Поәдк №3 Базалық білім



бет17/46
Дата31.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155924
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
abaitanu keshen (1)

11 – дәріс: Абай шығармаларының көркемдігі
1. Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер
2.Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелік сырлары
3. Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелік мәселелер
4. Абайдың аудармашылығының, нәзирагөйлігінің кейінгі қазақ әдебиеті дамуына жалғасқан тарихтық, мәдениеттік, көркемдік, шеберлік дәстүрі тұрғысындағы игі әсері
Әдебиеттер:
1.Абайдың ақын шәкірттері. Құрастырған Қ.Мұхамедханұлы. Алматы: Дәуір, 1993.
2.З.Ахметов. «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі, 1995.
3.Л.М. Оразғалиева «Абайдың ақын шәкірттері тіліндегі жалғастықпен жаңа үрдістер» Алматы, 2007
4.Р. Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі» Алматы: Санат, 1995.
5.Абай энциклопедиясы. Алматы: Атамұра,1995.

Әр ұрпақтың өткеннен алған өнегесі мен кейінгіге берер үлгісін дәстүр жалғастығы дейді. Бұл табиғаттың заңдылығы. Ғалым-сыншы М.Қаратаевтың жалпы редакциялық басқаруымен 1980 жылы шыққан «Дәстүр мен жаңашылдық» атты еңбекте бұл категория туралы: «Дәстүр мен жаңашылдық дейтін проблема кең мағынасында – философиялық проблема. Себебі бұл дүние жүзіндегі барлық даму атаулының тетігі. Мұнсыз өсу, өрбу, өзгеру жоқ», - деп анықтама беріледі. Философиялық тұрғыдан алғанда, дәстүр мен жаңашылдық құбылыстарының сабақтаса байланысынсыз өмір, тірлік болмақ емес. Ал: «Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі дегеніміз – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, түлеп, байып, дамып отыратын рухани игілік», - деп анықтама береді академик Р.Нұрғали. Ғалым әдеби дәстүр мен әдеби даму – әдеби қозғалыстың өзара ажырамас, тығыз диалектикалық байланыстағы құрамдас қайнарлары екенін дәлелдеп береді. Оны меңгерудің жолдарын санамалап көрсетеді, яғни жаңашылдық ізденістерінің арнасы ең алдымен жүйелі дәстүрді игеруде жататындығын, табанды қаламгер үйрену, үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп барып, соныға тартатындығын ескертеді.


Жалпы дәстүр, оның ішінде поэзиядағы дәстүр дамиды, өзгеріп-өседі, жаңғырып-жаңарады. Бірақ ол үшін көбінесе халықтың өмірінде, санасында, көркемдік дүниетанымында жаңа бетбұрыс, үрдіс, даму, өзгеше бір жайттар болуы қажет. Міне осы талаптарға сай туындап, жалпы қазақ әдебиетіне келген ұланғайыр әлем, ерекше бір құбылыс – Абай поэзиясы, Абай әлемі, Абай дәстүрі болғаны айқын.
Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұланғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі деген тақырып өте кең ауқымды әрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікірінде: «Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна», - делінген.
Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай дәстүрі көп зерттелді. Әлі де зерттеліп жатыр. Ежелден күрмеуі қиын, алып тынысты, кең ауқымды сала болғандықтан, зерттеуін жалғастыра беретіні сөзсіз. Абай дәстүрі туралы М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ы.Дүйсенбаев, А.Нұрқатов, Қ.Мұхамедханұлы, Ы.Мұстамбаев, Ә.Жиреншин, З.Ахметов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Б.Әбдіғазиев, Б.Ердембеков т.б. ғалымдар әр қырынан зерттеп, ақын салған сара жолдың кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына, әдеби үрдістің жалғасуына тигізген игі ықпалын көрсетті. Абай дәстүрінің кейінгі поэзияға әсері жөнінде арнайы монография жазып зерттеген ғалым А.Нұрқатов өзінің «Абайдың ақындық дәстүрі» атты еңбегінде: «Шын мәнісінде халықтық бағыттағы, таланты сау, ниеті таза, мақсаты айқын қаламгерлердің қай-қайсысы да дәуір талабын батыл сезіну мен сол жайында толғануды, алға және алысқа көз тігуді Абайдан үйренді», - дейді. Ғалымның айтуынша, олар Абай дәстүрін дамыта отырып, оның поэзиялық халықтығын, өзекті принциптерін дәуір талабына сай өрбіте, тереңдете түскені көрсетіледі. Абайдың ізін басқан ақындар қазақ әдебиетін онан әрі өсіріп, оны жаңа тақырыптармен байытып молықтырғаны, сол замандағы өмір ағысы алға тартқан күрделі мәселелерді қозғап, шеше білгені –Абай дәстүрінің жалғастығының айқын айғағы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет