345
нысты орнатудың басты жолы. Көрнекілік баланың жаңаны
түсінуін жеңілдететіндігінің тағы да бір себебі – мектепке
жаңадан келген бала нақты ойлайтындығы». Бұл ұстаным, өзінің
сыртқы формасын (мысалы, бақылау экспериментпен алмасады,
т.б.) өзгерте отырып, жоғары сыныптарда да кеңінен қолданы-
лады.
Көрнекілік ұстанымы заңды түрде жоғарыда көрсетілген
ұғым түзілуінің схемасымен байланысты. Ұғым (абстракция)
үшін қабылдау мен оған сүйенген елес бастапқы қызметті атқару
бөлімі болып табылады. «Әрбір абстракцияның негізі ойлауға
жататын шынайы заттардың тірі елесі болуы керек. Сондықтан
оқыту барысында білімнің шынайы заттар туралы әрбір хабар-
ламасы балаларда осы заттар туралы тірі елестер қалыптасты-
рудан басталуы қажет». «Жанды елес», ұғымның сезімдік
негізінің бай болуы сәйкес заттар мен олардың бейнелерін
бақылауды, яғни оқытудағы көрнекілік принципін қарастырады.
Көрнекілік нақты және анық қабылдау мен елестету бейнелерін
түзуге ықпал етеді, оқушылардың нақты заттарды қабылдаудан
олар туралы абстрактілі ұғымдарға өтуіне заттардың ортақ ұқсас
жақтарын бөлу және сөзбен бейнеленуі негізінде көмектеседі.
Басқаша айтқанда, көрнекілік вербалды, таза ауызша оқы-
туға қарсы тұрады, пікірлесу формасындағы жүргізілген ауызша
түсіндірудің мәні шынайы, заттық, сезімдік түрде берілген негіз
келтірілмейінше оқушыларға түсініксіз күйінде қалады.
Көрнекі оқытудың құралдарын әдетте
Достарыңызбен бөлісу: