Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет97/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

тiрек конспекттер-
ге
енгiзедi. 
Өтiлгендердi қорытындылау
кезеңi игерiлген бiлiм 
мен ептiлiктердi оқушыларда бұрыннан бар түсiнiктер мен 
ұғымдардың жалпы жүйесiне қосуды көздейдi. Бастауыш 
сыныпта қорытындылаудың екi түрі – 
эмпирикалық
және 
теориялық
- пайдаланылады. Бiрiншi тәсiлмен балалар нақты 
белгiлердi жинақтап, жалпылыққа келтiредi. Қорытындылаудың 
екiншi әдісi – танылған құбылыстарды талдай-бiрiктiре түсiнуге 
(ұғуға) мүмкіндiк бередi. Қойылған мақсатқа орай қорытындылау 
типтерiнің бiрте-бiрте күрделене түсетiн жүйелерi қолданылады. 
Ең алдымен 
iшiнара қорытындылау,
кейiн – 
түсiнiктiк
деңгейiндегi 
қорыту
, ақырында – 
сабақтық, тақырыптық
және 
тақырыпаралық
қорытындылау жүргізіледi. Мұндайда 
бiрiздi iске қосылып баратын әрекеттер түрі: 1) нысан белгiлерiн 
талдау; 2) салыстырумен олар арасындағы байланыстарды 
анықтау; 3) басты белгiлердi нақтылау; 4) тiлдiк өрнекке кел-
тiрiп, бiрiктiру; 5) қорытынды пiкiр қалыптастыру; 6) оқушының 
тапсырма орындау тәсiлдерiн ұғуы. 
Қорытындылау тапсырмалары барша сабақтарда қолданым 
табады. А.Я.Савченко ұсынған тапсырмалар түрі келесiдей: 
– жаңа түсiнiктер қалыптастыруда салыстырылуы қажет ны-
сандар мәндi белгiлерiн қорыту;
– жаңа нысан, жаңа жағдайларға тасымалдау үшiн қол-
данылған оқу әрекет-тәсiлдерiн қорыту;
– қорытынды жалпылау: 1) оқылған мәтiн бойынша; 2) 
бақылау нәтижесi бойынша; 3) сабақ бойынша; 4) саяхаттар 
iзiмен; 
– нақты тақырып, бөлiм бойынша бiлiмдердi жүйелестiру 
мақсатында қорытынды жасау: а) белгiлерiн тiзiп, атау; б) тiрек 
сұлба, кестелер жасау. 
Оқыту үдерісінің 
аяқтау кезеңi 
– оқыту қызметiнің 
нәтижелiлiгiн анықтау; ал оқып-үйрену ақыры – оқушылардың 


133
өздерi тарапынан өз бiлiм, ептiлiк, сауаттану деңгейiн анықтауы. 
Бұл кезеңде мұғалiм не оның басшылығында оқушылар 
бiлiмдену нақтамасын жүргізедi, яғни бiлiм, ептiлiктердің қай 
дәрежеде қалыптасқанына көз жеткiзедi. Мұндай жолмен
алынған нәтижелер кейiнгi жұмыстарға бағыт-бағдар бередi: 
өткен материалға оралып, және бiр қайталау, жаңадан оқып 
шығу, кейбiр олқылықтарға назар аудару, келесi материалға 
өту және т.б. 
Бүгiнгi таңдағы бастауыш мектеп бiлiмдер мен ептiлiктер-
дi толыққанды игеру, бiлiм өнiмдерiн оқу мiндеттерi белгiлеген 
нақты мақсат пен деңгейге сәйкес қалыптастыру талаптарын 
қоюда. Сондықтан оқу үдерiсiнiң жүргізілуі мен нәтижелiлiгiн 
бiлiп бару аса маңызды.
Игерiлгендердi қайталаумен бекiтiп, оқушылардың бұрыннан 
бiлгендерiмен байланыстырғаннан соң, оқу нәтижесi нақты бiр 
сабақта мейлiнше мүмкін болған жоғары дәрежеге көтерiледi. 
Егер нәтиже (оқу өнiмдерi) көзделген деңгейге сәйкес бекiсе 
– оқу мақсатының ақталғаны. Осы бағытта ұйымдастырылған 
оқу – бiрiздi iлгерiлеген үдеріс сипатын алып, оқушылар 
сауттылығының төменiрек деңгейiнен анағұрлым жоғары 
дәрежесiне басқарымды қадам атуына жол ашады. 
Сонымен, оқу үдерісi бiтiмге келтiрiлген айналымдар 
(аяқталған сабақ) түрінде iске асырылады. Мұндай әр айна-
лым өз элементтерiн қамтыған жүйе ретiнде қабылданады. 
Оқу үдерiсiнiң басты құрылым элементтерi (кезеңдерi): бiлiм, 
ептiлiктердi қабылдау; оларды түсiну және ұғу; игеру; бекiту; 
тәжірибеде қолданып, нығайту; нәтижелiлiгiн анықтау. Әр кезең 
өз талаптарына сәйкес меншiктi мiндеттерiне ие. Әр кезеңде 
мұғалiм мен оқушы өздерiне белгiленген iс-әрекет, қызметтердi 
орындайды: мұғалiм таным үдерісiне басқарым жасайды, ал 
оқушылар бейнетi де, зейнетi де мол оқып-үйрену iсiмен айна-
лысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет