ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ:
ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ТРАНСФОРМАЦИЯ ЦИФРОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ:
ЦИФРОВЫЕ ПЛАТФОРМЫ И ТЕХНОЛОГИИ
169
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Абдукаримова А
.
Ю
.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ.
«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2
-
курс студенті.
Дүйсенбеков Е
.
Б
. –
Ғылыми жетекші
Мамандықты дұрыс таңдау
–
маңызды іс. Үлкен өмірге қадам басар уақытта мамандықты
дұрыс таңдай білу қажет. Дұрыс жасалған қадам
ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы
және материалдық әл
-
ауқатты арттырады. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты
таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады және
қызығушылық артады.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, әлемде
50
мыңға жуық мамандық бар
екен
және жыл сайын 500
-
ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Осы әр түрлі
мамандықтың өзіндік
ерекшеліктері бар.
Мысалы, ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі
–
ұстаздық. Яғни, педагогика
саласында қызмет атқару. Ол қай уақытта да құрметке ие болған және бола бермек. Өйткені, білім
адамзатты әрқашан алға жетелеп, үнемі озық тұруға тәрбиелейді.
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай
-
ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын
басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге
байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз
.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу
барысында пайда болатын білім, іскерлік,
дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби
-
педагогикалық
міндеттерді шешуге
бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс
-
әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты
–
қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз
тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау
[1,9б].
Қазіргі
таңда оқушылардың педагогикалық мамандыққа
қызығушылығы қандай және
оларды қызықтыру үшін, осы мамандық иесі атанулары үшін не істеу керек?
Оқушыларда қызығушылық әр түрлі деңгейде көрінеді: белсенді және енжар қызығушылық,
кең және тар, үстіртін және терең қызығушылық. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби
қызығушылығы барысында негізгі шешуші рөл оның жоспары мен мақсаты қатар жүріп, ынтасы
мен ниеті, бейімділігі мен қызығушылығы қатар жүруі керек. Мамандықты та ңдау туралы бала
сонау мектеп жасына дейінгі кезеңнен ойлана бастайды. Сол уақытта оның көзқарасын түсініп,
ойын сұрау қажет. Мамандықты дұрыс таңдаған жағдайда
оқушылардың жекедаралық
ерекшеліктері бірнеше мамандықтардың талаптарына сәйкес келеді. Оқушыға қандай да бір
мамандықты таңдауға кеңес беру кезінде оның жекедаралық мүмкіншіліктерін ескеру қажеттігін
ұмытпауымыз керек. Адам балалық шынайылықтан әлеуметтік есеюге дейінгі жылдардан өту
барысында бірнеше өтпелі кезеңдерден өтеді. Оқушыға қысым жасалмай, өз еркімен таңдап бағыт
алуына ата
-
ана және ұстаздары кәсіптік бағдар, кеңес беріп көрсетеді..
Сондай
-
ақ, оқушылар мамандықты таңдауда арнайы және
қосымша пәндермен жай ғана
танысып қоймай, ерекшеліктеріндегі таным қызығушылығының мәні зор. Таным
қызығушылығының мәні
–
объект таңдайтын маман саласын үнемі терең оқып үйренуге тұрақты
тырысушылықтың арқасында қандай да бір білімнің теориялық ғылыми негізін тану,
құбылыстардың мәнін терең түсінуге тырысумен сипатталынатын таным процесі.
Оған дәлел
ретінде оқушылар үшін көптеген мамандықтардың ішінен бірін таңдау еңбектің нәтижесін
шығаруға тырысушылықпен байланысты немесе өз әрекетін тиянақты жоспарлау қабілеті арқылы
нәтижені шыдамдылықпен күту ептілігіне байланысты. Оқушыларды еңбекке,
өмірге дайындау
мектеп жұмысының нәтижесі болып табылады. Әрбір адам саналы және тәуелсіз түрде қоғамдық
құндылықтарға бағдарланады.
Сонымен қатар оқушыларда мамандықты таңдау кезінде ең басты қасиеті
-
бейімділігі мен
қабілеті қатар жүруі керек. Адамның жұмысқа деген талпынысы және оның мазмұнына деген
қызығушылығы бейімділікке байланысты. Егер адамға өз жұмысының мән
-
мазмұны
тартымды
болса, онда ол қызметін беріле орындап, өзінің кәсіби біліктілігін шыңдаудан жалықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: