21
2.Кӛркем әдебиет стилі, оның түрлері. Кӛркем әдебиет тілінің эстетикалық
қызметі. Кӛркем әдебиет стилінің кӛп стильді болып келетіндігі. Кӛркем
әдебиет тілінің зерттелу аспектілері.
1)Публицистикалық
стиль
–
қоғамдық-саяси,
үгіт-насихаттық
әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функционалды
стильдердің бір түрі. Публицистика (латынша: рublikus - кӛпшілік, әлеумет) -
қоғам ӛмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазыл ған шығармалардың
негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың ӛз алдына бӛлек
стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың ӛскенін, артқанын кӛрсетеді.
Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып
келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси
тақырыпқа
жазылған газет, жорналдардағы мақалалар, очерк т. б.
шығармаларды, шешендік сӛздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне
жатқызып жүр.
Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы
халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте
дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі
мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық кӛрді; сықақ
жорналдар шыға бастайды. Радищевтің "Петербургтен Москваға саяхаты" сол
кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен ӛзгерістер
енген
кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публицистиканы царизмге
қарсы күрес құралы етіп жұмсады. В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов,
Н.Г.Чернышевский сияқты сыншы-публицистер ӛздерінің сын мақалаларында
қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады.
"Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран
шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді.
Қазақ тілінде ең
түңғыш басылған кітаптың бірі - "Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу" қиссасы (ең алғаш
1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары
Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы
басылған азын-аулақ кітаптардын ішінде Спандияр Кӛбеевтің "Қалың мал"
романы, "Айна", "Қарлығаш" деген ӛлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық
кӛрген.
Қазан тӛңкерісінен кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны
жедел ӛркендету талабы қойылды. "1919 жылы 26 декабрьде В. И.
Лениннің
қолымен Халық Комиссарлар Советі қалың еңбекші бұқараның сауатсыздығын
жою туралы шаралар белгіледі. Осы қаулыда және партия мен үкіметтің 1920
жылдардың бас кезінде шыққан нұсқау-директиваларында ұлттардың ана
тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, әдебиетін ӛркендету
мәселелеріне айрықша кӛңіл бӛлінді. Осы жылдары шыға бастаған "Қазақ тілі"
(1919 ж., Семей), "Дұрыстық жолы" (1919 ж., Орда), "Жаңа ӛмір" (1920 ж.,
Ташкент), "Тіршілік" (1918-1919 ж., Ақмола), "Ұшқын" (1919-1920 ж.ж.,
Орынбор), "Кедей сӛзі" (1920 ж., Омбы) және басқа советтік газеттердің
22
бетінде басылған ӛлеңдер мен әңгімелер алғашқы
революциялық жеңісті
қуанышпен қарсы алған тілек-мақсатты бейнелейді. Бұл баспа органдарынан
осындай мақсатта жазылған публицистикалық шығармаларды да кӛп
кездестіреміз.
1920 жылдары республикалық тұңғыш газет "Еңбекші Қазақ" (қазіргі
"Егемен Қазақстан") шыға бастайды. Бұл тұста казақ публицистикасы жаңа
белеске кетеріледі. Кӛптеген кеңестік идеологияны насихаттайтын шығармалар
қазақ тіліне аударылып басылды. Орыстың революцияшыл-демократ
жазушыларының шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады.
Осындай
игілікті істер қазақ публицистикасының шыңдалып жетіле түсуіне белгілі
дәрежеде ықпал-әсерін тигізді.
Публицистикалық стиль – қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі
саласы. Басты стильдік сипаты: мұнда қолданылатын сӛз үндеу мәнінде
жұмсалады. Сӛз эмоционалды-экспрессивті сипатта болады (еңбек ардагері,
дем беруші, кӛшбасшы, нық қадаммен т.б.).
Тілдің осындай эмоционалды-
экспрессивтілігі жағынан кӛркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі
баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: