Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет94/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

бұрыннан меңгерген бiлiк-
терiн жаңғыртады. 
Сұрақтар қойып, әңгіме-сұхбат жүргізіп, 
ол балалардың алдағы сабақта игерiлуi тиiс пән жөнiнде не 
бiлетiнiн, не iстей алатынын анықтауға тырысады. Егер пән 
оларға бейтаныс болса, онда педагог оқушылармен бiрге жаңа 
бiлiмдердi меңгеруге жәрдемдесетiн бұрыннан белгiлi дерек-
тердi, тұжырымдарды еске түсiредi. 
Сабаққа дайындық кезiнде педагог келесi нақты мәселелердi 
шешедi:
– жаңа бiлiмдердi игеру үшiн өткен материалдардан қайсы-
сы тiрек болуы мүмкін;
– қалыптасқан ептiлiктер мен дағдылардың қайсысы жаңа 
әрекеттерге негiз болуы мүмкін;
– қайтiп оларды балалардың есiне түсiруi мүмкін, қандай 
сұрақтар беруге болады;
– бақылаулар үшiн қандай материалды дайындау қажет, 
балаларға жаттығулардың қандай түрлерін ұсынуға болады;
– балалардың жаңа материалға қызығуын ояту үшiн 
олардың көңіл-күйiн қалайынша дайындауға болады.
Жаңғыртумен бiрге жаңа бiлiмдердi, ептiлiктердi 
алғашқы 
қабылдау
кезеңi бiрге жүреді. Бұл кезеңдегi оқушылардың 
әрекетi қандай? Басты мақсат – бiлiмдердi, ептiлiктердi 
ұғып, 
игеру,
яғни оларды өз меншiгiне өткiзу. 
Игеру
– оқу тапсыр-
маларын 
алуға 
байланысты. Бұл, өз кезегiнде, баланың жаңа 
бiлiмдердi қабылдау 
дайындығына
тәуелдi. Егер ол қандай да 
бiлiмнің немесе ептiлiктің өзіне осы мезетте 
пайдасын сезiн-
бесе, 
егер оның ақыл-есi игерiлiп жатқан материалдың маңызы 
мен қажетiн түсiнуге әлi пiсiп жетiлмесе, онда оның бiлiм игеруi 


130
екiталай. Мүмкін, бiлiм, ептiлiктер зорлаумен игерiлiп те қалар, 
бiрақ осыдан олардың жаттанды, формаль болуы сөзсiз. Мейлi 
бала өзіне не қажет екенiн әлi бiлмесiн, айта алмасын, бiрақ 
сана астарында өзi сезбей-ақ мұғалiмнің берген тапсырмасына 
ден қоюдан алдын оны қабылдайды немесе тiптi жолатпайды, 
не оның бiр бөлiгiн ғана орындауға ниеттенедi. Мұғалiм осы өте 
маңызды жағдайға мұқият мән берiп, назар аударуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет