304
іс-әрекет түрлері жағдайларында жүргізген көптеген психоло-
гиялық тәжірибелері көрсеткендей, шаршау үнемі сәтсіздікке
ұшырау, көңілі қалудың салдарынан болады екен.
Жұмыс-
тағы табыстылық жұмыс қаншалықты қиын, ауыр болса да,
еңбек тонусын арттыруға, еңбек өнімділігін арттыруға оң ықпал
етеді.
Тірек плакаттарын пайдалана отырып ауызша сұрақ-жауап
алуда оқушылардың назары айрықша жоғары болып, ол 88 %-дан
92 %-ға дейін жетеді екен (бақылау сыныптарында ол 56-60 %).
Ол көп жағдайда активті және пассивті
меңгерудің синхронды
жүруімен түсіндіріледі...
Осыған дейін тек оқушылар туралы айттық. Осы айтылған-
дардың барлығын мұғалімдерге қатысты да түсіндіруге болады
ғой. Мұғалімдермен жылдар бойы жүргізген семинарлардан
байқап, бір қуанғанымыз – семинарға қатысушылардың шебер-
лігі күрт артты, олардың сөздік қорлары байи түсті. Мұғалім-
дердің сөздері бейнелі әрі жанды бола бастады.
Мұғалімдердің сөздерінің көркем болуын пединституттарда-
ақ қадағалау керек.
Біз қаншалықты тез сөйлейміз?
Қаншалықты тез сөйлей
аламыз? Қарапайым сабақтағы сөз қоры қандай болуы керек?
Дәстүрлі жағдайдағы жұмыс барысында әр сабақты талдауда тек
оқушының жауаптары мен мұғалімнің түсіндіруі есепке алы-
нады. Алайда сол уақыт ішінде түрлі көлемдегі ақпарат та
жеткізіледі ғой. Оқу үдерісінің осы қырын ескеру тәжірибе
жұмысымызда бірден басшылыққа алынды.
Сабақтың сөздік қор көлемі дегенде, біз сабақ үстінде оқушы
мен мұғалімнің айтатын сөздерінің жалпы санын есепке алдық.
Сабақ үстінде айтқан оқушы мен
мұғалімнің сөздерін қалай
есептеуге болады? Магнитофонның көмегімен бе? Одан ештеңе
шықпайды. Әр оқушының жанына магнитофон қоя алмаймыз
және алынған мәліметтерді өңдеуге де көп уақыт кетеді. Тек бір
жолы мүмкін болды, стенографтың жұмысын істеу: әрбір
айтылған сөзден кейін таза параққа қысқаша сызық қойып отыру,
1-2 жаттыққан соң оны істеу оңай болады.
Көптеген зерттеулер, бейтаныс мәтінді дайындықсыз анық,
түсінікті етіп оқуда оқу қарқыны минутына 220 сөзден ас-
пайтындығын, ал таныс мәтінді оқуда ол 240-250
сөзге жететі-
305
нін көрсетті. Ал енді қандай да бір оқиға туралы барынша жо-
ғары қарқында айтып көрсеңіз, ол минутына 180 сөзден әрі
аспайды.
Сабақтың сөздік қорының 2500-ге жетуі сирек кездеседі.
Жаңа әдістемелік жағдайда жұмыс істеу сабақтың сөздік қорын
1,5-1,7 есе көбейтуге мүмкіндік береді!
Оған негізінен тірек
сигналдары көп себін тигізеді. Таңбалық бағдарларды пайдалана
отырып, оқушылар сөйлеу қарқынын еш қиындықсыз арттыра
алады, сөз арасындағы үзілістерді қысқартады, паразит сөздерді
барынша азайтады. Ал сұрақ-жауап алудың екі жаңа түрін – баяу
және магнитофон арқылы сұрақ-жауап алуды назарға алатын
болсақ, әр оқушының үлесіне тиетін сабақтың сөздік қоры
2,8-3,1 есеге арта түседі.
Ал жаңа жағдайдағы мұғалімнің сөзінің қарқыны 1,2-1,5
есеге көбейеді.
Мұғалімдер мен оқушылардың
сөз қарқынының өсуі оқу
материалын қабылдау сапасына еш зиянын тигізбейді. Оның екі
түрлі себебі бар.
1. Сөйлеу қарқынын арттыру нәтижесінде үнемделетін
уақыт жаңа материалды екі рет, болмаса бірнеше рет баяндауға
мүмкіндік береді.
2. Мичиган университетінде қызық зерттеу жүргізілген
екен. Бір дәріс құрамы бірегей тыңдаушылардың екі тобына
оқылады. Бірінші топта дәрісті оқу әдеттегідей қарқында
жүрген және оны 45 минут бойына оқытушы жүргізген. Екінші
топқа осы дәрістің магнитофонға жазылған нұсқасын тыңдау
ұсынылған. Онда пленканы тездету
арқылы дәріс қарқыны
12 минутқа дейін қысқартылған. Дәрістің дыбысталу сапасы
барынша жоғары болған. Осыдан кейін әр топта алдын ала
дайындықсыз емтихандар алынған. Тыңдаушылардың білім
деңгейлері екі
топта да бірдей болып шыққан, өйткені сөйлеу
қарқынына қарай назар қою деңгейі де пропорционалды түрде
өсіп отырған.
(Шаталов В.Ф. Педагогическая проза /
ауд. Ж.М. Бектұрғанова. – Архангельск, 1990. – 383 с.).
Достарыңызбен бөлісу: