355
Баға
(отметка) – сан, шартты белгi.
Бағалау жүйесiндегi бiрiздiлiк
– 1) алғашқы деңгей тал-
дау; 2) ағымдағы тексерiс; 3) қайталау тексерiсi; 4) бүтiн бөлiм,
көлемдi тақырыптар бойынша мерзiмдi (периодическая) тек-
серiс; 5) қорытынды тексерiс.
Бақылау нысаны:
Әкiмшiл (авторитар) педагогикада –
оқушы еңбегi; гуманистiк педагогикада – мұғалiм мен оқушының
бiрлiктi еңбегi, жалпы нәтиже.
Нақтама талдауында оқу нәтижесi
– 1) нәтижеге жету
тәсiлдерiмен; 2) жоғары бiлiмдiлiктің қалыптасу бағыттары
және желiсiмен бiрiктiре қарастырылады.
Нақтама әрекеттерiнің құрамы:
бақылау; тексерiс; бағалау;
деректер топтау; талдау; қозғалыс желiсiн (динамика) анықтау;
пайымдаулар (тенденции); алдағы даму бағытын болжастыру
(прогнозирование).
Нақтама принциптерi
– шынайылылық (объективность);
– жүйелiлiк; – көрнекiлiк.
Бақылау
(контроль) – бiлiм, ептiлiктердi анықтау, өлшемге
келтiру (измерение) және бағалау.
Тексерiс
(проверка) – анықтау және өлшемге келтiру.
Бақылаудың негiзгi дидактикалық қызметтерi
–1) оқушы
мен мұғалiм арасындағы керi байланысты қамтамасыз ету;
2) оқу материалының игерiлу дәрежесi жөнiндегi мәлiметтердi
мұғалiм қолына жеткiзу; 3) оқудағы кемшiлiктер мен
олқылықтарды дер кезiнде анықтап беру.
Достарыңызбен бөлісу: