327
материалын) бөлініп, нәтижесінде мұндай қатынас дерексіз сан-
дар
қатынасы, нақты заттардан абстракцияланған ерекше көңіл
бөлу объектісі ретінде қарастырылады.
Оқушылар іс-әрекетінде жалпы абстрактілеудің атқаратын
қызметі қандай? Оқу үдерісі барысында ол қандай мақсатта
қалыптасады? Оқулықтарды, әдістемені, оқушылардың оқу жұ-
мыстарының әдістерін талдай келе мынаны анықтадық: бір топ
заттың ортақ қасиетін білу балаларға тиісті ережелерді қолдануға
мүмкіндік береді (мысалы, орфографиялық ережелер сөздер мен
сөйлемдердің ортақ қасиеттерін білу негізінде, ал арифмети-
калық ережелер сандардың ортақ қасиеттері негізінде қолданы-
лады). Кез келген ережені пайдалана алу заттағы ережеге сәйкес
келетін қасиетті бөліп алуды көздейді. Негізінен алғанда, ол зат-
тар мен жағдайлардың бір класымен байланысты болады (жеке-
дара затпен жұмыс істегенде «ереже» түсінігі өз мәнін жоғалта
бастайды).
Сонымен, диктант кезінде (орфографиялық тапсырма) бала
мынадай ережені басшылыққа алуы тиіс:
барлық жұрнақтар
сөздермен бірге, ал барлық жалғаулар бөлек жазылады. Алайда
оны пайдалану үшін жұрнақтар мен жалғаулардың жалпы
белгілерін білу, оларды мұғалім оқып тұрған мәтіннің кез келген
жеке және нақты дыбысталуы кезінде бөліп алу керек болып
табылады. Оның үстіне олар кейде дыбыстардың құрамы
бойынша сәйкес болып келеді, оларды оңай шатастырып алуға,
тіпті қателесуге де болады. Сондықтан олардың нақты дыбыстық
құрамына
тәуелсіз, жалпы жұрнақтарды
жалпы
жалғаулардан
айқын ажырату мен бөлу маңызды.
Белгілі бір класқа жататын берілген жеке, нақты затты
немесе құбылысты «тану» (бірнеше жалпы қасиеттердің негізін-
де) – абстрактілік жалпының шынайы қызметі болып табылады.
Бұл балаға берілген затпен белгілі бір ереже бойынша әрекет
етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ енді әрекет «қысқартылған»
болуы мүмкін. Мысалы, «Егер 5 қарындашқа 3
қарындашты
қосса, неше болады?» деген сұраққа жалпыланған білімі бар бала
бірден: «сегіз», − деп жауап береді.
Әрине, «танудың» дәлдігі абстрактілі-жалпыға енетін бел-
гілердің толықтығына тәуелді. Оның үстіне заттардың қандай да
бір тобын көп жағдайда тек бір ғана ұқсас қасиеті бойынша
328
бөлуге болмайды. Бұл бірқатар жалпы қасиеттер бойынша оны
жалпылауда мүмкін болады. Сонымен, тік төртбұрыш тек төрт
қабырғасы бар фигура ғана емес,
сонымен қатар барлық
бұрыштары тік бұрышты фигура болып табылады. Оны басқа
фигуралардың арасынан «тану» үшін осы екі жалпы белгіні білу
керек, сонымен бірге олардан фигуралардың кез келген жеке
ерекшеліктерін бөліп алу керек
(жазықтықтағы орны, қабырғаларының арақатынасы, т.б.).
Белгілі
бір сөздің
Достарыңызбен бөлісу: