318
***
Әлеуметтік тұрғыдан дидактика
кез келген басқа да
мәселенің ғылыми қойылуында (тек ғылыми ғана емес), барлық
басқа ғылымдар мәселесінің қойылуында
үшінші
деңгейде тұр.
Дидактикаға тән бұл жағдай әрбір ғылымның «оқу
материалы-
ның» әлеуетті мазмұны ретінде қосатын үлесіне байланысты.
Дидактика мәселесі қойылуының барлық мүмкін болатын
ғылымдар мәселесінің қойылуына бұл қатынасы дидактикалық
үдерістің маңызды және материалдық аспектісін құрайды.
Дидактика мәселенің қойылуының дамуы тарихи тұрғыдан
алғанда тәжірибесін жүйелеу жалпылаудағы ғылыми міндетпен
сәйкес келеді. Дидактика мәселенің
қойылуы жалпыланған және
одан әрі жүйеленген тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа деген қоғам-
дық қажеттіліктің бейнесі ретінде дамиды, сөйтіп, танымның
қоғамдық үдерістерді дамудың жеке-дара үдерістеріне тасымал-
дауы мүмкін болады. Сонымен, дидактикалық ойлауға тән
ғылым мен оқыту арасындағы қатынастар туралы сұрақтан (ғы-
лым мен сабақ беру арасында және оқу пәні мен ғылым арасында,
т.с.с.) шығатын оқыту мазмұнына
әлеуетті білім мазмұнын
тасымалдау проблемалары (таңдау, орналастыру, оқу материалы-
на зейін қою, дидактикалық қарапайымдылық, дидактикалық
жүйелілік, білім
мазмұнының көрініс формалары, т.с.с.) пайда
болады.
Ғылыми білім
түсінігінде, яғни жалпы, кәсіби, арнайы білім,
біліктілікті көтеру және жетілдіру түсінігінде әр түрлі ғылым-
дарға ерекше дидактикалық бағыт (дамыған және дамушы)
қалыптасады. Социалистік мектеп және оның дидактикалық
тұжырымдамасы үшін жан-жақты дамыған, гармониялық білімді
тұлға
(Г. Нойнер)
барлық теориялық және практикалық жұмыс-
тардың, педагогикалық ұстанымның
барлық анықтамаларының
принциптік өзегі болып табылады.
Біз оқытуды дамудың ұзақ тарихи үдерісінің (меңгеру
үдерістері, таным үдерістері) тұлға қалыптасуының үдерісіне,
дамудың жеке үдерісіне тасымалдану үдерісі ретінде сипаттадық.
Жалпыланған
,
жүйеленген
тәжірибенің берілу қажеттігі, ал
сонымен қатар ғылыми оқытудың қоғамдық қажеттілігі немен
байланысты?
319
Бірінші себеп: танымның тарихи қоғамдық үдерісін дамудың
белгілі кезеңінде тікелей тәжірибе жолымен қайталауға бол-
майды. Қоғамдық мәнді таным (тәжірибе, білім, нормалар, т.с.с.)
кең таралғандықтан, тек жалпыланған және біршама жүйелі
түрде (жасанды және табиғи тілдің көмегімен) беріле алады.
Екінші себеп: ғылыми көзқарастың
қалыптасуы индиви-
дуумның тікелей тәжірибесі негізінде ғана болмайды. Ғылыми
теория индивидуумның даму үдерісінде «сырттан», яғни жоспар-
лы ұйымдастырылған үдеріс жолымен жасалады.
Социалистік мектепте ғылым негізінің жүйелі түрде берілуі
«оқыту мазмұны» категориясының түйіні болып табылады.
Оқытудың мазмұны не табиғи, не қоғамдық үдерістер емес, ал
қоғамдық және табиғи үдерістердегі әлеуметтік (қоғамдық-
тарихи)
Достарыңызбен бөлісу: