Менің компьютерім (Мой компьютер) қаншығын ашыңдар.
Жинақы-дискіге көшірмелеу қажет етілетін файлдарды немесе қапшықтарды таңдаңдар. Бірнеше файлды ерекшелеу үшін басылған CTRL пернесін ұстай отырып, олардың әрқайсысын шертіңдер. Содан кейін Қапшықтар мен файлдарға арналған міндеттер (Задачи для папок и файлов) тобындағы Осы файлды көшірмелеу (Копировать этот файл), Осы қапшықты көшірмелеп алу (Скопировать эту папку) немесе Ерекшеленген элементтерді көшірмелеп алу командасын таңдаңдар.
Егерде файлдар Менің суреттерім «Мои рисунки» қапшығында оргаласқан болса, онда Кескіндерге арналған міндеттер (Задачи для изображений) тобындағы Жинақы-дискіге көшірмелеу (Копирование на компакт-диск) немесе Барлық объектіні жинақы-дискіге көшірмелеп алу (Копировать все объекты на компакт-диск) командасын таңдаңдар да 5-қадамға өтіңдер. Элементтерді көшірмелеу(Копирование элементов) сұқбаттық терезесінде жинақы-дискілер жазбасы құрылғысын таңдаңдар да Көшірмелеу (Копирование) батырмасын таңдаңдар.
«Менің компьютерім» терезесінде жинақы-дискілер жазбасы құрылғысын екі рет шертіңдер. Windows жинақы-дискілерге оларды көшірмелегенге дейін файлдар тұратын уақытша аймақты бейнелейді. CD-ге жазу үшін дайындалынған файлдар өрісінде жинақы-дискіге көшірмелеу ұйғарылған сол файлдар мен қапшықтар бейнеленетініне көз жеткізіңдер.
CD-дегі жазбалардың міндеттері (Задачи записи на CD) тобындағы Файлдарды жинақы-дискіге жазу (Запись файлов на компакт-диск) сілтемесін таңдаңдар. Жинақы-дискі жазбасының шебері іске қосылатын болады. Экранда пайда болған нұсқауды орындаңдар.
«Менің компьютерім» терезесін ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасын екі рет шертіңдер.
Көшірілетін файлдардың көлемі жинақы-дискінің сыйымдылығынан артпауы тиіс. Стандарттық жинақы-дискіге 650 мегабайтқа (Мбайт) дейін сыяды, ал сыйымдылығы үлкен жинақы-дискіге — 850 Мбайт.
Жинақы-дискі жазбасы процесі барысында туындайтын уақытша файлдарды сақтауға арналған бос орын қатқыл дискіде жеткілікті екендігіне көз жеткізіңдер. Стандарттық жинақы-дискі жазбасы үшін Windows 700 Мбайт-қа дейінгі бос дискілік кеңістікті резервке сақтап қояды, ал сыйымдылығы үлкен жинақы-дискі жазбасы үшін — 1 гигабайтқа (Гбайт) дейін.
Жинақы-дискіге файлдарды немесе қапшықтарды көшірмелегеннен кейін олардың көшірмеленгеніне көз жеткізу үшін оны қарап шығу пайдалы.