323
Оқытудағы жалпылаудың түрлері.
Дәстүрлі психология мен дидактикадағы жалпылау мәсе-
лесі
Жалпылау үдерісі және оның өнімінің сипаты
Педагогикалық психология мен дидактика жалпылау
мәселесін қарастырауда ойлаудың теориялық-танымдық біліміне
және мектепте нақты сабақ беру тәжірибесіне сүйенеді. Білімнің
бұл салаларында оқушылардың ойлау іс-әрекетінің маңызды
бөлігі жөнінде оқулықтарды құрастырушылар,
әдіснамалық
нұсқаулар авторлары, мұғалімдер қолданылатын жүйе ретінде
ұғым орнықты. Оның теориялық мазмұнын қарастырмас бұрын
біздің ойымызша психологиялық-дидактикалық әдебиеттерде
кездесетін
жалпылау
түсінігінің
нақты ұғымын анықтап алған
жөн. Сонымен қатар көптеген авторлардың өзіндік ерекше
пікірлеріне қарамастан барлығына ортақ басты ережелерді бөліп
көрсетудің маңызы зор. Мектеп пәндерінің негізін құрайтын
көзқарастар біртұтастылығын құру үшін оның басты идеяларын
көрсету қажет. Себебі осы суреттеу келесі қарастырып отырған
мәселені теориялық талдау жасауға негіз болады.
«Жалпылау» ұғымы психологиялық-дидактикалық және
әдістемелік әдебиеттерде жиі кездеседі. Ол оқушылардың білімді
меңгеру үдерісінің әр түрлі жақтарын көрсетуде қолданылады.
Әдетте бұл ұғымға байланысты құбылыстардың негізгі екі тобын
бөліп көрсетуге болады. Егер жалпылауды үдеріс ретінде қарас-
тырсақ, онда әдетте баланың жеке заттың қасиеттерін суреттеу-
ден осыған ұқсас заттардың тобынан оны бөліп және орналасқан
жерін анықтауға ауысуы байқалады.
Мұнда бала бұл заттар-
дың кейбір тұрақты, қайталанатын қасиеттерін тауып, бөліп
көрсетеді. Психологиялық-дидактикалық жұмыстар үшін мына-
дай ереже тән: «жалпылау жүргізіледі, яғни бір түрге
немесе
класқа жататын заттардағы ұқсас қасиеттер ортақ болып есеп-
теледі».
Бұл үдеріс нәтижесінде мінездеме бергенде баланың заттың
кейбір жеке және құбылу белгілеріне көңіл бөлмеу қабілеті
ескеріледі. Мысалы, оқушы практика жүзінде 5 таяқшаға 3 таяқ-
шаны қосып, қосындысын (8) айтады. Енді берілген 5 қарындаш
пен 3 қарындашты қосуға арналған жаңа тапсырманы орында-
ғанда ол бірден «бұл да сегіз болады» немесе «бәрібір сегіз» деп
324
жауап қайтарса, бұл жауаптардан тиісті жалпылау байқалады.
Тарих сабағы үстінде мұғалім оқушылардың «Полюдье» деп
аталатын суреттің астында неліктен «Князь
Игорьдың салық
жинауы» деп жазылмаған деп сұрауы мүмкін. Жалпылаудың бар
болуы балалардың суреттелген фактінің типтілігін, мәселен,
«себебі салықты тек Игорь ғана осылай жинаған жоқ қой», −
деген жауаптан көруге болады.
Жалпылауда, бір жағынан заттардың көп түрлігі мен олар-
дың қасиеттеріндегі кейбір инвариантты іздеу және оны сөзбен
белгілеу, екінші жағынан, осы көптүрлі
заттарды бөліп алған
инвариаттың көмегімен тану болады.
Балалардағы
жалпылау
мен
түсініктің
қалыптасуы мектеп-
тегі оқытудың басты мақсаттарының бірі болып есептелінеді.
Түрлі пәндер бойынша оқулықтардағы материал әдетте оқушы-
лардың онымен жұмыс істеуі сәйкес жалпылауларға алып келе-
тіндей етіп орналастырған. Мұғалімдерге әдістемелік құралдарда
бұл үдерісті қалай бағыттау керек екендігіне, балалардың қол
жеткізген жалпылау деңгейін қалай тексеру керектігіне қатысты
нұсқаулар беріледі. Жалпылаудың қалыптасу «технологиясын»
нақты мысалдар арқылы жан-жақты қарастырайық.
Орыс тілі курсы бойынша сөздің морфологиялық құрылымы
оқытылады, соның ішінде балалар сөздің түбірімен, жалғауымен
танысады. Оқулық бойынша балалар мынадай жұмыс жүргізеді,
бастапқыда олар нақты мәтіндерді көшіріп,
ондағы негізгі бір
сөздерді бөліп алып, астын сызып отырады
Достарыңызбен бөлісу: