Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет279/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

А.Н.Толстой
Мұғалiм қызметтерi
Мектептегi оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырушы әрi iске 
астырушы тұлға – бұл мұғалiм. Бұл тұжырымды анықтамаға 
келтiретiн болсақ: 
мұғалiм бұл арнайы дайындығы бар, 
педагогикалық қызметпен кәсiби деңгейде айналыса-
тын адам. 
Бұл арада “кәсiби” сөзіне назар аударған жөн. 
Кәсiптiк болмаған педагогикалық iспен адамдардың баршасы 
шұғылданады, ал педагогикалық заңдарға сәйкес әрекетiне 
келiп, не, қай жерде, және қалай iстеу керек екендiгiн бiлетiн, 
өзiнің кәсiби борышын сапалы орындау жауапкершiлiгiн мой-
нына алатын тек мұғалiм ғана.
Бастауыш мектеп мұғалiмi – ерекше мұғалiм.
Ол балалар 
мен ересектер әлемiн ұштастырушы. Ол ендi қалыптасудағы 
сәби психикасының терең құпияларын жете таниды, балаға бiлiм 
бере алады, оны тұлға – азамат болуға баулиды. Маңыздылық 
тұрғысынан бастауыш мектеп мұғалiмнің еңбегiн басқа кез 
келген ешбiр еңбекпен салыстыруға болмайды, себебi мұғалiм 
төккен маңдай тердің жемiсi – тұлға. Осы аса бiлгiр, өте жауап-
керлi, бала өмiрiндегi тұңғыш мұғалiмге отбасы мен қоғам өзiнің 
ең ардақты перзентiн, аяулы азаматы мен елiнің тағдырын, өз 
мемлекетiнің жарқын болашағын үлкен сенiм және үмiтпен 
тапсырады. Мұғалiм мiнберiне көтерiлген адам баршаға жа-
уапкерлi, бәрiн бiледi де iстей алады. Мұғалiм лауазымының 
сипаты да оның осы әр оқушы, өсiп келе жатқан ұрпақ, қоғам 
мен мемлекет алдындағы жауапкерлiгiмен анықталады. Пе-


382
дагог еңбегiнің бүгiнгi нәтижесi қаншама жоғары болса, бiздің 
қоғамымыздың ертеңгi мәртебесi де соншама жоғары болмақ. 
Әр адам мен бүкiл халықтың тағдырына шексiз байланысты әрi 
жауапкерлi келген қандай да бiр мұғалімдіктен басқа қызмет 
түрін ойға келтiру тiптi де мүмкін емес.
Сонау замана тұңғиығында-ақ қатаң заңдылық байқалған: 
мұғалiм дәрежесi - қоғам деңгейiнің көрсеткiшi. Адамзат 
өркениетiнің даму тарихында қай елдің мектебi мен мұғалiмi 
жетiлген болса, сол ел биiк дәрежелi жетiстiктерiмен танылған. 
Мұғалiм беделiне қандай да нұқсан келтiрудің салдарынан ел 
тозып, iзгiлiк- адамгершiлiк аяқ асты болған. Мұғалiм тұлғасы 
кiшiпейiл, өзiн бадырайта көрсете бермейдi, бiрақ адалдық пен 
шындық тасушы болған оны тұғырынан тайдыру – лезде бүкiл 
адамдардың жақсылық сенiмiнен айрылуына, содан өркениет 
жетiстiктерiн күйретiп, адамзатты жабайылар үйiрiне қайта 
қамап, зұлымдық шоғын шашар көргенсiздiк бой тiктейдi. 
Мұғалiмнің қоғамдағы рөлiн аса жоғары бағалай бiл-
ген М.Горький үлкен толғаныспен былай деген: “Жақсы, 
ақылды, бiлiмдi мұғалiмнің ауылға қаншалықты қажет екенiн 
бiлсеңiз едi. Оған айрықша жағдайлар жасау керек. Әрi мұның 
мүмкіндiгiнше тез арада орындалғаны жақсы. Себебi халықты 
кең бiлiм дағдысына салмасақ, мемлекетiмiз күйдiрiлмеген кiр-
пiштен тұрғызылған үй құсап, қақырап кетуi сөзсiз. Мұғалiм өз 
iсiне құлай сүйген әртiс, суретшi болмағы лазым. Ал бiзде ше – 
ол қара жер тырнаған, бейнеткер, сауат-бiлiмнен жүрдай, ауыл 
баласын ықыласпен оқытуға емес, тап зорлықпен айдауға кетiп 
бара жатқан тұтқын сияқты. Ол аш, еңсесi түскен, қапелiмде 
жұмыссыз қалу қауiпiн, ертеңгi бiр тiлiм нанын қайғырған пен-
де. Керегi – мұғалiм ауылдың ең құрметтi адамы, үлкеннің 
де, кiшiнің де қалаған сұрағына жауап таба алатын сауат 
иесi болмағы. Оның бойынан жүрт сый мен назарға сай күш-
қуат танып, оның алдында тартынғаны жөн. Кiм болса сол… 
мұғалiм намысына тиiп, оның беделiн аяқ асты ету – кешiрiл-
мес айып”.
Педагогикалық мiндеттi қызмет-педагог жұмысының белгi-
ленген бағыты. Әлбетте, педагогикалық күш-қуат жұмсаудың 
басты бағыттары – бұл баланы оқыту, оның сауатын ашып, 
бiлiмдендiру, тәрбиелеу, дамыту және қалыптастыру. Аталған 


383
бағыттардың әрбiрiне орай мұғалiм сан алуан нақты әрекеттердi 
орындайды, осындай оның қызметтерi көрер көзге байқаусыз, 
көбiне елене бермейдi. Солай да болса, педагогикалық iстер 
төркiнiне үңiле назар салумен оның кәсiптiк iс-әрекетiнің не-
гiзiнде жатқан құбылыстарды тану арқылы анықтайтынымыз: 
мұғалiмнің мiндеттi қызметi (функция) – оқу, тәрбие, даму, 
қалыптасу үдерістеріне басшылық жасау.
Мұғалiмнің парызы – оқыту емес, оқуға бағдар беру; 
тәрбиелеу емес, тәрбие үдерісiне жетекшiлiк ету. Осы басты мiн-
деттерiн толық түсiне алған мұғалiм ғана өз оқушыларына жет-
кiлiктi дәрежеде дербестiк, еркiндiк, ынта бiлдiру мүмкіндiктерiн 
бере алады. Оқу-тәрбие үдерiсiнде өзi көзге түспей, барша 
iстi оқушының еркiн таңдауымен, бiрақ басшылық тiзгiнiн де 
қолдан жiбермей, орындау – хас шебер мұғалiм қолынан ке-
летiн жұмыс.
Кәсiби педагогтарды Сократтың өзi “ой акушерлерi” деп 
атаған, педагогикалық шеберлiктi “дүниеге нәресте келтiру” 
(повивальное) өнерiмен теңеген. Бiлгiр педагогтың қызметi 
- дайын бiлiмдi қолдау емес, оқушыға жаңа ой пайымдауға 
көмектесу. Демек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет