365
мұндай нақтама әлi-ақ қажеттiгiн танытары даусыз. Бiрiгiмдi
тексерiстің басты мiндетi – пәнаралық байланыстарды iске
асыру сапасын нақтамалау. Бiрiгiмдi тексерудің басты қызметi
– балалардың өтiлген барша пәндер негiзiнде құбылыс, оқиға,
үдерiстерге түсiнiктеме бере алу қабiлетiн ашу.
Педагог оқушының нақты бағасын қоя отырып, оған негiз-
деме беруi шарт. Әлбетте, мұндайда қателiктер де, субъектив
бағалау да болуы мүмкін. Мұғалiм субъективизмiнің себептерi
де әрқилы: мысалы, “сүйікті” оқушы, алдыңғы партада отырған
шәкiрт, жазуы көрiктi оқушы, т.с.с. – ұпайлары жоғары келедi.
Тiлдiк дарыны кем оқушылар қайткен күнде де төмен бағаға
таңылады.
Ауызекi және жазба бақылау формалары жөнiнде әңгіме
қозғалғанда әрдайым жазба жұмыстар тараптарлары
басымдылық танытады. Ауызекi бағалау шапшаң жауап беру-
ге, тiл ұстартуға көмекшi болғанымен, шынайылылыққа әдiл
негiз бола бермейдi. Ал жазба тексеру шынайы бағалауға негiз
бере отырып, оқушының қисынды ойлауы мен нақты мақсат
бағытында пiкiр жүргізу қабiлетiн дамытады. Жазба бақылау
кезiнде оқушының ой жинақтылығы жоғары, тапсырма мәнiне
тереңiрек енедi, жауап баламаларын ойластырып, әртүрлі
шешiм жолдарын түзедi. Жазба бақылау оқушыны өз ойын дәл,
үйлесiмдi әрi байланысқан күйде өрнектеуге тәрбиелейдi.
Достарыңызбен бөлісу: