ПОӘҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014



бет2/9
Дата25.12.2016
өлшемі3,31 Mb.
#5079
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Аудиоконференция (audioconferencing) – бұл конференцияға қатысушыларды дыбыстық жалғастыру кезінде болатын телеконференцияның бір түрі. Аудио конференцияны байланыстың цифрлық та, аналогтық та жүйлерінде ұйымдастыруға болады. Аудио конференция бір жақты бейне (one-way video), серіктік ТД үйлесімінде, сондай-ақ селекторлық кеңестер өткізу үшін кеңінен пайдаланылады.


Аудио-пошта – Аудио-почта – аудио-сигналдарды цифрлық таңбаға және керісінше түрлендіретін, телефон бойынша дауыстап ақпарат алмасатын, әрі оларды цифрлық түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы құрылғы.

АутентификацияАuthentication – пайдаланушының өзі екендігін және оның жұмыс істеуге заңдылығын анықтайтын қорғау құралы.

Ашық білім беру – Открытое образование – оның білімдік цензасы мен кезеңдік регламентациясын және жеке курсты оқып білудің ұзақтығын, білімдерді формальды ету негізінде дамитын бағдарламаларды, оларды қашықтықтан оқытудың ақпараттық және педагогикалық технологияларын жеткізу мен тексеруді талдамастан, кез келген ықылас білдірушінің қолы жететін білім алудың иикемді жүйесі.

Ашық білім беру (АБ)Открытое образование (ОО) – білім алушының мақсатты, тексерілетін, қарқынды өзіндік шығармашылық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін білім алу мен білім алуды дамыту жүйесі, бір немесе бірнеше оқу мекемелерінің орналасу орына, сондай-ақ білім алушының тұрған жері және оқу орнына тәуелсіз оның бағдарламаны, оқытушыны, оқу графигі мен формасын таңдау мүмкіндігі, тұлғалық бағыт бойынша бүкіл ғұмыр бойы оқып білім алу мүмкіндігі.

Ашық білім беру (жүйе)Открытое образование (система) оқу-әдістемелік, техникалық, ақпараттық ресурстардың және ашық білім беру қағидаларын іске асыратын ұйымдастыру шараларының жиынтығы.

Ашық білім беру жүйесі – Система открытого образования– ашық білім беру қағидаларын іске асыратын дидактикалық, техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық баптар жиынтығы.

Ашық білім берудің ақпараттық білім беру ортасы (АБ АБО) Информационно–образовательная среда открытого образования (ИОС ОО) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатынастық және педагогикалық кеңістік. Бұл орта ашық сипаттамаларға ие: қалыпқа келтірілген және қашықтықтан оқытудың ашық технологияларын пайдалану; білім беру жүйесінің үлестірілген оқу-әдістемелік, интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық-техникалық ресуратарына ашық қатынас құруды қамтамасыз ету.

Ашық формалы тестілік тапсырмалар – Тестовые задания открытой формы – сыналушы негізгі мәтінді, шынайы пікірді алатындай элементпен тиісті толықтырулар.

Ашылатын тізім Раскрывающийся список – сұқбаттық трезенің басқару элементі. Әдетте, тек осы уақытта ғана таңдалынған пункті бар болады, бірақ таңдаудың басқа нұсқаларын қарап шығуға да, пайдалануға да мүмкіндік береді..

Әдеби ұрлық – Плагиат (Plagiarism) – басқа адамдар дайындаған мәліметтер мен ақпаратты пайдалану және бірмезгілде оны өз шығармасы ретінде ұсынуға талпыну.

Әдістеме – Методика – іс-әрекетті жүзеге асырудың тағайындалған тәсілі. Ескерту:Көптеген жағдайларда әдістемелер құжатталады (мысалы, сапа жүйесінің әдістемесі). Қандайда бір әдістеме құжатталған кезде, «жазба әдістеме» немесе «құжаттық әдістеме» деген терминді пайдаланған дұрыс болады. Жазба немесе құжаттық әдістеме әдетте іс-әрекеттің мақсаты мен саласын; не және кіммен істелінуі тиістігін; бұл қашан, қайда және қалай істелінуі тиістігін; қандай материалдар, құжаттар мен жабдықтар пайдалануы тиістігін; бұл қандай бейнеде бақылануы және тіркелуі тиістігін қамтиды.

Әдістемелік жасақтамаМетодическое обеспечение – курсты оқып білу бойынша әр түрлі тасуыштардағы оқу материалдары, әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер.

Әдістемелік құрал – Методическое пособие – оқу пәнін (оның тарауын, бөлімін) оқыту әдістемесі бойынша немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдары бар оқу басылымы.

Әдістемелік нұсқаулар – Методические рекомендации– студенттердің оқу пәнін өз беттерімен оқып білу мен білімдерін тексеруге дайындау әдістемесі бойынша материалдары бар оқу-әдістемелік басылым.

Әлеуметтік жобалау – Социальное проектирование (Social engineering) – әдетте таныс емеске ешкім ашуға болмайтын ақпаратты алу үшін дайындалынған арнайы ойын.

Әмбебап іздестіру жүйесі – Универсальная поисковая система (General Purpose Search Engine) – ақпараттың кең спектрін қамтитын іздестіру жүйесі, мамандандырылмаған ақпаратты іздестіру үшін қолайлы.

Бағдарлағыш – Маршрутизатор (Router) – әр түрлі желілерді қосатын және желідегі компьютерлердің арасында ақпаратты бағыттайтын немесе бағдарлайтын желілік жабдық.

Бағдарлама Программа – командалардың реттелген тізбектілігі.

Бағдарламалық жасақтамаПрограммное обеспечение – компьютермен жұмыс істеуде пайдаланылатын бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың (мәліметтердің) жиынтық атауы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.

Бағдарламалық жасақтаманың жиыны Конфигурация программного обеспечения – компьютерлік жүйенің бағдарламалық жасақтамаларының құрамы.

Бағдарламалық-аппараттық кешен Программно-аппаратный комплексмәселелердің белгілі бір тобын шешуге арналған техникалық құралдар мен бағдарламалардың жиыны.

Бағдарламаны ассемблирлеу – Ассемблирование программы – арнайы шартты белгілеулердің (мнемониктің) көмегімен машиналық кодта жазылған бағдарламаның бастапқы кодын аудару. Бағдарламаны дисассемблерлеумен салыстырыңыз.

Бағдарламаны баптауОтладка программы – дайын бағдарламадағы қателіктерді анықтау (тестілеу), іздеу (оңашалау) және жою процесі.

Бағдарламаны дисассембрлеуДисассемблирование программы – арнайы бағдарламаның – дисассемблердің көмегімен ассемблер мнемонигі түрінде жұмыс істейтін бағдарламаныңмашиналық кодын ұсыну операциясы.

Бағдарламаны тестілеуТестирование программы – бағдарламада қарастырылған режімдерде де, қарастырылмаған режімдерде де жұмыс істейтін бағдарламаны жан-жақты тексеру. Коммерциялық бағдарламаларды дайындау процесінде альфа-тестілеу мен бета-тecтілеуді айырып таниды.

Базалық оқу орны – Базовое учебное заведение– өзінің оқу жоспары мен әдістемесі және білімі туралы (барлық талаптар орындалған кезде) құжат беретін (аттестат, сертификат, куәлік, диплом) білім беру мекемесі.

Байланыс – Связь– ақпаратты және пошта жөнелтулерін қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру, жеткізу және тарату.

Байланыс желісін бөлу – Выделенные сети связи– ортақ пайдаланылатын, телеқатынас желісіне шыға алмайтын жеке және заңды тұлғалардың желісі, пайдаланушыларды осы желінің иесі анықтайды.

Байланыс құралдары – Средства связи – телеқатынас хабарларын немесе пошталық жөнелтулерді қалыптастыру, өңдеу, жеткізу немесе қабылдау үшін қолданылатын техникалық құралдар.

Байланыс редакторыРедактор связей – кітапханадан алынған функциялар мен процедуралардың объектілік кодын компилятормен әзірленген объектілік кодқа қосу үшін арналған қызметтік бағдарлама. Байланыс редакторының істеген жұмысының қорытындысы келешек бағдарламаның атқарылатын коды болып саналады.

Байланыстың ведомствалық желілері – Ведомственные сети связи– жалпы пайдаланылатын телеқатынастық желіге шығу мүмкіндігі бар, өндірістік және арнайы мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік органның телеқатынастық желілері.

Байт – 8 бит. Электрондық жатты өлшеудің ең аз бірлігі ретінде де қарастырылдады.

Бақылау – Контроль – объектінің бір немесе бірнеше сипаттамасына өлшеулер, сараптамалар, сынаулар немесе бағалаулар жүргізуді қамтитын іс-әрекет және әрбір осы сипаттамалар бойынша сәйкестікке қол жеткен-жетпенгендігін анықтау үшін алынған нәтижелерді тағайындалған талаптармен салыстыру. Ескерту: Анықтама стандарттағы сапаға қолданылады.

Бақылау жұмысы – Контрольная работа оқытудың белгілі бір кезеңінде нақты оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша ЖОО-ндағы студенттердің оқу материалын игеру деңгейін анықтауға бағытталған өзіндік жұмыстардың түрлерінің бірі.

Бақылау тапсырмасы – Контрольные задания бұл оқыту процесінде студенттің білімі мен білігін қалыптастырушылық көрсеткіші бола алатын белгілі бір нәтижеге межеленген қандайда бір жұмыстың немесе қандайда бір әрекеттің орындалуына алғышарт.

Бақылау тапсырмаларының жинағы – Сборник контрольных заданий– нақты оқу пәні немесе оқу пәндерінің кешені бойынша студерттердің білімдері мен біліктерін тексеруді қамтамасыз ететін типтік тексеру тапсырмаларының тізімі бар оқулық-практикалық басылым, практикум.

Бақылаушы орган (сертификатау үшін)Контролирующий орган (для сертификации)сертификат бойынша инспекциялайтын қызмет органының нұсқауымен жүзеге асырылатын орган.

Бас меню Главное меню – операциялық жүйенің қосымшалары мен қызметтік іс-әрекетіне тез қатынас құру үшін арналған Windows 95/98 операциялық жүйесінің Жұмыс үстелін басқарудың негізгі элементі. Іске қосу батырмасында шертіп шақырылады.

Басқару тақтасыПанель управления – компьютер мен операциялық жүйені баптау үшін пайдаланылатын жүйе құралдарының таңбашалары бар Windows 95/98-дің арнайы қапшығы.

Басқару элементіЭлемент управления –пайдаланушы параметрлерді беру үшін арналған сұқбат терезесінің элементі. Сұқбаттық терезелерде басқарудың стандарттық элементтері де (мысалы, тізімдерді ашатын жалаушалар және басқалар) және де сирек кездесетін элементер де (түс реңктері және басқа арнайы элементтер) қатыса алады.

Баспа жүйесіИздательская система – дайын баспа өнімінің үлгісін көбейтуге компьютерлік дайындықты қамтамасыз ететін жүйе.

Баспа сервері – Сервер печати (Print server) – баспа процесін басқаратын және принтер үшін желідегі барлық компьютерден жіберілген тапсырмалардың барлығын сақтайтын сервер.

Бастапқы код Исходный код – кәдігімгі мәтіндік редактордың көмегімен жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарлама мәтіні. Транслятор көмегімен объектілік кодқа (мәшинелік кодқа) түрлендіру үшін пайдаланылады.

Безендіру – Иллюстрация – объективтік әлемнің заттары, процестері мен құбылыстары туралы студенттердің нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатынбейнелі көрнекілік құрал. Безендіруге жататындар: фототүсірілімдер, суреттер, нобайлар, сызбалар, жоспарлар, қарталар, схемалар, графиктер, диаграммалар және т.б.



Бейнеадаптер Видеоадаптер – монитор экранында ақпаратты бейнелеу үшін оны дайындауды жүзеге асыратын құрылғы. Кейде «бейнеадаптер» терминінің орнына оңайлатылған нұсқаны – бейнеқартаны пайдаланады.

Бейнеконференция – Видеоконференция– қатынастық және компьютерлік технологиялар жүйесін пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамның көрінерлік қарым-қатынасы (өзара тілдесіп сөйлесуі).

БейнеконференцияВидеоконференция – қозғалатын объектілерді пайдаланып алыста орналасқан пайдаланушылар тобының арасында кеңестер мен пікірсайыс өткізу әдіснамасы.

Бейнеконференция(videoconferencing) – Видеоконференция – бұл байланыстар жүйесі мен компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамдардың арасында аудио-көріністік ақпараттар алмасу кезінде туындайтын телеконференцияның бір түрі

БейнемәтінВидеотекст – мәліметтер базасының терминалдарына және желілер ұсынатын қызмет көрсетуіне қатынаудың желілік қызметі.

Бейнеішкіжүйесі Видеоподсистемы – бейнеадаптер мен монитордың үйлесімін сипаттайтын топтық термин.

Бета-тестілеуБета-тестирование – тапсырыс берушімен немесе бағдарламаның ерекшеліктерімен таныс емес қызметкердің күшімен кез келген жабдықта әлеуетті тұтынушымен орындалатын бағдарламаны тестілеу процесі. Бета-тестілеудің мақсаты – бағдарлама кодының кез келген компьютер жүйесінің аппараттық-бағдарламалық үйлесімімен сәйкессіздік себептері бойынша туындайтын қателіктерді жою. Альфа-mecmілеуді қараңыз.

Бетбелгі – Закладка– білім алушы өзі тағайындайтын және қайта оралуды жоспарлайтын оқу процесінің орнын анықтау.

Бит – «Иә» немесе «Жоқ» логикалық мәнді өрнектейтін және 0 немесе 1 екілік сандармен белгіленетін ақпараттың ең аз бірлігі.

Блок-схема – алгоритмді графикалық ұсыну тәсілі.

Бот (Bot) – сондай-ақ «өрмекші» (spider) ретінде белгілі. «Өрмекшінің» анықтамасын қараңыздар.

Брандмауэр (Firewall) – компьютерді немесе желіні сыртқы қауіптен қорғауғу арналған бағдарламалық және/немесе аппараттық жасақтама.

Браузер– web-бетті көрінерлік етуге және гиперсілтеменің көмегімен web кеңістігі бойынша орын ауыстыруға арналған клиенттік бағдарламалық жасақтама.

Браузер– алыстағы Интернет серверлерінде орналасқан веб-беттерді пайдаланушылардың компьютерінде бейнелеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша. Ең танымал және кең пайдаланылатын браузерлер – Internet Explorer (IE) және Netscape.

Броузер – Интернетке қосылған, WWW-ның бай ресурсына қатынауды қамтамасыз ететін компьютердегі бағдарлама (бағдарламалық жасақтама).

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) Всемирная паутина– World Wide Web (WWW) – гиперортаға негізделген Интернеттегі ақпаратты ұйымдастыру жүйесі.

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) Всемирная паутина– World Wide Web (WWW) – гиперсілтеме тұжырымдамасын іске асыратын және HTTP(Hypertext Transport Protocol) гипермәтінін жеткізу хаттамасының басқаруымен жұмыс істейтін Интернет құраушысы (компоненті).

Бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор) Всемирная паутина– World Wide Web (WWW) Всемирная паутина– сөзбе сөз: бүкіләлемдік өрмек (Ғалам тор), қысқаша – Web – гипермәтін қағидасына негізделген және мүмкін болатын барлық мультимедиалық ресурстарды (бейне-, аудио, графикалық және т.б.) пайдалана отырып ақпаратты ұсынуға қабілетті қатынастық жүйе.

Бүкіләлемдік Өрмек (Ғалам тор) – Всемирная паутина(World Wide Web, WWW) – веб-браузермен қарап шығуға арналған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ ол «Өрмек» немесе «веб» атауымен де белгілі.

Біліктілік сертификаты – Сертификат компетентности сертификаттау жұйесі ережелерінің негізінде жарияланған және аталған тұлға белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға білікті болып саналатынын айғақтайтын құжат.

Білім беретін бағдарлама – Образовательная программа – белгілі бір деңгейдегі білім мазмұны және бағыттылығы: Жалпы білім беру бағдарламасы – общеобразовательная программа – тұлғаның ортақ мәдениетін, оның қоғамдағы өмірге бейімделуін қалыптастыру, кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдау мен игерудің негізін құру мендеттерін шешуге бағытталған жалпы білім мазмұны. Кәсіптік білім беру бағдарламасы – Профессиональная образовательная программа – кәсіптік және жалпы білім деңгейлерін дәйекті түрде арттыру, мамандарды сәйкес біліктілікке дайындау мендеттерін шешуге бағытталған кәсіптік білім мазмұны. Кәсіптік-техникалық бағдар – Профессионально-техническая ориентация– белгілі бір мамандық немесе мамандықтар тобы бойынша еңбек ету қызметі үшін қажетті практикалық машықтарды, білімдерді меңгеруге бағытталған білім.

Білім беретін компьютерлік ойындар Образовательные компьютерные игрышет тілдерін үйрену үшін арналған білім беру технологиясының ерекше формасы, оған компьютерлік есеп кітаптары және тренажерлар да жатады.

Білім беретін өнімдер мен қызметтер Образовательные продукты и услугиоқу процесінде пайдаланылатын проекциялаудың автоматтандырылған құралдарының көмегімен алынған ақпараттық технологиялар (мәселен, бейімделінген желілік курс).



Білім беру – Образование – мақсаты қоғам мүшелерін жоғары деңгейлі адамгершілікке, мәдени және физикалық дамуға, кәсіптік біліктілікке тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі.

Білім сапасы – Качество образования – бұл оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын білімнің белгілі бір стандартты нормаға, білім алушының мақсаты мен мұқтаждығына сәйкестігі.

Білім сапасы – Качество образования– білім беру жүйелерінің қабылданған талаптарға, әлеуметтік нормаларға, білім беру стандартына сәйкестігін (барабарлығын) анықтайтын бірқатар жүйелі әлеуметік қасиеттер мен сипаттамалар.

Білімдер базасыБаза знаний – объектілердің қасиеттері, процесстер мен құбылыстардың заңдылықтары туралы мәліметтері бар кейбір пән саласына жататын білімдердің және шешімдер қабылдау үшін осы мәліметтерді берілген жағдайларда пайдалану ережелерінің ұйымдастырылған жиынтығы.

Білімдерді тестілеу жүйесіСистема тестирования знанийоқушылардың білімдерін тексеруді қамтамасыз етуге икемделінген бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық кешен. Көптеген жағдайларда мұндай жүйелерді пайдалануды екіге бөледі: білімдерді жеке тексеру және өзін өзі тексеру (сынақ тексеру). Бірқатар жағдайларда жеке жүйені бөлмейді, тестілеудің жеке бірегей модульдерін желілік курсқа құрамдастырады.



Білімдерін өзі бақылау (өзін өзі тексеру) Самоконтроль (самопроверка) знанийөзін өзі тексеру режімінде білімдерді тестілеу жүйесінің көмегімен алынған білімдерінің олқылығын көрсететін және өткен материалды түсіну дәрежесін өзіндік бағалау.

Білімдік ақпаратОбразовательная информация– бұл оқып үйренуші сол немесе басқа қызметті білікті түрде орындауы үшін оған берілуге қажетті білім.

Білімдік бағдарлама – Образовательная программа – білім мазмұнының өзгешелігін және білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.

Білімдік грант – Образовательный грант – кәсіптік білім алуға төлеу үшін білім алушыға тегін берілетін ақшаның мақсатты сомасы.

Білімдік қызмет – Образовательная услуга– Білімдік өнімдерді қашықтықтан оқытуды пайдаланушының билігіне беретін білім беру ұйымдары немесе білім саласын көрсететін қызмет.

Білімдік өнімдер – Образовательные продукты– Оқу процесіне енгізу үшін қалыптастырылған ақпараттық мәліметтердің жиынтығы.

Білімдік ресурстар – Образовательные ресурсы– білім беретін бағдарламаларды тиімді меңгеруді қамтамасыз ететін ақпараттар көзінің жиынтығы. Бұл ресурстар қашықтықтан оқытуда үлестірушілікпен сипатталады, яғни ақпараттар көзі бір бірінен алыста орналасқан болады. Үлестірілген білім ресурстарына білім алушының қатынас құруы телеқатынастық құралдардың (бәрінен бұрын Интернет құралдарының) көмегімен қамтамасыз етіледі.

Білімдік технологиялар –Образовательные технологии– бұл білімдік ақпараттыоның көзінен тұтынушығажеткізу үшін пайдаланылатын және оны ұсыну формасына тәуелді дидактикалық әдістер мен тәсілдердің кешені.

Бір рангалы желі – Одноранговая сеть (Peer-to-Peer Network) – тең құқықты компьютерлерді біріктіретін желі.

Бірдәрежелі желі (Peer-to-Peer Network) – теңқұқықты компьютерлерді біріктелетін желі.

ВАК-технологиясы (Виртуальдық ақпараттық кеңістіктер технологиясы) – ВИП-технология (технология виртуальных информационных пространств) – заттық байланысты ақпараттық компьютерлік бейнеде кәдімгі техноголияның объектісімен алмастыру үшін графикалық, офистік және желілік технологияларды білім беретін жаңа әлеуметтік маңызды жүйелермен қосу және алыстағы клиентпен тікелей өзара әрекеттесу үшін оларды біртұтас логикалық түрде реттелген ақпараттық жүйемен біріктіру.

Веб-бет – Веб-страница (Web page) – белгілі бір ақпараты бар дербес бет. Веб-беттердің топтастырылған жинағы веб-сайтты құрайды.

Веб-бет – Веб-страница(Web page) – желіге (Интернет) орналастырылған, меншікті адресі бар (URL) және браузерге бейнелеуге қол жететін құжат. Әдетте, мұндай құжат HTML форматында орындалады.

Веб-беттің сыртқы түрін ауыстыру – Подмена внешнего вида веб-страницы (Web page defacement) – веб-сайттың сыртқы түрі мен ақпаратты өзгерту мақсатымен оған жасырын қатынау.

Веб-браузер, браузер (Web browser) – мәтінді, графиктіжәне басқа мультимедиалық бар ақпаратты, мысалы, әуенді, қамти отырып, веб-беттерді табатын және бейнелейтін бағдарламалық жасақтама.

Веб-краулер (Webcrawler) – спамды жөнелтуге пайдалану және одан әрі сақтау үшін электрондық поштаның адрестерін іздестіруде Ғалам торды «айналып өтетін» бағдарлама.

Веб-сабақтар – Веб-занятия – телеқатынастық құралдардың және «Ғалам тордың» басқа мүмкіндіктерінің көмегімен қашықтықтан өткізілетін сабақтар, семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар, практикумдар және басқа сабақтардың түрі.

Веб-сайт (Web site) – Бүкіләлемдік өрмектегі дербес веб-беттерден тұратын ұқсас ақпараттардың тобы.

Веб-сайт(Web site) – жергілікті гиперсілтемелермен байланысқан құжаттардың (веб-беттердің) жиынтығы.

Веб-форум – Веб-форум – тиісті бағдарлама орнатылған сайттардың бірінде қалдырылған жазбалардың көмегімен белгілі бір тақырып немесе проблема бойынша WWW-ті пайдаланушылардың істейтін жұмысының түрі. Чат-сабақтардан ерекшелігі – аса ұзақ (бірнеше күн) жұмыс істеу мүмкіндігі және өзара әрекеттің асинхрондық сипаты.

Виртуальдық дәрісханаВиртуальная аудитория – мұғалімнің және оқу процесі әкімінің нұсқауларын алу үшін желілік технологиялардың көмегімен аймақ бойынша таралған студенттерді біріктіру.

Виртуальдық кеңес беру – Виртуальная консультация – берілген тақырып бойынша онлайн тақырыптық талқылауды (кеңес беруді) қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту жүйесінің қызметі.

Виртуальдық сыныпВиртуальный класс – тікелей үйрететін жүйе арқылы әр түрлі бөлмелердегі немесе ғимараттардағы оқушылар тобымен өткізілетін сабақ.

Виртуальдық университет – Виртуальный университет – дәстүрлі оқу мекемелерінің атрибуттары (физикалық ғимараттары, сыныптары, зертханалары, жатақханалары және т.б.) жоқ, әр түрлі буындары (деканаты, кафедрасы және т.б.) географиялық түрде бөлінген, бірақ ауқымды Интернет желісі немесе басқа компьютерлік желі арқылы белсенді және табысты түрде өзара әрекеттесетін білім беру құрылымы; мұндай оқу мекемесінің құрылымы, әдеттегідей, орталық өкілдіктен, аймақтық (территориялық) орталықтардан және аймақтық (территориялық) өкілдіктерден тұрады.

Виртуальдық университет (ВУ)– Виртуальный университет (ВУ)– оқу мақсатындағы қызметтік міндеттің әмбебап жинағы барвиртуальдық өкілеттілігініңжиынтығын қамтитын аймақтық үлестірілген және мамандандырылған ақпараттық білімдік ортаның типтік бағдарламалық кешені.

Виртуальдық шындық Виртуальная реальность – оқып білуге жататын микро немесе макроәлемдерде өтетін процесстер туралы, немесе шынайы әлемдегі басқа күрделі процесстер туралы аудиобейнежүйе жасайтын білім алушының қиялындағы жалған әлем.

Виртуальдық шындық – Виртуальная реальность– өзекті, оқиғалы шындық, уақыттың осы сәтінде шынайы түрде маңызды болып саналатын болмыстың қатпары.

Вирус – «көбеюге» және басқа бағларламаларға «жұғуға» қабілетті арнайы компьютерлік бағдарлама. Ол «жұққан» дискет немесе «жұққан» файл арқылы пайдаланушының рұқсатынсыз компьютерге кіре алады. Вирустардың көпшілігі салмақты зиян келтіруге қабілетті: бағдарламаның жұмыс істеуін баяулатады, мәліметтерді жояды немесе операциялық жүйені істен шығарады.

Вирус (Virus) – өзін көшірмелейтін және компьютерлер мен желілердің жұмыс істеуін бұзатын шағын бағдарлама.

Геоақпараттық технологиялар – Геоинформационные технологии – бірінші кезекте кеңістік талдау әдісін пайдаланатын мәліметтерді ұштастыру мен біріктірудің жоғары деңгейінде автоматтандырылған басқарудың барлық мәселелері қағида түрінде шешілетін геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған технологиялар.

ГипербайланысГиперсвязь – қандайда бір тәсілмен атап көрсетілген немесе ерекшеленген сөз немесе сөз тіркесі, егерде оған тышқанмен тілдессеңіз басқа блокты, құжатты, гиперортаның бетін, гипермәтінді, WWW ғаламторды, гипермәтіндік жүйені бейнелеуге мүмкіндік береді.

ГипермәтінHypertextгипертекстөзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Ерекшеленген сөзде немесе сөз тіркесінде тышқанды шерте отырып, пайдаланушы осы тақырып жарияланған файлдарды тез таба алады.

ГипермәтінГипертекст – бірлестік түрда байланыс жасайтын блоктар түрінде ұсынылған мәтін.

Гипермәтін – Гипертекст– гиперсілтеме көмегімен сондай етіп құрылған мәтін, ол бір мезгілде мәтіндердің мағыналық бірлігі мен жиынын құра отырып, мәтіндердің иерархиялық жүйесіне айналады.

Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – әр түрлі веб-беттердегі немесе тіпті гиперсілтемелер көмегіменәр түрлі сайттардағыақпараттарды байланыстыру тәсілі.

Гипермәтін – Гипертекст (hypertext) – өзара сілтемелермен (гиперсілтемелермен) байланысқан веб-беттердің жүйесі, сілтемелердің арқасында бір беттен басқа кез келген бетке немесе беттің бір орнынан екінші орнына орын ауыстыруға болады. Сілмемелер сөздерді де, графикалық объектілерді де байланыстыра алады. Гипермәтін «қағаздық» беттердің тізбектей байланысқан жинағы ретіндегі оқулық туралы дәстүрлі түсінікті өзгертеді.

Гипермәтінді жеткізу хаттамасы протокол передачи гипертекста – HTTP(Hypertext Transport Protocol) –World Wide Web-те пайдаланылатын желелік хаттама.

Гипермәтінді жеткізу хаттамасы протокол передачи гипертекста (Hypertext Transport Protocol (HTTP)) – желідегі материалдарды ұсыну аспабы. Ол материалдардың орналасу орындарына тәуелсіз желінің бір ресурсынан екінші ресурсына өтуге мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұл гипермәтіндік құжаттарды жеткізу үшін пайдаланылатын желінің базалық хаттамасы.

Гипермәтінді жеткізу хаттамасы – Протокол передачи гипертекста (Hypertext transfer protocol, HTTP) – Ғаламтор бойынша ақпаратты жөнелту мен алу үшін пайдаланылатын хаттама, немесе ережелер жинағы.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – сөзбе сөз – гипермәтіндерді белгілеу (таңбалау) тілі. Бұл арнайы командалар-тэгтердің көмегімен компьютерлерде құжаттарды браузермен біркелкі бейнелеуге мүмкіндік беретін құжаттарды форматтау ережесі.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – "Ғалам тордың" негізгі "тілі". Веб-беттердің көпшілігі html (htm)-форматында әзірленген.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі – Язык гипертекстовой разметки (Hypertext Markup Language (HTML)) – құжаттарды сипаттаудың гипермәтіндік тілі – Web құжаттарын әзірлеу үшін қолданылатын сценарийлер тілі.

Гипермәтіндік ентаңбалау тілі (Язык гипертекстовой разметки (Hypertext markup language, HTML)) – веб-беттерді әзірлеу үшін пайдаланылатын бағдарламалау тілі

Гипермәтіндік жүйеГипертекстовая система – электрондық құжаттардың кітапханасын құруды қамтамасыз ететін құрал.

Гипермедиа (hypermedia) – енжар және белсенді графикалық кескіндері, дыбысты, бейнені, виртуальдық шындықты қамти отырып, web кеңістігінде тұратын мультимедиадағы бар ақпарат.

Гиперорта Гиперсреда – бірлестік түрінде бір бірімен байланыс жасайтын, салыстырмалы түрде шағын блок түрінде ақпараттың кез келген түрін ұсынатын технология.

Гиперсілтеме – Гиперссылка– сондай-ақ гипербайланыс, гипер линк немесе жай – линк қолданылады. Бұл берілген мәтіндегі басқа орынға, сайттағы (жергілікті сілтеме) немесе желінің басқа ресурсындағы (ауқымды сілтеме) берілген веб-бетке өтуге арнайы түрде дайындалған нұсқау.

Гиперсілтеме – Гиперссылка– файлдардың немесе бір файлдың үзінділерінің арасындағы байланыс.

Гиперсілтеме – Гиперссылка (Hyperlink) – сізге веб-беттердің арасында орын ауыстыруға мүмкіндік беретін веб-сайттағы сілтеме. Гиперсілтеме әдетте асты сызылған мәтінмен, жиірек көк түспен бейнеленеді.

Гиперсілтеме, гипермәтіндік сілтемеГиперссылка, гипертекстовая ссылка – әдетте түрлі түспен және астын сызумен ерекшеленетін Web-беттердің элементі. Басқа Web-құжатқа немесе сол электрондық құдаттың басқа бөліміне тез өту үшін пайдаланылады

Гипермәтін – Гипертекст (Hypertext) – гиперсілтемелердің көмегімен әр түрлі веб-беттердің немесе тіпті әр түрлі сайттардыңақпараттарын байланыстыру тәсілі.

Гирляндамен тіркеу – Сцепление гирляндой (Daisy chaining) – бірнеше шоғырлағышты жалғастыру түрі.

Графикалық редакторГрафический редактор – графикалық кескіндерді әзірлеу және/немесе редакциялау үшін арналған бағдарлама. Графикалық редакторлардың екі класын жеке қарастырады: растрлық редакторлар және векторлық редакторлар.

Ғалам тор – Всемирная Паутина (World Wide Web, WWW) – веб-браузермен қарап шығу үшін құрылған Интернеттегі беттер мен сайттардың жинағы. Сондай-ақ «Өрмек» немесе веб атауымен белгілі.

Дәріс – Лекция– оқытушының оқу материалын ауызша, монологиялық, жүйелі, бір ізді баяндауы болып табылатын оқыту әдісі, оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі.

Дәрістер конспектісі – Конспект лекций– белгілі бір оқытушы оқитын барлық курстың материалын жинақы формада бейнелейтін оқулық-теориялық басылым (дәрістер тезисі). Дәрістер конспектісі оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын қысқаша түрде ашады, онда мысалдар, безендірулер, егжей-тегжейлік, екінші дәрежелі детальдар болмайды.

Дәрістер курсы – Курс лекций – оқу пәнінің мазмұнын толығымен жарыққа шығаратын оқу-теориялық басылым (жеке дәрістердің жиынтығы). Белгілі бір оқытушының материалын бейнелейді.

Дербес компьютерПерсональный компьютер – ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап.

Дидактика (грек. Didaktikos – оқытушылық бойынша (поучительный) білім беру мен оқыту (мақсатын, мазмұнын, оқытудың заңдылықтары мен қағидаларын), сондай-ақ оқыту процесіндегі тәрбиетеориясын дайындайтын педагогиканың бөлімі.

Динамиқалық IP адрес – Динамический IP адрес (Dynamic IP address)компьютер желіге кірген кезде онлайн сессиясы уақытында әрқашанда тағайындалатын IP адрес.

Дисассемблер ассемблер мнемонигі түрінде жұмыс істейтінбағдарламаның машиналық коды болып табылатынқызметтік бағдарлама. Бағдарламаның машиналық кодын баптау және қарап шығу үшін, сондай-ақ жұмыс сітейтін бағдарламаның кодына өзгертулер мен түзетулер енгізу үшін қолданылады.

Дискіні сығымдауСжатие диска – дискіге жазылатын ақпаратты нығыздау. Көлем бірлігіне үлкен ақпарат орналастыруға мүмкіндік береді. Дискіні сығымдау кезінде сығымдалған томның арнайы файлы жасалады да келешкете барлық ақпарат оған буып түйілген түрде жазылады. Ақпаратты буып түю және ашуды арнайы драйвер басқарады. Windows 98 операциялық жүйесінде қатқыл дискіні сығымдау тек FAT 1б файлдық жүйесін пайдаланған кезде ғана мүмкін болады.

Дискіні форматтауФорматирование диска – дискіге ентаңба салу және оған қызметтік ақпаратты жазу. Дискіге мәліметтер жазуға оны дайындаудың қажетті кезеңі болып саналады.

Дистрибутивтік жинақДистрибутивный комплект жинақы-дискілер мен иілгіш дискілер жинағы түрінде жеткізілетін және компьютерге қосымшаларды орнату үшін арналған бастапқы бағдарламалық қапшық.

Дихотомикалық тестілік тапсырмалар – Тестовые задания дихотомические – тестіде дұрыс орындалған кезде 1-балмен, дұрыс орындалмаған кезде 0-балмен бағаланатын тапсырмалар.

ДоменDomain – Интернет-тің ең ірі құрылымдық бірлігі. Әдетте бұл ел немесе басқа үлкен құрылым (мысалы, үкіметтік немесе коммерциялық). Интернетте компьютерлер тобын ұйымдастыруға домендер иерархиясының көмегімен домендер атауының қызметі – DNS мүмкіндік береді.

Домендер атауының жүйесі – DNS(Domain Name System) - система имен доменов - Internet-те пайдаланылатын атаудың үлестірілген қызметі. Мысалы, ftp.novell.de – бұл Novell-дің барлық өніміне бағдарламалық түзетуі бар Алманиядағы Novell серверінің атауы.

Домендік атау (Доменное имя (Domain name)): веб-сайттың барлық ақпараты бар болатын сервердің атауы, мысалы, microsoft.com.

Домендік атаулардың сервері – Сервер доменных имен (Domain Name Server, DNS) IP адресті домендік атқа және керісінше түрлендіретін сервер.

Доменнің атауыDomain nameимя домена – доменнің өзін және ұйымның бірегей атын қамтитын домендік атаудың толық адресі, мысалы, ssau.ru.

Драйвер бағдарламалар мен қосымшалардың жабдықтармен, мысалы, бейнеадаптермен, өзара әрекетін басқаратын қосалқы бағдарлама.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS, Basic Input-Output System) – Базовые системы ввода-вывода – әдетте компьютердің тұрақты жадына жалылған бағдарламалар тобы. Программы BIOS бағдарламасы компьютердің бастапқы жүктелуін және кейбір стандарттық құрылғылармен өзара әрекетін басқару үшін арналған.

Жабдықтардың қақтығысуыКонфликт оборудования – аппараттық жасақтаманың бірнеше бірлігінің компьютерлік жүйенің сол бір аппараттық ресурстарын (үзулер желісін, сыртқы порттар адресін, дискіге тура қатынау арналарын) пайдалануға талаптанатын жағдайы.

Жабдықтардың үйлесімі Конфигурация оборудования – компьютерлік жүйенің жабдықтарының құрамы.

Жабық формалы тестілік тапсырмалар (жауапты таңдау нұсқалары бар) – Тестовые задания закрытой формы(с вариантами выбора ответа) – сыналушы бірнеше нұсқадан дұрыс жауапты таңдауы тиіс болатын тестілік тапсырманың түрі, әдетте олардың біреуі дұрыс, ал қалғандары (дистракторлар деп аталатынлары) дұрыс емес болады.

Жағдаяттық міндет – Ситуационная задача – шығармашылыққа жуық модельді таңдауды шешу үшін, талап етілетін түйінді білімдерді пайдаланып белгілі бір іс-әрекетті имитациялайтын модель.

Жалауша–Флажок –сұқбаттық терезені басқару элементі. Белгілі бір параметрді таңдау немесе бас тарту үшін қызмет етеді..

Жалғанкод Псевдокод – кәдігімгі тіл сөздерінің көмегімен бағдарламаның кодын жазудың формальды емес тәсілі. Мұндай жазбалар ережесінің жеке жүйесін өзі үшін программистің өзі дайындайды.

Жалғастыратын желі – Dial-up linkкоммутируемая линиябөлінбеген қатынастық арна бойынша Internet-пен қымбат емес байланысты қамтамасыз ететін желі.

Жалғастырғыш – Коммутатор (Switch) – шоғырлағышқа ұқсас орталық жалғастыратын құрылғы. Желіден ақпарат ала отырып, жалғастырғыш оны осы желідегі тағайындалған орынға жөнелтеді.

Жаңалықтар тобы – Newsgroupгруппа новостей – пікір сайыс жүргізу және жаңалықтар алмасу үшін ұйымдастырылғанUSENET-тегі желілік форум – телеконференция.

ЖарлықЯрлык –Windows 95/98 жүйесіндегі таңбашаның алуан түрлілігі. Жарлық, басқа таңбашалардан ерекшелігі, объектіні ұсынбайды, тек оған нұсқайды. Таңбашалардан сондай-ақ солжақ төменгі бұрышында көрсеткінің бар болуымен ерекшеленеді.

Жарнамалық бағдарламалық жасақтама – Рекламное програмное обеспечение (Adware) – бағдарлама жұмыс істеген кезде сіздің экранда қалқып швғатын, жарнаманы демонстрациялайтын бағдарламалық жасақтама.

Жасырын файлСкрытый диск – ол орналасқан каталогты (қапшықты) қарап шығу кезінде үнсіз келісім бойынша бейнеленбейтін файл. Әдетте жасырын файлдар оларды әдейі жою немесе өзгерту мүмкіндіктерін азайту үшін пайдаланылады.

Жедел жадОперативная память – бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде динамикалық түрде пайдаланылатын компьютер жадының түрі. Мәліметтерді өңдеу немесе қабылдау/жеткізу кезінде оларды қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Желі – Сеть (Network) – қандайда бір тәсілмен жалғастырылған, адамдар ақпараттар алмаса алатын және жабдықты бірге пайдалана алатын компьютерлер тобы.

Желі бойынша жүріс – Хождение по сети (Surfing the net) – Ғалам торда беттерді парақтау.

Желі ресурсы – Ресурс (resource) сети – пайдалы ақпараты бар кез келген веб-сайт.

Желіаралық өзара әрекетМежсетевое взаимодействиеәр түрлі желілерде орналасқан абоненттік жүйелер мен әкімшілік құрауыштардың өзара әрекеттесу әдістері.

Желіаралық экранFirewall(брандмауэр)– брандмауэр – Интернетке жалғанған ұйымның желісін сыртқы пайдаланушылардың рұқсат етілмеген қатынас құруынан қорғайтын құрал.

Желілік адаптер – Сетевой адаптер (Network Interface Card, NIC) – компьютерді желіге қосатын, компьютердің ішінде орнатылған аппараттық жасақтама.

Желілік бейімдеуіш – Сетевой адаптер (Network Interface Card, NIC) – компьютердің ішіне орналастырылған және оны желіге қосатын аппараттық жасақтама.

Желілік курс – Сетевой курс– қатынас құру жергілікті және ауқымды желі арқылы жүзеге асатын ақпараттық-бағдарламалық жүйе. Желілік курстың негізіне пән саласы мен оны оқып үйренуге арналған аспаптар туралы ақпарат жатады.

Желілік курс модуліМодуль сетевого курсабілімнің әр түрлі деңгейіне межеленген бірнеше баламасы бар желілік курстың аяқталған құрамды бөлігі.

Желілік курс оқырмандарыЧитатели сетевых курсовоқытудың виртуальдық ортасына (әдеттегідей, электрондық кітапханаға) қатынас құра алатын, бірақ тьютордың кеңесіне және курс бойынша қорытынды аттестацияға құқығы жоқ адам.

Желілік курстың қызметтік толықтығыФункциональная полнота сетевого курса – басқа көздерге қатынас жасамастан қажетті аз білімдерді алуға жарамдылық.

Желілік қызметСетевая службапайдаланушы мен қолданбалы процеске Интернет жілісі ұсынатын қызмет түрі.

Желілік операциялық жүйе – Сетевая операционная система (Network Operating System, NOS) – желіде болатын барлық іс-әрекетті басқаратын, ұйымдастыратын және тексеретін бағдарламалық жасақтама.

Желілік технология – Сетевая технология – білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшінде де, оқытушы мен білім алушылар арасында интерактивтік өзара әрекет үшін де Интернет желісін пайдалануға негізделген технология.

Желілік технологияСетевая технологияашық/қашықтықтан білім алу процесінде Интернет жілісін пайдалануға негізделетін ақпараттық технология.

Жергілікті желі – LAN - локальная сеть – бір бірінен шамалы қашықтықта орналасқан және өздерінің арасында мәліметтерді жеткізу үшін бір бірімен байланысты компьютерлердің және басқа құрылғылардың тобы.

Жеткізуші – Поставщик – тұтынушыға өнімді жеткізіп (апарып) беруші мекеме (ұйым). Ескерту:Келісім (шарт) жағдайларында жеткізіп беруші мердігер деп атала алады. Жеткізіп беруші, мысалы, өндіруші, көтерме сатушы, шетелге шығарушы, құрастырушы немесе қызмет көрсетушы мекеме бола алады. жеткізіп беруші ішкі де, сыртқы да бола алады.

Жетістіктер тестісі – Тест достижений – біліктердің машықтардың және білімдердің қол жеткізілген деңгейін бағалауға бағытталған тест.

Жинақы-дискКомпакт-диск – лазерлік сәулемен мәліметтерді шығарып оқу үшін арналған және мәліметтері немесе әуені бар оптикалық дискілер түрінің бірі. Мәліметтерді сақтайтын жинақы-дискілерді CD-RОМ дискілері деп те атайды. Компьютерде жинақы дискілрді оқу CD-ROM дискжетегінің көмегімен жүогізіледі. Жинақы-дискіде жаңа жазу мүмкін емес.

Жинақылық (тасымалдаушылық, өзара алмастырушылық) – Мобильность (переносимость, взаимозаменяемость) – жетілдіру немесе аппараттық тұғырды ауыстыру кезінде бағдарламаларды, мәліметтерді тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ашық жүйенің қасиеті және осы жүйеге немесе жүйенің аппараттық тұғырына өгерістер енгізу кезінде мамандарды қайта дайындамастан олармен жүмыс істеу мүмкіндігі.

Жоғалған тізбешеПотерянная цепочка – бірде бір бар файл орналастырылмаған дискінің бос аймағы жаңа файлды әзірлеу үшін мүмкін болмайтындығы көрініс табатын дискідегі логикалық қателік.

Жоғары деңгейлі домен – Домен верхнего уровня (Top-level domain, TLD) – веб-сайтта сақталатын, сервердің типін көрсететін домен атауындағы жұрнақ, мысалы, .com – (коммерциялық) немесе .edu (білімдік).

Жөнелту тізімі – Список рассылки – бір хабарды барлық жазылушыға бір мезгілде жөнелту үшін модератор құрастырған e-mail адрестерінің жинағы. Хабарды алушылар да жөнелту тізімінің барлық мүшелері (модератордың сәйкес қондырғылары кезінде) ала алатын хабарды жөнелте алады.

Жұмыс үстеліРабочий стол – дайындау элементінің қызметін орындайтын Windows объектісі. Объектілердің, қапшықтар мен қосымшалардың терезелерінің, сондай-ақ операциялық жүйенің басқа объектілері мен басқару элементтерінің таңбашаларын орналастыру үшін қызмет етеді. .

Жұмыс үстелінің тақырыбыТема Рабочего стола – Windows 95/98 объектілерін берілген тақырыпқа сәйкес біртұтас мәнерде ұсыну үшін арналған безендіру схемаларының, таңбашалардың, тышқан көрсеткіштерінің және безендірудің басқа элементтерінің жинағы.

Жұмыстық кодРабочий код – бағдарламаның атқарылатын кодын қараңыз.

Жүйе дискісіСистемный диск – стационарлық қатқыл дискіден компьютерді жүктеу мүмкіндігі болмаған кезде компьютерді бастапқы жүктеу үшін арналған иілгіш диск. Әдетте жаңа операциялық жүйені орнату кезінде, ақаулықты іздеу кезінде немесе қатқыл дискіні қайта форматтау қажеттілігі кезінде пайдаланылады.

Зертханалық (практикалық) сабақ – Лабораторное (практическое) занятие – оқытушының басшылығымен оқу пәнінің ғылыми-теориялық негіздерін меңгеру, шығармашылық іс-әрекеттің машықтары мен тәжірибелеріне ие болу, техникалық құралдарды пайдаланып практикалық жұмысты орындаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру мақсатымен студентердің оқу тапсырмаларының кешенін орындауын қамтитын оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі.

Зертханалық практикум – Лабораторный практикум – тақырыбы, тапсырмасы және өтілген материалды меңгеруге, бекітуге және білімдерді тексеруге мүмкіндік туғызатын белгілі бір курстың көлеміндегі зертханалық жұмыстарды немесе практикалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулары бар практикум.

Индекстейтін бағдарлама (Индексирующая программа (Index program): автоматтық іздестіруге ыңғайлы қалыпта веб-сайт үшін сақталған ақпаратты құрылымдайтын және ұйымдастыратын, пайдаланушыдан жасырын іздестіру жүйесінің бөлігі.

Интерактивтік мультимедиа курсы – Интерактивные курсы мультимедиа – курс пен оның әр түрлі құрауыштарын басқару бойынша бағыттау жүйесімен қамтамасыз етілген мультимедиа бағдарламалары бар гипермәтіндік құрылым түрінде ұсынылған оқу материалы.

Интерактивтік өзара әрекетИнтерактивное взаимодействие– электрондық поштаны, электрондық хабарландыру тақтасын, онлайн тақырыптық талқылауды, чатты, аудиоконференцияны, мәліметтер мен файлдар алмасуды, біртұтас планшетті, біртұтас желілік қосымшаны және б-ды қамтитын компьютермен өзара әрекет және «адам-мәшине» сұқбаты.



ИнтернетInternet – көптеген елдегі университеттерді, үкіметтік ғылыми-зерттеу зертханаларын, әскери ұйымдар мен коммерсиялық компанияларды қамтитын әлемдегі ірі желілір жиынтығы.

ИнтернетInternet – компьютерлердің арасында байланысты қамтамасыз ететін бүкіләлемдік желі. Интернетті әр түрлі мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген қызметтері бар.

Интернет (Internet) – әлемдегі ең танымал және үлкен, желілердің бір үлкен желісіне миллион компьютерді қосатын компьютерлік желі.

Интернет (Internet) – стандарттық хаттамалармен өзара әрекеттесу үшін пайдаланылатын компьютерлердің ауқымды желісі.

Интернет (Internet): миллиондаған компьютерді бір алып желілірдің желісіне қосатын әлемдегі ең белгілі және үлкен компьютерлік желі.

Интернетқызметінің провайдері – провайдер услуг Internet (Internet Service Provider) – (Интернеттің бөлігі болып саналатын) өз компьютерлері арқылы Интернетке қосылу бойынша қызметтерін ұсынатын компания немесе басқа мекеме

Интернет оқытуИнтернет обучение – студенттердің оқу ақпараты көзі және Интернеттің компьютерлік желісі арқылы бір бірімен байланысы бар шын уақыттағы оқыту.

Интернет-білім беруИнтернет-образование – Интернет ауқымды желісінің ресурстары мен технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын білім беру. «Қашықтықтан білім беру» ұғымына қатысты оқытудың техника-технологиялық ерекшелігін – интернет желісін пайдалануды қатаң реттейтін айрықша түрі болып саналады (Қашықтықтан Интернет арқылы ғана емес, жергілікті желілердің көмегімен, бейне байланыспен және т.б. оқуға болады).

Интернет-оқулықИнтернет-учебникИнтернетке орналастырылған, біртұтас интерфейспен жарақталған, берілген оқу пәні бойынша үнемі дамитын оқу-әдістемелік кешен. Интернет-оқулық компьютерлік оқулықтың сол сапаларына ие және қосымша таралымын арттыру мен жедел жаңартылу мүмкіндігінің бар болуы.

Интернет-оқытуИнтернет–обучение – білім алушылардың компьютерлік Интернет желісі арқылы ақпарат көзімен, оқытушымен немесе бір бірімен байланысы кезіндегі оқыту.

Интернет-технологияларИнтернет-технологии – желідегі іс-әрекет немесе Интернет желісінің көмегі негізінде болатын ақпараттық, телебайланыстылық технологиялар, сондай-ақ сервистік қызметтер.

Интернеттің қызмет көрсету провайдері – Провайдер услуг Интернет (Internet Service Provider, ISP) – Интерненке қатынас құруды ұсынатын компания. Қызмет көрсетудің төлемі уақыт бойынша немесе трафикті есепке алу негізінде жүзеге асырылатын болады.

Интероперабелдік – Интероперабельность (англ. Interoperability) – жүйенің басқа жүйелермен өзара әрекеттесу қабілеттілігі.

Интерпретатор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессорға түсінікті машиналық кодта тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Түсініктеме беру процесі тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компилятормен салыстырыңыз).

Интерпретация – бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру процесі. Интерпретация процесі интерпретатордың басқаруымен тікелей бағдарламаны орындау кезінде болады (Компиляциямен салыстырыңыз).

Интерфейс – компьютерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушыларының арасындағы өзара байланыс.

Интерфейс (Interface) – веб-сайттағы сіз көре алатын терезе.

Интражелі – интрасеть – Web торабы бар корпоративішілік желі. Мұндай желілер Интернеттен оқшауланған немесе брандмауэрлер көмегімен Интернеттің сыртқы пайдаланушыларының қатынас құруынан қорғалған бола алады.

Интранет (Intranet) – Интернеттің көптеген қызметтік мүмкіндіктеріне ие ұйымдардың немесе бірлестіктердің ішкі желісі (корпоративті желі). Интранет Интернетке қосылған бола алады.

Информатика – бұл компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сондай-ақ оны әзірлеудің, сақтаудың, іздестірудің, түрлендірудің, жеткізудің және адамзат баласы іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың әдістері мен заңдылықтарын оқып білетін пән.

Информатика – есептегіш техника құралдарымен ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу тәсілдерін, сондай-ақ осы құралдардың жұмыс істеу қағидалары мен оларды басқару әдістерін жүйелейтін техникалық ғылым.

Иілгіш диск Гибкий диск – арнайы қоршамға қамтылған, беті магниттелген диск түріндегі сыртқы ақпарат тасуыш. Көлемі үлкен емес мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді, оларды бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау қолайлы.

Каталог – файлдарды және қосымша салынған каталогтары бар болатын файлдық жүйенің бөлімі. Windows 95/98 жүйелерінде «катало»г терминінің орнына әдетте тым кең қапшық термині пайдаланылады.

Каталог– файлдардың дискідегі орналасу орнын көрсететін анықтама.

Кәбіл-арна – Кабель-канал (Conduits) механикалық зақымданудан кәбілді қорғауға пайдаланылатын жатық түтік.

Кейс – оқу мақсаты үшін бейімделінген проблемелық сипаттағы кәсіби қызметтің нақты немесе ойдан шығарылған жағдайының сипаттамасы. Кейстің мазмұны тақырыпқа «байланған», оның шешімі мәселенің мән-мағынасы мен одан шығу жолдарын анықтауды ұйғарады. Қашықтықтан оқыту жүйелерінде бұл термин студентке берілетін немесе жөнелтілетін дәстүрлі оқу материалдарының жинағын белгілеу үшін жиі пайдаланылады.

Кейс (case): (1) өз беттерімен жұмыс істеу үшін студенттерге беріліетін әртекті тасуыштардағы (баспа, аудио-, бейне-, электрондық материалдар) оқу материалдарының жинағы; (2) өз беттерімен талдау үшін студенттерге ұсынылатын нақты практикалық жағдаяттың сипаттамасы.

Кейс-технологиларКейс-технологииоқу-әдістемелік материалдар түсінікті түрде құрылымдалған және тиісті түрде арнайы жинаққа (кейс = портфельге) топтастырылған кезде арнайы дайындалған оқытушы-кеңесшілердің (тьюторлердің немесе нұсқаушылардың) кезеңдік кеңестерімен алыстағы (аймақтық)оқу орталықтарындағы, бөлімшелердегі, өкілдіктердегі, филиалдардағы немесе пункттердегі білім алушылардың өз беттерімен оқып-білу үшін жіберуге негізделгентехнологиялар.

Кейс-технология – оқу-әдістемелік материалдардың жинағын іріктеп жинау және оларды білім алушыға өзіндік оқып білу үшін оқытушылар-тьюторлардың кеңесімен қоса оның аймақтық тұрған орны бойынша (поштамен, электрондық поштамен) жөнелту (оқытудың сырттай және Қашықтықтан оқыту формаларында қолданылады).

КескінИзображение – білім алушының көзбен қабылдауына арналған ақпартты ұсыну формасы.

Кесте – Таблица– тік бағандар (графтар) мен горизондаль жолдарға ұйымдастырылған, өзіндік мағыналық тор құратын сөздік цифрлық материал.

Класс T1-ді қосу – Соединение класса T1 (T1 connection) – компаниялар пайдаланатын және жуықтап секундына 1.544 мегабит жылдамдықта Интернет желісіне қосу үшін жиірек шағын провайдерлермен қосу.

Класс T1-ді қосу – Соединение класса T3 (T3 connection) – секундына 44.73 мегабит жылдамдыққа дейін ақпаратты жеткізу үшін оптоталшықты кәбіл пайдаланылатын қосу.

Кластер – дискілік кеңістіктің ең аз адрестелетін бірлігі. минимальная адресуемая единица дискового пространства. Әдетте жазу біртұтас операция бірлігінің ауқымында жүргізілетін дискінің бірнеше физикалық бөлімдері бар. Кластердің мөлшері пайдаланылатын файлдық жүйемен және диск параметрлерімен анықталады. Үлкен дискілер үшін FAT 16 файлдық жүйесінде кластердің мөлшері 32 Кбайт-қа жете алады.

Клиент– қашықтықтағы компьютерден немесе серверден мәліметтер мен нұсқауды алуға және өңдеуге қабілетті аппараттық және бағдарламалық жасақтаманың үйлесімі.

Клиент (Client)ақпарат алу үшін серверге қосылатын желідегі компьютер.

Клиент-сервер желісі – Сеть клиент-сервер (Client/Server Network) – барлық бар ақпараты мен ресурстарын желіде тұрған басқа компьютерлерге бере алатын ерекшеленген компьютердің желісі.

Коаксиялдық кәбіл – Коаксиальный кабель (Coaxial cable)әлдеқашан ескірген өнеркәсіптік стандартқа сәйкес орындалған кәбіл.Теледидарлық антеннаны қосуға арналған кәбілге ұқсас.Пластмассаның оқшаулайтын қабатындағы мыс өзекшеден тұрады.Осы қабаттың бет жағы – метал шарбақтармен немесе фольгамен экрандайтын жабу және қорғаныш қабат.

Командалық батырмаКомандная кнопкасұқбаттық терезені басқару элементі. Командалық батырма сұқбаттық терезені ашу, қосымша параметрлері бар жаңа сұқбаттық терезені ашу, дайындалынған операцияларын орындау үшін пайдаланылады. Командалық батырмалар басқарудың ең интуитивті түрде түсінікті элементтерінің бірі болып табылады және тек сұқбаттық терезелерде ғана емес, басқаларда да пайдаланылады.

Командалық жолКомандная строка – пайдаланушының графикалық интерфейсі жоқ операциялық жүйенің командаларын енгізу үшін қызмет ететін жол, мысаылы, MS-DOS жүйесі. «Шақыру» термині де жиі қоданылады. Егерде тек команданы ғана емес, қосымша параметрлерді де енгізу талап етілсе, онда командалық жол қолайлы болады. Графикалық операциялық жүйелер әдетте арнайы сұқбаттық терезеде немесе командалық жолдың қызметін орындайтын қосымша тақтада беріледі.

Компилятор – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодында тәржімелеуді орындайтын қызметтік бағдарлама (транслятор). Интерпретатормен салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет