Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет273/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбиелiлiк нақтамасы
Тәрбие, бiз бiлгенiмiздей, өте қайшылықты да ұзаққа созы-
латын үдеріс. Онда көптеген қиындықтар туындап, дағдарысқа 
кезiгетiн тұстары да баршылық. Тәрбие нәтижесi бiрден көрiне 
қоймайды, оларды ескерудің өзi де қиын. Мұндай қиыншылық, 
кедергiлер мектептен әлдеқайда бұрын басталып, бастауыш 
мектепте жалғасып жатады. Бала белгiлi жасқа келгенде 
тәрбие өзiндiк тәрбиемен ұштасады.


374
Ал жалпы тәрбие үдерiсiнің немесе оның әр кезеңдерiнің 
көздеген мақсатына жету не жетпеуiн қалай айырамыз? 
Әлбетте, ол үшiн алдын ала болжастырылған нәтиже мен 
соңғы, нақты нәтиженi салыстыру қажет. Соңғы жетiскен 
не аралық табыстарды бiлмейiнше үдерісті жоспарлау да, 
басқару да мүмкін емес. Тәрбие үдерісінің нәтижесi – бұл 
жетiскен тұлға тәрбиелiлiгiнің деңгейi.
Ол күнi iлгерi 
болжастырылғанға сай не одан алшақ та болуы ықтимал. 
Ал осы сәйкестiктi тануға нақтама жәрдем бередi. Белгiлi 
болғандай, бұл бағамдау әрекетi болған жағдайларды анықтау 
мен тәрбиелiлiктің шынайы деңгейiн ашуға бағытталады. 
Нақтамалық зерттеу деректерi бастау сипаттамаларымен 
салыстырылады да, соңғы нәтижелердi арқау етiп, тәрбие 
үдерiсiнің тиiмдiлiгiн анықтаймыз.
Тәрбиелiлiк қалай анықталады? Бұл өте күрделi мәселе. 
Бүгiнгi таңда тәрбиелiлiк деңгейi жөнiнде нәтиже айқындау 
мен талдаудың өте күрделi де көп еңбек сарп ететiн әдістерiн 
қолданумен шамалап пiкiр жүргізуiмiз мүмкін. Алайда бұл 
тәрбиелiлiктi нақтамалаудың қажет еместiгiн бiлдiрмейдi. 
Жетiскен нәтижелердi салыстыру үшiн өлшем белгiлер (крите-
рийлер) қолданылады. 
Тәрбиелiлiк өлшем белгiлерi 
– бұл 
әрқилы тұлғалық сапалардың қалыптасу деңгейiнен дәйек бе-
ретiн ғылыми-теориялық тұрғыдан негiзделген көрсеткiштер. 
Олар шкалалар түрінде өрнектеледi. Егер сапалардың көрiну 
дәрежесi шартты сандық бағалармен белгiленсе, оларды 
салыстыруға, есептеуге болады, яғни оқудағы табыстарды 
тестiлегендей тәрбиелiлiк деңгейiн де санмен өрнектеу мүмкін. 
Тәрбиелiлiк деңгейi де тест жолымен анықталады, бiрақ
мұндағы айырмашылық – тестiк тапсырмалар – теориялық 
сипатта болмай, тәрбиеленушiнің белгiлi жағдайдағы, 
қажеттi әрекеттердi орындаудағы мiнез-құлықтың әрекеттерi 
тұрғысынан зерттелiп, бағаланады.
Көп түрлі тәрбиелiлiк өлшем белгiлерiнің арасынан екi топ 
белгiлердi ажырата көрсетуге болады. Олар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет