Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет128/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

(көбінесе анықтау арқылы)
мәні болып келе 
жатқан екі, үш және одан да көп абстрактілі-жалпы белгілердің 
комбинациясын әдетте 
түсінік 
деп атайды. Жалпылау мен 
абстракция – оның қалыптасуының басты шарты болып табы-
лады. Заттың жалпыланған белгілерінің кешені түсініктің маз-
мұны болады. 
Шын мәнінде, түсінікке жалпы белгілер жиынтығы ғана 
емес, мәнді белгілер жиынтығы жатады. Мәнділік сипаттамасы 
қандай? Ол үшін психологиялық-дидактикалық және әдіснама-
лық жұмыстар мәтіндеріне назар аударайық. 
«...Дұрыс жалпылаудың қажетті шарты көп өзгеріске ұшы-
райтын белгілері нақты түсінік үшін мәнді емес болатынын көр-
сететін нақты мысалдарды талдау болып табылады
. Оқушыларда 
дұрыс жалпылауды қалыптастырудың басты шарты, мәнді 
белгілер тұрақты болғанда қасиет, ұғым және фактілердің 
мәнді емес белгілерінің өзгерістері болады». 
«Мәнді емес» белгілер – бұл кеңінен өзгеріске түсетін 
белгілер. «Мәнді» белгілер – бұл мәнді емес белгілердің түрле-
нуінде заттардың сол тобында үнемі болатын, тұрақты, сақтала-
тын белгілер, яғни кейбір инвариант және бұл мағынада кейбір 
«абстракт», квинтэссенция болып табылатындығын логикалық 
тұрғыда шамалауға болады. «Мәндінің» мұндай түсіндірмесі, 
мысалы, оқушылардың тарих сабағындағы жұмысының мынадай 
сипатталуында бар: «...Оқушылар екі немесе одан да көп тарихи 
құбылыстарды салыстыра отырып, жеке, мәнді еместерден 
абстракцияланып, олардың ұқсас мәнді белгілерін бөліп көрсет-
ті». Содан кейін: «Объектілердің бұл қатарындағы жалпының 
қайталануы... оқушыға біршама байқалатын болады және жүйелі 
салыстыруда жақсы түсініледі. Бұл оқушыны жалпылық мәнді 
деген ойға итермелейді...». 


329 
Жалпы белгілі бір зат тобының қайталанатын тұрақты әр 
түрлі қасиеттерінің анықталған инварианты, яғни мәнді белгісі 
болып табылады. Көптеген еңбектерде «жалпы» және «мәнді» 
терминдері бір мағынада қолданылады: « Мәнді белгілерді бөліп 
алу үшін оларды заттарға ортақ және басқаларға тән емес 
белгілер ретінде қарастыру шарт». Абстрактілі белгілер жалпы 
қасиеттер ретінде бөлініп, нәтижесінде жалпылау мәніне ие 
болады. Заттың «мәні» де көп жағдайда «жалпы» ретінде сипат-
талады. Құбылыстар мен заттардың жалпы қасиеттерін ала оты-
рып, ол (адам) олардың мәнін таниды. «Егер адам... өзінің қажет-
тіліктеріне сай шындықты өзгерткісі келсе, онда ол оның мәнін, 
заттар мен үдерістердің жалпы заңдылықтар қатынастарын тану 
керек». 
Дегенмен бірқатар жағдайда «мәнді» мен «жалпының» 
арасында айырмашылық жүргізіледі. Осылайша, мәнді белгілер 
әрқашанда жалпы белгілер болып табылады, алайда кейде мәнді 
емес те белгілер жалпы болады. «... Мәселен, оқушылардың фор-
масы жалпы болып табылады да, бірақ оқушылардың үлгерімі 
мен тәртібіне мінездеме бергенде мәнді белгі болмайды». Сонда 
мәнді және мәнді емес жалпы белгілерді айырудың негізі қандай? 
Өкінішке қарай, психологиялық-дидактикалық әдебиетте 
бұл мәселенің арнайы талдауы жоқ. Оқу материалында мәнді 
емес белгілерді фактілік бөлу бойынша пайымдаудан, бірінші-
лерде заттардың белгілі бір шеңберінен 
бөлінбейтін 
( ажырамай-
тын) болып табылатын, оны қандай да бір басқа заттардан 
бір-
текті ажырататын
жалпы қасиеттер туралы айтылады. Соны-
мен, «үшбұрыштың сыртқы бұрышы» түсінігін қолдана отырып, 
оқушылар берілген схемада, бір жағынан, барлық сыртқы 
бұрыштар үшін ортақ мәнді белгіні (бұл белгі – «ішкіге аралас» 
болу), екінші жағынан, түрлі сыртқы бұрыштарды ажырататын 
мәнді емес белгілерді (мысалы, бұрыштың өлшемі, оның схемада 
орналасуы және т.б.) бөледі. Бұл жерде мәнді белгі жай ғана 
жалпы емес, сонымен бірге аралас бұрыштар сияқты бұрыштың 
түрінен бөлінбейтін белгі болып табылады. Осы белгі бойынша 
кез келген аралас бұрыштар барлық аралас емес бұрыштардан 
біртекті ерекшеленеді. 
«Мәнді» мен «мәнді еместі» мұндай түсіндіру оқушыларда 
«ойпат» пен «үстірт» сияқты географиялық түсініктердің және 


330 
«трапеция» сияқты геометриялық түсініктің қалыптасу үдерісін 
бейнелеуде кездеседі. 
Жоғарыда келтірілен дәстүрлі психологиялық-педогогика-
лық әдебиеттерде жалпылау үдерісіне берілген түсіндірме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет