Оқытудың психологиялық теориясына талаптар –
оқуды басқарудың негізі
Оқыту теориясы психологиялық ғылымның тармағы ретінде
психиканы маркстік тұрғыда түсінуден, адам санасы туралы
маркстік ілімнен туындайтын психологияның әдіснамалық қағи-
даларын қанағаттандыруы тиіс. Кеңес психологтары өз ғылымы-
ның маркстік қағидалары үшін күресте ұзақ жолдан өтті. Қазіргі
кезеңде басты міндет психологиялық ғылымның жеке тармақ-
тарымен байланысты барлық жеке теорияларда осы қағидаларды
біртіндеп іске асыру, оларды нақтылы эксперименттілікке дейін
жеткізу болып табылады.
Талызина Нина
Федоровна
348
Екінші маңызды міндет бізге бөтен әдіснамалардың енуіне
жол бермеуге саяды. Бағдарламаланған оқыту идеясы мынадай
объективті қауіп тудырды. Мәселе мынада: Б.Ф. Скиннер тек
бағдарламаланған оқыту идеясын қалыптастырып қана қойған
жоқ, ол сонымен қатар адамды үйрету үдерісін бихевиористік
түсінуге негізделген бағдарламаланған оқытушы нұсқауын жа-
сады. Өкінішке орай, бағдарламаланған оқытудың барлық
өкілдері идеяның мәнін оны іске асырудың нақты нұсқауынан
бөліп ала алмады. Біздің еліміздегі бағдарламаланған оқыту
практикасын талдау оның әлі күнге дейін америкалық бихевио-
ристік нұсқаудың әсерінен құтыла алмай келе жатқандығын
көрсетеді. Бұл жағдайларда кеңестік психология қағидалары
құрылуының негізгі кезеңдарін де, олардың нақты мазмұнын да
талдау ерекше маңызды.
Қазан төңкерісінен кейін тарихта бірінші рет психологтардың
алдында психология ғылымын маркстік философия негізінде
саналы жөне біркелкі қайта құру міндеті тұрды. Бір жағынан,
психологиядағы субъективизмді, феноменализмді жеңу, психика-
ның қоғамдық қатынастардың негізі ретіндегі адамның шынайы
өмірінен бөлінуін жою қажет болды. Екінші жағынан, психиканың
ерекшелігін жоятын, психологияны ғылым ретінде жоққа шыға-
руға алып келетін оғаш механизмдерді жеңу қажет болды.
Осы бағыттағы алғашқы үлкен қадамды Л.С. Выготский
жасады. Ертеректегі еңбектерінде-ақ ол субъективті-идеалистік
психология мен рефлексологияның негізгі кемшілігі психиканың
мінез-құүлықтан бөлінуі болып табылатындығын айтқан
болатын. Психика мен мінез-құлықтың ажырауы мінез-құлықты
талдаудағы механизмге және психиканы түсінудегі субъективті
идеализмге алып келеді. Л.С. Выготскийдің жазуы бойынша,
«Психикасыз мінез-құлық болмайтыны сияқты, мінез-құлықсыз
психика болмайды».
Сөйтіп, Л.С. Выготскийдің бұл жұмыстарында, кейіннен
бірқатар кеңес психологтары дамытқан және қазіргі кезде де
біздің психологиямыздың жетекші қағидаларының бірі болып
табылатын психика мен іс-әрекеттің бірлік қағидасының негізі
қаланды.
Л.С. Выготский психиканы, сананы түсіну үшін олардың
шектерінен шығу – адам өмірінің өзіне, оның болмысының нақты
349
жағдайларына қарау керектігін көрсетті. Ол адам санасы дамуы-
ның негізінде оның шындыққа практикалық қатынастарының
дамуы жатыр деп есептеген. Алайда Л.С. Выготский индивидтің
санасы мен практикасы арасындағы тура тәуелділікті анықтаған
жоқ, ол адам психикасы дамуындағы басты нәрсе әлеуметтік
тәжірибені меңгеру болып табылады деп санады. Осылайша,
адам психологиясының жетекші қағидасы ретіндегі әлеуметтік,
тарихи бағытты анықтауда Л.С. Выготскийдің еңбегі зор. Бұл
жағдайлар Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясында
нақтылы түрде көрсетілді, ол адам психикасы ерекшеліктерін
оның қоғам өмірінің белгілі бір ерекшеліктері ретінде талдауға
талпыныс жасады.
Адамның еңбегі оның өмір сүру жағдайларына қатынаста-
рын жанамалайтын құралдарды пайдалануымен сипатталады.
Жанамалылық адамның әлеммен байланысын онымен жануар-
лардың өзара әрекеттестігінен ажыратады.
Адамдардың практикалық іс-әрекеттерінің ерекшелігі ретін-
дегі жанамалылық олардың психикасындағы сәйкес өзгерістерге
алып келді; ол да жанамалылыққа айналды. Адамның психика-
лық үдерістерін жанамалайтын құралдар ретінде әр түрлі белгі-
лер (таңбалар) алынады. Еңбек құралдары сыртқа бағытталған,
ол қоршаған шындық заттарының өзгеруіне алып келеді, ал
құрал-белгілер ішке бағытталған, олар психикалық үдерістердің
өзгерістерін тудырады.
Белгілер алғашында сыртқы, материалдық формаға ие бола-
ды, ал одан кейін интериоризацияланады – ішкі, идеалды бола
бастайды. Адам психикалық іс-әрекетін жанамалайтын белгілер-
дің негізгі жүйесін тіл құрайды, ол сондай-ақ интериоризация
жолынан өтеді – басында тіл басқа адамдармен қарым-қатынас
ретінде пайдаланылады, ал содан соң ішкі сөз тұрғысында жеке-
дара қолданылады.
Сөйлеу адамдардың қоғамдық практикасынан туындаған,
адамдар қатынастарының арнайы әлеуметтік формасы ретінде
пайда болды. Адам психикасының өзіндік ерекшеліктері адам
практикасының өзінен емес, оның негізінде пайда болған адам-
дардың жаңа, әлеуметтік қатынастарынан (сөйлеу), олардың
мәдениетінің жемістерінен (тіл) туындайды. Осыдан келіп адам
психикасының мәдени-тарихи табиғаты пайда болады.
350
Құрал-белгілердін рөлі – психикалық үдерістерді жанамалай
отырып, олардың құрылысындағы өзгерістерге алып келетінді-
гінде. Бұл, Л.С. Выготскийдің ойынша, осы үдерістерді сипаттау-
да басты болып табылады. Л.С. Выготский жанамаланған психи-
калық құрылымдардың дамуы жеке психикалық қызметтер ара-
сында жаңа байланыстардың пайда болуына алып келетінін, ол өз
кезегінде қызметтердің өздерінің қайта құрылуына мүмкіндік
туғызатынын көрсетеді. Сөйтіп, жеке психикалық үдерістің
ерекшеліктерін түсіну үшін осы үдерістер жүйесінің тұтас құры-
лысының талдамына қарау қажет. Л.С. Выготскийдің көрсетуін-
ше, сана жүйелі құрылысты болып келеді. Басқаша айтқанда, жа-
намаланғандық жеке психикалық қызметтердің өзгеруіне емес,
жаңа қызмет аралық қатынастардың қалыптасуына алып келеді.
Психиканы талдаудағы жүйелілік бағыт функционализмді
жеңуге жол ашты, ол сонымен қатар кеңестік психологияның
маңызды міндетін құрады. Сана жеке өзгермеген психикалық
үдерістердің жиынтығына емес, динамикалық жүйесіне айналды.
Құрал-белгілерді пайдалану адамға өз мінез-құлқын меңге-
ріп алуға, төменгілерден, табиғилардан, тікелейлерден және
еріксіздерден жоғары, әлеуметтік, жанамаланған және ерікті
болатын психикалық үдерістерді басқаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, жанамалайтын құралдар басында сыртқы, материал-
дық, басқа адамдардың мінез-құлықтарын ұйымдастыру үшін
бірлескен, ұжымдық іс-әрекеттер жағдайларында пайдаланы-
латын құралдар ретінде пайда болды. Біртіндеп олар ішкі, пси-
хикалық, өз мінез-құлықтары мен өз психикасын басқару үшін
жеке пайдаланылатын құралдарға айналады.
Мәдени-тарихи теорияда психиканың сыртқы, практикалық
іс-әрекетпен жақындасуы бірнеше бағыт бойынша жүреді. Бірін-
шіден, адамдардың практикалық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері
олардың психикасының ерекшеліктерін анықтаушы ретінде
көрінеді. Екіншіден, адам психикасының құрылысы оның еңбек
іс-әрекетінің құрылысымен сәйкестегі бойынша қарастырылады.
Соңғысы, жанамаланған психикалық қызметтер алғашында
сыртқы бірлескен іс-әрекет үдерісінде пайда болады, сөйлеу
және басқа да құрал-белгілер бастапқыда оның элементтері
ретінде көрінеді. Бала дамуындағы кез келген жоғары психика-
лық қызмет сахнада екі рет пайда болады: бірінші рет ұжымдық,
351
әлеуметтік іс-әрекет ретінде, яғни интерпсихикалық қызмет
ретінде, екінші рет индивидуалды іс-әрекет ретінде, баланың ішкі
ойлау тәсілі ретінде, интрапсихикалық қызмет ретінде көрінеді.
Өз мінез-құлықтарын меңгеріп алу үшін, өз психикасын
басқару үшін адам бас кезінде сыртқы заттарға сүйенеді және
одан кейін ғана, сыртқы жанамалаудың негізінде, оны іштей
жасау, енді психикалық іс-әрекеттің элементтері болып табы-
латын ішкі идеяларға сүйену қабілеттілігіне ие болады.
Л.С. Выготскийдің көрсетуі бойынша, психикалық қызмет
сыртқы, материалдықтың өзгеру нәтижесі ретінде жанамалайтын
бөлімге – «құралға» ғана пайдаланылады. Осы «құралдарды»
жанамалайтын психикалық үдерістердің өздері сыртқы әрекет-
тен өзгертілген үдеріс ретінде көрсетілмеген. Теориялық тұрғыда
іс-әрекеттің ішкі, психикалық формасының сыртқы іс-әрекетпен
(біріншісі үшін бастапқы ретінде) тектік байланысын мойындау
Л.С. Выготскийде тұтас психикаға таралады. Кез келген жоғары
психикалық қызмет өз дамуында сыртқы деңгей арқылы өтуі
қажет. Бірақ интериоризация мәселелерін қарастыруда ол сырт-
қы жүріс-тұрысты ішкіге ауыстыруды текке баса көрсетпегеніне
назар аударған жөн (бұл мәлімет бұрын да бірнеше рет көрсетіл-
ген болатын). Ол үшін басты жағдай әлеуметтік тәжірибенің
ішкіге ауысуы болды. Біз үшін «сыртқы» үдеріс туралы айту –
«әлеуметтік» туралы айту деген сөз. Басқаша айтқанда, интерио-
ризация оған адам психикасының әлеуметтік табиғатын нақты
керсету мүмкіндігін береді. К. Маркстің белгілі қағидасын өзгер-
тіп, Л.С. Выготский былай деп жазды: «Адамның психологиялық
табиғаты ішкіге ауысқан және тұлғаның қызметтеріне, оның
құрылымының формаларына айналған қоғамдық қатынастар
жиынтығын білдіреді».
А.С. Выготский сыртқы іс-әрекет пен психиканың бірлігі
принципінің және адам психикасын табиғаты бойынша әлеу-
меттік психика ретінде қарастыру бағытының негізін сала оты-
рып, оларды нақты психологиялық зерттеулерде іске асыра алма-
ды, өзі қарсы күрескен интеллектуализмнің шырмауына түсті.
Құралдарға шешуші мән бере келе, Л.С. Выготский олар өз
қызметтерін тек үнемі бірдеңенің бейнесі болғандықтан, адам
үшін белгілі бір
Достарыңызбен бөлісу: |