План урока Шет тілі (ағылшын тілі) Сабақтың тақырыбы/ Тема урока History of styles



бет7/7
Дата04.07.2017
өлшемі0,54 Mb.
#20686
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7

.

Ризашылық білдіру.



Жаңа сөздер:

алғыс-благодарность тілеймін-желаю

береке-достаток арманын орындалсын-исполнения желаний

құттықтаймын-поздравляю ойлау – думать

бақыт-счастье денсаулық-здоровье

бата беру-благославить көмек-помощь

әдептілік-воспитанность мәдениеттілік-культура,

тілеймін-желаю

Тапсырмалар: сөздерді оқу, жазу, сөз тіркестер құрастыру, тек дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Есте сақта:

Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар.



Дауыссыз дыбыстар үш топқа бөлінеді

Ұяң – звонкие Қатаң – глухие

Б, в, г, ғ, д, ж, з. Үнді – сонорные п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х, һ

Р, л, м, н, ң, у, й.

Мәтінмен жұмыс:

Халық арасында ризашылық – алғыс, бата түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, алғыс білдіру – бұл әдептілік, мәдениеттілік. «Ризашылық – әдептің әліппесі», - дейді Ахмет Байтұрсынов. «Алдын ойлаған азамат – елдің алғысын алар», - дейді халық даналығы.

Тапсырма:


  1. мәтінді оқу, көшіру;

  2. жаңа сөздердің астын сызу;

  3. тек үнді дауссыздардың дыбыстарын сызу.



Құттықтау.

Сізді құттықтауға рұқсат ет (-іңіз) – Разрешите поздравить Вас

Мерекеңізбен! – с праздником!

Мерей тойыңызбен! – с юбилеем!

Туған күніңізбен! – с днем рождения!

Жайлы қонысыңызбен! – с новосельем!

Тұрмыс құруыңызбен! – с законным браком!

Оқу бітіруіңізбен! – с окончанием учебы!

Зор денсаулық тілеймін! – Желаю крепкого здоровья!

Еңбекте, оқуда табыс! – Успехов в учебе и в труде!

Бақыт, жақсы көңіл-күй! – Счастья, хорошего настроения!

Жасыңыз ұзақ болсын! – Долгих лет жизни!

Бақытты болыңыздар!- Будьте счастливы!

Үлгі:

Құрметті (уважаемая), Қымбатты (дорогая) .......!

Мен сені (тебя), Сізді (Вас) .......... құттықтаймын!

Саған (тебе), Сізге (Вам) ......, ......., ....... тілеймін (желаю)!

Еңбекте, оқуда табыс, жақсы көңіл-күй! Жасыңыз ұзақ болсын!

Тілек білдіруші (с пожеланием) досың, қызыңыз, немереңіз, оқушыңыз ......... .



Тапсырма: үлгі бойынша құттықтау жазыңыз.


Сабак №6

Сабақ жоспары/План урока

қазақ тілі / казахский язык.

Сабақтың тақырыбы/ Тема урока

Біздің лицейде. Ұяң дауыссыздар..

Сабақтың мақсаты/ Цель урока

Білімділік/ Образовательная

Мәтінді түсініп оқу, аудару, сөздік қорларын көбейту, грамматикалық білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық /Развивающая

Оқушылардың ойлауын, тілдік әрекеттерін жеткізе алу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік /Воспитательная

Адамгершілікке тәрбиелеу, өзінің оқып жүрген оқу орнын жақсы көруге және ұстаздарды сыйлауға шақыру.

Әдістемелік/Методическая

Оқушылардың білім деңгейлерін әр түрлі әдістермен көтеру.

Болашақ нәтижені болжау/ Описание ожидаемого результата

Лицей туралы толық мәліметті білу.

Білім/Знания

Сөздерді аудару, ұяң дауыссыздарға көңіл бөлу.

Икемділік/ Умения

Берілген мәтінмен жұмыс жасай білу.

Дағды /Навыки

Білген білімдерін қолдану.

Сабақтың түрлері/ Тип урока

Мәтінмен жұмыс, саяхат сабағы.

Әдіс- тәсілдер/ Методы

сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет / Материалы, учебно-методическая литература, справочная литература

қазақ тіліне байланысты оқулықтар, сөздіктер.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / Оборудование, наглядные пособия

Карточкалар, сөздіктер, оқулық, кесте.

Пәнаралық байланыс / Межпредметные связи

Өндірістік оқу пәні.

Сабақ барысы / Ход урока

Сабақ кезеңдері / Этапы урока

Оқытушы іс-әрекеті / деятельность преподавателя

Оқушылар іс-әрекеті / деятельность учащихся

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / оборудование, наглядные пособия

1

Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі / организационно-целевой этап

Оқушыларды сабаққа даярлау, барлық көңілерін өзіме қарату;

Сабаққа дайындалып, мұғалімді қарсы алады

-

2

Операция-танымдық кезеңі / операционно-познавательный этап

Сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу, себептерін анықтау, ауа райы туралы әңгімелесу:

  • Сәлеметсіздер ме;

  • сыныпта кім кезекші, кім жоқ, қай себеппен?

  • ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар, күздің айларын еске түсіріңдер.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, кезекші мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді, қалғандары күздің айларын еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.




А. Үй тапсырмасын тексеру /

Этап проверки домашнего задания


Үй тапсырмасын қайталап, жауап беріңіздер:

1.жаңа сөздерді жаттау,;

2. дауыссыздарды қайталау;

3. Қандай мерекелермен құттықтауға болады?-деген сұраққа жазбаша жауап бер


Әр оқушы үй жұмысын қайталап, жауап береді

Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі / Этап подготовки учащихся к активному усвоению нового материала


Сабақтың мақсатын айту, лицей туралы сұрақтар беріп, тақырыпқа шығу.

Біздің лицей қайда орналасқан?

Қандай мамандықтарды дайындайды?

Лицей қандай?

Неше қабатты? Лицейде не бар?
Лицей – сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Ең бірінші оқушылар мұғалім берген сұрақтарына жауап береді, өткен тақырып арқылы, лицейде қандай мамандықтар бар екенді-гін айтады, олар өздері қандай мамандыққа оқып жүргендерін айтады.

сөздіктер

В. Жаңа білімді меңгеру / Этап усвоения новых знаний


Ұяң дауыссыздарға қандай әріптер жатады? Оларды қалай жылдам есте сақтауға болады?

Оқушылар бүкіл ынтамен мұғалімді тыңдайды, арқылы әңгімелеседі


Жаңа сөздермен танысады.

тапсырмалар, сөздіктер, мәтіндер

кесте

Г. Жаңа білімді бекіту / Этап закрепления новых знаний


Жаңа сөздермен танысу, мәтінмен жұмыс жасау: оқу, түсіну, сұрақтар құрастыру, ұяң дауыссыздардың астын сызу,

Жаңа сөздер: орналасқан, оқимыз, оқу мәжілісі.

Мен биыл бірінші лицейде оқып жүрмін. Біздің лицей Ломов көшесінде орналасқан. Лицей үш қабатты, іші кең, таза және жарық...( карточкалар таратылады)


Жаңа сөздермен танысады, мәтінмен жұмыс жасайды: оқиды, сұрақтар құрасты-рады, ұяңдардың астын сызады, жаңа сөздермен танысады, карточкалармен жұмыс жасайды.

Сөздіктер карточкалар

3

Рефлексивті бағалау кезеңі / рефлексивно-оценочный этап

Сонымен, бүгінгі сабақта біз қандай жұмыс орындадық? №1 кәсіптік лицей қайда орналасқан? Ол қандай? Қандай мамандықтарды даярлайды? Сіздер қандай мамандыққа оқисыздар? Алфавиттің басында қандай дауыссыздар бар, олардың түрі қандай?

Оқушылар өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.

-

А. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені / Этап информации учащихся о домашнем задании


Үй тапсырмасын жазып алыңдар:

  1. Біздің лицей – тақырыбын мазмұндау;

  2. Ұяң дауыссыздарды білу;

  3. Шаштараз, сәнгер сөздеріне дыбыстық талдау жасау.



Оқушылар үй тапсырма-сын дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса –сұрайды.

Б. Сабақты қорытындылау / Подведение итогов урока

Сонымен, бүгін сабақта біз қандай тақырыпты өттік, қандай сөздермен таныстық, лицей туралы қандай жаңалықты білдік? Оқушыларға баға қойылады.

Әр оқушы өз бағасын алады.



Біздің лицей.

  1. Білім беру ұйымының атауы

«№1 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі

  1. Мекен-жайы

ҚР, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 180.

  1. Қызмет

Мына мамандықтар бойынша білікті кадр дайындайды:

0817001 – Шаштараз

4121001 – Сәнгер-пішуші


4.Кітапхана

Кітапхана қоры 15150 дананы құрайды, о.і. әдістемелік 775 дана, көркем әдебиет 4701 дана.




Лексикалық минимум:


Оқимыз – учимся

Орналасқан – расположен

Шаштараз цехтары – парихмахерские цеха

Құрастыру – конструирование

Мататану – материоловедение

Шаштарзшы-әсемпаз – парихмахер-визажист

Сәнгер-пішуші – модельер-закройщик

.

Біздің лицейде.

Біздің лицейдің атауы - №1 кәсіптік лицей.

Біздің лицей Ломов көшесінде орналасқан.

Біздің лицей екі ғимараттан тұрады.

Біздің лицей үш қабатты.

Біздің лицей таза, жарық, үлкен, әдемі.

Біздің лицейде даярлайтын мамандықтардың түрлері: шаштараз – сәнгер, тігінші, сәнгер-пішуші.

Біздің лицейде кітапхана, оқу кабинеттері, цехтер бар.

Біздің лицейде сабақ таңертеңгі сегіз жарымда басталады.

Біздің лицейде теориялық сабақтар оқу кабинеттерінде, ал тәжірибелік сабақтар шеберханаларда өтеді.

Біздің лицейдің ауласында стадион орналасқан.

Біздің лицейде көбінесе қыздар оқиды.

Біздің лицей ең жақсы оқу орны.

Тапсырмалар:


  1. Сөйлемдерді оқу, жаңа сөздер арқылы аудару;

  2. Қайталанған сөздердің орнына синонимдерді қолданып, дәптерлеріне жазу;

  3. Ұяң дауыссыз дыбыстардың астын бір сызықпен сызу;

  4. Сөйлемдер арқылы диалогқа шығу.

Лексикалық минимум:

кәсіптік - профессиональный

орналасқан - расположен

ғимарат - здание

мамандық – специальность

шаштараз – сәнгер - парикмахер - модельер

сәнгер-пішуші – модельер - закройщик

таңертең - утро

тәжірибелік - практическая

шеберханалар - мастерские

аула - двор

көбінесе - в основном

оқу орны – учебное заведение

Біздің лицейде.

тест


  1. Біздің лицейдің атауы қандай?

А) кәсіптік;

Ә) тәжірибелік;

Б) арнайы;


  1. Біздің лицей қайда орналасқан?

А) Ресейде, Ломов көшесінде;

Ә) Павлодар ауылы, Ломов көшесінде;

Б) Павлодар қаласы, Ломов көшесінде;


  1. Біздің лицей неше ғимараттан тұрады?

А) он екі;

Ә) екі;

Б) жиырма екі;



  1. Біздің лицей үш қабатты ма?

А) мүмкін;

Ә ) жоқ;


Б) иә;

  1. Таза, жарық, үлкен, әдемі сөздері қай сөз табынан?

А) зат есім;

Ә ) сын есім;

Б) сан есім;


  1. Біздің лицейде даярлайтын мамандықтардың түрлері қандай?

А) шаштараз;

Ә) тігу;


Б) сән;

  1. Біздің лицейде сабақ қашан басталады?

А) таңертеңгі сегіз жарымда;

Ә) кешкі сегіз жарымда;

Б) түскі уақытта;

8. Тек ұяң дауыссыз дыбыстардын тұратын сөзді белгілеңіз.

А) олар;

Ә) біз;


Б) сендер ;


  1. «Аула» деген сөздің аудармасын табыңыз.

А) стадион;

Ә) мастерская;

Б) двор;

9. Біздің лицей қандай оқу орны?

А) орташа;

Ә) ең жақсы;



Б) кішкентай;

Сабак №7

Сабақ жоспары/План урока

қазақ тілі / казахский язык.

Сабақтың тақырыбы/ Тема урока

Менің мамандығым. Үнді дауыссыздар.

Сабақтың мақсаты/ Цель урока

Білімділік/ Образовательная

Әр оқушы өз мамандығын дұрыс таңдау керектігін түсіндіру, жаңа сөздерді білу, өз мамандықтары туралы көбірек ақпарат беру.

Дамытушылық /Развивающая

Оқушылардың ойлауын, тілдік әрекеттерін, жеткізе алу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік /Воспитательная

Туған жерін құрметтеуге, өз Отаны үшін жақсы маман болуға шақыру.

Әдістемелік/Методическая

Оқушылардың білім деңгейлерін әр түрлі әдістермен көтеру.

Болашақ нәтижені болжау/ Описание ожидаемого результата

Мамандыққа байланысты жаңа сөздерді меңгеру.

Білім/Знания

Сөздерді аудару, үнділерді қайталау.

Икемділік/ Умения

Берілген мәтінмен жұмыс жасай білу.

Дағды /Навыки

Білген білімдерін қолдану.

Сабақтың түрлері/ Тип урока

Саяхат сабағы.

Әдіс- тәсілдер/ Методы

сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтастыру.

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет / Материалы, учебно-методическая литература, справочная литература

қазақ тіліне байланысты оқулықтар, сөздіктер

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / Оборудование, наглядные пособия

Карточкалар, плакат, сөздіктер, презентация;

Пәнаралық байланыс / Межпредметные связи

Өндірістік пәні

Сабақ барысы / Ход урока

Сабақ кезеңдері / Этапы урока

Оқытушы іс-әрекеті / деятельность преподавателя

Оқушылар іс-әрекеті / деятельность учащихся

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / оборудование, наглядные пособия

1

Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі / организационно-целевой этап

Оқушыларды сабаққа даярлау, барлық көңілерін өзіме қарату;

Сабаққа дайындалып, мұғалімді қарсы алады

-

2

Операция-танымдық кезеңі / операционно-познавательный этап

Сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу, себептерін анықтау, ауа райы туралы әңгімелесу:

  • Сәлеметсіздер ме;

  • сыныпта кім кезекші, кім жоқ, қай себеппен?

  • ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар, күздің айларын еске түсіріңдер.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, кезекші мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді, қалғандары күздің айларын еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.




А. Үй тапсырмасын тексеру /

Этап проверки домашнего задания


Үй тапсырмасын қайталап, жауап беріңіздер:

  1. Біздің лицей – тақырыбын мазмұндау;

  2. Ұяң дауыссыздарды білу;

  3. Шаштараз, сәнгер сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Әр оқушы үй жұмысын қайталап, жауап береді

Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі / Этап подготовки учащихся к активному усвоению нового материала


Сабақтың мақсатын айту, полиглот ойынын өткізу, білмейтін сөздердің аудармасын беру, сұрақтарға жауап бергізу. Мамандықтар туралы не білесің? Сен бала кезінде қандай мамандықты жақсы көрдің? Қазіргі мамандықты неге таңдадыңыз? Сен қазір қайда оқисың? Саған сенің таңдаған мамандығын ұнай ма? Немен? Ол қазіргі заманға сай мамандық па?

Ең бірінші оқушылар мұғалім берген сұрақтары- на жауап береді, полиглот ойынын ойнайды, аудармасын білмеген сөздерді дәптерлеріне жазып алады, мұғалім берген сұрақтары- на жауап береді.

сөздіктер,


тақта, презентация.

В. Жаңа білімді меңгеру / Этап усвоения новых знаний


Мәтінмен жұмыс жасау: оқу, жаңа сөздер арқылы аудару, сөйлемдерге сұрақтар құрастыру, үнді дауыссыздардың астын сызу.

Оқушылар бүкіл ынтамен мұғалімді тыңдайды, түсініксіз жағдайда мұғалімге сұрақ қояды, сөздіктерді қолданады, жұмысты орындайды.

тапсырмалар, сөздіктер, мәтіндер.

Г. Жаңа білімді бекіту / Этап закрепления новых знаний


жаңа сөздерді қолдану арқылы, үлгі бойынша өз диалогтарын құрастыру

  1. Шаштаразда;

  2. Тігіншіде;

үлгі бойынша диалог құрас тырады, жаңа сөздерді қолданады.

Сөздіктер, диалогтың үлгісі.

3

Рефлексивті бағалау кезеңі / рефлексивно-оценочный этап

Сонымен, бүгінгі сабақта біз қандай жұмыс орындадық, нені еске түсірдік? Қандай мамандықтармен таныстық?

Оқушылар өз ойларын айтады. .

-

А. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені / Этап информации учащихся о домашнем задании


Үй тапсырмасын жазып алыңдар:

  1. Жаңа сөздерді жаттау;

  2. «Менің таңдаған мамандығым» -шағын шығарма жазу,


Оқушылар үй тапсырма-сын дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса –сұрайды.

Б. Сабақты қорытындылау / Подведение итогов урока

Сонымен, бүгін сабақта біз қандай тақырыпты өттік, қандай сөздермен таныстық, келешекте сендер қандай маман иесі боласыңдар?

Әр оқушы өз бағасын алады.



« Полиглот » ойыны.


специальность, профессия

ученый


летчик

повар


врач

юрист


художник

продавец


архитектор

тоқымашы

биші

тігінші


модельер-закройщик

даяшы


тәрбиеші

тілші


парикмахер

саясаткер

аспансерік

Менің болашақ мамандығым.

Мамандықтың түрі өте көп: мұғалім, аспазшы, құрылысшы, дәрігер тағы басқалар. Олар бәрі өмірде қажет. Әр адам бір немесе бірнеше мамандықты игереді.

Менің болашақ мамандығым – шаштараз- сәнгер. Маған менің таңдаған мамандығым өте ұнайды. Мен адамдарды сәндендіруді жақсы көремін, сондықтан осы лицейге оқуға келдім. Шашын қиып, адамдардың стилін өзгерту- менің арманым. Шашты әдемі қию, оны жұқарту, әр түрлі үлгілерді құрастыру.

Бізді тәжірибелі мұғалімдер, шеберлер оқытады. Сабақтарда әр түрлі прическаларды жасаймыз. Осы мамандықтың сұранысы, қажеттілігі өте зор. Менің таңдаған мамандығым – ең керемет мамандық.



Тапсырмалар:

  1. оқу, жаңа сөздер арқылы аудару;

  2. әр сөйлемге сұрақтар құрастыру;

  3. үнді дауыссыздардың астын бір сызықпен сызыңдар.


Лексикалық минимум:
Мамандық – профессия

Шаштараз-сәнгер – парикмахер – модельер

Қию – стричь

Шашты жұқарту – филировка

Игеру – освоить

Сәндендіру – охорашивать

Үлгі –модель

Қажеттілік – необходимость

Бұйралау – завивка

Шаш жиегін өндеу - окантовка

Мұртымды, сақалымды түзеп беріңізші – поправьте, пожалуйста, усы , бороду

Шашыңызды жуайын ба? – вам голову помыть

Жұмсақ шаш – мягкий

Қайратты - жесткий


Үлгі:


  • Сәлеметсіз бе.

  • Сәлеместсіз бе.

  • Сізде кезек бар ма?

  • Жоқ, кіріңіз.

  • Рахмет.

  • Шашты қалай қидыртасыз?

  • Маған шашымды жұқартып, бояу керек.

  • Жақсы, қандай түсті таңдадыңыз?

  • Маған қара түс ұнайды, сонымен боясақ, қалай қарайсыз?

  • Таңдауыңыз жақсы, сізге бұл бояу жарасады.

  • Рахмет, маған сіздің жұмысыңыз ұнады, келешекте сізге келетін боламын.

  • Рахмет, келіңіз, бұл менің ұялы телефонымның номері, керек кезде ертерек телефон шалыңыз, сау болыңыз.

  • Рахмет, сау болыңыз.



  • Сәлеметсіз бе! Шашымды бұйралап беріңізші.

  • Сәлеметсіз бе! Сәл күте тұруыңызға тура келеді.

  • Күтіп қалмас па екенмін?

  • Жоқ, он минуттай күте тұрасыз. Әзірше, мына жерге отырыңыз.

  • Рақмет!

Каталог: uploads -> doc -> 0241
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0241 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
0241 -> Сабақ мақсаты: Білімділік: қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру, өзара байланысын еске түсіру
0241 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «№1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі «Travelling in Wonderland»
0241 -> Қазақша күрес – дәстүрлі ұлттық спорттық ойыны
0241 -> Жарлықтар Сабақтың мақсаты
0241 -> Жоба жұмысының тақырыбы: Қазақ әдебиеті пәнінен «Ш. Уәлихановтың зерттеулері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет