Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет287/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

ұстамдылық пен сабырлылық.
Педагогикалық кәсiп иесi 
әрқашан, тiптi тосын жағдайларда да, оқу-тәрбие үдерiсiндегi 
өзiнің жетекшiлiк парызын естен шығармай, тәрбие тiзгiнiн бiр 
де жаздырмауы тиiс. Оқушылар өз тәрбиешiсiнің олқылығын, 
абыржуы мен шарасыздығының куәсi болмағаны абзал. Басы-
нан өткенi көп ұлы педагог А.С.Макаренко “ өзiн iрке алмайтын 
мұғалiм – бұзылған, басқарымы жоқ машина”, – деп ескерт-
кен болатын. Мұны әрдайым жадта сақтаған жөн, себебi өз 
әрекеттерi мен қылықтарына бақылау қоя алмай, болғанның 
бәрiне балаларды кiнәлап, не болса соған қақырай күйзелуге 
болмайды. 
Мұғалiм мiнезiнің 
жан сезiмталдығы 
– оқушы қалпын, 
оның көңіл-күйiн сезiп, көмекке зәру болғандарға дер мезетiнде 
қол ұшын беру қажеттiгiн бiлдiретiн барометр. Өз шәкiрттерiнің 
бүгiнi мен ертеңiн ойлап, жан себiл болатын да мұғалiм. Бұл 
оның табиғи болмысынан. Мұнда мұғалiм өсiп келе жатқан 
әулет тағдыры үшiн жауапкерлi екенiнен бiр де жаңылмас.
Мұғалiмнің ажыралмас кәсiби қасиетi – бұл 
әдiлдiк
. Қызмет 
бабына орай мұғалiмнің бiрдейгi мiндетi – оқушыларының
бiлiмiне, ептiлiктерi мен дағдыларына, әрекет қылығына 
баға беру. Осыдан, оның бағамдау сарабы оқушылардың 
даму деңгейiне сай болып, субъективтiк ықпалдардан 
шынайлылығын жоғалтпауы тиiс. Тәрбиешiнің әдiлеттiлiгi 
осыдан көрiнедi. Осымен мұғалiм беделi өлшенедi. Мұғалiмнің 
сыңаржақтығы, күнiлгерi терiс ұғымға берiлуi мен өзiмшiлдiгi 
тәрбие iстерiмен “мың қайнаса да сорпасы қосылмайтын” 
келеңсiз шарттар.
Тәрбиешi әруақыт орнымен 
талап қоя бiлуге
мiндеттi. 
Ұстаз iсiнің жемiсi – осы талаптан. Мұғалiм қатаңда да жоғары 
талапты алдымен өзіне қойғаны жөн, себебi өзiнде болмағанды 
басқадан, әсiресе оқушыдан, талап ету - қиянат. Ақыл сарабы-
нан өткен талап – педагогикалық табыстың кепiлi. Тәрбие ше-
берлiгi дамудағы тұлға мүмкіндiктерiн арқау етедi. 
Педагогикалық үдерiсте қарқынды немесе ауырлау 
жүктемеден бала шаршап-шалдығады, ой қызметi талықсиды, 
мұндайда оқушыны күйзелiстен шығарудың бiрден-бiр жолы - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет