Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет269/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Баға қою
Бағалау және баға қою принциптерi мен бағыттарын 
таңдауда бiргелкi көзқарас орнықпаған. Шет ел мектептерiн-
де бiлiм, ептiлiк, дағдыларды бағалау үшiн әртүрлі жүйелер 
қолданылып, әрқилы баға шкалалары: жүз -, он екi - , он - , екi 
ұпайлы сандық көрсеткiштер қабылданған. Көптеген шетелдiк 
мектеп жүйелерiнің бiр орталыққа бағындырылмауынан (децен-
трализация), оқу жоспарлары мен бағдарламаларының еркiн 
таңдалуы мен оқушылардың оқу пәндерiн өз қалауымен игере-
тiндiгiнен орайлыстырылған бiлiм, ептiлiк тексеру мен бағалау 
жұмыстары сирек өткiзiледi. Жалпы алғанда, үлгерiм бақылауы 
мен сауаттылық есебiн жүргізу, бiлiм деңгейiн нақтамалау, 
мойындауымыз керек, жоғары шынайлылық сипатқа ие. Оқуды 


366
жекешелендiру принципiнің жалпылай қабылдануынан – әр 
оқушы өз жолы және қарқынымен оқу үдерісiне қосылады, өз 
мүмкіндiктерi, қажеттерi, өз балашағына керек нақты бiлiмдер 
ауқымында оқу iс-әрекетiне келедi.
1917 жылға дейiн Ресейде бiлiм бағалаудың нөлден беске 
дейiнгi алты ұпайлы жүйесi қолданымда болған. 1918 жылы “О” 
баға жойылды. Дегенмен, бiртiндеп “1” бағаның да қолданылуы 
сиректей бердi, ал 50- жылдардан бастап, “2” баға да мәнiн 
жоғалта бастады. Бағалаудың бесұпайлы жүйесi үшұпайлы 
дәрежеге түстi, “4” пен “5” ке үлгермейтiн балалардың көпшiлiгi 
үшiн бұл жүйе ақырында екi ұпайлы шкалаға тiрелдi. Мұндай 
бағалау жүйесi оқу еңбегiне деген тартымдылықты әбден 
кемiтiп, “3” пен “4” арасындағы “сатыны” аттап өту оқушылардың 
басым көпшiлiгiне “қиынның қиынына” айналды.
Алайда, педагогтардың көпшiлiгi кәдiмгi бес ұпайлы шкалаға 
қосымша “плюс”, “минус” белгiлерiн пайдаланатын болды. Осы-
дан “5” бағаның үш деңгейi (бес +, бес, бес - ) тәжiрибеге ендi. 
“3”, “4” бағалары да осылайша жiктелетiн болды. Нәтижеде, он 
ұпайлы баға шкаласы тiктелдi.
Ресей бiлiм академиясы өз зерттеулерi негiзiнде мектеп 
тәжiрибесiне жаңа бағалау шкалаларын ұсынуда: мысалы 
– он екi ұпайлы жүйе. Бұл жүйедегi “1” баға – оқушыға шұғыл 
жәрдем немесе ерекше назар аударудың керектiгiн, тiптi оны 
арнайы оқу мекемесiне өткiзу қажет екенiн бiлдiредi, ал “12” 
баға оқушының аса дарындылығын, осыдан оны арнайы 
күрделенген жеке бағдарламамен оқыту қажеттiгiн танытады.
Он –, он екi шкалалы бағалау, мүмкін, жетiстiк шығар, де-
генмен мектепте қалыптасқан бүгiнгi селқостық (инертность) 
жағдайдан мұндай бағалау жүйесiнің толық тәжірибеге енiп, 
өз пайдасын беруi – әлi күмәндi. Сондықтан да, бес ұпайлы 
бағалау әдісiнің тиiмдiлiгiн арттыру жолдары iздестiрiлуде. 
Олардың кейбiрi: 
1. Бағаны “+”, “–” белгiлерiмен қосымшалау. Мұғалiм сынып 
журналында бағаның өзiн қояды да, ал өз қойын дәптершесiне 
бағаны “+”, “–” қосымшаларымен бiрге белгiлейдi.
2. Бағаның сандық ұпайы сөздік (ауызша, жазба) сипаттау-
лармен толықтырылады.


367
3. Баға күнделiк дәптерге қойылып, ата-анаға бала үлгерiмi 
жөнiнде жазбаша толықтырылған мәлiмет берiледi.
4. Баға оқушыға сыныптас жолдастарының талқысынан соң 
қойылады.
5. Үлгерiм экрандарын пайдалану. Бiрақ бұл әдістің пайдасы 
да, зияны баршылық: үздiк оқушылардың менмендiгiн асырса, 
үлгерiмi төмендердi парықсыздыққа соқтырады. Кей педагогтар 
мұндай баға жәриялылығын қатерлi екенiн де ескертедi: әркiм 
өзi үшiн оқиды, әр бала өз мүмкіндiгiнше үлгередi, осыдан, қай 
баға қойылғанында кiмнің қандай iсi бар, әр адамның жеке 
жан дүниелiк iсiн жәрия еткеннен түсер пайда қаншама? Бұл 
тәрбиенің гуманистiк бағдарына үлкен нұқсан. Заман ағымына 
орай оқу-тәрбие үдерiсiнің мән, сипаттық өзгерiсiн ескерiп, қай 
әдістi де ойланып, пайдаланған жөн.
6. Ең тәуiр тәсiл – оқушыны “ өзiмен-өзiн жарыстыру”: әр 
апта аяғында оқушы “тәуiр” не “төмен” деген сөздік бағасын 
алады. Егер өткен аптадағы үлгерiмi төмендесе, оқушы, мейлi 
ол жақсы оқысын, жарыста ұтылады. Керiсiнше, жақсы оқу ни-
етiн бiлдiрген үлгерiмi төмен оқушы жарыс жеңiсiне жетiседi. 
“Өзiмен-өзi” жарыста балалардың бәрiне бiрден тең талап 
қойылады: үлгерiмi төмен оқушы өткен аптадағыға қарағанда 
бiр “екiлiктi” кем алса, жеңген есептеледi. Ал үздiк оқушы 
күнделiктi алып жүрген “5” орнына бiр “төрттiк” баға алса, 
жеңiлiстi болып танылады. 
Байқағанымыздай, бұл үлгерiм жарысы емес, үлгерiмдi 
өзгертуге бағытталған бәсекелестiк.
Бiлiм, ептiлiктердi бақылау мен баға қоюда мұғалiм 
ұстанатын ережелер:
– бiлiм мен ептiлiктердi нақтамаламай, талдау, бақылау 
және бағалаусыз оқу-тәрбие үдерiсiнің тиiмдi дамымайтынын 
айқын түсiну;
– бақылау мен бағалаудың сырт формасына қызыға бер-
мей, бақылау, бағалау, баға қою және олардың оқушылар та-
рапынан түсiнiмдi қабылдануын гуманизациялау жолдарын 
тыңғылықты iздестiру;
– оқушылардың оқу-тәрбиелiк iс-әрекеттерiн тексеру мен 
бағалауды үздiксiз, жүйелi жүргізу;


368
– бақылау мен бағалау маңыздылығын түсiну жағдайларын 
жасау;
– қойылған бағаның әдiл екенiн бала санасына жеткiзу;
– баға қоюға үлкен жауапкершiлiкпен қарап, игерiлмегендi 
бағалаудан сақтану;
– баға тек нәтижеге емес, сол нәтижеге жеткiзетiн еңбек 
үдерісiне қойылатын, яғни жұмыстың қалай орындалғанын 
оған оқушының қаншалықты саналы қатынасы мен оны қай 
дербес танымдық деңгейде жүргізгенiн ескерумен бағалау;
– тәрбиеленушi еңбегiн құрметтеу, әр оқушыға орнымен, 
дұрыс баға беру;
– үйге не тапсырылғанын тәптiштеп сұрап, уақытты босқа 
өткiзбеу;
– бiлiм мен ептiлiктердi тексеру мезетiнде жағымды көңіл-
күй жағдайын жасау;
– сұрақтарды ой толғататындай, шығармашылық жауап iз-
дестiруге жол ашатындай етiп өрнектеу;
– оқушыға ойланып жауап беруге уақыт бөлу, қажет iркiлiс-
тер мезетiн пайдалану;
– оқушы жауаптарын зейiндiлiкпен тыңдау, бала сенiмiн 
мақтау-мадақтау, ым-ишарамен қолдап, қуаттау;
– жауапты шыдамдылықпен ақырына дейiн тыңдау, талдау 
мен ескертулердi кейiнге қалдыра тұру;
– оқушылардың жеке ерекшелiктерiн (баяулығын, темпе-
раментiн, тiл ақаулықтарын ж.т.б.) ескеру;
– жекеленген тапсырмалар мен сұрақтарды пайдалану;
– балаларды сыныптағы басқа оқушылардың бiлiмдерi 
мен ептiлiктерiн, жазба жұмыстарын тексеруге араластыру;
– балаларды өзiндiк бақылау техникасын пайдалануға 
үйрету;
– оқу, тексеру мезетiнде қысылып-қымтырылмайтын 
жағдайлар жасау, оқушыға өз орнында отырып, қысқа жауап-
тар беруге рұқсат беру;
– оқушы жауабын талдау, бiрақ тұлғасын сынамау;
– бағаның шынайы, бiрақ жiктемелi болуы, яғни сенiмi кем 
оқушы жауабына оның ынтасын көтеру мақсатында бағасын 
көтеріңкiреп қою;


369
– егер оқушы өзi орындаған жұмысының бағасын көтеруге 
ынта бiлдiрсе, тапсырмаларын бiрнеше рет қайталап тапсыруға 
мүмкіндiк беру;
– жауап беру, тапсырмаларды орындау уақытында тiрек 
көрнекіліктерді пайдалануға рұқсат ету;
– бала қандай да бiр әдістен жалығып қалмай, әрдайым 
тексерiс оған қызықты жаңалық пен тосын болуы үшiн бақылау 
мен бағалаудың әрқилы әдістерiн ұштастыра пайдалану;
– тестiк бақылауды кеңiнен қолдану;
– баға қою техникасын меңгеру, өзгерген жағдайларға орай 
бақылау мен бағалау техникасын икемдi ауыстырып бару;
– баға –нақты да шапшаң ынталандыру тәсiлi екенiн бiрде 
естен шығармау, бiрақ оның белсендi де саналы оқуға себеп-
шi аса маңызды әрi ұзақ мерзiмдi жолдарын ығыстыруына жол 
бермеу.
Сонымен, баға қою тек мұғалiм бiлiмдiлiгiне тәуелдi болмай, 
оның шеберлiгiн де қажет етедi. Өсiп келе жатқан тұлға үшiн 
баға – өмiрiндегi маңызды оқиға. Осы баға арқасында баланың
өзіне болған қатынасы реттеледi, оның өз жолдастары арасын-
да беделiнің орынығуына себiн тигiзедi. Осыдан, оқу-тәрбие 
үдерiсiнің мазмұндық элементтерiн бағалауда мұғалiм өте 
мұқият болғаны жөн. 1-сыныпта баға қолданылмайды, ал 
қалған бастауыш сыныптарда сандық баға орнына конкурс, жа-
рыс, ойындарды көбiрек пайдаланып, әр оқушының басқалар 
арқасындағы өз орнын танып, өзiн-өзi бағалау қабiлетiнің да-
муына жол ашу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет