Мақта талшығының технологиялық сапасы және пайдасы
Мақта шаруашылықтарының алдындағы тұрған басты міндеттерінің бірі — оның талшығының технологиялық сапасын жақсарту. Оған мына көрсеткіштер жатады. Талшық өнімінің көлемі — құрғақ шитті мақтадан алынған таза талшықтардың салмақ пайызы. Әдетте, бұл көрсеткіш 30-40% шамасында болады. Талшықтың ұзындығы — арнаулы тақталарда мақта тұқымының жоғарғы үштен бір бөлігінде ширатылған талшықты тарағаннан кейінгі миллиметр есебімен алынған ұзындық. Өсіру жағдайына және сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты талшықтың ұзындығы 25-40 мм аралығында болады. Метрлік нөмір — 1 грамдағы барлық талшықтардың метр есебімен алынғандағы жалпы ұзындығы. Мақтаның сортына байланысты бұл көрсеткіш 5000-8000 метрге дейін ауытқып отырады. Талшықтың жіңішкелігі — метрлік нөмірмен анықталады. Оның көрсеткіші 7-10-км аралығында болады. Талшықтың орташа үзілу күші бір талшықты үзуге жұмсалатын Ньютон есебімен алынған күшті оның мықтылығы немесе талшықтың орташа үзілу күші деп атайды. Бұл күштің мөлшері — 0,040-0,69 Н. Талшықтың үзілу ұзындығы — оның метрлік нөмірін мықтылығына көбейткендегі метр есебімен алынған көрсеткіші. Талшықтың пісуі — оның ішкі қуысының азайып, целлюлозамен толыққан кезі. Осы көрсетілген технологиялың сапаларына қарай талшықтан тоқылатын маталардың түрлерін анықтайды.
Мақта шаруашылығында мақтаны қол мен немесе машинамен жинайды. Жиналған мақтаны адамдар алып оны күнделікті қолданыста жүрген көрпе жастық, көрпешеге және тағы басқа заттарға қолданады. Мақтаны көрпе жастыққа салмастан бұрын, мақтаны шиттеп, шиті мен мақтасын бөлек алып, арнайы машинаға салып өңдеп алады. Мақта талшығы ең алдымен тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орта есеппен алғанда, 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата алады және 1 тонна шитті мақтадан 330-360 кг талшық, 550-580 кг тұқым және 30-40 кг қысқа талшық алынады.
Мақтадан химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін материалдар жасайды және осы жолмен сынбайтын әйнек, фотопленка, лактар, қағаз және сірке қышқылын және көптеген өнім алуға болады. Мақтадан 700 ден астам бұйым жасалады.
4
Достарыңызбен бөлісу: |