Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет126/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

(орманшы, орман, 
ормандар, т.б).
Осыдан кейін оқушылардың естерінде осындай 
сөздер сақталады, оқулықта әдейі бөліп көрсетілген бұл сөздер 
мағынасы жағынан бір-біріне жақын болып келеді, себебі олар-
дың негізі бір. Содан кейін балалар: «Түбірлес сөздердің ортақ 
бөлігін түбір деп атайды», – деген анықтамамен танысып, түбір-
лес сөздерді тауып, көшіріп жазуға арналған бірқатар жаттығулар 
орындайды. Оның үстіне, олар түбірдің аңықтамасына сүйене 
отырып, оны сөздердің тобынан бөліп ала білуі керек. 
Әрине, сабақта мұғалім балаларға салыстырылатын сөздер-
дің «мән бойынша ұқсастығын» табу және ортақ бөлімді бөліп 
көрсету үшін қажет салыстыру әдістерін көрсетеді. Оқушылар-
дың мұндай тәсілдерді меңгеруі жалпылау үдерісіндегі нақты 
жағдай, оның нәтижесі «сөз түбірі» деген түсінікке негізделген. 


325 
Нақты құбылыстардағы қайталанатын тұрақты элементті 
табу тарихи деректермен жұмыс істегенде де қолданылады. 
Мәселен, оқушылар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихымен рет-
ретімен танысады. Олардың табиғи жағдайларын салыстыра 
келе, оқушылар Египет, Мессопотамия, Үндістан, Қытай сияқты 
елдер арасында айырмашылықтар бола тұра олардың үлкен өзен 
аңғарларында орналасқанын көреді. Осы ұқсас ерекшеліктер 
«Ежелгі Шығыстағы алғашқы мемлекеттер үлкен өзендер аңғар-
ларында пайда болды» деген жалпылау жасауға мүмкіндік бе-
реді. 
Геометрия сабағын оқытқанда мұғалімдер оқушыларға түрлі 
бұрыштар туралы нақты ұғымдар беруге тырысады (мысалы, 
олар циркульдің екі аяғымен жасаған бұрышты көрсетіп, есікпен 
қабырға арасындағы бұрыштың өзгеруіне назарларын аударта-
ды). Сол кезде оқушыларда бұрыштың барлық бақылаулардың 
бip ғана түсінікке − бip нүктеден шыққан екі сәуле символы бо-
лып табылатын түсінікке жалпылануының идеясы қалыптасады 
деп ұйғарылады. Көп санды тиісті сәйкестендірілген фактілер 
негізінде оларды біріктіретін жалғыз қасиеті жөнінде жалпылама 
абстрактілі идея пайда болады. 
Әр түрлі оқу пәндерінен жалпылау үдерісі мен оның нәти-
жесін ұқсас бейнеде сипаттайтын мысалдар көп келтіруге бола-
ды. Ал «таза» күйінде оның ерекшеліктері дидактика бойынша 
оқулықтардың бірінде жақсы жазылған: «дербес түсініктерді 
қалыптастыру үшін ең алдымен оқушылар мұғалім ұсынған және 
осы арнайы мақсатқа таңдалып алынған көп мөлшерде бірдей 
немесе ұқсас заттарды бip-бipiмен салыстырып талдау жасауы 
керек». Сонымен қатар әр түрлі заттардың жеке қасиеттері жүйе-
лі қарастырылып, бұл заттардың бip-бipiнен немен ерекшеле-
нетіні анықталады. Яғни барлық заттарға ортақ сапа іріктеледі. 
Осы соңғылары ақырында түсініктің сол заттардың тиісті 
түсінікке жататын жалпы қасиеттер тізімімен анықталады. 
Жалпылаудың бұл схемасын оқыту үдерісінде жүзеге асыру 
бірқатар ерекше жағдайлардың болуын болжайды. Ең алдымен, 
жеке заттардың жинағы немесе нақты әсерлердің жиынтығы 
қажет. Олар салыстыруды орындау үшін бастапқы материал 
болып табылады, ол арқылы заттардың ортақ, ұқсас, бірлескен 
қасиеттері анықталады. Бастапқы материалдың жинағы жеткілік- 


326 
ті көп түрлі болуы, құрамында ұқсас қасиеттердің қатар кездесе-
тін белгілермен сәйкестігінің өте әр түрлі нұсқалары болуы тиіс. 
Мәселен, қосымша түсінігінің негізінде жатқан жалпы-
лаудың пайда болуы үшін тапсырмаға салыстыру үшін берілген 
түрлі сөз топтарына жататын бip түбірлі (әр түрлі қосымша-
лармен) және түбipлері әр түрлі (бip қосымшамен) сөздер бері-
леді. 
Жалпылаудың толыққандылығы мен барабарлығын үйлесе-
тін қасиеттер шеңберінің кеңдігіне және бастапқы материалда 
«күтпеген» және «үйреншікті емес» жалпы сапасымен қатар 
жүретін қасиеттерге немесе сөйлеу формасына тәуелді болады. 
Мысалы, оқушыларда тік бұрышты үшбұрыш түсінігіне байла-
нысты жалпылау қалыптасуы үшін олар қабырғаларының 
қатынастары әр түрлі тікбұрышты үшбұрыштарды көруі және 
құра алуы керек (нақтырақ айтқанда, ұзындығы енінен бірнеше 
есе асқан жағдайда, яғни үшбұрыш созылған жолақ түрінде 
болғанда). 
Жалпылау, әдетте, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет