жалпы тұлғалық бағыт-бағдары
алынуы тиiс. Баланың жеке қасиет-сапалары олардың ас-
тарында жатқан сеп-түрткілерге байланысты келедi. Сеп-
түрткілерiнен бөлектенген қылық не әрекет тәрбиелiк таныта
алмайды. Инабатты көрiнген әрекет-қылықтардың өздерi де
кейде жағдайға орай жақсы ниеттен болып жатпайды. Басқаша
бiр шарттар, жағдайларға орай балалардың мiнез-құллығы
өзгеше де болуы мүмкін.
Сонымен, мақсатты бағытталған тәрбиелiк жұмыстар мiн-
деттi түрде нақтамалауды қажет етедi. Тәрбиелiлiк нақтамасы-
бүкiл бiр сыныптың не әр жеке оқушының тәрбиелiгi жөнiнде
ақпарат жинақтау үшiн жүргізілетін мұғалiм қызметi. Тәрбиенi
нақтамалаудағы басты мiндет – оқушылардың нақты моральдық
және әлеуметтiк қалпын анықтау, сонымен бiрге тәрбие үдерісi
дамуындағы сындарлы да дағдарысты кезеңдердi ашып, бiлiп
отыру. Нақтамалық мәлеметтер негiзiнде тәрбие үдерісін
басқарудың стратегиясы мен тактикасы нақтыланып, тәрбиелiк
iстер бағдарламасы жасалады. Нақтамалау арқылы мұғалiм
белгiлi сапа-қасиеттердің көзделген деңгейiне жету үшiн
қаншама уақыт және күш-қуат қажет болатынын шамалайды.
378
Өзіңiздi тексеріңiз
1. Нелiктен гуманистiк педагогикада көбiне бақылау (конт-
роль) жөнiнде емес, ал нақтама туралы әңгіме көтерiлiп
жатады?
2. Бiлiм, ептiлiк бақылау деген не?
3. Бақылау қандай қызметтердi атқарады?
4. Бiлiм, ептiлiк тексеру деген не?
5. Бағалау, баға деген не?
6. Нақтамалау, бақылау және тексеру қандай принциптерге
негiзделедi?
7. Бақылауды гуманизациялау деген не?
8. Сауаттылықты (обученность) нақтамалау деген не?
9. Бiлiм, ептiлiк тексеру қадамдары қандай?
10. Бақылау, тексеру iстерiндегi жалпы кемшiлiктер қандай?
11. Бiлiмдi бақылау мен тексеру саласындағы жаңалықтардан
не хабарыңыз бар?
12. Сауаттылық (обученность), жетiстiк деңгейi және даму
дәрежесiн тестiлеу деген не?
13. Нақтамалық тестерге қойылатын талаптар қандай?
14. Тестiлеудің қандай форма, түрлерін бiлесiз?
15. Тест түзу ережелерi қандай?
16. Жазба жұмыстар қалай бағаланады?
17. Баға қоюда мұғалiм қандай принциптердi қару етедi?
18. 1-сыныпта, жалпы мектепте баға қою дегенге пiкiріңiз
қалай?
19. Баға қойылмайтын мектеп оқуы мүмкін бе?
20. Бастауыш мектеп үшiн қандай тестер ұсынар едіңiз?
379
Достарыңызбен бөлісу: |