Пит Дадли (Ұлыбритания) Lesson Study uk



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата04.11.2023
өлшемі2,27 Mb.
#189706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1-ресурс
Бағалау нұсқаулығы, 7-сынып ЖАЗҒЫ МЕКТЕП 2022, Лутц М. Изучаем Python (4-е издание, 2011), Презентация для урока Әлемдік экологиялық проблемалар, Тапсырмалар, Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энер-melimde.com, Техника, Саба ты та ырыбы Арифметикалы рнектерді жазылу ережелері О , КурсалдыТапсырма, moiseev-09, 12-13 Прак, түсінік хат 3 пен 4 сынып, Мәселені анықтау, протокол 09.02, 4 топ Тапсырма 4
5
Lesson Study:
 нұсқаулыққа кіріспе
Осы
 
кітапша
 
оқыту
 
мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында
 Lesson 
Study 
(сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады.
Кітапша
:
• 
мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда,
• 
Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда, 
• 
Оқушыларды 
Lesson Study 
үдерісіне тартуда,
• 
Lesson Study 
өткізу
 
нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді 
әріптестермен бөлісуде көмектесе алады.
Lesson Study
 
– мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, 
сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық 
тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста 
қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге
шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен 
оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы 
қатысады. 
Lesson Study
циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа 
әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс 
сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Батыста 
Lesson Study
америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы 
педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон 
оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі 
бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы 
ғасырда ғана танымал бола бастады (
Stigler and Hiebert
, 1999; TIMSS, 1999).
Қазіргі уақытта Шығыс Азияда 
Lesson Study 
Жапониямен қоса, Сингапурде, 
Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның 
ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.
Lesson Study 
бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша 
оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, 
сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында 
табысты қолданылады. 
Lesson Study
өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс 
істейтін мұғалімдер:
• 
Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін 
оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• 
Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген 
міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті 
қараңыз).
• 
Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы 
белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, 
орта, төмен оқушылардан.
• 
Lesson Study-ді 
бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында 
зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін 


6
пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• 
Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара 
отырып, 
Lesson Study 
өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер 
бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық 
Lesson Study 
кезінде
 
жүргізу міндетті емес.
• 
Бақылаудағы оқушылардың 
Lesson Study 
туралы ойларын білу үшін 
олармен сұхбаттасады.
• 
Lesson Study-ді 
талқылайды.
• 
Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, 
олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін 
қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен 
оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында 
Lesson Study-ге 
талдау 
жүргізеді.
• 
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу 
арқылы 
Lesson Study 
тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті 
тарауларында көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен 
колледждерде 
Lesson Study
тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.
Соңғы екі тарауда мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы 
идеялар қарастырылған:
a. 
Lesson Study
өткізу уақытын жоспарлау және осы тәсілді мектеп 
бағдарламасына енгізу;
ә. 
Lesson Study
негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен 
қатар мектеп аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде 
Lesson Study
моделін қолдану үшін жетекші мұғалімдерді пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет