361
Мектеп өмiрiн демократияластыру мен гуманизациялау
бiлiм мен ептiлiктердi бағаламау не бақыламау емес, керiсiн-
ше, оқушыны еңбектенуге ескiшiлдiктен қалған тек бағамен
мәжбүрлеуден арылу. Оқу еңбегiне ынталандырудың жаңа
жолдарын iздестiру, оқу мен тәрбиеде ендi ғана өз ықпалына ие
болып келе жатқан жеке бас пайдасы принципi өзгеше бағыт-
бағдарларға бастама бередi. Нақтамалау жүйесiнде баға ынта-
ландырушы қару ретiнде жаңа сипат-сапа алады. Нақтамалау
нәтижелерi тұлғаның өзiндiк болмысын ажырата тануға себiн
тигiзедi, ал бұл қоғамның нарықтық бәсеке жағдайында аса
маңызды қозғаушы күш болатыны белгiлi. Ерiктi оқу (ерiктi
бақылау) принципiмен толыға түскен баға бұрын оқушыларды
көбiне тұздықты, зорлап оқыту құралы болса, ендi ол өркениеттi
қоғам адамның бедел көрсеткiшi –
Достарыңызбен бөлісу: