нақтылықтан
,
сезімталдықтан абстрактіліге, ақыл
-
ойға
өту. Осы өту бары-
сында жалпылау түсінігі қандай қызмет атқарады? Жалпылау-
дың бұл саласына шығу оқушыға бүкіл оқу іс-әрекетінде үлкен
мәнге ие болатын жүйелеу операциясын жүзеге асырауға мүмкін-
дік береді. Заттар мен құбылыстардың белгілі типтерін бөлу осы
операцияның қатысуымен өтеді, «олар бір-бірінен өзгешелектері
мен ұқсастықтарына байланысты топтарға және топтамаларға
бөлінеді». Оқушылар жануарлар мен өсімдіктерді (биология), сөз
бөліктері мен сөйлемдерді (грамматика), жазық мен көлемді
фигураларды (геометрия), т.б. жіктейді. Мұндай жіктеудің дұрыс
әлі толық болуы, әрине, түсініктің мәнді белгілерінің бағыныш-
тылығы және бөлудің толыққандылығы мен дәлдігіне тәуелді.
Жіктеудің негізгі тәсілдерінің бірі
тектік-түрлік
байланыстарды
анықтау, түсініктерде тектік және түрлік айырмашылықтарды
бөлу болып табылады. Мұнда анағұрлым тар немесе кең түсінік-
терді жүйелеу мүмкіндігіне жол ашылады.
Осылайша, геометрияны оқуда оқушылар үшбұрыш және
тең бүйірлі, тең қабырғалы, әр түрлі қабырғалы
үшбұрыштар
(қабырғаларының ұзындықтары бойынша),
сүйір бұрышты, тік
бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыш
(бұрыш өлшеміне қарай)
деген түсініктер арасында байланыс орнатады. Әр түрлі мектеп
пәндерінде түсініктер жүйесін меңгерудің көптеген мысалдарын
көруге болады. Оның есесіне оқытудың басты мақсаты балаларға
түрлі саладағы түсініктер арасындағы байланысты көрсететін
жіктемелік үлгідегі білім беру болып табылады.
Жалпылаудың мұндай иерархиясын жасау, белгілі бір текке
және түрге жататын, өз қасиеттері бойынша жіктеудің белгілі бір
334
орнына қатысты жеке заттарды немесе құбылыстарды
тану
тапсырмасына бағынады. Психологиялық-дидактикалық әде-
биетте бұл әдетте түсініктерді
қолдануға
берілген тапсырма деп
аталады. Түсінікті меңгеру – бұл тек осы түсінік қамтитын заттар
мен құбылыстардың белгілерін білу ғана емес, сонымен бірге
түсінікті
іс жүзінде қолдана білу,
олармен операциялар жасай
алу
дегенді білдіреді. Ал бұл түсінікті меңгеруге тек төменнен
жоғарыға қарайғы – жалқы және жеке жағдайлардан оларды
жалпылауға дейінгі жол ғана емес, сонымен қатар кері – жоғары-
дан төмен, жалпыдан жеке және жалқыға қарайғы жол да енеді
дегенді білдіреді. Жалпыны біле отырып, оны қазіргі кезде жұ-
мыс істеуге тура келіп отырған жеке нақты жағдайда көре білу
керек.
Оқушыларға мынадай тапсырмаларды неше қайтара орын-
дауға тура келеді: берілген сөз қандай сөз табына жататынын,
берілген арифметикалық есеп қандай түрге жататынын табу.
Орыс тілі сабағында грамматикалық талдауларға уақыттың
басым бөлігі бөлінеді, ал ол таза күйінде бұрында жіктеу үлгісі-
мен талданған жеке сөздер мен сөйлемдердің түрін анықтауды
ұсынады. Бұл жағдайды оқулықтар мен әдіснамалық нұсқаулар
авторлары жете түсініп, жүзеге асырып отыр. Осылайша,
олардың бірінде осы жұмысқа мынадай мінездеме берілген:
«Грамматикалық талдау жасауда оқушы жеке тілдік құбылысты
талдай отырып, нақты жеке жағдайларды жалпы грамматикалық
ережелерге, заңдылықтарға әкеп тіркейді». Оқушы алғашқыда
мұндай талдау үлгісін құру әр сөз табының айырым белгілерін
анық бөлуді болжайды. Айқындауда бұл белгілердін санау реті
де грамматикалық талдау ережесіне бағынуы тиіс: «Мәнді
белгілерді грамматикалық талдау жасаған кездегі ретпен атаған
жөн». Анықтауды пайдалануда тұжырымдарды «логикалық
негіздеу» іс жүзінде тек оның белгілерінің түсінікке таяу сөз
ерекшеліктерімен бір қатарлы салыстыру болып табылады.
Талдамалық үлгілерді пайдаланудың басты ерекшелігі –
«жалпы» мен «жалқыны» салыстыруда барабарлығын қамтама-
сыз ету аясында тану белгілерінің таңдауы өзгеріп тұруы мүмкін.
Басқаша айтқанда, берілген «жалпыдан» басқа «жалпының»
айырмашылығын қамтамасыз ететіннің барлығы «мәнді» бо-
луы мүмкін. Бұл кезең мектептегі математикалық түсініктерді
335
анықтауға арналған еңбекте ерекше аталып өтеді: «Түсінікті
анықтайтын жалғыз ғана мәнді белгілер бар деп ойламау керек,
барлық белгілер жиынтығын анықтау үшін мәнді белгілерді
таңдау біртекті болмайды».
Түсініктік жалпылаудың
мынадай негізгі қызметін көрсету-
ге болады. Адам оқыту барысында және практикалық іс-әрекетте
түрлі әрекет ережелерін пайдаланады. Нақты жағдайға немесе
жеке-дара затқа қатысты ережені пайдалану шарты оларды
алдын ала анықталған жалпы класқа жатқызу болып табылады.
Сондықтан әрбір нақты және дара жағдайларда бұл жалпыны
«көре білу керек». Бұл іскерлікті қамтамасыз ететін сенімді құрал
түсініктік жалпылау болып табылады, олар жағдайлар немесе
заттардың өзге жалпы кластарының нақты біртекті тану белгі-
лерін береді.
Оқушыларда түсініктер осы қызметті толыққанды етіп
орындайтындай қалыптасуы керек. Дегенмен, көптеген фактілер,
оқушылардың «төменнен жоғарыға қарайғы» схема бойынша
алған алғашқы жалпылаулары өз алдына көбінесе «жоғарыдан
төменге қарайғы», жалпыдан жалқыға қарайғы қозғалысты
қамтамасыз етпейтіндігін дәлелдейді. Олар үшін жаңа нақты
фактімен кездескенде оқушылар ондағы өздеріне мәлім жалпы
белгінің жеке жағдайын тани алмайды, осы жалпы белгіні
(немесе ұстанымды) оны «бүркемелейтін», «көлеңкелейтін» жаңа
нақты шарттардан бөліп ала алмайды. Түсініктерді, жіктеу схема-
ларын жеке пәндерге қолдануды үйрету оқытудың маңызды
міндетіне айналуда. Сонымен, бастауыш мектептегі орыс тілі
курсында балалар үшін өздеріне мәлім
түбірдің
жалпы белгі-
лерін сәйкес сөздер топтарынан оны бөліп алу үшін қолдану
қиынға түседі, әсіресе «сөздердің мағыналық жақындығына»
қатысты белгіні қолдану аса қиындықпен келеді. Әдістемелік
құралда мынадай жағдай белгіленеді: «бұл қиындықты тек
түбірлес сөздерді жинақтау бойынша практикалық жұмыстан
кейін ғана жеңуге болады. Біртіндеп балаларға заттарды, белгі-
лерді және әрекеттерді білдіретін әр түрлі сөздердің туыстас
болуы мүмкін екендігі жөніндегі түсінік қалыптасады».
Жалпыдан жекеге, нақтыға көшу толығымен дербес үдеріс
ретінде көрінеді. Оларды меңгерген оқушылар олардың сана-
сында бастапқы кезеңде-ақ орнап алған нақты мен абстрактілінің
336
арасындағы айырмашылықты жеңеді. Бұл айырмашылықты
толтыратын негізгі құрал баланың сезімдік тәжірибесін байыту
болып табылады. Алғашқы жалпылау неғұрлым абстрактілі
болса, оның толыққанды меңгерілуі солғұрлым көбірек
нақты-
лауды
талап етеді. Нақтылаудың өзі түсінікті қолдану үдерісінде,
оған жеке фактілерді жүргізуге берілген тапсырмаларды шешуде
немесе оқушылардың нақты материалдағы жалпы ережелерді
ашуында жүзеге асады. Абстрактілі білімді шынайы меңгеру оны
нақты-сезімдік мазмұнмен байытудың шамасына қарай өтеді.
«Осылайша, абстрактілінің дамуы елестетулер мен қабылдау-
лардың жинақталуына тәуелді».
Басқаша айтқанда, түсініктік жалпылаудың қалыптасуы бұл
тек нақты мен дараның абстрактілі мен жалпыға, сондай-ақ
керісінше, жалпы мен абстрактіліден жекеге және жалпының
сезімдік тәжірибеге қолайлы дара көріністеріне қарай қозғалыс
жасау болып табылады. Жалпының нақты сезімдік көріністерінің
кеңдігі мен әр түрлілігі түсінікті меңгеру дәрежесінің көрсеткіші
болады. Бұл идея психология оқулықтарының бірінде айқын
мазмұндалады: «Егер ол әр алуан жануарлардың әр түрімен
таныс емес болса, осы жануарлардың көрнекті бейнелерін
елестете алмаса, онда ол жануар түсінігін меңгере алады деп
айтуға болмайды. Түсінікті меңгеру, яғни берілген түсінікке
жататын заттар туралы барлық білім жиынтығын меңгеру болып
табылады. Біз неғұрлым осыған жақындаған сайын, солғұрлым
берілген түсінікті жақсы меңгереміз. «Өзгеріссіз қалмайтын,
қайта білім кеңіген сайын өз мазмұнын өзгертіп отыратын түсінік
дамуының мәні осында».
Достарыңызбен бөлісу: |