Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет129/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)

қабыл-
дау, елестету
және 
түсінік
арасындағы арақатынасты белгілеуге 
мүмкіндік береді. Жалпылаудың барлық деңгейінде бастапқы 
материал ретінде бізді қоршаған ортаның сезімдік қабылдау 
заттары мен құбылыстары қызмет етеді. Оқыту үдерісінде бала-
ларды заттар мен құбылыстардың нақты-сезімдік көптүрлілігін 
мақсатты бақылауға және бақылау нәтижесін сөз арқылы бейне-
леуге арнайы үйретеді. Біртіндеп балаларда, бір жағынан, бұрын-
ғы әсерлер негізінде, көру, есту және сезу-қозғалу түсініктеріне 
сүйене отырып, заттарды сөз арқылы бейнелей алу, екінші 
жағынан, мұғалімнің берген нұсқаулары мен ауызша айтылған 
әңгімелері негізінде өздері бұрын-соңды кездеспеген заттар 
туралы тиісті көрнекті түсінік қалыптастыра алу қабілеті пайда 
болады. 
Түсініктер жоспарында жалпылау мен бөліп алудың орны 
бар, өйткені бала мұнда сөзді қолданады. «Үстел» деген сөзді 
естігенде немесе айтқанда бала көз алдына қандай да бір жеке 
үстелді емес, өзі бұрын қабылдаған және бақылаған үстелдердің 
тобына тән, ескертілетін бірнеше қырларды көрнекі елестетеді. 
Бұл бір аттас заттардың схемалық көрнекі бейнесі болып 
табылады. Әрине, бала өз елестетулерін сөзбен бейнелеген кезде 
олардың көптеген басқа жекеленген ерекшеліктерінен шыға 
отырып, дәл осы аталған заттардың өздеріне тән қырларын атай-
ды. «Бір жағынан, елестетулерде әлі де болса, затты бейнелеудің 
сезімдік қабылданған формасы сақталса, екінші жағынан, 
елестетулерде бірнеше қосымша белгілер алынып тасталынып, 
тек біршама маңыздылары ғана қалдырылады», − дидактика 
бойынша құралдардың бірінде елестетулердің өзіндік ерекшелік-
тері осылайша сипатталады. 
Сондықтан да елестету білім формасы ретінде заттар тобын-
да ұқсас, сәйкес келетін «маңызды» белгілерді табады және 
оларды жеке-дара, «жанама» белгілерден айырады. Дегенмен, 
бұл жалпылау дерексіз түрде жеткілікті дәрежеде толық жүзеге 
аспайды. Бұл жағдайда қажетті (мәнді) белгілер бөлінетін жеке-
даралармен шырмалап, жеке және кездейсоқ түрде көрініп, тиісті 


331 
ортақтығы мен шатастыруы болмайды. Тікбұрышты көз алдына 
елестету былай сипатталуы мүмкін: «Көз алдына елестету бұл 
белгілерді (тікбұрыштың ) көрнекі түрде бейнелеп көрсетеді, 
оқушы ойында бұл фигураны, оның тең және параллель 
жақтарын т.б. көреді. Елестету түрі мен көлемі белгілі бір 
берілген нақты тікбұрышты бейнелеп көрсетеді. Бұл дегеніміз 
образ тек бір затты бейнелеп көрсетеді деген сөз емес. Бейнеде 
тікбұрыштың мәнді белгілерінің көрнекті түрде көрінуі бейнені 
талдап қорытуды көрсетеді. Бірақ ... бейненің өзі берілген 
тікбұрыштың қандай белгілері мәнді, жалпы белгілер қайсы 
екенін ашып көрсетпейді». 
Оқушыларда қалыптасатын елестетулер көп жағдайда 
жалпы, сыртқы және араласқан белгілерінің (әсіресе сөз арқылы 
бейнеленгенде) негізінде заттар мен құбылыстардың қандай да 
бір мына шеңберін қамтиды. Сабақ беру барысында арнайы 
жинақталған оқу материалына сүйеніп, ерекше көп еңбек сіңіру 
арқылы оқушыларды онда болмашыдан, бастыны мәндінің сырт-
қы бейнесінен оның көрінуін, шын мәнде жалпы элементтерді 
кездейсоқ және бөлінетіндерден дәл мүшелеп бөлуге үйрету 
керек. Сонымен қатар таңдаған белгілерді реттеу, оларды ерекше 
терминдермен немесе ойын тұтас тұжырымды етіп айту, яғни 
түсінік жүргізілген жалпылаудың нәтижесінің мазмұнын аңық-
тауда нақты және бір мағынада жинақтау. Осының арқасында сөз 
арқылы жалпыланған белгілер өзінің қандай да бір жеке түрімен 
нағыз абстрактілі, дерексіз белгілерге айналады.
Енді олар одан кейінгі ойлау іс-әрекетінің ерікті объектісі 
болады. Берілген жағдайда «абстракцияның толық формасы 
туралы сөз болғанда, оның жемісі болып табылатын абстракт 
тұтастан толықтай бөлініп, өзінің сөздік мағынасының арқасын-
да өз алдына дербес нәрсе ретінде шамаланады». 
Білімнің бұл түріне тән белгілер келесі тіктөртбұрыш туралы 
түсінік пен көз алдына елестетуді салыстыратын суреттеуде 
айқын көрінеді (елестетудің негізгі ерекшеліктері жоғарыда 
көрсетілген): «...Тіктөртбұрыш туралы жалпы түсінік мазмұны 
бұл фигураның белгілері туралы пікірлер жүйесімен білдіріледі. 
Барлық тік төрт бұрыштарға тән мәнді белгілер түсінік анық-
тамасында тұжырымдалады (параллелограмм дегеніміз – бұрыш-
тары тік, қарама-қарсы қабырғалары тең төртбұрыш). Көз алдына 


332 
елестетуде бұл белгілер көрнекі түрде көрінеді: оқушы ойында 
бұл фигураны, оның тең және паралель қабырғаларын «көреді». 
Алайда жалпы түсінік заттар мен құбылыстарды анағұрлым кең 
жалпыланған түрде көрсетеді: ол пайымдауда барлық түрлі тік 
бұрыштар қамтылып, түсінік мазмұны ашылса, онда елесте-
тулерде тік бұрыштың белгілі түрін, көлемін – барлығын нақты 
бейнелейді. Бұл белгілерді барлық тікбұрыштарға қатысты айту 
үшін оқушы бұл белгілердің барлық тікбұрыштарға ортақ белгі 
екенін сөз арқылы баяндауы керек. 
Оқыту үдерісіндегі «қабылдау – елестету – түсінік» 
бірізділігінің функциялық мәні бар, яғни әрбір жаңа түсінік дәл 
осы жолмен және көрсетілген жүйе ішінде пайда болады. Бұл 
жағдай мынадай ой желісінде айқын көрінеді: «түсінік кейбір 
қабылдаулар мен елестетулердің жеке-дара қасиеттері мен белгі-
леріне абстракцияланады, осылайша көп мөлшердегі бірыңғай 
заттар мен құбылыстарды қабылдау елестетулердің жалпылау 
нәтижесі болып табылады». 
Оқытудағы оқу материалын ашып көрсету, әдетте, дәл осы 
жағдайға сай келеді. Оқушылар «біртекті заттардың көп мөлше-
рін» (немесе нақты сипаттамалардың) алады, өзі үшін ұқсас, 
жалпы белгілер туралы белгілі елестерді құрастыра отырып, 
оларды бақылайды және салыстырады, одан кейін бұл белгілерді 
жүйеге келтіреді, сөздік анықтамалар қалыптастырады – түпне-
гіздік абстракцияға, түсінікке келеді. 
Түсініктің осы жолмен пайда болуы көптеген отандық, сон-
дай-ақ шетелдік педагогикалық психология мен дидактикалық 
еңбектерде айтылады (мәселен, Д.Н. Богоявленский, Н.А. Мен-
чинская, М.А. Данилов, Б.П. Есипов, Е.Н. Кабанова-Меллер, 
М.Н. Шардаков, А.Т. Ерсильд, Г. Клаус, Г. Гибш, Л. Келеман 
еңбектерінде). Бұл мәселе жөніндегі зерттеулер нәтижелерін 
қысқаша былай көрсетуге болады: «Оқыту барысында мұғалім 
сөзі оқушылардың назарын аударып, бақылау нысанасын анық-
тап, талдауды құбылыстың мәнді жақтарын мәнді емес жақ-
тарынан айыруға бағыттайды, ақырында, термин сөз бірқатар 
құбылыстарға ортақ болып, бөліп көрсетілген белгілермен ойда 
байланыстырып, олардың жалпылау түсінігіне айналады». Ди-
дактика бойынша еңбектерде, ең алдымен, көрсетілген бірізділік 
заңдылығы тұрақталды, сонымен бірге нақты оқыту үдерісінде 


333 
оның жекелеген бөлімдері, біріншіден, уақыттық бөлінгендігі 
(алдымен елестетулер, содан кейін түсінік), екіншіден, автоматты 
түрде бірінен кейін бірі ұласпай, бірінші кезеңнен екіншіге, 
екіншіден үшіншіге өту үшін мұғалім мен оқушылардың арнайы 
еңбегін қажет ететін факт белгіленеді. Елестеулерден түсінікке 
өткенде ерекше қиындықтар туындайды: «Оқушыларға дұрыс 
елестің пайда болуы үдеріс ретінде жүреді, оның алғашқы саты-
лары мұғалім ынтасына қарамастан нақты және айқындалған 
елестерге, ал соңғыларының түсінікке оңай шоғырлануына алып 
келмейді». 
Қабылдаудан түсінікке қозғалу бұл – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет