350
– қажеттi бағытта тұлға әрекеттерiнің белсендiлiгiн көтеруге
ат салысу;
– баланы сүйе де құрметпен қабылдай отырып, тәртiп та-
лап етудi ұмытпау;
– бала толғаныстары мен қызығуларына баса көктеп ара-
ласпай, әдептiлiкпен әрi үйлесiмдi жөн-жосақ берiп бару;
– өз кемшiлiктерің мен жетiстiктеріңдi пайымдай бiлiп,
басқа тәрбиесiнде ұнамды болған басылымдықтарды ғана пай-
далану. Балаға үлгi-өрнек екеніңiздi ұмытпай, әр қадамыңызды
қадағалап барыңыз;
– тәрбие үдерiсiнің әр сәтi қалай жүріп жатқанын бiлiп бару
үшiн өз шәкiрттеріңдi қырағылықпен бақыла;
– өз шәкiртіңнің әрқандай табысына қуана бiл;
– балаға өз болмысын тiктеп, танытуға мүмкіндiк бер;
– балаға қандай талап қоятыныңда және одан не күтеріңдi
үздiксiз ескерiп отыр;
– тәрбиеленушi қалпы мен көңіл-күйiн ескерiп бар. Зауқы
болмаса, көңілiн көтерудің жолын iзде. Шектен тыс шашылып
бара жатса, тиым сал;
– баланы үлкен зейiндiлiкпен тыңда. Сол мезеттегi
жұмыстарыңды қоя тұрсаң да, зияны болмас;
– тәрбие үдерісін таңдалған ұзақты мұрат бағытынан
шығармау;
– тәрбиеленушiмен әңгімелесуден ләззат алу;
– тәрбиеленушiмен оның қалауына сай әңгімелесу;
– гуманистiк тәрбие бағытын бала өсiп жатқан отбасыда
дамыту;
– қылықты кiнәла, бiрақ тұлғаны сыйлаудан жазба;
Достарыңызбен бөлісу: