242
Оқудың әрқилы бiрнеше түрі тең бiрлiктi қолданылуы
мүмкін. Педагогтар оқу теориясы мен тәжірибесінің ежелгi даму
кезеңдерiндегi жетiстiктерiн пайдаланудан бас тартқан емес,
көненің көзi болған игiлiктердi жаңа жүйелерге өткiзiп, бүгiнгi
мектеп тәжiрибесiн байытуда. Қай оқу жүйесiнде де, тiптi өткен
дәуiрiмiзде түгелдей қараланған догматтық және схоластық
оқу түрлерінің өзiнде де ұнамды тараптары баршылық, олар-
ды қазiргi мектепке өткiзiп, орынды пайдаланғанымыздан
келер зиян болмаса керек. Дәстүрлi оқудың да маңызды
артықшылығы бары педагогикалық қауымға аян.
Көп ғасырлар бойы Еуропаны бiлiмдендiрген догматтық оқу
болмыс деректерi мен құбылыстарын, олар арасындағы бай-
ланыстарды бұлжымас тұжырым (догма) ретiнде зерттеуге
бағытталған. Мұғалiм өз шәкiрттерiне белгiлi бiлiмдер тобын
дайын күйiнде ұсынып, оларға түсiнiктеме берудi қажет деп ес-
кермеген. Оқушылар оларды жаттап алып, сол күйiнде қайта
жаңғыртуға машықтанады. Игерiлген бiлiмдердi тәжірибеде
қолдану талабы мүлде қойылмады. Бұл оқу типi механистiк жад
дамытуға бағышталып, тұлғаның сана-сезiмдiк (интеллектуал)
дамуын шектедi. Догматты оқу мұғалiм пiкiрiмен толық келiсiмдi
талап етiп, ол жариялаған ақиқатқа күмән, күдiк келтiруге жол
бермедi. Уақыт озуымен мектеп догматтық оқудан бас тартты,
бiрақ оның кейбiр элементтерi әлi күнге дейiн сақталуда.
Қазіргі заман мектебiнде үш салыстырмалы дербес
ерекшеленген әрi бiр топ белгiлерiмен ажыралған оқу түрі
қолданылуда:
–
Достарыңызбен бөлісу: