89
бірлігінен
туындайтын табиғатымыздың жинақталған күшінің
маңызды куәлігіне жету мүмкін
емес екені былай тұрсын, оны
жай ойлаудың өзі мүмкін емес.
И.Ф. Гербарт – неміс философы,
психолог, педагог. Ғылыми педагогиканың
негізін қалаушылардың бірі. Йен универси-
тетінде оқып, неміс философтары
Канттың, Фихтенің, Парменидтің клас-
сикалық туындыларымен танысады.
Университетті бітірген соң Гербарт
швейцар аристократының отбасында
балалар тәрбиешісі болады. 1802 жыл-
дары Гёттингенск және Кёнигсберг уни-
верситеттерінің профессоры бола жүріп,
психология мен педагогикадан дәріс оқи-
ды.
Педагогиканы қоғамдық құрылысты
нығайтып, дамыта алатын тәрбие туралы өнер деп түсіндіреді.
Оның ойынша, тәрбиенің мақсаты – қоғамдағы қалыптасқан
құқықтық тәртіпті құрметтейтін, қоғамдағы қатынастарға
бейімделе алатын мейірбан адамды қалыптастыру. Мақсатқа
қол жеткізу жан-жақты қызығушылық арқылы және соған
негізделген 5 адамгершілік идеясы бойынша іске асады: ішкі
еркіндік, іштей жетілу, іштей қанағаттану, құқық, әділеттілік.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері: 1. Тәрбиеленушіні басқару;
2. Тәрбиеленушіні анықтау; 3. Нақты жүріп-тұру тәртібін
қалыптастыру; 4. Тәрбиеленушінің ақиқат туралы күмәнмен
ойлауына жол бермеу; 5. Баланың жанын бата беру, ақыл беру
арқылы толғандыру. Гербартта еңбек тәрбиесі жоқ, өйткені ол
әрекетшіл емес, ойшыл тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етті. Діни
тәрбиеге ерекше мән берді. Педагогикаға «тәрбиелей оқыту»
ұғымын енгізді. «Тәрбие мақсатынан туындайтын жалпы
педагогика» (1806), «Психология оқулығы» (1831), «Психо-
логияның педагогикаға қосатыны туралы хаттар» (1831),
«Педагогика бойынша дәрістер очеркі» (1835), т.б. еңбектердің
авторы.
Достарыңызбен бөлісу: