына түсiре алмайды, дыбыстарды шатыстырып, сөздердi 
дұрыс оқуда қиналады. Егер баланың мұндай жағдайы арнайы 
оқу-тәрбиенi қажет ететiн сырқатпен байланысты болмаса, пе-
дагог бұл мәселенi жеке-дара оқу iстерiн ұйымдастыру жолы-
мен шешуi мүмкін.
– сөйлеу қабiлетi кешеуiлдеп дамыған, 
дислекцияға 
ұшыраған балалар. Бұл кемшiлiк бала тiлiнің дамуына сәйкес 
сезiмдiк кезеңде ересектердің тiл өсiру жұмыстарына дұрыс 
мән бермегендiгiнен болады, нәтижеде бала дыбыстай алмай-
ды, өз ойын сөзбен жеткiзуде көп қиыншылықтарға ұшырайды. 
Мұны сезген педагог оқушымен жеке-дара оқу қызметтерiне 
мейлiнше көп назар аударғаны жөн. 
– 
жалпы дамуының
жетiспегендiгiнен оқу үлгерiмi төмен 
балалар. Бұл кемшiлiк бала тұрқының әлжуаздығымен бай-
ланысты, тез шаршайды, жұмыс қабiлетi төмен. Осыдан оқу
басқа да жүктемелердi көтере алмайды. Мұндай оқушыларға 
арнайы режим қажет, ерекше күн тәртiбi түзiлiп, қысқартылған 
оқу графигiмен мектепке қатынау мүмкіндiгi берiлуi керек.
Жiктемелi оқу негiзiнен ықшам топтар мен жеке оқушыға 
арналған тапсырмалар бойынша ұйымдастырылады. Бұл үшiн 
келесi тәсiлдердi қолданған жөн:


249
– сынып оқушыларының бәрiне бiрдей тапсырма мазмұны 
ұсынылады, бiрақ үлгерiмi жоғары оқушылардың тапсырманы 
орындау уақыты қысқартылады;
– сынып оқушыларының бәрiне бiрдей тапсырма мазмұны 
ұсынылады, бiрақ үлгерiмi жоғары оқушылар орындайтын тап-
сырмалар күрделiрек және көлемi жағынан ауқымдылау;
– тапсырма бүкiл сынып оқушыларына жалпы, бiрақ 
үлгерiмi төмен оқушыларға жұмыс орындауды жеңiлдететiн 
көмекшi материалдар берiледi (тiрек, сұлба, алгоритм, кесте, 
бағдарламаластырылған тапсырма, үлгi, жауап және т.б.);
– сабақтың бiр кезеңiнің өзiнде үлгерiмi күштi, орташа 
және төмен оқушылар үшiн әрқилы мазмұндағы тапсырмалар 
ұсынылады;
– оқушылардың өздерiне бiрнеше теңдей тапсырмалар iшi-
нен бiрiн таңдап алу құқы берiлдi. Мұндай жұмыс тәсiлi мате-
риалды бекiту кезеңiне орайластырылады.
Математика сабақтары тәжiрибесiнде, мысалы, келесiдей 
жiктеу әдістерiн пайдалануға болады: 1) өзiндiк жұмыстың 
бiр баламасын жеңiлдетiп, ықшам топтардың әрқайсысына 
күрделiлiгi үш деңгейде болуы мүмкін тапсырмалар ұсыну; 2) 
тапсырмаға қойылатын талаптарды жiктелген түрде, қажет 
болса, әр балға жеке тапсырма талаптарын қою; 3) тапсыр-
ма орындауда берiлетiн жәрдемдер түрі мен көлемiн де жiк-
теу және жеке-даралыққа байланыстыру. Сабақ барысында 
күштi оқушылар берiлген тапсырмаларды жылдам орындай-
ды, ал қалғандары дәрiс уақытында не iстеуі керек? Мұндай 
жағдайды ескерген тәжiрибелi мұғалiм күрделiлiгi жоғары 
қосымша тапсырмаларды қамтып, жеке орындау үшiн арналған 
үлестірмелер дайындайды. 
Жiктемелi оқу барысында мұғалiм есiнде болуы қажет 
жағдаят: үлгерiмi орташа және төмен оқушыларды тек 
жеңiлдетiлген тапсырмаларға, ал күштi оқушыларды күрделi 
оқу жұмыстарына таңып қоймау. Балаларға жiктемелi тапсыр-
маларды қолданудың қажеттiгiн, бұл шараның уақытша, сынып 
үлгерiмi бiрқалыпты теңдескенше болатынын түсiндiру орын-
ды. Қалай болғанда да жеке-дара, жiктемелi тапсырмалар бе-
румен бiрдің сауатсыздығын, ал екiншiнің дарындылығын айы-
ра көрсетiп, бала намысын қорлаудан сақ болған жөн. 


250
Сонымен, жiктемелi оқу барша балалардың бәрiне бiрдей 
сапалы оқу мүмкіндiгiн ашады. 
Сабақ барысындағы жiктемелi оқу материал мазмұнына 
өзгерiстер енгiзу, кей тапсырмалардың қиындықтары мен олар-
ды орындау уақытын үйлестiрiп, реттеу арқылы жүргізіледi. 
Сонымен бiрге бұл оқу формасының тиiмдiлiгiн арттыру 
мақсатында балалардың оқу мүмкіндiктерi мен дайындығына 
орай арнайы әдістемелiк шаралар және құрал-жабдықтарды 
пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет