мүмкіндік
алды!
Бақылауды күшейтуге емес, әр сабақта өз жұмысы
жайында тек 3-4 оқушы ғана емес, барлық сынып жауап
беретіндей, өз мүмкіндігін барынша көрсете алатындай бәріне
бірдей жағдай жасауға айрықша педагогикалық мән беріледі.
301
Ал енді жоғарыдағы сабақтың алғашқы 12 минутына
оралайық. Естеріңізде болса, мұғалім үстелге бір емес, екі
оқушыны шақырған еді. Біреуі магнитофонды қосты, ал екіншісі
ше? Екіншісі мұғалімнің қасына келіп, осындай тірек сигналдар
парағының бірінші абзацы бойынша тек мұғалім ести алатындай
дауыспен ақырын әңгімелей бастады. Бұл баяу сұрақ-жауап.
Мұндай сұрақ-жауап пен магнитофон арқылы сұрақ-жауаптың
ұқсастығы – өзара сенімділікке негізделуінде және жартылай
жариялылығында. Айырмашылығы баяу сұрақ-жауапта мұғалім
оқушының жауабын бірден түзетеді, сондай-ақ оқушының
жауабы біткен соң бағасын бірден жариялайды.
Сонымен, 12 минут өткенге дейін 8 оқушы сұралады. Тағы
төрт оқушы осыдан кейін тақтаның алдында әңгімелейтін бола-
ды. Барлығы бір сабақ барысында белсенді ауызша сөйлеуге қа-
тыстырылады. Бұл тарих сабағында, ал математика сабағында ол
одан да көп – 18-25 адам!
Ауызша сұрақ-жауапта оқушылар тірек сигналдар парағын
немесе тірек плакаттарды пайдаланады. Мұндай сұрақ-жауапта
оқушылардың психологиялық еркіндігі бірқатар объективті
мәселелермен түсіндіріледі.
1. Бір мезетте бірнеше операцияны орындау қажеттілігі бол-
майды: әңгіме жоспарын есте ұстай тұрып әңгімелеу және өзара
байланысты тірек сигналдары арасындағы абзацтарды түсіндіру.
Профессор В.В. Давыдовтың зерттеулері көрсеткендей, бір
мезетте бірнеше операцияны орындау шаршауды арттырады
немесе ол операциялардың әрқайсысының өнімді орындалуын
тежейді.
2. Жаңа терминдерді, есімдерді, даталарды игеру жеңілдейді,
ал ол өз кезегінде күтпеген әсер береді: балалардың сөйлеу
тілінен паразит сөздер толығымен дерлік жойылады («сол»,
«яғни», «жаңағы», т.б.). Оларды бұрын жаңа сөздерді ойлауға,
ойын құрастыруға уақыт ұту үшін қолдануға мәжбүр болған
болатын.
3. Әңгімелеу шегаралары қатаң көрсетілгендіктен кездейсоқ
тоқтауларға, ауытқуларға жол бермейді. Сәттілікке деген сенім-
ділік ұялатады, сөйтіп, сабақтың бірінші кезеңінің психология-
лық ахуалына оң ықпалын тигізеді.
302
Осы ретте бір қызық оқиға еске түседі. 1970 жылы Донецк
қаласында №5 орта мектепте тәжірибе жүргізілді. Тәжірибенің
мәні: 4 ай ішінде сегізінші сыныптың бір топ оқушылары орта
мектеп математикасының барлық бағдарламасын игеруі керек
(осы сияқты тәжірибе осыған дейін 1956-1969 жылдар аралығын-
да жүргізілген болатын). Аптасына екі рет 2 сағаттан қайталау
элементтері жүргізілді, күрделілігі жоғары түрлі есептерді шешу-
де түрлі біліктерді қалыптастыруға бағытталған көптеген тәсіл-
дер қолданылды.
1970 жылдың қаңтарында бұл жұмыс аяқталып, тәжірибе
тобының сабақтарына көрші мектептердің мұғалімдері келе
бастады. Біреулері қызық үшін келсе, басқалары сабақтың әр
деталіне үңіліп, түсінуге, тіпті үйренуге келді, кейбіреулері
өздерінің көмектерін ұсынды, төртінші біреулері...
Мұндай оқушылармен мен де жұмыс істей алатын едім. Олар
математикамен «ауырады» ғой. Менің оқушыларымды оқытып
көрсеңіздер ғой: мылтықпен қорқытсаңыздар да ештеңе істе-
гілері келмейді. Екі оңай тапсырманы үйге бересің, оның өзін
көшіріп алады.
Сөзбен сендіру пайдасыз. Іспен дәлелдеу керек. Міне, жаңа
әдістеме бойынша сабақ. Тақырып: Шексіз дамулар. Шек.
Геометриялық дамудың шексіз азаюының мүшелену формуласы.
Шек туралы негізгі қағидалар». Бұл ірі математикалық блок-
қа органикалық тұтастық тән. Оларды бірнеше сабақтарға бөл-
генде (бағдарлама бойынша 5 сабақ), логикалық бірізділігін, се-
німділігін, аяқталғандығын жоғалтады. Ал мұнда таңбалық сим-
волика мен графикалық байланыстар ерекше мәнге ие болады.
Жарты сағат лекциядан кейін тек бірнеше оқушының
жүздерінен ғана сенімсіздік нышандары байқалды, бірақ олар
осыдан кейін әлдеқайда қысқарақ, бірақ нанымдырақ әңгіме
басталатынын білмейді ғой. Содан кейін үшінші, бірақ кейбір
тұстары қиындау тақырыптар бойынша әңгіме айтылатынын да
білмейді ғой. Ешкімнің ойында күмән қалмауы тиіс! Ал соңында
– жаттығулар үлгісі. Жаңа әдістеменің талаптарына қарамастан,
бізде басқа амал жоқ: бізде тек екі-ақ сабақ бар.
Сыныптан шығарда әрбір оқушы және әрбір мұғалім тірек
сигналдар парағын алады. Оларды тәжірибе сыныбының бала-
лары дайындады.
303
Келесі сабақтың алдында қатты толқыдым деу – ештеңе
демеу. Қалай дайындалады? Қалай жауап береді? Қанша есеп
шығарады?
Кесте бойынша жаңа сабақ үшінші сабақ болса да, жаттығу-
ларды бірінші сабақта тартып бердік. Тексерілген дәптерлер
көбейіп келеді. Міне, соңғысына да жеттік-ау. Тіпті үлгерімі
нашар оқушылардың өзі (егер сынып журналына сенер болсам)
үздіктерден күткен нәтижені көрсетті, ал төртеуі тұрақты есеп
жинағының барлық тапсырмасын орындады – 27 есепті шығар-
ды! «Кержалқау» оқушыларының ауызша жауаптарынан тіпті
мұғілімнің өзі ешқандай кінә таба алмады.
Бұл не? Жаңа әсер ме тек? Демарш? Екеуі де емес. Жаңа
әдістеменің кейбір элементтерін газет мақалаларынан оқып
білген Свердловск мұғалімі оқушыларына қанша есеп шешкілері
келсе, сонша есеп шығаруға рұқсат еткен. Нәтижесінде оқушы-
лар күн сайын әдеттегіден 5-10 есе көп есеп әкеле бастаған.
Балалардың математикаға деген жаңа көзқарасы уақытша немесе
бір күндік қызығушылық емес, баланың еңбек психология-
сындағы танылмаған жаңа заңдылықтар екеніне көзі жеткен соң:
– Сендер неге бұрын есеп шығаруға құлықсыз болдыңдар?
– деп сыныптан сұраған.
–
Біз бұрын есепті сіз үшін шығаратын едік қой..., – деп
жауап берген екен бір оқушы қыз.
Сіз үшін... Барлық психология осында. Балалар өзінің ішкі
сезімдерінен қолдау таппаған, белсенді әрекет етуіне талпынт-
пайтын нәрсенің бәріне құлықсыз қарайды. Оларға біздермен –
ересектермен салыстырғанда жалығу сезімі адам төзгісіз сезім.
Ата-ананың сүйсінуі және кейде тіпті шексіз қамқорлығы бала-
ның бойында жағымсыз қасиеттердің – өзімшілдіктің дамуына,
біреудің есебінен күн көруге әкеледі. Ал олардан есейген кезде
арылу тіпті қиын болады. Тіпті мүмкін де емес. Көп баламен
жұмыс істеуде бұл факторды ескермеу – оқу-тәрбие ісіндегі
шиеленістерді қолдан жасау деген сөз.
Есепті таңдап шешудегі еркіндік, тірек сигналдарының
көрнекі жүйесі меңгерілген материалдарды жадыда жаңғыртуға,
ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруға ықпал етеді. Олардың бар-
лығы бір ғана мақсатқа бағындырылады – оқушы
Достарыңызбен бөлісу: |