ПОӘҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014


Электрондық оқулықтың құрылымы



бет8/9
Дата25.12.2016
өлшемі3,31 Mb.
#5079
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Электрондық оқулықтың құрылымы


Бiз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

  1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.

  2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.

  3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:



  • сыртқы бетi;

  • титульдық экран;

  • мазмұны;

  • аннотация;

  • оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

  • оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

  • қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);

  • өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

  • өзiндiк бақылау жүйесi;

  • мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;

  • авторлар тiзiмi;

  • терминдiк сөздер;

  • оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;

  • оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.



Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы.

  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.

  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.

  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

  5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.

  6. Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың құрамы:

  • аннотация;

  • пән туралы қысқаша ақпарат;

  • жұмыс бағдарламалары;

  • электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

  • ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

  • теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

  • теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

  • практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

  • практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

  • бақылау тапсырмалары;

  • лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

  • бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

  • бақылау тестiлерiнiң жинағы;

  • телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

  • глоссарий;

  • әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

  • озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;

  • үйренушiнiң жұмыс папкасы;

  • мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.
Группа 67


Электрондық оқу курсының құрылымы









Группа 10

Электрондық оқулықты құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

  1. Оқу пәнiнiң мазмұндық көлемiн бағалау.

  2. Оқу элементтерiн үйренушiнiң бiлiмдiлiк, икемдiлiк дағдыларын қалыптастыру деңгейiне сай анықтау.

  3. Оқу материалын өзiндiк бiлiм алу деңгейiне бөлу.

  4. Оқу материалының мазмұнының негiзгi элементтерi (тарау, тақырып, сабақтар) аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесiн айқындау.

  5. электрондық сөздiк-анықтаманы (глоссарий) дайындау.

  6. Әрбiр тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлiк слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектiсiн дайындау.

  7. Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3 деңгейде – жабық, ашық және типтiк емес есептердi шешу).

  8. Көрнекi материалдарды электрондық түрде дайындау.

  9. Өзiндiк және практикалық сабақтарды жүргiзетiн материалдарды дайындау.

  10. Электрондық баспаны дайындау жұмыстарын мультимедиялық лабораториялардың мамандары (программалаушы, дизайнер, инженер) жалғастырады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.

Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:

Электрондық пошта телеконференция:



  • мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)

  • гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)

  • Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)

  • видеоконференциялар

Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.

Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.

Оқыту ортасын дамыту құралдары

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:



  • компьютерлiк үйрету бағдарламалары

  • электрондық оқу құралдары

  • компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау

  • электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

  • аудио және видеоматериалдар

  • Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар

Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы

Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды.

Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.

Оларды тиімді колдана білудің аркасында өз бетімен білім алу процесін дұрыс жолға қоя бі-луге мүкіндік туады. Білім беруге бағытталған бүл жүйелердің педагогикалық мүмкіншіліктері олардың көмегімен игерілген бі-лімді жаңа жағдайларға сәйкес өз бетімен қолдана білу қабілетіне ие болуымен сипатталады. Ал ол кабілеттіліктін мән-мағынасы төмендегідей болып келеді: белгілі объектінің функцияларын (қызметгерін) көре білу; объектінің өзіндік кұрылымын және алға қойылған мақсатты шешудің тиімді әдістерін қарастыру. Олардың мүмкіншіліктерін пайдалана білудің арқасында оқушының танымдық қызметінің үлгілерін жасау процестеріне байланысты туындаған проблемаларды шешуге бір табан жақындай түсеміз.


3. Информациялық қарым-қатынастар құралдарын қолданудың тиімді бағыттары.

Енді мультмедиа технологиясының мүмкіншіліктерінің калайша жүзеге асатындығын қарастырып көрелік. Мультмедиа технологиясы дегеніміз - ол СП КОМ компакт-дискасьшың технологиясын қолдануға негізделген аудиовизуальнық хабарларды қабылдаудың, әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өндеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультмедиалық-операциялық орта өте белсенді (интерактивті) сүхбаттьщ мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез келген аудиовизуальдық хабарларды түрлі формаларда (видеофильм, текст, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады.

Мультмедиа технологиясын колданудың педагогикалық мақсаты хабарларды әмоцианальдық түрғыдан кабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арітырумен және хабарларды өндеуге байланысты атқарылатьш өзіндік жүмыстардың түрлі формаларын қолдана білу кабілетін қалыптастырумен айқындалады.

Білім беру процесінде мультмедиа технологиясының жүзеге асырылуы компьютерлік жүйе мен телефон. теледидар, спутниктік байланыс құралдарын синтездеу деңгейінде телекоммуникация қүралдарын пайдаланумен тығыз байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өтілген құралдарды қолданатын кешендер еліміздің кез келген жерін қажетті хабарлармен жан-жақты қамтамасыз ету үшін хабарларды қабылдау-тарату жүйесіне бірігулеріне әбден болады. Мұндай жағдайда компьютерлік жүйе арқылы байланыстар жасау (жергілікті және әлемдік деңгейдегі) текстік, графикалық хабарларды пайдаланушы адамның сүраныстарын да қанағаттандырады және мәліметгердің орталық информациялық банкінен оның өзіне қажетті жауаптарды алуына да мүмкіндік туғызып отырады. Телекоммуникациялық байланыстар нақты уақыт ішінде жүзеге асып отырады, ал бұларды синхронды телекоммуникациялық байланыстар деп атайды. Олардың көмегімен жергілікті жерлердегі немесе аудандағы бірнеше кәсіптік мектептердің бірнеше топтарына бір уақытта сабақ беруді ұйымдстыруға болады. Телекоммуникациялық байланыстар шектеулі уақыт ішінде де (электрондық пошта) жүзеге асырыла береді, ал бұлар асинхрондық телекоммуникациялық байланыстар. Электрондық пошталар қажет болған жағдайларда ӘЕМ-ның жергілікті жүйесін де, телефонның ортақ жүйесін де пайдалана алады. Оның көмегіне сүйене отырып оқушылардың өздерінің қалаулары бойынша оқушылар ұжымдарын құруға да болады. Олардың мүшелері еліміздің қай түпкірінде болса да оқу, ізде-ніс немесе зерттеу сипатындағы жұмыстарды бірлесе отырып орындай алатындай мүмкіндікке ие болады.

Жоғарыда атап өтілгендерден басқа телекоммуникациялық жүйелер ресурстарын пайдаланудың тағы да бірнеше түрлері бар:

- тым алыс қашықтықта орналасқандарына қарамастан кез келген адамға қажетті тексті, графикалық бейнелерді, компьютерлік бағдараламаларды, дыбыстық хабарларды тез арада жеті-зе алатын қазіргі заманның әлектрондық поштасы;

- пайдаланушы адамның (абоненттің) өзіне кажетті хабарларды өзінің электрондық жәшігінен алуға мүмкіндік тудыратын тарату тізімдері;

- белгіленген сөздер және суреттер бойынша қажетті хабар-лар мен көріністерді (дыбыс, видео, виртуалдық шындықтың элементтері және т.б.) іздестіріп-табуға мүмкіндік берумен қатар әлемдік жүйелермен де байланыс орнатуды қамтамасыз етіп отыратын дүние жүзілік мультимедиалык орта;

- өзін қызықтырған проблемаларды талқылауға араласуға мүкіндік беретін әлектрондық конференциялар («электрондық хабарламалар тақтасы»). Мұндай кезде әрбір адам өзінің компьютерінен алыстамай-ақ бір уақыттың ішінде бірнеше конференцияның жұмыстарына қатыса алады;

- әлемдік Интернет жүйесіндегі компьютерлердің көмегіне сүйене отырып, мәліметтердің түрлі базаларындағы іздестіру жүмыстарын жүргізуге жағдайлар туғызып отыратын жүйе;

- абонетке өзіне қажетті файлды алумен қатар өзінің файлдарын жіберуге мүмкіндік беретін файлдарды жіберудің протоколы.

Білім беруде компьютер кеңінен қолданыла бастаған кезде «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» деген термин пайда болды. Негізінен кез-келген педагогикалық технология – бұл ақпараттық технология, себебі оқытудың технологиялық процесінің негізін ақпарат және оның қозғалысы құрайды.

Компьютерлік технология бағдарламалап оқыту пікірін дамытады, қазірігі компьютерлер және телекоммуникация мүмкіндіктерімен байланысты, оқытудың әлі зерттелмеген технологиялық жаңалықтарын ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы - бұл компьютердің көмегімен, жүзеге асырылатын, оқушыларға қажетті ақпаратты дайындау процесі.

Компьютерлік технология келесі 3 нұсқа арқылы жүзеге асады:

1. «жету» (проникающая) технология реттінде (жеке дидактикалық міндеттер үшін жеке тақырыптар, бөлімдер бойынша компьютерлік оқытуды қолдану);

2. қолданылған технологиялардың ішінен мәндісін анықтаушы, «негізі» ретінде;

3. монотехнология ретінде (диагностиканың, мониторингтің барлық түрлерімен қоса оқу процесін басқару, оқыту - компьютерді қолдануға сүйенеді).

Компьютерлік технология мақсаттары:

- ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру, қарым-қатынас қабілетін дамыту;

- тұлғаны «ақпараттық қарым-қатынасқа» дайындау;

- оқушыға меңгеруіне байланысты оқу материалын беру;

- зерттеушілік іскерлігін, тиімді шешім қабылдау іскерлігін қалыптастыру.

2. Компьютерді оқыту процесінің барлық кезеңддерінде қолдануға болады: жаңа материалды түсіндіру (кіріспе)кезінде, қорытындылау, қайталау, білім, іскерлік, дағдыны бақылауда. Бұл кезде ол бала үшін әр түрлі: мұғалім, жұмыс істейтін құрал, оқыту нысаны, қызметтес ұжым, ойындық орта сияқты функцияларды орындайды.

Мұғалім функциясында компьютер орындайды:



    • оқу ақпаратының көздерін;

    • көрнекілік құрал;

    • жеке ақпараттық кеңістік;

    • тренажер;

    • диагностика және бақылау құралдары.

Жұмыс істейтін құрал функциясында компьютер орындайды:

    • мәтінді дайындау құралы және оны сақтау;

    • мәтіндік редактор;

    • сызбаны құру, сызбалық редактор;

    • үлкен мүмкіндікті есептеуіш машина;

    • модельдеу құралы.

Оқыту нысаны функциясын орындайды:

    • берілген процесс бойынша компьютерлік оқыту, бағддарламалау;

    • әр түрлі ақпараттық ортаны қолдану.

Ойындық орта функциясын төмендегілердің көмегімен ұйымдастырады:

    • ойындық бағдарлама;

    • желі бойынша ойындар жинағы.

Компьютерлік технологияда мұғалімнің қызметі төмендегі функцияларды орындайды:

    • тұтас класс, пән деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру (оқу процесінің графигі, қорытынды бақылау, сырттқы диагностика);

    • класс ішінде жұмыс орнын орналастыру, белсенділікті ұйымдастыру;

    • оқушыларды жеке бақылау, оқушымен жеке «адамдық» байланыс орнатту, жеке көмек көрсету. Компьютердің көмегімен жекелеп оқытудың тиімді жетістіктеріне жетуге болады;

    • ақпараттық орта компоненттерін дайындау, олардың арнайы оқу курсының пәндік мазмұнымен байланысы;

3. Оқытуды ақпараттандыру оқушылар мен оқытушылардан компьютерлік технология құрылымының негізгі бөлігі ретінде қарастыратындай компьютерлік сауаттылықты талап етеді.

Компьютерлік технология мазмұнының құрылымына (компьютерлік сауаттылық) төмендегілер енеді:



    • информатика және есептеуіш техниканың негізгі түсініктерін білу;

    • компьютерлік техниканың құрылғысы мен мүмкіндігін білу;

    • қазіргі операциялық жүелерді білу және оның негізгі командаларын меңгеру;

    • операциялық құралдардың жалпы қолданылуын білу және олардың функцияларын меңгеру;

    • мәтіндік редактордың біреуін білу;

    • бағдарламалау тілі, алгоритмі жайлы алғашқы түсініктердің болуы.

Ақпараттық қарым-қатынастардың жоғарыда атап өтілген барлық түрлері телекоммуникациялық жүйелердің негізінде оқушылардың бойында хабарларды қысқа әрі нүсқа етіп беру қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізіп отырады. Сөйтіп, олар хабарлардың мазмұнын толық бере алатын қысқа болса да қажетті хабарларды толық қамтитын мәліметтер бере , алады және қажетті хабарларды белгілі бір белгілері бойыншаретке келтіре алады. Осылардың барлығы да оқушылардың бой-ында коммуникативтік қабілеттілікті қалыптастыруға дәнекер болады, ал олар өз кезегінде адамның өзіндік қасиеттерінің да-муында басты рөл атқарады.
Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Дидактические основы компьютерного обучения. Л., 1989.

2. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. –М.: Школа-Пресс, 1994.

3. Шеншев Л.В. Компьютерное обучение: прогресс и регресс// педагогика. –1992-№11.



Қосымша:

5. Петрусинский В.В. Автоматизированные системы интенсивного обучения. М., 1997.

6. Гейн А.Г. Основы информатики и вычислительной техники. М.: Просвещение, 1991.

9 дәріс тақырыбы: Бағдарламалап оқытудың жалпы сұрақтары


Жоспар:

1. Бағдарламалап оқытудың даму тарихы;

2. Бағдарламалап оқыту принциптері;

3. Бағдарламалап оқыту түрлері.


1.Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшілік жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл техноло-гия ХХ-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым - 1) оқыту - басқару процесі ретінде; 2) ақпараттық процесс; 3) жекелендірілген процесс ретінде алынған.

Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту - оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада: 1) оқу материалының өзі; 2) оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3) меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық түрғыдан аяқталған. Оқушы бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап оқытудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай қүрған:

1. жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;

2. педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуы-на бейімдеу.

Бұл әдіс бір бағытты деп аталады. Келесі әдістің авторы да - американдық ғалым Краудер. Бұл әдіскөптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада оқушы қойылган мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Оқушы бақылау сұрақтарына берген жауаптарыиасәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін.Белгілі бір тармақты немесе бүтақты өткеннен соң оқушы бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын оқушылар да болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже біреу – оқушылар берілгенбілім көлемін толық меңгеріп шығады.



Үшінші әдіс - бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталалады. Мұнда оқушының қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні оқушыныңалдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделілік деңгейі, сүрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.

Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:

1. Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;

2. Оқушылардың өздігінен белсенді жұмыстануы;

3. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейінің үнемі Скіқылауда болуы;

4. Оқыту типінің жэне оқу материалдары көлемінің жеке бас ерскшсліктеріне сэйкестігі;

5. Оқьгіудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.

Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға жэне оларды жетілдіре түсуге жағдай жа-і іі.і. Жоспарлапоқытудыңбастыміндеті-автоматтандырылған іі циларды жэне мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.

Аталған окыту арнайы оқыту бағдарламалар көмегімен Шс асады. Сондықтан да ол бағдарламалар оқыту жүйесінің қүрылуына байланысты бір тармақты (Скиннер), көптармақты (Краудер) және адаптивтік (Ресей ғалымдары) оқыту бағдарламалары деп бөлінеді.

Үшінші әдістің негізінде оқыту бағдарламасының блоктық түріне чехия ғалымдары ұсынған болатын (варшавалык бағдарлама деп аталып кеткен). Оның мынадай ерекшеліктері бар;

- Краудер мен Скиннер жасаған оқу бағдарламалары оқушыларға тек есте сақтау үшін қажет материалдарды баяндауды қажет етеді, сондықтан ол негізінде оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін бақылау ретінде кең қолданылады;

- Бұл бағдарламалардың түзілу принципі бихевиористік сұлба СR (стимул-реакция) негізінде жасалғандықтан оқушылардың өз бетінше жүмыс істеу қабілеттерін кең дамытпайды.

Мұндай кемшіліктерді блоктық әдіспен жасалған оқыту бағдарламалары жоя алады. Сондықтан осы әдіспен оқытудың принциптеріне тоқталайық. Төменгі сұлбада көрсетілгендей оқу бағдарламасының негізгі компоненті проблемалық блок болып табылады(П). Ол оқушылардың интеллектуалдық жүмысын ұйымдастырып, тэжірибелік іс-эрекетке бағыттайды.

Мұндай іс-әрекеттердің арқасында оқушылар ойлау қабілетінің бірнеше операцияларын іске асырады: жалпы қорытындау, дәлелдеу, түсіндіру, тексеру т.с.с. Бағдарламаның басқа компоненттері болса әр турлі блоктар ретінде берілген: ақпараттық (А), мәтіндік ақпарат (МА), мәтіндік - проблемалық (МП), коррекциялық түсінік (КТ), коррекциялық-проблемалық (КП) блоктар.

Ақпараттық (А) блоктың негізгі мақсаты, атында көрсетілгендей, белгілі бір жүйеге келтірілген ақпаратты беру. Ол тармақты немесе немесе көптармақты, тіптен дәстүрлі түрде берілуі мүмкін.

МА блогының мақсаты А блогында берілген білім мен білікті оқушының қалай меңгергенің тексеріп, оқушылардың әрі қарай П немесе МП блоктарына, олардың білім деңгейлеріне қарай бағыттау. Оқушылар П блогына МП блоктарына, олардың білім деңгейлеріне қарай, бағыттау. Оқушылар П блогына өту үшін, олар міндетті түрде А блогындағы материалды толық меңгерулері тиіс. Егер оқушы С1? С2, С3, С4... Спсекілді түсініктердің біреун меңгере алмай қалса, ол тиісті коррекциялық блокқа ауыса алады. Оның меңгергенін немесе меңгере алмағаны МП болғандығы тест көмегімен анықталады.

Бағдарламалап оқыту - дәстүрлі дидактиканың бөлімі немесе әдісі емес, педагогикадағы жаңа бағыт. Бағдарламалап оқыту – оқытудың компьютерлік құралдарының көмегімен оқыту бағдарламасы бойынша білім мен іскерлікті өзіндік және жеке меңгеруге бағытталған. Дәстүрлі оқытуда оқушы оқулықтағы мәтінді оқиды және қабылдайды, бұл жағдайда оның қабылдауы басқарылмайды, мөлшерленбейді. Бағдарламалап оқытуда негізгі пікір – оқыту бағдарламасының көмегімен оқушының оқу әрекетін басқаруы.

Оның мақсаттары:



    • оқытудың тиімділігін жоғарлату;

    • ғылыми өңделген бағдарламалар негізінде тиімді оқыту;

    • баланың жеке берілгендерін ескере отырып оқыту.

Бағдарламалап оқыту теориясы XX- ғасырдың 40-50 жылдары АҚШ дами бастады, кейін Европада. Ол оқыту технологиясының дамуына, техникалық қиын оқыту жүйесінің теориясы мен практикасын өңдеуге үлесін қосты.

Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшіліктерін бағдарламалап оқыту технологиясы толықтырады. Бұл технология ХХ ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болды.Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым кіреді:

1 - оқу материалының өзі

2 - Оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті

3 – меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген.

Оқу материалы бірнеше шағын бөлімдерге бөлінеді. әр қайсысы логикалық аяқталған.Оқушы бір бөлімді меңгергеннен кейін бірнеше вариантта қарастырылған бақылау сұрақтарға жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшеді. Дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап оқытудың негізін қалаушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:

1 – жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;

2 – педагогикалық жүйені оқушы ның өз бетімен білім алуына бейімдеу.

Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.

В.Скиннер бағдарламалап оқыту мынадай анықтама берген: бұл оқушының бағдарламамен қарым қатынас процесі, өзіндік оқыту процесі. Бұл бағддарлама бойынша оқушының жылжуы оның берілген тапсырманы орындауына байланысты. Егер оқушы тапсырманы орындаса, онда ол келесіге өтуге рұқсат алады, ал егер орындамаса бұрынғысына қайта келеді. Кейбір ғалымдар мұндай оқытуды «диалог» деп атауға болады дейді.


2.Бағдарламалап оқыту принциптері

В.П.Беспалько бағдарламалап оқыттудың төмендегідей принциптерін төмендегідей принциптерін ұсынады:

- принцип басқарылатын құрылғылардың арнайы «иерархиясы». «Иерархия» термині қандайда бір тұтас организмге немесе жүйеге сатылы бағыныштылықты білдіреді. Сондықттан мұндай организмді немесе жүйені басқару иерархиялық принцип бойынша құрылған дейді.

– принцип кері байланыс принципі оқу қызметінің барлық операциясы бойынша оқу процесін басқару жүйесін ұйымдастыру талап етіледі және ақпаратты қайта жасау сияқты кибернетикалық теориядан шығады. Бұл кезде ақпаратты қажетті негізде тек басқарушы обьектіден басқарушыларға ғана емес (тура байланыс), сонымен қаттар басқарылаттын обьекттіден басқарушыларға ақпаратты берудің жағдайы ескеріледі (кері байланыс). Кері байланыс педагогқа емес, сонымен қатар оқушыларға да қажетті; біреуіне – оқу материалын түсіну үшін, екіншісіне – түзету қажет. Оқушылардың нәтижесімен оның ақыл-ой әрекетінің сипаттамасын өзіндік түзету кері байланыс – ішкі байланыс деп аталады.

Егер осы әрекет оқыту процесін жүргізетін, басқарушы құрылғылармен жүзеге асырылса, онда мұндай кері байланыс – сыртқы деп аталады. Сонымен, ішкі кері байланыс кезінде оқушылар өз оқу жұмыстарының қорытындысын өздері талдайды, ал сыртқы кері байланыс кезінде оны педагог немесе басқаратын құрылғылар атқарады.

- принцип, оқу материалын беруде және алуда адымдық технологиялық (шаговый технологический процесс) процесті жүзеге асыру болып табылады. Бұл талаптарды орындау үшін оқыту бағдарламаларының жалпы түсініктілігіне жетуге мүмкіндік береді.

Адымдық оқу процедурасы бағдарламада оқу материалы өзара байланысқан жеке оқу тапсырмалары мен ақпараттардан тұратын технологиялық тәсіл.

Адым қатарына үш өзара байланысқан звено кіреді: ақпарат, кері байланыс, бақылау.

- принцип, бағдарлама бойынша оқушылардың жұмысы қатаң түрде жекеше болады. Оқушылардың жеке қызметі олардың өз бетімен жұмыс жасауына, үнемі мұғаліммен қарым қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.

- принцип оқушылардың қасиетін және тұлғаның арнайы қабілетін дамыту мен байланысты пәндерді оқыту кезінде бағддарламаланған оқу маттериалын беру үшін арнайы техникалық құралдарды қолдануды талап етеді.


3. Бағдарламалап оқыту түрлері.

Бағдарламалап оқытудың үш түрі бар: сызықтық, тармақталған, бейімделген.



    • сызықтық (линейные) бағдарламалар жүйелі ауысып отырып бақылау тапсырмаларымен бірге оқу ақпаратын көрсетеді. Оқушылар дұрыс жауап беру керек, кейде оны көптеген мүмкіндіктерден таңдайды. Дұрыс жауап берген кезде ол жаңа оқу ақпаратын алады, ал егер жауап дұрыс болмаса, онда алғашқы ақпаратты қайтадан оқу ұсынылады;

    • тармақталған (разветвленная) бағдарлама, сызықтық бағдаламадан айырмашылығы оқушы дұрыс жауап бермеген кезде қосымша оқу ақпараттар беріледі.Бұл жағдай оқушыға бақылау тапсырмасын орындауға, дұрыс жауап беруге және жаңа оқу ақпаратын алуға мүмкіндік береді;

    • бейімделген (адаптивная) бағдарлама – оқушыға жаңа оқу материалының қиын деңгейін таңдауға, оны меңгеруіне қарай өзгеруге, электронды анықтама, сөздік құралдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Әдебиеттер:

Негізгі:

1. М.М.Муканов Основные идеи и понятия программированного обучения /Под ред. Ред. В.А.Поцелуйко Алма-Ата 1973ж.



  1. Гебос А.И.Зависимость эффективности программированного обучения от способовактивизации познавательной деятельности учащихся. Автореферат канд. дис. М., 1969.

  2. Селевко Г.К.Современные образовательные технологии: Учеб. пособие для пед. вузов и институтов повышении квалю/ Селевко Г.К. М.: Народное образование 19986 –256с..

Қосымша:

      1. Оконь В. Введение в общую дидактику/Оконь В. –М.:Высш. шк.,1990 –381с.

      2. Скотт Т. Основы программирования: Курс программированного обучения/Скотт Т. –М.: Сов. Радио, 1965.

      3. Кукушин В.С. Современные педагогичесеие технологии: Нач. школа: Пособие для учителя. Ростов н/Д: Феникс, 2003. –437с.а

10 дәріс тақырыбы: Психологиялық-педагогикалықбағыттағымамандардаялауүрдісіндеоқытудыңбелсендіәдістерініңмәніжәнемағынасы



Жоспар

  1. Оқытудың белсенді әдістерінің мәні және мағынасы

  2. Оқытудыңбелсендіәдістерініңерекшеліктерініңсипаттамасы.

  3. Оқытудыңбелсендіәдістерінтоптастыру


1. Оқытудың белсенді әдістерінің мәні және мағынасы

Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстурлі сабақ студенттерді жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруді, бұған студенттерді тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс-тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс,сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.

Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты – білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, студенттер деңгейін, оқу аудиторияларының, материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.

Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына студенттердің жоғары кәсіби дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады.

Студенттердің өз бетінше білім алуына оны іс жүзінде пайдалануына, ізденіске, талабын ұштауға және білім деңгейін жетілдіріп, жаңғыртуға ықпал жасау жоғары және орта кәсіби мектептердің маңызды мөлшерінің бір паралық, яғни студенттердің шығармашылық қабілетін, бастамашылдығын, өз бетінше әрекеттенуін, тапқырлығын, әсершілдігін дамыту аса қажет. Қазіргі заманның мамандары дүние танымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісінде жаңа құралдар мен әдістемелерді енгізуді қажет етеді. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді және әрдайым психологиялық - педагогикалық талдауды талап етіп отырады.

Оқу мен оқыту – біртұтас үрдіс қандай жағдайда болсын оқыту ұстаз бен студенттің қақтығысы негізінде жүзеге асырылады. Оқу үрдісінлегі ең басты нәрсе – студенттерді белсенді танымдылық қызметке жетелеу болып табылады. Швейцариялық профессор Дн. Вейс кәсіби оқу мекемелерінің оқу үрдісін жандандырып, студенттерге деген доминанттық және авторитарлық көзқарасты жою қажет деп есептеді. Сөйтіп, оның үрдісінде жаңа баламалы формалары мен әдістерді ойлап тауып, енгізу қажеттілігін алға қояды. Әсіресе, Дн Вейс пәнаралық тапсырмаларды құрастыруға баса көңіл бөледі.

Ресейлік және шетелдік дидактика ғалымдарының ойлары бір жерден

шығып отырғандары мәлім. Сондықтан жоғары және орта кәсіби мекемелерінің оқытушылары білім берудің осы әдісі мен нұсқаларын кеңінен қолданылып, таратып келеді. М.И. Скаткин, М.И. Илясов, В.Я. Ляудис, В.В. Рубцов, С.И. Смирнов, М.М. Крюков, И.Я. Лернер, М.М. Махмұтов, А. Әбілқасымова т.б ғалымдардың еңбектері оқытудың осы психологиялық - педагогикалық неігізіне арналған.

Белсенді әдістердің мәні проблеманы шешу процесінде оқушылардың кәсіби іс - әрекет тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын тапсырмаларды оқуына байланыста оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі мынада, ол практикалық білімді меңгеруге мүмкіндік туғызатын практикалық және ойлау іс - әрекеттерін толық мәнде жүргізуге негіз болды.

Қазіргі педагогика студенттердің шығармашылдық ойлауын дайындауға іс - әрекет қажеттілігі мен шеберлігін тәрбиелеуге дербес ықпалдылық танытуға мүмкіндік туғызатын құралдар мен әдістерге өте бай.



Пайдаланылатын оқыту әдістері мен құралдарының ішінде кәсіби және өмірлік ситуацияларды талдауға негізделген белсенді әдістер ең тиімді құрал болып табылады. Оқытудың белсенді әдістері сабақты шынайы өмір жағдайына барынша жақындатады және материалды игеруді жүйелеуге ықпал етеді. Оқытудың белсенді әдістері түсінігі – оқыту қарқынын күшейту түсінігіне өте жақын.

Оқыту қарқынын күшейту – білім беру мерзімінің ұзақтығын сол қалпында қалдыра отырып, студенттерге барған сайын ауқымды ақпарат беру мүмкіндік іздестіру. Бұл проблеманы шешу тұлғаның шығармашылдық қабілет ұлғайтатын оқу-танымдық іс-єрекетте барынша жетілдірілген, ғылыми негізделген әдістерді басшылыққа алуды талап етеді. Оқу–тәрбие процесінің белсенділі мен қарқындылығын арттыру, проблемасы оқытудың сыртқы үлгілері мен құралдарын оның ішінде ішкі мазмұны мен теңдестіру жолымен шешілуі мүмкін. Қарқындылықты күшейту оқу–тәрбие процесіндегі екі негізге компонентті жетілдіру есебінен жүзеге асыруы мүмкін.

Мазмұн және оқыту әдістері келесідей қамтамасыз етіледі:

  • Танымдық іс - әрекеттің ұғымдық түрлерін кеңінен пайдалану;

  • Оқытушылардың бойында ұжымдық ойлау іс - әрекеттерін және ұғыну және басқару заңдарын қалыптастыру;

  • Проблемалық оқытудың әр түрлі түрлерін пайдалану;

  • Оқыту процесінде педагогикалық қарым - қатынас дағдыларын жетілдіру;

  • Топтық қарым - қатынас жағдайларында оқытуды дербестендіру;

  • Осы заманға оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

  • Оқытудың тиімділігін арттырудың басты құралы оқытудың белсенді әдістері болып қала береді. Олар оқушылардың кәсіби аясында соңғы уақыттары қалыптасқан дәстүрлік қысым мен стереотиптерді азайтады. Мысалы:

  • Әлеуметтік бөлектену (елдің бәрі сияқты емес);

  • Шамадан тыс шаршау (дағдылы тәсілдер уақыты, күшті үнемдейді);

  • Өзін - өзі бағалаудың төмендеуі.

2. Оқытудыңбелсендіәдістерініңерекшеліктерініңсипаттамасы. Оқытудың белсенді әдістері – оқушыларды оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс-әрекетке жұмылдыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқытушы мазмұндайтын дайын білімді игеру және оларды қайталау әдістері жүйесін пайдаланудан тұрмайды. Ол ең алдымен белсенді танымдық және практикалық іс- әрекеті процесінде студенттердің білім мен шеберлікті дербес меңгеруіне қатысты болады.

Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшеліктері :

  • Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;

  • Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;

  • Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;

  • Таным процесі сезімдік және ақыл – ой нәтижесін береді;

  • Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, оқушының студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;

  • Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;

  • Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.

3. Оқытудыңбелсендіәдістерінтоптастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мынаналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.

Білім жүйесін қалыптастыру бағыттарына немесе шеберлік пен дағдыларды меңгеруге байланысты оқытудың белсенді әдістерін еліктеуші емес және еліктеуші деп жіктейді. Еліктеушілік - әдетте кәсіби шеберлік пен дағдылар негізінде қалыптасады және кәсіби іс - әрекетті модельдеумен байланысты болады. Ойын немесе ойын емес болып жіктелу оларды ұйымдастыру жағдайына қарай анықталады.
Негізгі әдебиеттер:


  1. Махмутов М.И Современный урок Москва.:Педагогика.-1985

  2. Мачучкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении Москва.: Педагогика.- 1982

  3. Рубинштейн С.Л О мыслении и путях его иследования Москва.:-1988.

  4. Скаткин М.Н Что надо знать о проблемах современной дидактики Москва.: 1985.

  5. Махмутов М.И Организация проблемного обучения Москва.: Просвещение.- 1977.

  6. Мочалова М.ММетоды проблемного обучения и границы их применениеИзд: Казанского Унив – та, 1984

  7. Активные методы обучение и деловые игры Новосибирск, 1981

  8. Балаев А.А Методы обучения Москва.: Профиздат.-1986

  9. Игровое моделирование. Методология и практика. Москва.: Педагогика.- 1982.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Таңатарова Қ. Оқытудың тиімді әдістері/ Қазақстан мектебі 2000, №5-6, 16-17 б.

  2. Махатова Г, Бекманов Қ Жаңа әдістер оқу үрдісінде/ Қазақстан мектебі 2001, №11-12, 22-23 б.

11 дәріс тақырыбы:Дамыта оқыту технологиясы


Жоспар:

  1. Инновациялық оқыту мазмұны

  2. Шетелдік және отандық білім беру технологиялары және бағдарламалары

  3. Шетелдік білім беру технологияларын енгізу тәжірибесі

4. Дамыта оқыту технологиясының шығу тарихы, сипаттамасы
1. Инновациялық оқыту мазмұны

2030 жылға дейін орта мектептің білім беру стратегиясы – оқыту мен тәрбиенің міндеті және білім берудің негізгі сатысы ретінде жаңа халықтық модельмен қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыру қажет деп көрсетеді.

Орта мектепте білім мен тәрбие беру, оқытуды ұйымдастыруда жаңа альтернативтік тип – инновациялық оқытуды қажет етеді. Дж. Боткин инновациялық оқытудың мазмұнын түсіндіре отырып, оның нормалы оқытудан айырмашылықтарын анықтайды. Яғни, нормалы оқыту «қайталанбалы ситуацияларды әрекеттің ережесін меңгеруге бағытталған», ал инновациялық оқыту «болып көрмеген ситуацияларға қабілеттерін дамытуды көрсетеді».

Сонымен инновациялық оқыту – тұлғаның дамуына бағытталған ғылыми және мәдениеттілік білімдерін қолдау негізінде жүзеге асырылатын оқытудың ұйымдастырылған және жобаланған процесі.

Инновациялық оқытуға көшу жаңа технологияларды, яғни әр түрлі бағыттағы альтернативтік әдістемелерді, бағдарламаларды, әдістерді қолданусмен түсіндіріледі. Барлық осы жаңа тәсілдерді «педагогикалық технология » түсінігің астарына енгізуге болады, яғни ол «әдістеме» немесе «бағдарлама» түсініктеріне қарағанда кең және адамдық, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, жаңа білім беру мен тәрбиелеудіңмазмұнын түсіндіреді.

«Педагогикалық технология» қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылатын түсініктердің бірі. Білім беру технологияларын қолдану және өңдеу мәселелеріне байланысты арнайы әдебиеттер ұсынылуда және ғылыми-практикалық форумдар өткізілуде.

Қарастырылып отырылған түсініктің, яғни педагогикалық технология түсінігінің әйгілілігін әр түрлі түсіндіреді. Кейбір зерттеушілер оқыту мен тәрбиенің жоғары нәтижелеріне жетудің құралы ретінде бағаласа, екіншілері, жаңа педагогикалық технологияға көшу – білім беру алдында тұрған өзекті және перспективтік міндеттерді шешудің заңды процесі дейді.

Селевко Г.К. білім беру технологиясының классификациясын негізге ала отырып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізуге болатын педагогикалық технологияларды түсіндірген. Инновациялық мектепке дейінгі бағдарлам арсеналы кең емес, өйткені олардың құрылуы мен енуіне көп уақыт болған жоқ.



  1. Шетелдік және отандық білім беру технологиялары және бағдарламалары

  1. Педагогикалық технология педагогикалық процестің тұлғалық бағдары ретінде:

  • қарым-қатынас педагогикасы;

  • Санкт-Петербург қаласында А.И.Герцен атындағы РГПУ-нің мектепке дейінгі педагогика кафедрасында өңделген «Детство» бағдарламасы;

  • Ақыл-ой сезімі мен қарым-қатынасын дамыту бағдарламасы, Р.С.Безре, С.А.Улитко, М.В.Воробьева және т.б.

  1. Педагогикалық технология дидактикалық материалды кемелдендіру және қайта құру мақсатында:

  • ойлап табылған есептерді шешу теориясы. (Теория Решения Изобритательских Задач-ТРИЗ), Г.С:Альтшулер.

  1. Жеке пәндік педагогикалық технология:

  • сауаттылыққа оқытудың жастық және интенсивтік технологиясы, Н.А.Зайцев;

  • мектепке дейінгі ересек балалар үшін оқу және жазуға оқыту бағдарламасы, Е.Е.Шулешко.

  1. Денсаулықты жақсартатын технологиялар:

  • П.Иванова «Детка» табиғатпен шынықтыру жүйесі;

  • 5-7 жастағы балалардың денсаулығын жақсартудың комплекстік бағдарламасы, Н.Н.Большеглазова

  1. Дамыта отырып оқыту технологиясы:

  • дамыта отырып оқыту жүйесі Л.В.Занкова;

  • дамыта отырып оқыту технологиясы Д.Б.Эльконина-В.В.Давыдов;

  • «Радуга» бағдарламасы.

  1. Альтернативтік технологиялар:

  • вальдорфтік технология, Штайнер.

  1. Авторлық мектептердің педагогикалық технологиясы:

  • Серостың мектепке дейінгі жобасы – «Шаг за шагом».

  1. Педагогикалық технология оқушы әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негізінде:

  • ойлап табылған есептерді шешу технологиясы (ТРИЗ);

  • проблемалық оқыту;

  • ойын технологиясы;

  1. Педагогикалық технология оқу процесін тиімді басқару және ұйымдастыру негізінде:

  • «Балбөбек» бағдарламасы.

  1. Балабақшада оқыту және тәрбиелеудің тақырыптық бағдарламасына қосымша педагогикалық технологиялар:

  • 5-7 жастағы балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған оқыту бағдарламасы, М.С.Наумова;

  • интеллектуалды қабілетін дамытуға арналған «Заниматика» бағдарламасы, И.С.Роденко;

  • «Азбуковедение» бағдарламасы, М.С.Назимова;

  • 5-7 жастағы балаларды оқуға және жазуға үйрететін «Речецветик» бағдарламасы;

  • қазақ тілін тереңдетіп оқытатын «Атамекен» бағдарламасы, А.Е.Шалаханова;

  • 5-7 жастағы балаларды өнер заттарымен таныстыруға арналған «Истоки» бағдарламасы, Г.С.Шкиярман;

  • «Эвритмия» бағдарламасы, С.И.Скрытник.

Жоғарыда көрсетілген педагогикалық технологиялар – мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне енген жаңалық; айырмашылығы – оқыту мен тәрбие әдістері мен құралдарының интеграциясы, тәрбиешінің шеберлігі және шығармашылығы, ол педагог-әдіскер, технолог рольдерінде бола алады, ал тәрбиеленуші оқу-тәрбие процесінің субъектісі, белсенді қатысушысы болады.

Мысалы, мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық ұжымдары балалармен жұмыс жасау үшін ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандыратын және тәрбиеленушілердің кәсіби жағдайына байланысты кез-келген бағдарламаны таңдауға мүмкіндігі бар.

Осы бағдарламалардың ішінде Румянцева Л.Е. «Совершенствование подготовки детей к обучению в школе на основе инновационных технологии» деген зерттеу жұмысында мектепке дейінгі мекемелерге арналған шетелдік жаңа білім беру технологияларының Қазақстанда қолданылуын қарастырған.

Қазірде Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелердің практикасына Шетелдік және Отандық авторлардың балабақшада оқыту және тәрбиелеудің тақырыптық бағдарламалары енгізілген. Ресейлік («Радуга», «Развитие», «Дамыта отырып оқыту» бағдарламалары, Е.Е.Шулешконың мектепке дейінгі ересек балаларды жазуға және оқуға үйрету бағдарламасы, Н.А.Зайцеваның оқуға және есептеуге үйрету әдістемесі, Н.М. Крылованың әдістемесі, ТРИЗ, С.А.Улитконың «5-жастағы балалардың адамгершілік бағыттағы тәртібін қалыптасттыру әдістемесі», П.Ивановтың «Шынықтыру әдістемесі»), Шетелдік (Вальдорф педагогикасы, Монтессори әдістемесі, Соростың «Шаг за шагом» мектепке дейінгі бағдарламасы), немесе оның элементтері.




  1. Шетелдік білім беру технологияларын енгізу тәжірибесі

Кез-келген жаңалықтың даму тарихы болаттыны барлығымызға мәлім. Жоғарыда көрсеілген әдістемелердің біздің мемлекетімізге дейін, Ресейде меңгеріліп, дамыған. Ал олардың кейбіреулері, XIX-ғасырда пайда болғандары, шығыс елдеріне тарап, қазіргі уақытта кең түрде пайдаланылуда.

Жоғарыда аталған әдістемелерге тоқталсақ: Вальдорфтық педагогика– тұлғалық дамудың рухани және шығармашылық аспектілердің құрылуына бағытталған. Бірақ, бұл технологиялар қоршаған ортамен және қоғаммен өзара байланыс іскерлігін қалыптастырмаған. Бала өзін қоршаған ортаның: әлемдік заттар, ойлар, сезімдер, үлкендердің іс-әрекеттері әсерінен дамиды. Бұл жерде басты әдіс елікеу және үлгі бойынпа табылады.Ресейде Вальдофтық педагогиканы меңгеру және үйрену 1990 жылы іске асты. Алғашында Мәскеудің «Аристотель» педагогикалық клубында инициативтік топ негізінде жүргізілген. Қазір вальдорфтық педагогикамен айналысатын топтар көптеген қалаларда дамуда, бірақ вальдорфтық балабақшалар өте аз, ал оны құру қиын, негізгі мәселе – дайын педагогардың жетіспеушілігі.



М.Монтессори жүйесінің негізгі принциптері:

  • балалардың өзіндік даму қызығушылығын қолдау;

  • жеке оқыту, яғни дайындық ортасын құру, мұнда дидактикалық материалдарды педагог емес, бала өзі таңдайды және баланың еркін таңдауына негізделеді.

Ф.Ю. Фаусек сенсорлық тәрбиенің мәнін атап көрсетеді, яғни М.Монтессори жүйесінің басты принципі интеллект тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Интелект тұлғаны тәрбиелеу мен сезім мүшелерін тәрбиелеу тығыз байланысты. Сезім мүшелері тәрбиеленбеген тұлғадан, тәрбиелі интелект тұлға болуы мүмкін емес. М.Монтессоридің ойлап тапқан дидактикалық материалдары: баланың өзіндік дамуының оянуына әсер етеді, ойлау процестерін дамытады, әрекетін белсендендіреді, өзбеттілікке үйретеді.

М.Монтессори әдісі балаларға төмендегілерді үйретуге көмектеседі:



  • әлеуметтік тәртіпті меңгеріп, өзіне және қоршаған ортаға көмектесуге;

  • қозғалыс координациясын және өзін-өзі бақылауын дамытуға;

  • күнделікті өмірге қажетті құралдар мен заттарға дұрысс қарауға көмектеседі.



4. Дамыта оқыту технологиясының шығу тарихы, сипаттамасы

Дамыта отырып білім беру мәселесі 20 ғасырдағы ресей ғалымдарының еңбектерінде Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов аталып өтілген. Осы бағыт бойынша жұмыс жасаған және жұмыс жасап жүрген олардың шәкірттері – Л.А. Венгер, Ф.А. Сохин, Н.Н.Поддьяков, О.М.Дьяченко және т.б.

1960-80 жылдары Д.Б. Эльконин және В.В.Давыдов басқаруымен өңделген дамыта отырып оқыту тұжырымдамасы баланы педагогтың оқыту объектісі ретінде емес, оқу-тәрбие процесінің белсенді субъектісі ретінде қарастырған.

Дамыта отырып оқыту - бұл альтернативтік дәстүрлі оқыту жүйесіндегі тұтас педагогикалық жүйе. Дамыта отырып оқыту,тбір жағынан қабілеін және дарындылығын көрсету болса, екінші жағынан балада меңгерілмеген психикалық қабілеттері мен қасиетерінің пайда болуы мен даму жағдайын жобалайды.

Қазіргі уақытта Ресейде дамыта отырып білім беру пікірі «Развитие», «Золотой ключик», «Истоки» бағдарламаларында жүзеге асуда. Дамыта отырып оқыту бағдарламасының жеке элементтері «Радуга» бағдарламасында ұсынылған.



«Развитие» жаңа бағдарламасы. Бұл бағдарлама әйгілі Ресей психологы, Психология ғылымдарының докторы , профессор Л.А. Венгерджің басшылығымен өңделген, Ресейде үлкен танымалдылықпен қолданылады.

Бағдарламаның негізінде екі теориялық мағына жатыр. Біріншісі – бұл А.В.Зопорежец теориясы мектепке дейінгі кезеңнің өзін бағалауын дамыту, яғни баланы дамытудың негізгі жолы – оны әрекеттің формаларымен және тәсілдерімен толтыру және байыту. Екіншісі – бұл Л.А.Венгердің баланың қабілетін дамыту тұжырымдамасы. Олар кішкене адамға шындықтты талдауға, әр түрлі ситуациялардың өзіндік шешімін табуға көмектеседі. Осы теориялық жағдайларға байланысты бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – баланың ақыл ойы мен өнерге деген қабілетін дамытуға көмектеседі. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ттәрбиенің тұлғалық бағдарлы моделі негізінде балалармен үлкендердің жаңа өзара қарым-қатынасының құрылуын талап етеді. Жаңа формалар мен әдістердің қолданылуы ұсынылады.

«Развитие» бағдарламасы дамыта отырып оқытуға негізделген. Дамытудың міндеттері дифференциалды қойылады. Бағдарламаны өңдеуде, алдымен ттанымдық және шығармашылық міндеттерді шешу үшін қандай құралдарды балалардың меңгеруі керек және қай кезде бұл құралдар тиімді меңгерілетінін ескеру қажет.

Бағдарламаның негізгі бағыттары балалар бақшасында педагогикалық процесті құруға көмектеседі, сонымен қатар педагогикалық технологияларды өңдеу үшін негіз бола алады.

Ресейде тағы бір 5-7 жастағы балалардды дамыту , білім беру және тәрбиелеудің жаңа бағдарламасы «Радуга» кеңінен таралды.Бұл бағдарлама Т.Н.Доронованың басшылығымен өңделген. «Радуганың» жалпы мақсатының бағыттары:


  • әрекеттің тұтас бағыттылығын дамыту;

  • сананы дамыту;

  • баланың тұлғасын дамыту.

Бағдарлама балаларды мектепке оқуға жастайынан дайындауға арналған. Бұндай дайындық ересек топтарда емес, одан жас кезден басалады. Кіші жастан бастап жазу жазуға қолдарын дайындайды, балалар бақылауға, есте сақтауға, қорытынды жасауға үйренеді. Осындай жоспарланған жұмыстың нәтижесінде балаларда интеллектуалды және эмоционалды еріктің дамуы жүреді, танымдық ортасы дамидды, әлеуметтік көзқарасы қалыптасады.

Балалардың өмірін ұйымдастыру формасы мен міндеті бойынша бұл бағдарламаның дәстүрлі оқытудан айырмашылығы жоқ. Бірақ бағдарлама авторлары оны басқа бағдарламалармен байланыстыруды ұсынбайды.

Келесі, Е.Е.Шулешконың мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды жазуға және оқуға үйретубағдарламасы. Бұл бағдарламаны бала бақша тәрбиешілері 80-ші жылдардың басынан меңгеруде. Алғашында Е.Е.Шулешко бастауышта оқытудың жаңа тәсілін өңдейді, бірақ 1980 жылы А.В.Запорожец ұсынысымен оқытудың жаңа стилін мектепке дейінгі тәрбие әдістемесіне жақын етеді.

Бұл әдістеменің негізгі мақсаты – балалардың достық байланысын, олардың бірігіп әрекет жасауға бейімділгін дамытту, сауаттылыққа оқыту.

Е.Е.Шулешко әдістемесінің негігі бағыты – жазу мен оқуға оқытту болғандықтан ол ттөмендегі міндеттерді шешеді:


  • балаларды алфавитпен, баспа және жазу әріптерімен, жазу элементтерімен таныстыру;

  • қолын жазуға үйрету;

  • баланың сөзін, сөйлеуін дамытады;

  • дүниетанымын кеңейтеді.

Әр түрлі ойын әдістері сауаттылыққа оқытудың тиімді жолы болып қана қоймай, сонымен қатар психикалық процестерін, есте сақтау, ойлауын дамытады.

Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде педагог үшін балаға қиындықтар мен сәтсіздіктерге қарсы тұра алатын, өмірге бейімделуге қабілетті, жан-жақты ойлайтын, дамыған, еркін тұлға болуы үшін қажетті білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеругк мүмкіндік беру болып табылады.

Өзекті міндеттерді шешу үшін, біздің мемлекетімізде көптеген мектепке дейінгі мекемелердің практикасына енгізілген «теория решения изобретательских задач-ТРИЗ» әдістемесіне көңіл бөлу қажет.

ТРИЗ-дің негізін салған Г.С.Алттшуллер.

Балабақшаға ТРИЗ алғаш 1987 жылы енгізілген және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру міндетін шешеді. Балабақшада ТРИЗ-ді қолданудың мәнін төмендегідей көрсетуге болады:қоршаған ортаның барлық компоненттерінің байланысына сүейене отырып, нақты нәтижеге ұмтылу. ТРИЗ-баланың ынталы болуына, өзінің даралығын көрсетуге, өз күшіне және мүмкіндігіне сенімді болуға көмектеседі, мынадай өнегелі қасиеттерін, яғни (басқалардың жетістігіне қуану, іскерлігі, көмектесуі, көмектесу, қиын кезеңнен шығуға ынталану) дамытады.

ТРИЗ-математика, сауаттылыққа оқыту, балаларды эстетикалық және экологиялық тәрбиелеу сияқты жеке бағыттарды да қолданылады.

ТРИЗ технологиясы мектепке дейінгі балаларда болатын психологиялық тосқауларды белгісіз, жаңа заттардың алдында қорқыныштарды жоқ қылуға көмектеседі.

ТРИЗ – бұл алгоритм, әдіс және тәсіл жүйесінің көмегімен жүзеге асатын, жұмыс технологиясы.Бұл технологиямен жұмыс жасау үшін тәрбиешіден білімін жаңартып, толықтырып отыруды, соңғы зерттеу курстарында болуын талап етеді.



Зайцев Н.А. әдістемесі 2-7 жастағы балаларды оқуға, жазуға және санауға қызығушылығын ояту жолымен оқуға және санауға оқытуға бағытталған.

Зайцев Н.А. әдістемесі білім беру жағдайына негізделген, бірақ- басты әсер ететін орта жанұя болып табылады. Әдістемелік құрал балалардың ата-анасына бағытталған. Әдістеме мектепке дейінгі балалардың оқуға және санауға оқытуға арналған, мұндағы нәтиже балалардың психофизиологиялық ерекшелігіне , оқытудың формасына байланысты болады. Зайцев Н.А. әдістемесін қолдануда негізгі ерекшелік ретінде төмендегілерді атауға болады:



  • оқытудың даралығы (топта 3-4 адам болу керек);

  • оқытуда әр түрлі ойын тәсілдерін қолдану;

  • сабақтың қайталанылуы және жүйелілігі.

Міндетті шешу үшін әрекеттің әр түрлі формалары қлолданылады: сабақ, ойын- сабақ, жұмбақ-ойын, дидактикалық ойындар. Әдістеме әр баланың жеке ерекшеліктерін яғни, қызығушылығы мен қабілетін, тілегін ескеруге бағытталған. Оқуға, жазуға және санауға жеке оқыту жұмысы өңделген дидактикалық материалдың көмегімен ұйымдастырылады.

Зайцев Н.А. технологиясы типтік бағдарламаның қосымшасы болып табылады.Оның әдістемесі бойынша оқуға үйретуде балалардың барлық жас шамасы – 2-3 жас.

П.Ивановтың балаларды табиғатпен шынықтыру жүйесі бойынша денсаулығын жақсартудың «Детка» әдістемесі.

Шынықтыру шарасы: жалаңаяқ жүру, ауа ваннасы, суық сумен жуыну, тамағын суық сумен ысқылау, бассейінде шомылу, таза ауадағы дене шынықтыру сабағы, тренажерды қолдану, жаттығулар жасау, ыстық сумен сүртіну.

Бұл әдістеменің негізгі мақсаты: балалардың ауруын төмендетеді, организмді қорғау функциясын жоғарлату, табиғаттың қолайсыз факторларына қарсы тұру.

Әр халықтың өз ұрпағын тәрбиелеу үшін, ұлттық ерекшелігі бар. Осыдан бүгінгі күннің міндеті – халықтық дәстүрмен қаруланып, оларды тәрбиелеу процесін кеңінен қолдану.

Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие жұмыстарының мазмұнын жаңарту мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы бағдарламасы – оқыту мен тәрбиелеу жүйесі «Балбөбек».

Бұл бағдарлама бойынша мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс 1996 жылы енгізілген. Бағдарламаның ерекшелігі - өнерге тәрбиелеудің мазмұны болып табылады. Жан-жақты дамыған тұлғаның ұлттық психологиясын және өзіндік санасын тәрбиелеу.

Бағдарлама қазақ балабақшаларында қолданылуымен қатар орыс тіліндегі мектепке дейінгі мекемелерінде де қолданыс табуда. Балбөбек бағдарламасы тұтас тәрбие жүйесінің бірлігін қамтамасыз етеді. Балаларда қажетті іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда. «Балбөбек» оқу-тәрбие процесін құрудың базалық компаненті ретінде қосымша басқада бағдарламаларды қолданылуды ұсынады.

Жоғарыда аталған Ресейлік және Отандық жаңа бағдарламалар мен қатар қазір мектепке дейінгі білім берудің практикасына шетелдік технологиялар енгізілуде. 1995 жылдан бастап, Республикада апробация және адаптация жұмыстары бойынша Соростың «Шаг за шагом» мактепке дейінгі жобасы енгізілуде. Бұл жоба АҚШ-тың Джорджтау университетінің баланы дамыту орталығында арнайы Шығыс Европа мемлекеттері үшін өңделген.

Жобаның авторлары мынадай мақсат қояды - …….. мемлекеттерде баланы тәрбиелеудің жеке бағдарламасын құру. Бағдарлама мемлекеттік стандартпен сәйкес, балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына, мектепке дейінгі ұйымдардың базистік жоспарына қайшы келмейді.

Бағдаламаның басты міндеті – баланы өзгермелі орта өміріне дайындау, өз бетімен оқу іскерлігі мен шыдамдылығын қалыптастыру. Бұл үшін қабілеттің негізін қолдайтын жұмыстар көрсетілген, өзгерістерді қабылдау және олапрды жеңу, тыңдауын жүзеге асыра білуі, мәселені қоя және шаша білу, шығармашыл болу.

Соростың бағдарламысының негізінде сенім жатыр, балалар оқу процесіне нақ қызыққан жағдайда ғана жақсы дамиды. Тәрбиешінің құрған заттық ортасы, баланы зерттеушілікке, шығармашылыққа итермелейді. Ол үшін тәрбиеші бала дамуының заңдлықтарын терең білуі қажет, оқу процесін қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз ете білуі керек.

Бұл бағдарламаның негізгі кезеңі, оны жүзеге асыруға баланың жанұясының қатысуы болып табылады. Бағдарламаға ата-аналардың көмектесуінің негізгі формаларын ажыратуға болады:



  • топ қызметіне қатысуы (топ бөлмесін безендіруі);

  • тәрбие шараларын өткізу;

  • баланың бос уақытын ұйымдастыру (мерекелерде, экскурсияларда);

  • консультант ретінде жұмыс атқару;

  • жыл сайын ата-аналардың конференцияларына қатысу;

  • шаруашылық әрекетке қатысу;

  • ата-аналар жиналысына қатысу;

  • оқу бағдарламасына үйде орындалатын жеке бөлімін талқылауға және қабылдауға қатысу.

Сонымен қатар, ата-аналар өз балаларының жетістіктерін білетін тәрбиеші мен ата-

аналар арасында хат алмасу жүреді («Ата-аналар үшін күнделік» тәрбиешіден және керісінше, күнделікті ақпараттық парақ, хат).

Алматы қаласының біліктілікті жоғарлату институтының айтуы бойынша, 2000жылы «Шаг за шагом» моделі бойынша 20-ға жуық мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. Сорос бағдарламасы көбінесе отандық бағдарламаларға антипод болып табылады, ол өзгерісті түзеу үшін балалардың ата-аналардың белсенділігінен туады.

Жоғарыда ұсынылған бағдарламалар – мектепке дейінгі тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қажеттігін көрсетеді. Бірақ негізгі сұрақ мынада, осы енгізілген педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие процесіне тиімді ме?. Мектепке дейінгі педагогикалық ұжымардың басты міндеті, баланың алған білімінің қажеттігіне және әрі қарай сәтті оқуына кепілдеме беретіндей тиімді, оптималды технологияны таңдап алуы қажет.

4. Дамыта оқыту теориясына алғаш түсінік берген туралы И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, К.Д. Ушинскийдің және кейінғылыми негіздеген Л.С. Выготскийдің еңбектерінде көруге болады. Кейін осы оқыту технологиясын Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В.Занковтардың т.б. эксперименталды еңбектерінде жарық көрді.

1996 жылы Ресейдің білім беру министрлігінде Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В.Занковтардың білім беру жүйесін толық мойындай бастады. Ал басқа дамыта оқыту технологиялары авторлық альтернативті деңгейде қолданылады.

Қолдану деңгейі бойынша –жалпыпедагогикалық.

Негізгі даму факторы бойынша: әлеуметтік психогендік.

Меңгеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциотивтік-рефлекторлық +дамытушы.

Мазмұны бойынша: оқу-тәрбиелік, жалпы білімдік, гуманистік.

Ұйымдастыру формасы бойынша: сынып-сабақтық, топпен, жекеленген.

Балаға жақындау бойынша: тұлғалық бағдарланған.

Басым әдісі бойынша: дамыту.

Жаңашаландыру әдісі бойынша: альтернативті.

Оқушылар категориялары бойынша: жаппай.

Мақсатты бағдарлар:


  • Тұлғаның жоғары жалпы дамуы.

  • Жан жақты дамуы үшін негізін жасау.

Оқу процесінің негізгі мотивациясы таным процесі олып табылады.Дамыта оқыту әдістемесі оқушыларды әр түрлі әрекеттерге тарту арқылы дидактикалық ойындарды, дискуссияны, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, сөзхін дамытатын оқыту әдістерін қолдануды көздейді.

  1. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар білім беру процесінің негізгі элементі болып табылады, бірақ дамыта оқыту жүйесінде (Л.В. Занков) оның қызметі, ұйымдастыру формасы өзгеріп тұруы мүмкін.

Оның негізгі инвариантты сапалары:

  • Мақсаттар баяндамалардың алдында және БІД тексеруге тәуелді емес, тұлғаның басқа да қасиеттеріне де тәуелді;

  • Мұғалім мн оқушыныңынтымақтастығы;

  • Балалардың здік ой-өрісіне негізделген сыныптағы жағдай.

Әдістемелік мақсаты – оқушылардың таным белсенділігін сабақта көрсетуге жағдай жасау.

Бұл мақсатқа келесі жолдармен келеді:



  • мұғалім проблемалық ситуациялар, коллизиялар жасайды;

  • оқушының субъектілік тәжірибесін ашу үшін әр түрлі әдіс, тәсіл, формаларды оқы жұмыстарын ұйымдастыруда қолданады;

  • оқушылармен бірге жоспарды құрастырып талдайды;

  • сынып жұмысында оқушылардың әр қайсысын қызықтыруға атмосфера жасайды;

  • тек қана ақырғы нәтижені бағалап қоймайды, оқушының жұмыс процесін де (правильно-неправильно);

  • оқушылардың жаңа жұмыс тәсілін, тиімді жолын табу ынтасын мадақтайды, талдайды.

Сабақ ерекшеліктері

  • Таным барысы – «оқушылардан».

  • Оқушылар қызметінің өзгерушілік сипаттамасы: бақылайды, салыстырады, топқа бөледі, шешім жасайды, заңдалақтарды шешеді. Отсюда инной характер заданий: не просто писать и вставить пропущенные буквы, решить задачу, но пробудить к мыслительным действиям их планированию.

  • Мұғалім бағыттаған ұжымдық ізденіс, направленный учителем, который обеспечивается вопросами, пробуждающими самостоятельную мысль учеников, предварительными домашними заданиями.

  • Сабақта оқушылардың өздігін, таңдағыш, табиғи өзін-өзі анықтау.

  • Иілгіш құрылым. Белгіленген жалпы мақсат пен сабақты ұйымдастыру құрамы сабақтың түріне, мазмұнына қарай мұғаліммен нақтыланады.

Дамыту – уақыттаға индивитің дене және психологиялық згеруін көздейтін процесс, оның қасиеттері мен парамтрлеріне қарай аздан көпке, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға көшу.

Оқыту – адамның психикалық даму формасы, қажетті дамыту элементі.

Оқыту мен даму жеке өз беттерінше жүрмейді. Дамыта оқытудың негізгі тұжырымдамасы:

Дамыта оқыту — күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалык жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі окытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, окушының білім алу белсенділігінің түрінде, оќу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-катынас сипатында, танып-білу үрдісін үйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде т.б.

Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні - Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В. В.Давыдов пен Д. В.Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта окыту жүйелері. Л. С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің кептеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ, оны жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындыктар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.

Сонымен қатар, оқушы тұлғасын дамытуды оқытудың мақсаты ма,әлде мақсатқа жетудің амалы ма(құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлғаны дамытудыњ өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасыныњ дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың. түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру кажет.

Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, соңымен қатар, болашаққа болжаған оқушы тұлғасын езіндік жетілдіруіне, өзіндік калыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылыктар, білімділік және жеке тәжірибе, т.б.) позитивті өзгерістер енеді.

«Даму дегеніміз - материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады» деп тұжырымдайды 3.Қариев.


Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Педагогика /Под ред. П.И.Пидкасистого. М.: РПА, 1996



Қосымша:

      1. Кукушин В.С. Современные педагогичесеие технологии: Нач. школа: Пособие для учителя. Ростов н/Д: Феникс, 2003. –437с.а

      2. Скаткин М.Н Что надо знать о проблемах современной дидактики М.: Просвещение.- 1985.

12 дәріс тақырыбы:Кәсіптік мектеп үрдісіндегі оқыту құралдары



Жоспар:

  1. Оқыту құралдарының жіктелуі

2. Оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері

3. Оқу құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары


1. Оқыту құралдары -адамның табиғи түрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету үшін жэне оқушыларды оқытып-тэрбиелеуді жүзеге асыру үшін мүғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.

Оқыту қүралдары мазмүндылық, әдістер, ұйымдық формалар сияқты оқу жүйесі (жобадағы үлгі) мен оқу-тәрбие процесінің, сонымен бірге кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының басты базасының да компоненті болып есептелінеді.

Педагогикалық ғылым мен тэжірибедегі сан-салалы жүйелік қүрылымдардың компоненті болып саналатын білім берудің материадық қүралдары барлық басқа компоненттерге де ерекше ықпал етеді.

Мысалы, жаңа информациялық технология қүралдарының кеңінен қолданылуы - дәстүрлі сабақгың аясында түрып қалмай, оқушылардың өзіндік қызметінің түрлі формаларын (жеке, топтық) жан-жақты қарастыратын зерттеу, жобалау және проблемалық әдістерді тәжірибе жүзінде кеңінен қолдануға міндетті түрде алып келеді.

Сонымен қатар білім берудің мақсаты да, оның мазмүны да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Дэлірек айтсақ, жаңа құралдар мен техникалық жаңалыктардың туындауына байланысты ғана оқу бағдарламаларына окушылардың бұрынғы кездерде танысып-білуге мүмкіндік ала алмаған ғылым салаларының материалдары батыл түрде енгізілуде. Ал бүгінгі танда окушылар жаңа техниканың аркасында білім алудың жаңа әдістері мен технологиясын меңгере отырып, өздерінің шығармашылық потенциалының көзін ашуға, табиғи қасиеттері мен қабілеттерін одан әрі дамытуға толық мүмкіндік алып отыр.

Сонымен, дидактиканың категориялық аппаратында материалдық қүралдар (еңбек құралдары) білім берудің мақсатымен, әдістерімен, ұйымдық формаларымен қоса өзіндік статусқа ие болды.

Сонымен қатар оқу-тәрбие қызметінің құралы ретіндегі оқу құралдарының рөлі қоғамдық өмірдің барлық салаларының тех-никаландырылуына байланысты одан әрі арта түсуде.

Оқыту құралдарын жасау мен қолдану мәселесін көтерген ғылыми-зерттеу жұмыстарында оны жіктеудің (классификациялаудың) екі әдісі қамтылған: педагогикалық және инженерлік әдістер. Педагогикалық әдіс оқу процесінде түрлі дидактикалық әдістерді жүзеге асыруға негізделген. Осы орайда, ең бірінші кезекте оқушылардың білім алу мен танымдық қызметінің сан алуан түрлерін ұйымдастыруға, оқытушының оқу-тәрбие, мотивациялық және бақылаушылық және т.б. қызметтерін жүзеге асыруына ерекше мән беріліп отырады. Ал инженерлік әдіс болса оқу қүралдарының конструкторлық-технологиялық өзгерістерін, өндіріс тәсіліне байланысты оларды топқа бөлуді, оқушылардың білім алуына жағымды әсер ету жолдарын, эргономикалық мінездемелерді және т.б. үнемі ескеріп отырады. Дидактикалық түрғыдан алып қарастырғанда, біздің ойымызша, оқу құралдарын жіктеудің С.Г.Шаповаленкоүсынған жобасы көңілге қонымды сияқты.

І. Табиғи объектілер нақты зерттеп-білу мақсатында объективтік шывдықтың заттарын қамтиды. Олар: түрлі материалдардың, 1 іпикізаттардың, құралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу құралдарының бұл тобына табиғи көрнекі құралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық құралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықгарын да жатқызуға болады.

2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: үлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (үлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, ранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табақгары, радио және теледидар хабарлары).

Осы атап өтілген топтарды өзіндік белгілеріне байланысты одан әрі де жіктеуге болады.

Мысалы, үлгілер:

1) түпнұсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);

2) объектінің ішкі қүрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);

3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);

4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазықтық).

3. Заттарды және объективтік шындықтың құбылыс-тарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдарытестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықгар мен оку қүралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жүмысқа арналған нүсқауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.

Өз кезегінде білім берудің техникалық қүралдары ерекше топты қүрайды. Бүл оку қүралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату құралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық та-спа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т.б.

Техникалық құралдар тобына сонымен қатар түрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графопроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажерлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық құралдар, электрондық-есептеу техникасы жатады.

Сан алуан ақпараттық ортаны да жеке алып қарастыру керек сияқгы. Мысалға, шын мәнісінде оқу күралдарының санатына қосылмаса да, өзіндік ортаға тән жағдайды туындата алуға қабілетті және белгілі бір педагогикалық технологияны қолданған кездерде таным процесі, оқушылардың интеллектуалдық дамуы жүзеге асырылатын телекоммуникацияны (электрондық почта, электрондық конференциялар, ақпараттық ресурстар, интернет, жүйенің мультимедиасы) болады.

Бұл классификация (жіктеу) - факторларды жіктеу теориясындағы «даму факторы» сияқгы ең маңызды факторды ескере отырып жасалған. Сондықтан да ол оқу құралдарының мүлде жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туындайтын классификациялық белгілерді бөліп альш қарастыруға мүмкіндік бере алады. Осы жіктеу жайындағы ғылыми тұжырымдар жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткізіп пайда болса да видео жазбалары, электрондық есеп-теу техникасы, тренажерлар сияқты неше түрлі оқу құралдары білім беру жүйесінде өзіне лайықты орнын таба білді.
2. Оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері

Оқу құралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының түріне өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық қасиетгері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.

Дидактикалық қасиеттер дегеніміз - оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оку құралдарына тән болып келетін мүмкіншіліктерді ғана камти-ды. Оқу-тәрбие жұмысында түрлі әдістерді қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде қарастырылатын дидактикалық мүмкіндіктер дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстарына дәнекер болып отырады. «Дидактикалық қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» үғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстүрге айналған.

Оқыту құралдарының дидактикалық қызметтерінің әр-түрлі болып келетіндігіне қарамастан, олар ортаққызметтер атқарады. Атап айтқанда:

- оқушылар қабылдаған хабарларды үғынып түсінуді, түсініктер мен үғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете ала-тын көрнекілік қызмет;

- хабарлау қызметі, өйткені оқу қүралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де аткара береді;

- орнын толтырушылық қызмет оқу процесін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық, уақыт жүмсамай жетуге бағытталған;

- бейімделушілік қызмет оқу процесіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланы-сты үғымдар мазмүнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;

- интегративтік қызмет белгілі бір объектіні немесе құбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет (функция) оқу құралдарын ком-плексті түрде қолдану мен жаңа ақпараттық технологияның құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы кызметке (функцияга) оқушылардың іс-әрекеттерінің, қызметінің, операциялардың белгілі бір түрлерін жүзеге асыру мен алға қойған мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге бағытталған инструментальдық функция мен оқу процесінің сыртқы тұрақты мотивациясын қалыптастыру мақсатын көздейтін мотивациялық қызметті жатқызуға болады.

Оқыту қүралдарының барлық функциялары бір-бірлерімен тығыз байланысты болып келеді және оқу-тәрбие процесіне ком-плексті түрде әсер ете отырып, оның үйымдастырылуының дүрыс жолға қойылуы мен басқарылуын үнемі қамтамасыз етіп отырады

Жоғарыда біз жалпы дидактикалық тұрғыдан оқу құралдарының қалай жіктелетіндігін атап өттік. Ал сол белгілердің ішіндегі ең мәндісі - бізді қоршаған ортаның заттарын бейнелеу тәсілі арқылы ғана олардың жалпы дидактикалық функцияларын белгілі бір дәрежеде көрсетіп бере алған сияктымыз. Ендігі жерде өзіміз атап өткен оқу қүралдарының топтарына сипаттамалар беріп көрелік.



Табиғи объектілер. Табиғи объектілерге, әдетте оқушылар таратылған материалдар немесе көрсету арқылы таныстырылатын табиғаттың сан-салалы жанды және жансыз объектілерін жатқызады.

Көрнекілік - компоненттер ретінде жанды объектілерді қамтитын табиғи объектілерді таңдаудағы немесе көрнекіліктің р түрлерін жобалаудағы басты талаптардың қатарына жатады.

Дәл осы мақсатқа сай оқылатын ұғымдардың мазмұнын ашып-көрсетуге қажетті өзіндік белгілері айқындалған объектілер таңдап алынады. Табиғи объектілердің көрнекілігін одан әрі ушейте түсу мақсатында кодтың әр түрлі әдістері қолданылады. лгап айтқанда: түспен, сандармен, әріптермен белгілеу (кодтау). оқу процесінде табиғи объектілерді қолдануда олармен жұмыс істеудің ең басты әдісі - бақылау мен тәжірибе (эксперимент) болып табылады.

Көрнекі құралдар ретінде пайдаланудағы ең бірінші кезекті табиғи объектілер болып табылатын нәрсе, ол - құрал-жабдықтар және оның бөлшектері. Ал оларды арнайы дайындайды және өңдеуден өткізеді: кесіп, қиылады, жекелеген өлшектерді арнайы бояулармен бояйды, қапкаларына, сыртқы :акгарына (корпустарына), қаптарына көрінетін арнайы тере-;лер ойылады, ішкі қуыстарына жарықтүсіріледі, белгі беретін [амдар (лампочкалар) орнатылады және т.б.



Оқу үлгілері, муляждары (бедерлері), макеттері. Үлгілер табиғи объектілерді жасанды түрде кабылдап және оның ^рылымын, өзіндік қасиеттерін, байланыстарын және т.б. бере іатын көрнекілік-оқу бейнелеу құралдары болып саналады. Бұл арада атап өтетін бір жайт, нақты объектіні бейнелеп беруде шарттылыққа (үлкен және кіші әлем) да жол беріліп от-рады: оның көлемін үлкейту немесе кішірейту, объектілердің құрылымын берудегі схематизация, олардың түстерінің шартты түрде алынуы және т.б.

Үлгілердің ең типтісі және көп таралғаны материалдык, аттық)үлгілер болып есептелінеді. Олар көлемдік және азықтық болып екіге бөлінеді. Олардың араеындағы аралық жағдайды рельефтік кестелер алады.

Көлемдік үлгілер жиналатын (кескіш, жонғыш, атомдардың зекті жиынтығы, (түтік) муфта), статикалық (таңба салатын құралдар жинағы) және динамикалық (су тартатын аспап іасос), іштен жанатын двигательдің үлгісі) болып бірнеше түрге бөлінеді.

Көлемдік үлгілерге жалпы білім беретін пәндермен қатар техникалық пәндерді беруде қолданылатын муляждар мен макеттерді жатқызуға болады.



Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте үқсас етіп кәрсететін көрнекілік қүралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде накты объектілер нақты бей-неленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, түсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.

Муляждар мен макеттер бізді қоршаған ортаның кұбылыстары мен заттарының сыртқы қасиеттері мен өзіндік белгілерін жан-жақгы зерттеп-білу мақсатында қолданыс та-бады. Үлгілер зерттелетін объектілердің ішкі құрылысын және олардың іс-әрекеттерінің принциптерін, одан қалды машина мен механизмдердің кинематикасьн және т.б. зерттеп-білуге мүмкіндік береді.

Өздерінің қалай қолданылатындығына байланысты үлгілер, муляждар (макеттер) табиғи объектілер сықылды демонстрациялық (көрсетілетін) және үлестірілетін болып екіге бөлінеді.

Түрлі үлгілерді жобалаған уақытта дидактикалық мүмкіндіктері мен оқу қүралдарының белгілі бір түрінің функцияларына негізделген жалпы педагогикалық-эргономикалық талаптарды ескеріп отырған жөн. Ал олар төмендегідей болып келеді: ақпараттық, белгілі бір қызметке бейімделушілік, инструменталдылық, комплементарлылық (жетпейтін белгілердің орнын толтыруға тырысушылық) және т.б. Сонымен қатар бүлардың қатарына оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне және оқушылардың көңілінен шығатын көрнекілік қүралдарды тандауға байланысты туындайтын талаптарды да жатқызуға болады.

Үлгілердің құрамы, оларды жасаудың ерекшеліктері, көрнекілік сипаты, үлгісі жасалынатын объектінің немесе оның жекелеген жақгарының өздеріне ғана тән ерекшеліктеріне тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, жанды және жансыз объектілер заттарының құрылымы, зерттелетін аппараттардың, механизмдердің, электротехникалық бұйымдардың, құрал-жабдықгардың, технологиялық байланыстардың жүмыс істеу принципі, зертгелетін объектідегі компоненттердің өзара байланыстарының ерекшеліктері, информациялык қабылдау құралдары және т.б. оку кезінде үлгілердің сан алуан түрлері арқылы берілуі мүмкін.

Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және қүбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың қүрылымы, өзіндік қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты көрнекілік тұрғыдан бере алады.

Оқу кестелеріне қалыптасқан дәстүр бойынша оқу бары-сында көрсетілетін құралдарды жатқызамыз, алайда соңғы уақытта үлестірілетін материалдар түріндегі кестелер серияла-ры (әсіресе, анықгамалық мазмұндағы) кеңінен қолданыс таба бастаған сияқты.

Қажетті хабарларды беруге байланысты кестелерді бірнеше түрге бөледі: түрлі табиғи объектілер мен құбылыстарды бейнелейтін (суреттер, фотосуреттер) және олардың өзара үйлесімділігін бейнелейтін (плакаттар) объектілік-композициялық; графикалық (сызбалар, графиктер, диаграммалар, схемалар және т.б.); белгілер, формулалар, әріптер, жасанды және табиғи тілдердің сөздері арқылы берілетін белгілер (рәміздік).

Іріктелуіне қарай кестелерді жекелеген және сериялық деп екіге бөлеміз. Кестелердің ең соңғы түрінде жекелеген тақырыптар бойынша жасалған кестелер сериясын, анықтамалық және нұсқау кестелерді жатқызуға болады.

Соңғы кездерде түрлі пәндердің оқу тәжірибесінде электрлендірілген кестелер (стендтер) барған сайын жиі қолданылуда. Оларға, ең бірінші кезекте анықтамалық және нұсқаулық кестелер (әсіресе, техника қауіпсіздігі бойынша) жатқызылады.

Кәсіби білім берудің тәжірибесінде кестелердің ең көп тараған түрі - плакаттар болып табылады. Олар кей жағдайларда (жаппай мамандықгарға оқыту кездерінде) бір орталықтан шығарылады. Алайда плакаттарды мүғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өздері немесе олардың басшылығымен оқу орнының өзінде де дайындап, жасайтын кездер аз болмайды. Алмұндай оқу плакаттарының мазмүнын жасау мен оларды дай-ындау барысында төмендегі талаптар ескеріліп отырады:

- плакаттың мазмұны оның атауында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, ал мазмұны мүмкіндігінше түсінікті және көрнекілік жағы басымдау болуы керек; плакатка салынған бейнелерді оқушылар оку бөлмесінің кез келген жерінен көре алатындай үлкен болуы керек;

- иллюстрациялардың (бейнелердің) объектілері плакаттар-да өздерінің табиғи қалыптарында бейнеленулері қажет;

- плакатгардағы бейнелерді жасаған кезде олардың бөліктерінің көлемдік сәйкестіктерін дәл сақтауға тыры-сып отыру керек (әсіресе, бүл талап мәнді бөлшектерге байланысты болып келген сәттерде);

- бейнелердің ең мәнді бөлшектерін бояу арқылы бөліп көрсетуге де болады. Мүндай жағдайда тым ашық бояу-ларды қолдануға болмайды;

- іс-әрекеттердің принципін немесе объектілер мен иллюстрациялардың конструкциясын ашып көрсететін әлементгер мен сол бейненің бөлшектерін ашық түске, ал қалғандарын ашык емес түстерге де бояған дүрыс болады;

- плакаттардағы жазулар ірі, анық жазулар арқылы бері-луі керек: плакатты теқстермен (әсіресе, үсақ әріппен жазылған) толтыра бермеу керек;

- плакаттың мазмұнын анықтаған кезде оған салынатын суреттердің санын мүмкіндігінше 3-4-тен асырмаған жөн;

- ал егер үсақ бөлшектер өте маңызды болатындай жағдай туындаса, оларды үлкейтіп қосымша көрсетуге де болады;

- плакатқа соншалықты көп бейнелерді орналастыру қажет бола калатындай болса, оларды оқытылу ретімен орнала-стыру қажет.

3. Оқу құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары

Оқу кестелерінен кейінгі білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын оқу құралдарының бірі - экрандық және экрандық-дыбыстық құралдардың әр түрлері болып есептелінеді

Окудың экрандық және экраңдық-дыбыстық жүйесін қалып-таскан дәстүр бойынша оқу пәндері мен пәнаралық курстар шеңберіңце жасайды. Оларды жасауға байланысты қойылатын бастапқы талаптар, ең бірінші кезекте, бір жағынан сол пәннің өзіндік ерекшеліктерінен, ал екінші жағынан белгілі бір оқу сәттерінде туындайтын аудиовизуалды көрнекіліктің табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерінен келіп туындайтын біздің назарымыздағы көрнекілік тобының тақырыптық жүйесін айқындап береді.

Диапозитивтер (слайдтар) - бүлар статикалық әкрандық . көрнекілік құралдардың қатарына жатады. Олар оқылатын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты көп мәселелерді қамтиды. Диапозитивтегі бейнелер плакаттардағы бейнелер-ге қарағанда әлдеқайда жақсы қабылданады, өйткені әкран көлемінің үлкен болуы мен оған түсірілетін жарыққа байланы-сты бейнелердің көріну сапасы өте жоғары болып келеді.

Диапозитивтер қолдануға өте тиімді болып келеді және олардың көмегімен кадрлардың көрсетілу ретін қалаған кез-де өзгертуге де, ал қажет болмаған жағдайда серияларды толық көрсетпеуге де мүмкіндік аламыз. Сөйтіп оқытушы диапозитивтегі серияларды өзінің әдістемесіне сәйкес түрлі оқу жағдайларында кеңінен қолдана алатын болады.

Диапозитивтер көмегімен бейнені, графикалық схеманы, символикалы және тексті ақпараттарды көрсетуге болады; олар қара - ақ, түсті де болуы мүмкін.

Диапозитивтерді арнаулы картонды немесе пластмассалы рамаларға салынатын фотопленкада жасайды, негізгі мөлшері 24X36 мм (рамасы 50X50 мм) соңғы уақытта мектептер мен орта кәсіптік мектептерде көптеп қолданылып жүрген автоматты диапроекторлар көмегімен әрбір кадрды тез арада ауыстырып, уаққытты тиімді пайдалануға болады. Мүндай аппараттардың жарық күшінің көптігін пайдалана отырып, экраннан үлкейтілген бейне ала аламыз, бөлменің 1 қараңғылаудың да қажеті жоқ.

Диапозитивтерді кез келген жылдамдықпен көруге болады. Демек, мұғалімге (өңдірістік оқыту шеберіне) көрсетілген мате-риалды оқушылардың қабілетіне қарап реттеуіне болады.

Диапозитивтер көмегімен кабинетте не шеберханада жиып көрсетуге мүмкін емес қондырғыларды көрсетуге де болады.

Диапозитивтер арқылы үй тапсырмасын тексеру оңай, олардың керектілерін ғана көрсете отырып, сүрақ қоюға мүмкіндік бар. Сонымен диапозитивтерді көрсетуді мүғалімнің басқаруына болады, әрбір кадрды қанша уакыт болса да талқылап, проблемалық ситуациялар туғызуға болады. Орта кәсіптік мектептер мұғалімдері (өндірістік оқыту шеберлері) өндірістік оқыту кезівде нұсқау жүргізу үшін диапозитивтерді кең қолдануына болады, әсіресе диапозитивтер көмегімен нүсқау - технологиялық карталарды көрсету ынғайлы.

Диапозитивтер басқа да оқыту құралдарымен бірге кең пай-даланылады, әсіресе магнитті лентадағы жазулармен.

Диапозитивтерді тәрбиелік жұмыстарда да кеңінен пайдалануға болады. Атақты ғалымдарға, музейлерге, қалаларға, сурет галереяларына арналған сериялы диапозитивтер оқушылардың дүниетанымдылығын кеңейтіп, әстетикалық талғамдарын арттырады.

Диафильмдер.Бұл да статикалық оқу құралдарының қатарына жатады. Бүл оқу қүралында бейнеленетін материалдардың автордың әдістемелік идеяларына байланысты көрсетілетін кадрлардың өзіндік ретін қарастыратын өзіндік құрылымы болады. Диафильмдер өте әсерлі әкрандық қүрал болып табылады.

Олар фото әдісімен жасалынады. Жарық өткізгіш лента бетіне түсіріліп, әр кадры бірінен соң бірі жалғасып мөлшері қара - ақ және түрлі-түсті диафильмдер 35 мм - лік кинофотопленкасына шығарылады. Диафильмнің негізгі кадрының мөлшері 18X24 мм, қосымшасының (өз бетімен жасалынатын) - 24X36 мм. Олардың бағасы арзан, сондықтан да өзіндік диафильмдер кітапханасын (диатекасын) жасау әр мектептің, орта кәсіптік-техникалық мектептің қолынан келеді.

Кадрда қажетті ақпараттың толық жазылатыны диафильімдердің кемшілігі болып табылады. Жазулар көбінесе кадрдың едәуір жерін алып жатыр, оларды оқу біршама қиын. Егер мұғалім (өндірістік оқыту шеберінің ) түсіндіруін зейін қоя тыңдамайды. Рас, қазір кадырдың астындағы тексті шұғыл қысқарту керек.

Қазіргі кезде дыбысты диапроекторлар шығарыла бастады, бүлар диафильмдердің дидактикалық мүмкіндіктерін кеңірекріңце жасайды. Оларды жасауға байланысты қойылатын бастапқы талаптар, ең бірінші кезекте, бір жағынан сол пәннің өзіңцік ерекше-ліктерінен, ал екінші жағынан белгілі бір оқу сәттерінде туывдайтын ауциовизуальдық көрнекіліктің табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерінен келіп туындайтын біздің назарымыздағы көрнекілік тобының тақырыптық жүйесін айкындап береді.

Диафильмдер мен диапозивтерді жасайтын арнайы студиялар бар. Олардың сценарийін жасауға жоғары дәрежедегі ме-дистер шақырылса, ол көркемдеу жағын суретшілер жасайды. Дегенмен жасалынып жүрген диафильмдерде кемшіліктер кездесіп тұрады, олардың көпшілігінде берілген тақырыпты сандірілген арналған кадрлар саны көпте, артықша информа-шлар да кездеседі. Ал фрагменті жасалынған диафильмдер әліжеткіліксіз, сондықтан өз әрекеттерімен диафильмдер, диапозитивтер жасайтын мұғалімдерге (өндірістік оқыту шеберлеріне) төмендегі қағидаларды білген дұрыс.

1. Диафильмде берілетін оқу материалының әрбір кадры бір бірімен логикалық қатынаста болу керек.

2. Диафильмдегіоқу ақпаратыныңкөлемінанықтағанда есте болатын жағдай; оқушының психофизиологиялық қасиетіне тән 45 мин не бары 12 кадр көрсетілуі тиіс.

3. Егер диафильм жасағанда текстер жазатын болсаңыз, оның оқушыларға әсері болуы үшін, олар 3 қатардан, ал әрі қатардағы әріптер мен тыныс белгілерінің саны 52- ден аспауы қажет.

4. Түсірілетін материалды үлкен не орташа планмен түсірген дұрыс.

5. Дыбысты диафильм жасағанда әрбір бейнемен дыбыс тығыз байланыста болуы керек. Диктор тексті қысқа, түсінікті болуы керек.

6. Диафильмнің фотографиалық сапасы Мемлекеттік стан-дарт талабына сай болуы тиіс.

Диафильмдегі кадрлар ретінің өзгеруі оның мазмұнының логикалық қүрылымының бүзылуына, хабарларды тұтастай қабылдауға әкеліп соғады. Көрнекі құралдардың осы түрінің дидактикалық қасиеттері диафильмдердің түрлі варианттарын жасаған кезде айқындала бастайды. Атап айтқанда доминантгық иллюстрациялар, проблемалық, нүхқаулық функциялар; түтастай немесе фрагменттік қүрылым.

Диафильмдерді қолдану барысында хабарлар легінің соншалықты көп болуы айтарлықтай қиындықтар туғызады, нақтырақ айтсақ оку бағдарламаларының көлемі шамадан тыс үлғайып кетеді де, соның салдарынан сабақты өткізуге қосымша уақыт бөлуге тура келеді. Бүл кемшіліктің орнын диафильмдер-ді фрагменттік жолмен көрсету аркылы жоюға болады.

Өз кезегінде транспаранттар да статикалық әкрандық оқу күралдарына жатады. Транспаранттарды қараңғылықсыз-ақ графопроекторлардың көмегімен көрсете білу көрнекі қүралдардьщ осы түрінің өзіндік артықшылығы болып саналады.

Транспаранттарды алғашқы кездерде сынып тақталарының орнына пайдаланып келді. Сондықтан да болар ленталық фолилер оқу процесінде осы уақытқа дейін кеңінен қолданылып келеді. Оқытушы оқушымен қатар отырып тақырыпқа байланысты.
Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология как учебная дисциплина// Педагогика. –1993.- №2. –с.66-70

  2. Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.

  3. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.

Қосымша:

1. Боголюбов В.И. Педагогическая технология: эволюция понятия// Советская педагогика. –1991. №9. С.123-128

2. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997

4. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т .Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп №3, 3-5б., 1999ж.


  1. Смирнов С.Т. Технологии в образовании //Высш. Образование в России №1, с. 109-112, 1999г.

№13 дәріс тақырыбы: Қашықтан оқытутехнологиясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет