352
алады. Осыдан келіп, психиканың жанамаланған формаларының
даму үдерісі мәннің даму үдерісі болып табылады деуге болады.
Мағына біршама сипаттық формада берілген. Сонымен, сөздің өз
мағынасына қалай ие болатынын тексеру міндеті тұр. Л.С. Вы-
готский мағына мен түсініктің
арасындағы айырмашылықты
көрмегендіктен, түсініктердің қалыптасу үдерісі эксперименттік
зерттеуге айналды. Л.С. Выготский үшін түсініктердің дамуы
сана дамуының басты бағыты ретінде алынды. Оның ойынша,
адам түсініктерінің даму деңгейі олардың әлемді бейнелеу
ерекшеліктерін де, ондағы практикалық әрекеттердің мүмкіндік-
терін де анықтайды. Түсініктердің дамуы балаға «дамудың
жақын аймағына» жол ашатын үлкен
адаммен бірлескен іс-
әрекетімен байланысты.
Сонымен, Л.С. Выготский жүйесінде қарым-қатынас алдың-
ғы орынға шығып, адамның сананың дамуын анықтайтын шын-
дықпен практикалық қатынастарын жоғалтуға деген шынайы
қауіп пайда болды. Бала заттар әлемімен шынайы әрекеттесетін
субъект емес, тек қарым-қатынас жасайтын тіршілік иесі ғана
бола бастады. Мұндай жағдайда қарым-қатынас рөлін саралауда
интеллектуализмнің, идеализмнің қауіп-қатері болды.
Сөйтіп, адам психикасының қалыптасуындағы құралдардың
рөлін зерттеу, Л.С. Выготскийдің сананы субъект ішіндегі
тұйықтықтан
алып шығуға, оның мәнін одан тыс жатқан
күштермен түсіндіруге талпынысын іске асыру болды. Бірақ іс-
әрекеттен тыс және өздігінен алынған құрал, асыра мәнге ие
болды, ол іс-әрекетті жоғалтуға және өз кезегінде интеллектуа-
лизмге, сана ішінде тұйықталуға алып келді. Л.С.
Выготский
индивидуалды сананың бірлігі ретінде қарастырған мағына адам
психикасының құрылымын, оның даму деңгейін анықтаушы
болып шықты.
Бұл Л.С. Выготскийдің қиындыққа тірелуінің емес, оның
қағидаларының психиканың мәдени-тарихи теориясында жеткі-
лікті, барабар іске аспауының салдары болды.
Л.С. Выготскийдің адамның
шындыққа практикалық қаты-
настарының психиканың дамуындағы анықтаушы рөлі туралы
бастапқы пікіріне күмән келтірілмейді. Бірақ адам психикасы
дамуындагы еңбектің адамды әлеммен байланыстыратын арнайы
іс-әрекет ретіндегі рөлін анықтаудың орнына, Л.С. Выготский
353
тек құралдардың рөлін ғана зерттеді. Бірақ құралдардың болуы
олар қаншалықты маңызды болса да, еңбек іс-әрекетінің сипат-
тамаларын толығымен бере алмайды. Л.С.
Выготский еңбек іс-
әрекеті үдерісінде адамдар арасында болатын жаңа қатынастар-
дың адам психикасына әсерін талдаған жоқ. Сонымен бірге адам
психикасының әлеуметтік-тарихи табиғатын көрсете отырып, ол
бірден табиғи психикалық үдерістерді қоғамдық үдерістерге
қарама-қарсы қойды. Басқаша айтқанда, адам психикасының
дамуын қарастыруда әлеуметтік және табиғи үдерістерді пси-
хологиялық үдерістердің әр түрлі екі сферасы ретінде түсінді.
Психиканың мәдени-тарихи дамуы теориясын сынау кеңес-
тік психологияның осы теорияны шешу үшін
жасалған міндет-
терінен және Л.С. Выготский белгілеген оларды шешу жолдары
принциптерінен бас тарту деген сөз емес.
Л.С. Выготский теориясының жетіспейтін тұстарын толық-
тыруды, практикалық іс-әрекеттің психикамен одан ары қарай
жақындасуын және адам психикасының әлеуметтік шарттану
принципінің дамуын біз С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің
және оның қызметтестерінің жұмыстарынан табамыз.
К. Маркстің жұмыстарына сүйене отырып, С.Л.
Рубинштейн
адам іс-әрекетін психологияның пәні ретінде қарастыруды
ұсынды. Кейіннен ол бұл жағдайды дәлірек айқындап берді:
психология іс-әрекетті емес, оның психологиялық ерекшелік-
терін зерттеуі тиіс.
Кейіннен С.Л. Рубинштейн
тағы бір рет психологияның
пәнін дәлірек айқындап берді. Бұл «айқындау» психологияның
пәні ретіндегі іс-әрекеттен бас тарту болды: «...өзінің не істеп
отырғанын білетін кез келген психология психиканы және тағы
да психиканы зерттейді». Бірақ психологияның пәні ретіндегі іс-
әрекеттен бас тарту психиканың қалыптасуы мен қызмет етуін-
дегі оның рөлін зерттеуден бас тартуды білдірген жоқ. Керісінше,
С.Л. Рубинштейн психика мен іс-әрекеттің бірлігі принципін
жария етті: «...нақты іс-әрекеттің әр түрлерінде шынайы іске аса
отырып, психикалық үдерістер сонда қалыптасады».
Бірақ іс-
әрекет пен психиканың нақты сәйкестігі теориялық та, экспери-
менттік-психологиялық тұрғыда да ашылмаған күйі қалды.
Сыртқы практикалық іс-әрекет пен ішкі, идеалдылық. құбылыс
ретіндегі психиканың дуализмін жою туралы сұрақ та шешілмеді.
354
Л.С. Выготскийдің (1925) жазуы бойынша, «Субъективті пси-
хологтарда мінез-құлықсыз психика, ал рефлексологтарда – пси-
хикасыз мінез-құлық. Бірақ екі жерде де – психика мен мінез-құ-
лық бір нәрсе емес, екі түрлі нәрсе». Психика мен іс-әрекеттің бір-
лігін жариялау
Достарыңызбен бөлісу: