341
жалпылау мен оның мазмұнының қалыптасуының негізгі шартта-
рының барлық жерде
бірдей
болуымен байланысты (заттардың
бөлінетін ерекшеліктерін түрлендіру, бірдей, бөлінбейтін қа-
сиетті − инвариантты бөліп көрсету).
Дидактикалық құралдар
және оларды психологиялық негіздеу бойынша жұмыстар,
мектепке дейінгі жастағы балаларға қарағанда оқушылардың
меңгеру объектісі болатын жалпылаулардың мазмұнындағы
қандай да бір шешуші және түбегейлі өзгерістерді белгілемейді.
Төменгі және жоғарғы сыныптарда игерілетін мән мен
түсініктің арасындағы сабақтастыққа қатысты мәселе өте қиын
және шиеленісті. Бір жағынан,
дидактика мен психологияда
төменгі жөне жоғары сынып оқушыларында кездесетін жалпы-
лаудың деңгейі мен мүмкіндігі арасындағы айырмашылық жақсы
ұғынылады. Екінші жағынан, осы айырмашылықты сипаттау мен
түсіндіру, әсіресе оқушылардың ойлау мүмкіндіктері мен
олардың «ғылым негіздерін» игеру барысында қол жеткізгенімен
байланысы туралы айтылғанда әлі күнде дейін түсініксіз әрі анық
емес болып жүр. Физикадан сабақ беру әдістемелерінің бірінде
оқушыларға 6-7 және 8-10 сыныптарға не беру айырмашылық-
тары туралы айтылған. Алғашқылары танымал нақты білімдердің
қорын жинауы, құбылысты бағалау әдістерімен танысуы,
құбылысты сапалық жағынан талдауды үйренуі керек. Сосын
8-10 сыныптарда мұғалімдер оқушыларды «анағұрлым тереңірек
теориялық түзілулер мен жалпылаулар үшін күрделірек құбы-
лыстарды талдау жасауға...» алып келеді. Тереңірек түзілулер
мен жалпылаулар, әрине, мықты бағдарламалық материалдармен
бейнеленген болуы мүмкін, бірақ психологиялық-әдіснамалық
жоспарда олардың мұндай таза
сандық мінездемесі өте аз
маңызға ие. Мұнда ең басты бөлім − оқушылардың қандай да бір
топтарынан алынған жалпылаудың сапалық айырмашылығына
нұсқау жетіспейді.
Әдіснамалық нұсқауларда балалар орыс тілі пәні бойынша
төменгі және жоғарғы сыныптарда меңгерген ұғым деңгейлері-
нің айырмашылығын суреттеу сондай өзекті және анықталмаған
болып көрінеді. Етістік пропедевтикалық түрде төменгі сынып-
тарда, ал содан кейін жүйелі пәндерде оқытылады. Осы тақырып
бойынша пропедевтикалық және негізгі курстардың айырмашы-
лығы неде? «Етістік туралы бірқатар мәліметтерді оқушылар
342
бастауыш мектепте алып үлгерген... бұл мәліметтер көлемі
бойынша (мысалы, осы шақ мәні туралы түсінік) және қара-
пайымдалған құрылысы бойынша жеткіліксіз... Ал
бастауыш
мектептің өзінде сөйлем туралы жалпы түсінік қалыптастырып
үлгерген 4-сынып оқушыларымен мұғалім қандай жұмыс жүргі-
зуі керек. Мұғалім сыныпта сұрақ беру арқылы оқушылардың
өткен тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтайды, егер
жетіспеушілік болса, оған жол бермейді, сосын олардың білімін
толықтырып, кеңейтеді».
Сонымен, төменгі сыныптарда меңгерген грамматикалық
ұғымдар ерекшелігі мынада: олар көлемі бойынша аз, құрылымы
қарапайым. Сондықтан «грамматика негіздерін» ғылыми пән
ретінде үйрену кезінде
оқушылардың білімін толықтырып,
кеңейтіп және үйренбей қалғандарының орнын толтыру керек.
Осының әсерінен жоғарғы сынып оқушылары тілдік құбылыс-
тарға принциптік жаңа қадамды сезінбейді (әрине, егер оқыту
әдістемесі ғана басшылыққа алынса).
Жалпы дидактика бойынша құралдарда білімдерді күрделен-
діру үдерісі негізінен таза сыртқы, сандық жағынан қарастыры-
лады (білімдер «кеңейтіледі» және «нақтыланады»). «Білім
алудың сатылары бойынша жылжу шамасы бойынша оқушылар-
дың білімі тек көлемі жағынан өсіп қана қоймайды, ол сонымен
қатар үнемі біршама нақты, біршама шынайылықты баламалы
бейнелеуге жақын бола түседі». Осы үдерісті бейнелеуде,
түсініктің қандай сапалық ерекше формаларында шынайылықты
біршама баламалы бейнелеу мүмкін
болатындығына қандай да
бір нұсқаулар жоқ. Іс жүзінде, бұл жерде, бастауыш білім беруде
қалыптасатын түсініктің формасы осы рөлді атқара алады деп
болжам жасалады.
Жоғарыда аталып өткендей, жасөспірімдер мен жоғарғы
сынып оқушыларының жалпылауы кіші мектеп жасындағылар-
дан кәдімгідей өзгеше. Яғни осы сапалы айырмашылық жайлап,
білінбей пайда болады. Оның жеке сатыларын әдіскерлер мен
психологтар ерекше ден қоя отырып қана байқайды.
Бастауыш
сыныптан орта буынға өткенде бала бірден жұмыс тәртібі мен
ерекше мазмұнын байқамайды, бұл объектілердің қатынас
заңдылықтары мен жалпылаудың ішкі сапасына және өзіндік
ғылыми түсінік аймағына өту туралы,
яғни олар бұрыннан
343
өздеріне мәлім және әдеттегі мәнділерін анық айтатын жаңа
белес болады. Мұндай ұғымдарды игеруге ақырындап, салыс-
тырмалы түрде ұзақ ауысу фактісі, жалпылаудың ерте әдістері-
мен осы үдерісті қандай да бір мезгілге дейін үйлестіру үдерісі
мектептегі оқыту жұмыстарын жете қадағалайтындарға жақсы
таныс. Атап айтқанда, бұл факт дәстүрлі дидактика мен психоло-
гияда таралған оқушыларда ұғым түзілу үдерісінің үзілмейтіндігі
туралы идеядан өзінің теориялық болмысын табады. «Мектепте
оқу кезеңіндегі бала дамуында сатыларға негізделген бөлулер
жоқ, олармен алдымен нақты, жеке ұғымдар дамытуға, ал сонан
соң
белгілі бір жастан бастап, абстрактілі, жалпыламалық
ұғымдарды дамытуға болатын еді. Ұғымның түзілуін үзіліссіз
үдеріс деп қарастырған дұрыс, онда нақтыдан абстрактілі ұғымға
өту байқаусыз жүреді».
Достарыңызбен бөлісу: