96
және мектептің тереңнен бастау алған бетбұрыс, өзгерiстерi
тәрбиенің нақты мiндетiн белгiлеуде көптеген қарама-
қарсылықтарға жол ашты. Бұл қарсылықтар осы күнге дейiн
шешiмiн таппай, тiптi өршелене жалғасуда. Осыдан, бiз
дәстүрлi тәрбие мiндеттерiмен қатар өмiр талабы қажет етiп
отырған жаңаларында көзден таса ете алмаймыз.
Қолданымда келе жатқан дәстүрлi педагогикада тәрбие
мақсаттарының жүйесi келесi үлкен мiндеттер тобын
қамтиды. Бұлар – ақыл-ес (интеллектуалды), дене, еңбек
және политехникалық, адамгершiлiк, эстетикалық (көңіл-күй)
тәрбиесi. Қазіргі замандағы қоғамның өмiрi мен дамуы маңызды
жеке мiндеттер қатарында оқушылардың
экономикалық,
экологиялық және құқықтық
тәрбиесiн өз алдына тартып
отыр. Аталған мiндеттер ауқымы өте кең болғандықтан, олар
педагогикалық теория мен тәжірибенің жеке мәселелер тобы-
на айналып, өз алдына қарастыруды талап етуде.
Достарыңызбен бөлісу: