План урока Шет тілі (ағылшын тілі) Сабақтың тақырыбы/ Тема урока History of styles


Сабак №4 Сабақ жоспары/План урока



бет5/7
Дата04.07.2017
өлшемі0,54 Mb.
#20686
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7

Сабак №4

Сабақ жоспары/План урока

Қазақ тілі / казахский язык.

Сабақтың тақырыбы/ Тема урока

Ұлттық теңге. Фонетика.

Сабақтың мақсаты/ Цель урока

Білімділік/ Образовательная

Оқушыларға Қазақстан туралы айту, рәміздерді қайталау, ұлттық валютасы – теңге туралы сөздік қорларын байтып, диалог құрастырту.

Дамытушылық /Развивающая

Оқушылардың ойлауын , есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік /Воспитательная

Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдістемелік/Методическая

Оқушылардың білім деңгейлерін әр түрлі әдістермен көтеру.

Болашақ нәтижені болжау/ Описание ожидаемого результата

Әр оқушы ұлттық теңге туралы білу керек.

Білім/Знания

Ұлттық теңгенің шығу тарихын білу, фонетиканы қайталау, әр белгіні түсіндіру

Икемділік/ Умения

Бар білімдерін бір-бірлеріне жеткізу.

Дағды /Навыки

Білген білімдерін қолдану.

Сабақтың түрлері/ Тип урока

жаңа сабақ.

Әдіс- тәсілдер/ Методы

сұрақ-жауап, әңгімелеу, сипаттау.

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет / Материалы, учебно-методическая литература, справочная литература

Т.М. Артыкова «Қазақ тілі» оқулығы, сөздіктер, суреттер

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / Оборудование, наглядные пособия

Сөздіктер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс / Межпредметные связи

Тарих, мәдениеттану

Сабақ барысы / Ход урока

Сабақ кезеңдері / Этапы урока

Оқытушы іс-әрекеті / деятельность преподавателя

Оқушылар іс-әрекеті / деятельность учащихся

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / оборудование, наглядные пособия

1

Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі / организационно-целевой этап

Оқушыларды сабаққа даярлау, барлық көңілерін өзіме қарату;

Сабаққа дайындалып, мұғалімді қарсы алады

-

2

Операция-танымдық кезеңі / операционно-познавательный этап

Сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу, себептерін анықтау, ауа райы туралы әңгімелесу:

  • Сәлеметсіздер ме;

  • сыныпта кім кезекші, кім жоқ, қай себеппен?

  • ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар, күздің айларын еске түсіріңдер.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, кезекші мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді, қалғандары күздің айларын еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.

А. Үй тапсырмасын тексеру /

Этап проверки домашнего задания

Үй тапсырмасын тексеру:



  1. әнұранды жаттау;

  2. Қазақстан Республикасының рәміздерін білу;

Әр оқушы үй тапсырмасына жауап береді және мұғаліммен әңгімелеседі,

Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі / Этап подготовки учащихся к активному усвоению нового материала


Мақал-мәтелді айту арқылы жаңа тақырыпқа шығу, «Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер» - түсіндіру, біздің ҚР қандай валюта қолданылады, ол қай жылы шықты, теңге туралы не білесіздер? Берілген мақалдың орыс тілінде ұқсайтыны бар ма? Қандай? (копейка рубль бережет)

оқушылар мұғалім берген сұрақтарына жауап береді, жаңа тақырыпқа шығады, өздері білген ақпаратты мұғалімге жеткізеді.

Сөздіктер

В. Жаңа білімді меңгеру / Этап усвоения новых знаний


Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік валютасы – ұлттық теңге – дәптерлерімізге жазып аламыз. Балалар, сіздер қандай валюталарды білесіздер? 1. Ұлттық теңге – сөз тіркесіне фонетикалық талдау жасайық; 2. 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді. – оқу, түсіндіру, көшіріп алу, жуан дауысты дыбыстарды бір, жіңішкелерді екі сызықпен сызу.

Оқушылар бүкіл ынтамен мұғалімді тыңдайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, өздері сұрақ қояды, сөздіктерді қолданады, тақырыпты дәптерлеріне жазып алады, білген ақпараттарын айтады, қосымша біімдерін жеткізеді, тапсырмаларды орындайды,

Сөздіктер оқулық

Г. Жаңа білімді бекіту / Этап закрепления новых знаний


Әр партаға тапсырмалар беріледі және мұғалім оны түсіндіреді:

оқу, аудару, жаңа сөздерімен танысу,негізгісін көшіріп жазу, сұрақтар құрастыру, .


Оқушылар тапсырмаларды алады және орындайды: оқиды, аударады, негізгісін көшіріп жазады, сұрақтар құрастырады, .

Тапсырмалар, сөздіктер

3

Рефлексивті бағалау кезеңі / рефлексивно-оценочный этап

Сонымен, бүгінгі сабақта біз қандай жұмыс орындадық, нені еске түсірдік, нені білдік?

Оқушылар өз ойларын айтады. .

-

А. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені / Этап информации учащихся о домашнем задании


Үй тапсырмасын жазып алыңдар:

  1. Ұлттық теңге туралы білу, әңгімелеу;

  2. Ақша туралы мақал-мәтелдерді тауып, дәптерлеріне жазып алу;

  3. Сұрақ-жауап арқылы бір-ббірлерімен сөйлесу.



Оқушылар үй тапсырма-сын дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса –сұрайды.

Б. Сабақты қорытындылау / Подведение итогов урока

Сонымен, бүгін сабақта біз қандай тақырыпты өттік, қайталадық, қандай жаңалықты білдік? Кім қандай баға алды?

Оқушылар алған бағаларынайтады және түсіндіреді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет