ПОӘҚ 042-33 27/01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014



бет9/9
Дата25.12.2016
өлшемі3,31 Mb.
#5079
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жоспар


  1. Қашықтан оқыту түсінігі, мақсаты, міндеттері

  2. Дидактикалық қасиеттері мен функциялары. Дистанционды оқыту аспектісінде компьютерлік коммуникация

  3. Қашықтан білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшелігі

  4. Қашықтан оқытудың негізгі моделдері

5. Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.
1.Қашықтан оқыту – оқытушы мен оқушы кеңістікте бөлінген жағдайда, қашықтықтан оқыту. Бұл ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолданып, қашықтықтан оқытудың жаңа формасы. Дистанционды оқыту қазіргі өмірдің талаптарына жауап береді.

Қашықтан білім беру тұтастай келесі негізгі белгілері бойынша сипатталады:



    1. білім алудың қажеттілігі және оны пайдаланудың мүмкіндігі;

    2. оқытушы мен оқушының үнемі білім беру байланысының мүмкін еместігі;

    3. байланыс жүйесінің көмегімен оқытушы мен оқушының техникалық өзара өзара қарым қатынасын жүзеге асыру ;

    4. дистанционды оқытуға арналған дидактикалық материалдың бар болуы

Қашықтан оқытудың мақсаты:

        1. Оқушыларға білім беру бағдарламаларының әр түрлі орталықтарында өзінің білімін толтырып, жетілдіруге мүмкіндік беру;

        2. Мектептік және жоғарғы оқу орнының бағдарламаларының әр түрлі бағыттары бойынша сапалы білім беру.

Қашықтан оқытудың міндеттері:

              1. Үздіксіз білім беруді дамыту;

              2. Оқушылардан әрекеттерінің қазіргі технологияларын сәйкес дағдыларды талап ету және қалыптасттыру;

              3. Адамның барлық өмір жолында білімді алу және қолдану мүскіндігінің теңдігі.ъ

Қашықтан оқытудың дәстүрлі оқыту формаларынан айырмашылығы төмендегідей:

  • икемділік, өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ырғақпен айналысу мүмкіндігі, бұл кезде пәнді игеру үшін уақыт кезеңі белгіленбейді;

  • қарама-қайшылық, яғни өндірістен үзбей өзінің кәсіби әрекетіне қарама-қарсы оқыту;

  • қамту, барлық оқушылардың оқу ақпараттарының түрлеріне (электронды кітапханалар, білім базасына және т.б.) және байланыс тізбегі арқылы бір-бірімен және оқытушылармен тіл табысуды бір уақытта қамту;

  • оқу алаңдарын, техникалық құралдарды тиімді пайдалануда үнемділік;

  • технологиялық, яғни білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану;

  • әлеуметтілік тепе-теңділік, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, оқушының материалды қамтамасыздығына қарамастан білім алу үшін мүмкіндіктің тең болуы;

Оқытуды ақпараттытехникалық моделдеу оқытушы мен оқушы байланыстарында қазіргі технологияларды қолданып, жеке оқу материалдарын бетімен қайта жасаудың оқу сабақтарын өзгеотті. Дистанционды оқытудың әдістемесі дәстүрлі оқытудың жаңа формасын жүзеге асыруға міндетті емес. Міне, осы жағдай көптеген психолого-педагогикалық мәселелерге дистанционды білім берудің кең түрде енгізілуіне әкелді. Дистанционды білім беру де оқыту технологиясының және жаңа әдістердің дамуы педагогиканың теориясы мен практикасына төмендегідей жаңа ұйымдастыру формаларының енуіне үлесін тигізді:

  • байланыс тізбегі бойынша өздерінің оқу тапсырмаларын орындау процесінде бір-бірімен өзара әрекетті және бөлінген оқу процесін біріктіруде оқушылардың бірлігін анықтайтын виртуалды оқу топтары;

  • бірнеше практикалық міндеттерді шешумен байланысты, қойылған мақстақа жетуде дистанционды оқыту процесіне қатысушылардың біріккен әрекеті арқылы жалпы білім беру жобалары. Жобалар ұжымдық жұмыстың дағдысы мен іскерлігіне жағдай жасай отырып, оқыту процесінде интегративті әрекетті үдетеді;

  • білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатымен оқытушы мен оқушыларда өзара ақпараттық байланыстарын ұйымдастыруда, қашықтықтан оқытуды қолдау жүйесі;

  • оқыту процесінің ырғағы мен жылдамдығын түзетуге арналған кері байланысты телекоммуникациялық құралдар;

  • диалогты оқыту технологиялары, бұлар дәстүрлі телефон байланыстарымен қатар, телеконференция және электронды почта сияқты жаңа технологиялар.

Қашықтан оқыту оқытушының ролін жаңартады және кеңейтеді, инновацияға қатысты танымдық процесті үйлестіру, шығармашылық белсенділіктері мен біліктілігін жоғарлатуғ өздері оқытатын курстарға үнемі жаңалықтар енгізу. Студентке де оның шығармашыл және интеллектуалды потенциалын жоғарлатуға, білімге деген шыдармдылығын, компьютерлік техникамен байланыс жасай алу және өз бетімен жауапты шешім қабылдау іскерлігін дамытуға позитивті әсерін тигізеді.

Қазіргі қоғамды информациялауда дистанционды білім беруді қолданудың жинақталған тәжірибесі глобалды білім беру ортасын ұйымдастырды. Білім бюеру жүйелерінің өзара әрекет жүйесі әр түрлі беріліс және ақпаратты алмастыру технологиясынан тұратын осындай орталардың кең түрде жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Дистанционды білім берудің негізгі тенденциялары:

- ақпараттарды беруде әдістердің диверсификациясы;


  • оқыту мекемелерінде телекоммуникациялық бірлестіктердің пайда болуы;

  • оқушыларды білім алу процесінде белсендіру;

  • оқыту нәтижесін бақылаудың тиімді жүйесін құру.

Глобалды ақпараттық ресурстардың жинақталуы оқушыларға байланыстың әр түрлі каналдары арқылыберілген ақпараттың білімдерді алу және меңгеру процесін өз бетімен бақылауға мүмкіндік береді.

Қашықтан білім берудің тұтас педагогикалық жүйесі төмендегі жағдайлармен сипатталады:



    1. Оқытудың мақсаты оқушының мемлекеттік тапсырыс және маман моделіне сәйкес қалыптасатын білім мен іскерлік жүйесін табуы.

    2. Оқытудың мазмұнына әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық моделі және оқыту процесі, ұйымдастыру формалары мен тәсілдері енеді.

    3. Оқыту нысаны – білім беру қызметін қолданушылар болып табылады.

    4. Оқытудың субъектісі – білім беру пооцесінің тиімділігін қамтамасыз ететінбасты тұлға, оқытушы болып табылады. Дистанционды білім беруде оқыту қызметінің ерекшелігі «тьютор» терминінің енуіне мүмкіндік туғызды. «Тьютор» - информатика мен телекоммуникацияның алғашқы негізін білетін, оқытушы-консультант.

    5. Қашықтан оқыту формасы оқытудың бес жалпы дидактикалық әдістерін көрсетеді: ақпараттық-рецептивтік, репродуктивтік, проблемалы мазмұндау, эвристикалық, зерттеушілік.

    6. Білім беру процесінде компьютерлік техника мен телекоммуникацияларды қолдануға негізделген оқытудың инновациялық құралдары қолданылады.

    7. Оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту үшін қажетті техникалық және материалды құралдардың комплексі. Ол оқу ғимараттары, лабораториялық жабдықтар, оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу-әдістемелік материалдардан тұрады.

    8. Административті иденсификационды бақылау жүйесі, талапкердің қабілеті мен кәсіби қасиетінің даму деңгейін бағалау ретінде енгізілген бақылаудың ерекшелігін анықтайды.

    9. Қаржылы-экономикалық жүйе нормалы құқықтық жүйемен бірге қаржылы-экономикалық қызметті анықтайды. Бұл жүйе қазіргі уақытта толық қалыптасқан жүйе. Тьютор еңбегін нормалау, оқытудың үзілісін және мерзімінен тұратын заңды актілер құрылуы керек.

Дәстүрлі оқыту процесінде мынадай құралдар, басылымдар болып табылады: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, сөздіктер, оқу ақпаратты дискеттер, тақтадағы жазу, плакаттар, кино-видео көрсетілімдер сонымен қатар оқытушының сөзі. Ал дистанционды білім беруде дәстүрлі оқыту құралдарымен қатар төмендегі оқыту құралдарын қолданады:

- электронды оқу баспалары;



  • компьютерлі оқыту жүйесі;

  • аудио-, видео оқу материалдары.

Қашықтан оқытуда лекцияны жазу үшін аудио және видео кассеталар, СД-РОМ дискілер қолданылады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану (гипермәтін, мультимедиа) лекцияларды көрнекі және мәнерлі етеді. Лекцияны құру үшін кинемотогрофтың барлық мүмкіндіктерін: режиссура, әртістер, сценарий және т.б, қолдануға болады. Мұндай лекцияларды кез-келген қашықтықта және кез-келген уақытта тыңдауға болады. Сонымен қатар материалды конспектілеу қажет етілмейді.

Қашықтан оқытуда семинар сабақтары-оқу сабақтарының белсенді формасы болып табылады. Бұл семинарлар видеоконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Оқытушы материалдың меңгерілгендігін дискуссия кезінде оқушының белсенділігі бойынша бағалай алады.

Ал, консультация беру үшін телефон және электронды почталарды, сонымен қатар телеконференцияларды қолдануға болады. Консультация педагогқа оқушының жеке қасиеттерін (интеллект, назар, есте сақтау, ойлау) бағалауға көмектеседі.

Лабораториялық жұмыстар материалды практикалық меңгеруге және іскерлікпен дағдысын дамытуға бағытталған. Дәстүрлі білім беру жүйесінде лабораториялық жұмыстар арнайы жабдықтарды, макеттер, тренажерлардың, химиялық реактивтерді талап етеді.

Қашықтан оқытуды бақылау – оқущылардың оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруінің нәтижесін тексеру. Мұнда тестілік бақылау кеңінен қолданылады.
2.Қашықтан оқыту қазіргі уақытта байланыстың компьютерлік тізбегінде құрылуда. Бұл компьтерлік телекоммуникацияның қазіргі қоғамның әр түрлі салаларына (өндіріс, ғылым, массалық ақпарат құралдары мен білім беру) енуімен байланысты.

Телекоммуникация - (гректің tele-алыс, латынның communikatio-қарым-қатынас) кең мағынада ақпаратты дистанционды беруде барлық құралдар: радио, телевидение, телефон, телеграф, телетайп, телефакс сонымен қатар кейіннен пайда болған компьютерлік телекоммуникация.

Компьютерлік телекоммуникация – бұл ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге модем және телефон желісінің көмегімен дистанционды беру құралы. Білім беру міндеттерін шешу үшін компьютер желісін құру алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын шетелде әрекет жасап қаралды. Біздің мемлекетімізде 90 жылдардан бастап қолданыс тапты.

Компьютер – дистанциоды оқытудың келесі білім беру міндеттерін шешу үшін қолданылады:



  • университеттерде оқудың күндізгі және сырттай бөлімінде қолданылуы;

  • қосымша білім алу үшін бағдарламаларда;

  • жеке курстар бойынша оқытудың күндізгі және сырттай формасын студенттің таңдауы үшін, оқу мекемелерінде;

  • дәстүрлі оқыту мекемелерінде, мұнда компьютерлік дистанционды оқыту студенттің қызығушылығына байланысты оқытушы немесе әдіскермен қарым-қатынас жасау формасы болып табылуы мүмкін;

  • білім берумен байланысты әлеуметтік бағдарламаларды өткізуде.

Қазақстанда оқытудың компьютерлік желісі дұрыс дамымаған және қазіргі кезде отандық білім беруді оқытуда компьютерлік электрондық почталарды – оқытуды басқарудың құралы ретінде қолдануға алғаш қадам басты. Қазақстанның көптеген білім беру мекемелерінде электронды почталарды төмендегідей қолданудың тәжірибесін көрсетеді:

  • әр түрлі оқу курстарын жүргізуде педагогтардың тәжірибелерін алмастыру үшін;

  • оқушылардың бір-бірімен ұжымдық хабар алмасуы үшін;

а) хат түрінде (өз қаласы жөнінде әңгіме, үй жануарлары жайлы әңгіме, мерекемен құттықтау және т.б.);

б) орындалған жоба және зерттеуді жүргізу жайлы есеп-хат;

в) ауа-райын датаграфиялық және фенологиялық бақылау;


  • компьютерлік телекоммуникациялық викториналарды өткізу үшін;

  • зерттеуді «бөлініп» орындау үшін (лабораториялық зерттеу және өлшеуді топтардың бірі орындайды, ал қалған класстар оларға жіберілген өлшемдердің берілгенін және бақылаудың нәтижесін қорытындылайды).

Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану оқытудың виртуалды формасына көшуге жағдай жасайды. Бұл, оқушы өзінің үйінде отырып, атақты ғалымдармен және педагогтармен әңгімелеседі. Студент кез-келген білім беру мекемесін таңдайды.

Дистанционды оқытудың дидактикалық қасиеттері:



  • Ақпаратты кез-келген көлемде, кез-келген түрін қандай қашықтықта болсын оперативті жеткізу мүмкіндігі.

  • Қажетті уақытқа, тексеруге, өңдеуге және т.б. үшін ақпаратты компьютердің жадында сақтау.

  • Электронды конференциялар арқылы кез-келген қызықтыратын сұрақтарға сұраныс жасау мүмкіндігі.

Дидактикалық функция дегеніміз – арнайы дидактикалық мақсаттарға жету үшін оқу-процесіндегі ролі. «Функция» - қарым-қатынас жүйесінде қасиеттердің сырттан көрінуі.

Телекоммуникацияның дидактикалық функциялары оның дидактикалық қасиеттеріне негізделген:

- әр түрлі мектеп, жоғарғы оқу орындарының ғылыми және оқу оралықтарының ғылыми қызметкерлерімен, студенттермен, мұғалімдермен және оқушылармен біріккен зерттеу жұмыстарының әр түрлерін ұйымдастыру. Бұл кезде жоба әдісі көптеген өзіндік практикалық, танымдық және шығармашылық әрекеттердің формасы мен әдістерін қолдана отырып, серіктестердің қолданбалы практикалық біріккен өзіндік әрекетін құруға көмектеседі

- ғылыми-әдістемелік орталықтарда оқитындарға тиімді консультациялық көмек ұйымдастыру;

- қашықтан оқыту тізбегін және педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастыру;

- жоба жоспарымен, ақпаратпен, ойлармен алмаса отырып, өзінің ой-өрісін кеңейту, мәдениеттілік деңгейін жоғарлату;

- оқушы, студент және мұғалімдерден өзінің ойын қысқа және нақты тұжырымдау, дискуссия өткізе білу іскерлігі, өзінің айтқанын дәлелдеу және серіктесінің пікірін тыңдау талап етілетіндіктен қарым-қатынас дағдысын, мәдениетін қалыптастыру;

- әр түрлі көздерден ақпаратты ала білу, оны қазіргі компьютерлік технологияның көмегімен өңдеуін, оны планеталардың әр түрлі жерлеріне, алыс қашықтықтарға жеткізе білу іскерлігін қалыптастыру;

- шет тілдерін білуге, оны үйренуге қажетті қажеттіліктерді ұйымдастыру.

Қашықтан оқыту аспектісінде компьютерлік коммуникацияның дидактикалық қасиеттері мен функциялары жайында айта отырып, төмендегі маңызды екі факторды атап өтуге болады.



  1. оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасы.Оқыту жүйесінде мұғалімнің болуы міндетті, оның негізгі функциясы – оқыту процесін басқару.

  2. Оқытудың әрбір жүйесі мазмұн, әдіс, ұйымдастыру формасын, оқыту құралдарын таңдауды анықтайтын арнаулы дидактикалық тұжырымдама негізінде құрылады.


3. Қазіргі қашықтан оқыту жүйесінің негізі – компьютерлік желі болып табылады. Компьютерлік желіні – есептеуіш желі деп те атайды. Есептеуіш желі 3 негізгі топқа бөлінеді: жергілікті, аймақтық, глобалдық.

Жергілікті есептеуіш желі жұмыс станциясы мен серверінің жинақтығын көрсетеді. Сервер ақпаратты іздеу және қолдану бойынша қолданушылар үшін оның жұмысын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде жұмыс станциясы қолданушылардың қолданбалы міндеттерді шешу үшін қажетті құралдармен қамтамыз етеді.

Аймақтық желі жергілікті есептеуіш желіні келесі тәсілдер бойынша біріктіреді:


  • көпір (мост) бірдей әдістерді қолданып, екі желіні қосатын құрылғы;

  • маршрутизатор – бір ғана операциялық жүйені қолданып, әр түрлі желілерді қосатын құрылғы;

  • шлюз - өзара әрекеттің әр түрлі протоколын қолданып, екі желінің арасында алмастыруды ұйымдастыру құрылғысы.

Глобалды желінің негізі ИНТЕРНЕТ болып табылады және дистанционды білім берудің дамуына үлес қосады. ИНТЕРНЕТ серверлері дүние жүзінде орналасқан және барлық байланыс желілеріне қосылған.

Интернеттің тарихына үңілер болсақ, оның 1960 жылдан басталғанын білеміз. 1980 жылдан бастап IBM компаниясы дербес компьютерлерді шығаруды бастағаннан кейін Интернеттің дамуына жаңа серпіліс берілді. Интернет «желі аралық» деген мағына береді, яғни желілердің бірігуі. Соңғы кезде кеңірек мағынада бүкіләлемдік компьютерлік желі деп атайды.

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын бағдарламалық жасақ қажет және жұмыс істеуге белгілі бір провайдермен байланысу керек.

Internet қызметін қысқаша былай бөлуге болады:

Microsoft Internet Explorer – бүкіл әлемдік желінің кеңейтілген мәліметтеріне қатынауға арналған Интернетте қосылатын бағдарламалық құрал.

Internet Explorer шолушысын үш тәсілмен іске қосуға болады:



  • Пуск-Программалар- Internet Explorer;

  • Жұмысүстеліндебұрынқұрылған Internet Explorer обьектісінтышқанменшертуарқылы;

  • Тезіскеқосупанелінде «Internet Explorer шолушысыніскеқосу» батырмасынбасуарқылы.

Internet Explorer-діңмүмкіндіктерініңбірі WWW ресурстарынақатынаужәнебелгілібір Web-тораптыңмекен-жайыбойынша Web-парақтарашуболыптабылады. ОлүшінФайл-Открытьбұйрықтарынорындапжәнепайдаболғандиалогтыңтерезеде Web-парақтыңмекен-жайыненгізукерек.

Интернеттегіқызметтүрлері –Word Wide Web (WWW) деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрнек, яғни желі; электрондық пошта (E-mail), Internet News (Usenet)-Интернеттікжаңалықтаржүйесі, FTR, Copher, Internet Talk Radio, Internet Relay Chart (IRC), Telnet жәнет.б.

WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Internet-тіңеңкеңтаралған, күнненкүнгетоқтаусызөсіпжатқанқызметтүрі. Word Wide Web - Интернеттегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Құжаттағы Web байланыс URL болыптабылады, яғнибасқа Web-парақты немесе басқа ақпараттық ресурсты көрсетеді.

URL-адрестері Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы, “ресурстардың әмбебап атауы” деген ұғымды береді. URL адресін өз қалаңызда тұратын досыңызға немесе мысалы, Америкада тұратын танысыңызға беруге болады. Сондаолардасолақпараттардысізсияқтыпайдаланаалады. Мысалы: http://www.soccer.ru/dinamo/rus/index.html, мұндағы http – хаттама, www.socctr.ru – адрестіңдомендікбөлігі, оныңішінде: www – компьютердің (сервердің) аты, soccer.ru – доменніңаты, dinamo/rus – сервердегікаталогаты, index.html – Web-парақтарыфайлыныңаты. Домен – біркомпьютерменбасқарылатыннемесебіржелілікжұмысмашинасының, яғнижеліторабыныңбасшылықетуіменістейтінақпараттықжеліқорлары (ресурстар) тобы.

E-mail немесеэлектрондықпошта – нақтыабоненттергежеліарқылыхабарларжіберужолыменмәліметалмасутәсілі. Мұныңкөмегіменэлектрондыхатты Internet-тіңкезкелгенқолданушысынажіберугеболады. Хаттыжіберууақытыәдетте, бірнешесағаттанартықемес, алкейдебірнешеминуттанаспайды. Электрондықпоштаарнайыпоштабағдарламаларыкөмегіменжүзегеасырылады, мысалретінде Outlook Express бағдарламасынайтуғаболады.

4. 1 модель. Экстернат типі бойынша оқыту. Мектептің немесе жоғарғы оқу орнының емтихан талаптарына бағытталған оқыту, күндізгі оқу бөліміне қандай да бір себептермен келе алмаған оқушы немесе студент үшін ұсынылады.

2 модель. Университеттік оқыту. Күндізгі және сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту. Студенттерге баспа құралдарымен қатар, осы университеттің атақты оқытушыларының өңдеген аудио, видео касеталары, СД-дискілері ұсынылады.

3 модель. Көптеген оқыту мекемелерімен ынтымақтастыққа негізделген оқыту. Бірнеше білім беру ұйымдарының бағдарламаларды дайындауда ынтымақтастығы. Бұл жобаның мақсаты, әр бір адамғаколледжде, университтетрде өз мемлекінен, өз үйінен кетпей білім алуға мүмкіндік туғызу.

4 модель Арнайы білім беру мекемелерінде оқыту. Сырттай және дистанционды оқыту мақсатына негізделген арнайы білім беру мекемелері мультимедиялық курстарды өңдеуге бағытталған. Олардың құрамына білімді бағалау және оқушыларды аттестациялау енеді.

5 модель. Автономды оқыту жүйесі. Бұл оқыту жүйесінде телевидения және радио бағдарламалар, СД-РОМ дискі сонымен қатар қосымша баспа құралдарының негізінде жүргізіледі.

6 модель. Мультимедиялық бағдарламалар негізінде аралас (интегрированное) оқыту. Бұл қандай да бір себеппен мектепті аяқталмай алмаған адамдарды оқытуға бағытталған.

5. Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары. 1

Оқыту - білім алудың және шеберліктер мен дағдылар; қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде үйымдастырылғ үрдісі, ал білім беру - бүл түлғаны оқытудың нэтижесі.



Қашықтан оқыту - бүл оқьпушы мен оқушы бірге бола алмағ жағдайда бежілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тари түрғыдан алып қарасақ қашықтан оқьпу бүрын сырттай оқыту д аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бүл- байланыс каналдары арқылы ба ланысатын аудио-, бейне- және компьютерлік жүйелерді қолданап оқыту қүралдары. Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқі қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытуцың компьютерл| және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен қүралдарі қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.

Қашықтан білім беру - қашықтан оқытумен тығыз байланысты». Қазіргі күнгі ғылымда қашықтан білім беру -бұл білімді қолыма-қол беру процесі (ол үшін оқу орталығы мен оқытушы мійуміі гі.і), ал, қашықтан оқыту - бұл білімді қабылдау процесі ( Оумш оқушы жауапты) деген үғым қалыптасқан.

Қашықтан білім беруде білім беру процесінің негізін өзіне ыңғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары мен өзіндік сабақ кестесі және оқытушысымен телефон, электрондық почта арқылы байланысу мүмкіндігі бар оқушының бір мақсатқа бағытталған және дамытып отыратын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.

Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиа жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің әлементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма.Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар қүралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып, олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Білім беру процесін студенттердің өздігінен оқу принциптеріне негіздеп жаңаша оқыту да осы қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Оқыту ортасы оқушылардың көп жағдайда, кейде, мүлдем оқытушыдан кеңістіктік және уақыт тұрғысынан алыста болуымен сипатталады. Солай бола тұрса да олар кез келген уақытта телекоммуникациялар құралдарының көмегімен диалогқа түсе алу мүмкіндігіне ие.

Қашықтан оқьпу жүйесі (ҚОЖ) қолданушылардың білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақпараттық ресурстар, өзара карым-қатынас протоколдары, аппараттық-бағдарламалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етудің жүйелі түрде ұйымдастырылған құралдарының бірлігінен тұрады.

Қашықтан оқыту жүйесі міндетті түрде төмендегідей функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

• Окушыларға ақпараттық технологиялардың көмегімен үйренетін материалдардың негізгі бөлігін жеткізу;

• Оқыту процесі барысында оқытушы мен оқушының өзара іімтсрактивтік қарым-қатынасы;

• Оқушыларға зерттелетін оқу материалын игеруде өзіндік жүмыс мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалыв материалдар;

• Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикальи материалдар;



Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Дистанционное обучение. Учеб. Пособие /Под ред. Е.С.Полат.-М.:Гуманист. Изд.Центр. ВЛАДОС, 1998.-192с.

  2. Концепция создания и развития системы дистанционного образования в России.//Вестник высш. Школы 1995г. №6.

  3. Андреев А.А. Введение в дистанционное обучение.- М., 1997г.

  4. Егоров В.В., Нурмаганбетов С.Б. Технология дистанционного обучения. Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. 194с.

  5. Барсуков В.Н. Дистанционное образование //Проблемы информатизации высших учреждений образования. 1995. Вып.3 С. 10-12.

  6. Полат Е.С. Дистанционное обучение: организационные и педагогические аспекты: ИНФО. №3. 1996.

Қосымша:

  1. Ж.Караев, Е.Балафанов, М.Есбосынов, Анализ и тенденции развития Дистанционного обучения. //Высш. Школа Казахстана, 1998. №6.

  2. Е.Гаевская, М.Виницкая Педагогические аспекты дистанционного образования// Высш. Школа Казахстана, 1999, №4.

  3. Бершадский А.М., Кревский И.Г. Дистанционное образование на базе новых ИТ. –Пенза.1997.55с.

  4. Тәжіғұлова Г.О., Мәлібекова М.С. Ақпараттық технологиялар теориясы: Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.183б.

  5. Грошев И.С. Информационные технологии тендерный аспект// Высш. образование в России №4, 1999, 114-120с.

  6. Курбацкий А.И., Листопад Н.И. Информационные технологии в системе высшего образования // Информатика и образования №3, 1999, с.3-5

Тәжірибелік сабақ, ОБСӨЖ және СӨЖ тақырыптары дәріс тақырыптарымен сәйкестндірілген.



Оларды орындауға әдістемелік нұсқау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет