2.Электр тоғының зақымдаушы әсерлері /факторлары/:
1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈
2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.
3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.
4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.
5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.
6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.
Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.
7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.
8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.
Тоқ көзінің қауптілігіне байланысты өнеркәсіп құрылыстары үшке бөлінеді:
1.Қауптілігі жоғары емес құрылыстар - іші құрғақ және диэлектрикалық едені бар құрылыстар /қосалқы бөлмелер, инкубаторлар т.б./, қол шамы, 36В.
2.Қауіптілігі жоғары құрылыстар – едені кірпіш, бетон, ағаш болады да, бір қауіпті өндіріс факторы болады, ол ылғалдылық 75 процент, 24В.
3.Қауптілігі өте жоғары құрылыстар – екі өндіріс қаупі бар құрылыстар – жоғары ылғалдылық және зиянды заттар, қол шамы 12В.
ГОСТ бойынша «электр қондырғыларының құрылысы» «ПУЭ» және «ЭВЛ электр қондырғыларын пайдалану тәртібі» ПТЗ т.б. құжаттар бойынша жүргізіледі.
Электр қондырғыларының қауіптілігін азайтудың мынадай техникалық түрлері бар:
1.Қос бейтараптандыру дегеніміз бір тоқ қабылдағыштағы екі оңашаландырылған бейтарап қондырғы, олардың біреуі-жұмысшы, екіншісі-қосымша болады. Оладың паспортында белгі болады. Бұндай белгі трансформаторларда кезігеді.
2.Потециалды теңестіру дегеніміз жанасу және қадам аралық кернеулікті азайту әдісі.
3.Қорғау айыркы – тез іске қосылатын автоматтандырылған тоқ көзін айырғыш.
4.Кіші кернеулікті пайдалану әдісі – кішірейткіш трансформаторлар, түзеткіштер арқылы.
5.Тоқ көзіне қол жетпестігін қамтамасыз ету арқылы.
6.Жермен тұйықтандыру - әдейі істелген қорғағышты жермен тұйықтандыру арқылы.
Жермен тұйықтандыру жанасу мен қадам аралық кернеулікті төмендетеді.
7.Нөлдік сыммен тұйықтандыру.
Бұлардан басқа диэлектрленген құрал саймандарды, киімдерді пайдалану арқылы қауіпті төмендетуге болады.
IV.Эл. тоғынан жарақат алған адамға көмек көрсетуші өзі тоқ көзіне түсіп қалмау жағын ойластырғаны абзал. Ол үшін жарақаттанған адамға көмектесудің мынадай түрлері бар:
Жарақаттанушыны тоқ көзінен ажырату -ол үшін тоқ өткізбейтін, құрғақ заттарды пайдаланған жөн. Жәбірденген адамды киімнен ұстап тоқ көзінен босатады.
Тоқ көзінен босатқаннан кейін алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру керек
Д –7 Қауіпсіздік техникасының негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Өндіріс құрал-жабдықтарына және өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары.
2.Жалпызауыттық құрылғыларды пайдаланудың қауіпсіздік шаралары.
3.Технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарттары.
4.Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрылғылар.
Қандай да болмасын өндіріс ортасының еңбеккерге әсер ететін зиянды және қауіпті факторлары болатынын жоғарыда атап өттік.
Яғни, еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – жұмысшыға (қызметкерге) қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты. Осындай еңбек шартын ұйымдастыру үшін белгілі бір ережелерді сақтап, нақты шараларды іске асыру қажет екен.
Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қаціпті факторлар әсерін болдырмау (жұмысшыларды қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, технологиялық процесті дұрыс ұйымдастыру, оны жетілдіру, автоматтандыру т.с.с.)
1.Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал-жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:
Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.
Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.
Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.
Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.
Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек.
Арнайы талап
а) Тамақ шикізатымен жанасатын құрал-жабдықтардың бөлшектеріне антикоррозиялық қасиет беріліп шикізатқа зиянды әсері болмауы қажет (иіс, дәм).
б) Жасалған материалдары сілті, қышқыл, тұздардың әсеріне төзімді, жоғарғы немесе төменгі температурадан қасиетін өзгертпейтін, жүйенің тұйықтылығын сақтайтын, жұмыстан соң беттері тамақ қалдықтарынан, кірден оңай тазаратындай болуы қажет.
в) Құрал-жабдық шаң-тозаң, зиянды газдарды ұстау құрылғысымен жабдықталып, міндетті түрде санитарлық-техникалық шарттарға сай болуы қажет (шу, діріл, өрт қаупі, т.с.с.).
Технологиялық процестерге қойылатын Е.Қ.-гі талаптары (бұл талаптар техникалық құжаттарда көрсетіледі):
Технологиялық процестерді басқаруға, онымен жұмыс істеуге, сол процесті кәсіби игерген, денсаулығы жақсы және қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамдар жіберіледі.
Технологиялық тізбектер мен жұмыс орындарындағы жағдайлар санитарлық-техникалық, көркемдік, гигиеналық талаптарға сай болуы қажет (микроклимат, жұмысты ұйымдастыру, жарық, шу, діріл, асхана, демалыс, жұмыс уақыты, т.с.с.)
Әкімшілік еңбекті дұрыс ұйымдастырып (дем алу, жүк көтеру, бірқалыптылықты азайту), ұжымдық қорғау, еңбекті механикаландыру, автоматтандыру әдістерін іске асырып, еңбеккерлерді арнайы киім, ж/б қорғау құралдары қамтамасыз етулері қажет.
Технологиялық құрылғылардың орналасуы, шикізат, өнім, қалдықтардың орналасуы қолайлы болып, еңбеккерлердің қауіпсіздігіне әсер етпеуі қажет.
Технология бойынша бір-бірімен жалғасқан екі цех (бөлімше) арасында екі жақты ақпарат алмасу немесе хабар беру жүйелері болуы қажет.
II. Жалпы өндірістік құрылғыларға негізгі өндірісті жүргізуге қажетті қосымша өндіріс бөлімшелері жатады.
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға химиялық, жылулық процестерді атқаруға арналған, газдар мен сұйықтарды сақтауға, тасуға арналған тұйық ыдыстар жатады. Жоғарғы қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар – қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтауды қажет ететін құрылғыларға жатады. Сондықтан олардың жұмысын мемлекеттік тау-кен техникалық бақылау органы қадағалайды.
Қадағалауға қысымы 0,07 МПа (0,7 кг /см2) асатын ыдыстар жатады. Оларды дайындаған мекемелер әр ыдысқа техникалық паспорт береді. Онда жасалған жері (завод), жасалған уақыты, жұмысшы және бақылау қысымы, ыдыс қабырғасының температурасының щегі көрсетіледі. Дайын болған ыдысты сынақтап, тексеру қысымы (1,25-1,5 Па).
Әр ыдыс арнайы жапқыш арматурамен (вентиль, кран) қысым және температураны көрсететін аспаппен, сақтандырғыш құрылғысымен және сұйықтық деңгейін көрсететін тетікепен жабдықталады.
Ыдыстарды техникалық байқаудан өткізу алғашқы (жұмысқа қосар кезде) қайталама (жарты жылда бір) немесе мерзімнен тыс болып үшке бөлінеді Бұл байқаулар кезінде – ыдысқа жасалған құжаттарды тексереді.
Ішкі жағын көзбен қарап шығады және сұйық қысымымен тексереді. Тексеру нәтижесін ыдыстың паспртына және есеп беру кітабіне жазады.
Қауіпсіздік ережесі бойынша ыдыстағы қысылған газына, сұйық түріне байланысты ыдыстар белгілі сырмен сырланып, ыдыс сртынада сұйық не газ екені белгілі боямен жазылып тұруы керек.
Қазандықтарды бақылайтын мемелекеттік органды – сала аралық тау-кен техникалық инспекция дейді. Әр кәсіп орын қазандықтардың жұмысын, техникалық жағдайын жылына бір тексеріп, бақылау органдарына тіркеттіріп отырулары қажет.
Қазандықтарда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, дәрігерлік тексеруден өткен, құжаттары бар мамандар жіберіледі. Қазандықты төтенше жағдайда тоқтату әдісі
отын және ауа беруді тоқтату; тарту (тағу) азайту
от жанатын жерден ыстық шоқты тез алу
шоқ алынған соң түтін жүретін жолдарды ашу (заслонка клеш есігін)
қазандықты негізгі бу, жылу жүйесінен ажырату.
Аммиакты (суыту) тоңазытқыш қондырғылар.
Аммиак өте күшті улы зат. Ол көзге, дем алу органдарына, жүрек бұлшық еттеріне және тамақ, мұрынның жұқа сілекей қабықтарына әсер етеді. Сұйық аммиак теріні күйдіреді.
Сондықтан, машиналар бөліміне немесе тоңазытқыш камераларға ерекше талаптар қойылады. Бөлмелердің есік, терезелері үлкен және сыртқа ашылатын болулары қажет. Құбырлар көк, сары, қызыл, сұр түрге боялуы керек. Бөлмелердің желдету жүйелеріне де қосымша талаптар қойылады.
Тоңазытқыш қондырғыларда жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет қауіпсіздік ережелерінен емтихан тапсырып отырады. Жұмыс орындарында жұмыс режимі жазылып отыратын кітап әрбір екі сағатта бір толтырылып отырылуы қажет. Машина бөлімінде противогаз, резина қолғап және аптечка болуы керек. Компрессордағы сақтық клапандарын жылына бір рет, аппараттағыларын 6 айда бір, манометрлерді 6 айда бір рет тексереді. Аммиак ыдыстарын тексеру, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тексерумен бірдей.
Ауа компрессоры қондырғыларын бақылау - өлшеу аспаптарымен, серіппелі сақтық клапандарымен, автоматты қысым реттегішпен жабдықтайды. Сонымен қатар суытқыштағы су азайған кезде компрессорды тоқтататын автоматты жүйе болуы қажет.
3. Көтеру – тасымалдау құрылғылары.
а)Өнеркәсіптерде жүктің орнын ауыстыру үшін әр түрлі механизмдер, жүк көтергіш және жүк тасымалдау машиналары қолданылады.
а) Бұл айтылған механизмдер мен машиналарда жұмыс істеуге жастары 18 – ге толған, денсаулықтары жақсы, мамандығына байланысты білімдері және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Жүк көтеру механизмдерін пайдаланылғанда күнделікті ілгек, сым арқан, строптарды қарап, тексеріп отыру қажет және жұмыс негізінде қолғап, каска және басқа қорғау құралдарын пайдалану қажет.
Әр кран, лифт, көтергіш мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау органдарында тіркелуге міндетті. Мекемеде, әр жылдағы тексеру барысын жазып отыратын журналдар болуы қажет. Көтеру механизмдерін жылына бір рет тексеріп, куәландырады. Куәландыру барысында құрылғылар-Стати-калық сынақ және Динамикалық сынақтан өтеді
б) Жүк тасымалдаушы механизмдер – конвеерлер мен транспортерлер.
Өндірісте конвеерлердің аспалы (монорельс) шнекті, шынжырлы және элеваторлы (жоғары төмен жүретін, тік орналасқан) түрлері пайдаланылады. Олардың жітегінің айналып тұрған қозғалмалы бөліктері, тісті немесе ременді берілістері қақпақтармен жабылуы қажет. Конвейерлердің басы мен аяғында және әр 10 метр ұзындықта тоқтату түймелері болуы қажет. Конвейерді майлау, жөндеу үшін жетекті өшіріп, оны тоқтату қажет.
Конвейердің жылдамдығы 0,1-0,5 м⁄с аспауы керек.
Транспортерлердің үстінен адамдар өтетін жерлерді арнайы көпірлермен жабдықтайды. Көпірдің екі жағы ені 1 метр болуы керек.
Аспалы және көлбеу орналасқан конвейерлерді жұмыс істеушілер бастарына каска киюлері керек.
в) Жүк көтеруші машиналардың (лифтер, көтергіштер, крандар) бәрін қорғау құралдарымен жабдықтайды-олар жүкті жоғары шектен тыс көтергізбейтін, электр двигатель өшкенде жүкті төмен түсірмей ұстап тұратын тежегіштер. Көтергіш механизмдермен жұмысты бастамас бұрын, жүк көтергіш шынжыр, арқан, ілгек, тіреуіш бөлшектерінің мықтылығын тексеріп алу керек. Сондықтан мекеме оларды дұрыс пайдалануға, жөндеуге жауапты бір адам болуы керек. Ол адам жұмысшылардың білімдерін тексеріп, уақытымен жөндеу, байқау жұмыстарын жүргізіп, машиналарды уақытымен сынақтан өткізіп, куәлендіріп отырады.
г) Өздігінен жүретін көтергіш-түсіргіш машиналарда жұмыс істеуге жасы 18-ден асқан, қолында куәлігі бар мамандар жіберулері керек. Іштен жану қозғалтқыштарымен жүретін автокөтергіштерді бөлме ішінде пайдалануға болмайды. Түтіні адам денсаулығына зиян. Сондықтан бөлмелердің ішінде электрмен жүретіндері пайдаланылмайды.
4. Өндіріс жарақатымен күресті жүргізу үшін осы заманғы ескерту қорғау құралдарын пайдаланған тиімді .
Қ а у і п т і а й м а қ дегеніміз машинаның маңайындағы әрдайым немесе уақытша кездесетін зиянды және қауіпті жағдайларды туғызатын аймақ .
Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтар болады :
Қорғаныш құрылғы – адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады . Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы – салмалы , жылжымалы .
Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .
Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .
Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі – түсті жарықтар арқылы , б ) қауіпсіздік белгілері .
Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .
Д-8. Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Қаралатын негізгі сұрақтар:
1.Жану және материалдардың жанғыш қасиеті.
2.Өрт сөндіргіш заттар және олардың сипаттамалары.
3.Өрт қауіпсіздігін ескерту және оның себептері.
1.Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды /алуды/ білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.
Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.
Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар /оттегі/ керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.
Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.
Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:
Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын /СНжЕ П-А 5-70/, жанатын.
1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.
2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.
3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.
Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.
Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді:
А,Б,В,Г,Д,Е. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.
2. Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.
Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДж/кг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.
Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.
Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.
3. Өрттің алдын алу шаралары:
1. Құрылыс кезінде: генплан жасалған кезде құрылыс объектілерін дұрыс орналастыру ережелерін сақтау; құрылысты жоспарлаған кездегі ережелерді сақтау; құрылысты жүргізген кездегі ережені сақтау.
2. Тәртіпті сақтау: құрылыс пен құрылғыларды пайдалану тәртібі, машиналармен құралдарды пайдалану тәртібі, күнделікті өмірде, далада, орманда жүргенде:
3. Түсіндіру жұмыстары арқылы: өрт қауіпсіздігінің ережелерін шығару, халықты өрт қауіпсіздігі тәртібіне оқыту, үйрету, өрт қауіпсіздігін кино, телевизор, радио арқылы уағыздау.
Әр түрлі шаруашылықтарда мынадай себептерден өрт шығады:
1. құрылыс салған кезде өрт қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы, желдің негізгі бағытын есептемеу және өндіріс технологиясының қаупін есептемеу т.б;
2. жылу орталықтарын пайдаланған кездегі тәртіп бұзу;
3. электр жүйесін жүргізген эл. құрылғыларын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзу т.б.
4. пішіндердің, қилардың, торфтардың өздігінен қызып жануы, оларды сақтау тәртібін бұзу;
5. тез тұтанатын заттардың құбырдағы тағы басқа жерлердегі үйкелістері кезіндегі қауіп;
6. керосинді шам, ашық отты пайдаланған кездегі тәртіпті бұзу;
7. жай оттарының әсерінен болған өрт.
Д-9 Кіріспе. Тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырудың негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:
Тақырыпқа кіріспе. Пәнді оқытудағы мақсат және пәннің қысқаша мазмұны.
Пәнді оқытудағы міндеттер. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Төтенше жағдайларға байланысты заңдылық негіздер.
Қазіргі кездегі адамның тіршілік әрекеттері әр түрлі ортада өтеді. Шартты түрде адамды қоршаған ортаны-табиғи, өндірістік, әлеуметтік тұрмыстық, қоғамдық, космостық тіпті ақыл-ой ортасы деп бөлуге болады. Осы тіршілік жүйесіне қатыса отырып адам алдына екі түрлі мәселе қояды:
Өзінің тамаққа, суға және ауаға деген қажеттілігін шешу
Қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын өзіне қолайлы жағдай жасау және де өзі тектестердің қарсы әсерінен қорғану үшін жағдай ойластыру.
Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі аталған зиянды әсерлерден қорғанудың, қауіп-қатердің алдын-алудың, оның салдарымен күресудің жиынтығы.
Сондықтан курстың негізгі сұрақтары төмендегідей:
қоршаған табиғи ортаның адамға қауіпті-зиянды жағдайларымен танысу;
тұрмыстық және өндірістік ортаның қауіпті-зиянды факторларын жіктей біліп, ортаның қауіпсіздігін сақтай білу;
торларын жіктегі біліп, ортаның қауіпсіздігін сақтай білу;
технологиялық процестермен халық-шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын сақтаумен танысу;
төтенше жағдайларды болжап, алдын-алу, олардың салдарын жою мәселелерін білу;
бейбіт және соғыс жағдайындағы ТЖ кезінде халықты қорғауды ұйымдастыра білу
Пәнді оқудағы міндет – студенттерді бейбіт немесе соғыс кездегі ТЖ-да дұрыс әрекет істеуге үйрету, ТЖ халықты қорғауды, қару қолданғанда, өндірістік авариялар мен табиғи апат кездерінде құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу әдістерін үйрету. Табиғи апат, өндірістік авария немесе радиациялық, химиялық қауіп кезінде жағдайды бағалай біліп, барлау жұмыстарын жүргізіп, объектідегі жұмысшылар мен халықты қорғау шараларын ұйымдастыруға үйрету.
Тіршілік ету - адамның денсаулығын және еңбек ету қабілетін сақтау үшін организмде жүретін күрделі биологиялық процесс. Осы биологиялық процесс дұрыс жүру үшін адам өзіне жан-жақты жағдай жасай білуі керек – ол адамның тіршілік кепілі.
Тіршілік ортасы – адамның тіршілік ету қабілетіне, денсаулығына тікелей немесе жанама, бірден немесе біртіндеп әсер ететін қоршаған ортаның факторларының жиынтығы.
Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз адам мен оны қоршаған ортаның қауіпсіз және адамға қолайлы қарым-қатынасы
Төтенше жағдай – адамдардың қалыпты тіршілігін бұзын, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, зиян шығын әкелетін оқиға.
Қазақстан Республикасында ТЖ байланысты төмендегі заңдар қабылданған:
ҚР «Табиғи және техногенді төтенше жағдай туралы» заңы (5-ші шілде 1996 ж.);
ҚР «Апаттық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы туралы» заңы (27 наурыз 1997 ж.)
ҚР-ң «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы (7 мамыр 1997 ж.)
ҚР-ң «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы (22 қараша 1996 ж.)
ҚР-да «ТЖ режимін енгізу құқығы туралы заңы»
ҚР-ң «Радиациялық қауіпсіздік туралы заңы» (27 сәуір 1998 ж.)
ҚР «Еңбек кодексі» (15 мамыр 2007 ж.)
Айтылған зандардың маңызы өте зор. Өйткені осы заңдар арқылы ҚР азаматының ТЖ байланысты құқықтары мен міндеттері, мекемелер, жергілікті, орталық атқару және басқару орғандарының құзырлары мен негізгі міндеттері, апаттық құтқару қызметтері мен құрылымдардың іс-әрекеттері, ҚР аумағындағы ТЖ-дың алдын-алу мен салдарын жою мәселелері бойынша көпшілік қатынастары реттеледі.
Д-10. Қазақстан Республикасы аумағында мүмкін болар төтенше жағдайлар, олардың сипаттамалары және салдары
Қарастырылатын сұрақтар:
Төтенше жағдайға байланысты ұғымдар.
Төтенше жағдайлардың топтастырылуы
Табиғи апаттың алдын-алу, салдарын, шығынын азайту шаралары
Адамның тіршілік ортасының факторларының әрқайсысы адамның өзіне немесе адам әрекеті, керісінше, ортаға жағымсыз әсер етеді. Ондай жағымсыз әсерлерді табиғи апат, өндірістік авария, катастрофа ұғымдарымен айқындаймыз. Дегенмен ортақ сипаттарына байланысты айтылған ұғымдарды «төтенше жағдай» деп бір сөзбен айтуға болады.
Табиғи апат – кенеттен болған табиғат оқиғасы. Соның салдарынан халықтың қалыпты тіршілік етуі бұзылып, адам, мал және басқа да бағалы заттардың шығынына әкеліп соғатын төтенше жағдай.
Авария – құрал-жабдықтардың, құрылыстың, технологиялық процестің, машина мен механизмдердің істен шығуы. Оның салдары өртке, ауаның, жердің улануында, ластануына, суға батуына т.б. тіршілікке қауіпті жағдайларға әкеліп соғады.
Катастрофа (зұлмат) – көп адамдардың тіршілігіне нұқсан келтіретін, адам шығынына немесе денсаулығына зиян келтіретін, экономиялық және экологиялық шығынға соқтыратын, адамдардың қолымен істілген немесе табиғат апатының, қоғамдағы апаттың салдарынан болған оқиға.
Әр катастрофаның өзіне тән ерекше әсері болады және белгілі бір ортаны бүлдіреді.
Төтенше жағдай – табиғи апаттық, катастрофаның нәтижесінде адам өмірін қиып, немесе денсаулығына нұқсан келтіретін, шаруашылық бөлімдерге, қоршаған ортаға зиян келтіретін, адамдардың қалыпты тіршілігін бұзатын, белгілі бір аумақта болған оқиға.
2.Төтенше жағдайлар үш негізгі сипатына байланысты топтастырылады:
Пайда болу (туындау) көзіне байланысты.
Қай салаға жататынына байланысты
Тарау аймағына (масштабына) байланысты (ТЖ салдары мен оны жоюға жұмылдырылған күш пен материалдық жабдықтар мөлшері)
Бірінші, негізгі сипатына байланысты – яғни туындау көзіне байланысты – төтенше жағдайлар: табиғи, техногенді, қоғамдағы қарама-қайшылық деп топтастырылады.
Екінші негізгі сипаты - қай салаға жататынына байланысты – төтенше жағдайлардың топтастырылуы:
құрылыстағы төтенше жағдайлар
өнеркәсіптік төтенше жағдайлар
көліктегі төтенше жағдайлар
тұрғын үй саласындағы, коммуналды-тұрмыстық төтенше жағдайлар
ауылшаруашылығындағы төтенше жағдайлар
орман шаруашылығындағы
тасымалдау саласындағы (газ, мұнай құбырлары)
Үшінші негізгі сипаты, масштабына байланысты және салдарын жоюға жұмылдырылған күш пен жабдыққа байланысты ТЖ-дың топтастырылуы:
бөлімшелік (объект, құрылғы, цех), салдарын жоюға тек сол бөлімше күштері жұмылдырылады;
жергілікті (қала, аудан, облыс);
аймақтың (бірнеше облыс, аймақ көлеміндегі);
ұлттық (Қазақстан Республикасы аймағы)
жаһандық немесе трансшекаралық (ҚР аумағымен көршелес елдер аумағы)
Табиғи апаттардың алдын-алу, салдарын, шығынын азайту шаралары
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңында табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін төмендегідей шаралар белгіленген:
жағдайды бақылау, ғылыми зерттеу;
төтенше жағдайға әкеліп соғатын авария, катастрофа, апаттарды болжау және апат мүмкіндігі жөнінде хабарлау;
мамандарды, халықты ТЖ жөнінде білім алуға бейімдеу;
төтенше жағдайлардан қорғану шараларын жүргізу.
Айтылған заңда табиғи және техногенді апаттардың қауіпін азайту, шығынын, залалын азайту үшін жасалатын қорғану шаралады айқындалған:
құрылысты сейсмикалық қауіпке байланысты жүргізу, ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру;
гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғау шараларын іске асыру;
транспорттық ТЖ алдын-алу үшін, транспорт қауіпсіздігін сақтау үшін коммуникация жүйелерін жетілдіру;
радиоактивті, химиялық және басқа қауіпті объектілердегі қорғау шараларын уақытымен жүргізіп отыру;
өрт жарылыс, эпидемия, эпизотия, ауылшаруашылық және орман өсімдіктері зиянкестері мен ауруларына қарсы шараларды жүргізу;
басқа да өқілетті бақылау органдарының заңдарына байланысты міндетті шараларды іске асыру.
Д-11. Қазақстан Республикасы «Төтенте жағдайлар Министерствасы» негізгі міндеттері, құрылымы, басқарылуы
ТЖМ мемлекет құрамындағы орталық атқару органдарының бірі. Министерстваның негізгі міндеттері; ҚР Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, тау-кен және өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіздігін қадағалау, және де табиғи және техногенді ТЖ-дың алдын-алу, салдарын жоюға байланысты арнайы атқару немесе рұқсат ету функцияларына лиценция беру, әр саланың АҚ, қауіпсіздікке байланысты сұрақтарының басып біріктіріп, үйлестіру мәселесі
Министерстваның жұмысының негізгі өзегі:
Мемлекеттік саясатқа сәйкес табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және салдарын жою мәселелері шеңберінде құрылымдық қайта құру мен реформаны іске асыру
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы құбылыстар мен жағдайларды жан-жақты бақылау, қадағалау, басқару;
Республикадағы аса қауіпті объектілердегі, тау-кен өндірісіндегі, өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау, қадағалау.
Төтенше жағдайлар министерствасы төмендегі департаментерден және аймақтың облыстық, қалалық басқармалардан тұрады.
Қазіргі уақытта ТЖМ кіретін департаменттер төмендегідей:
ТЖ алдын-алу департаменті
Шуғыл-іс-қимыл департаменті
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімшелер департаменті
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаменті
Мемлекеттік ТЖ, техникалық және тау-кен өндірісін бақылау департаменті
Кадрлар жұмысы мен ұйымдық-бақылау департаменті.
Министерстваның құрамына, орталық аппараттан басқа, аумақтық органдар, яғни облыстық басқармалар (инспекция бөлімін қоса), Алматы, Астана, Қарағанды қалалық басқармалары аудандық бөлімшелер және әртүрлі министерстваға әр саладан бағынатын агенствалар кіреді. Оларға: Республикалық біліктілікті жоғарлату; Республикалық кризистік орталык; Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;химикалық, радиометрикалық зертхана; Республикалық, облыстық шұғыл-құтқару обрядтары. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, «Казсельқорғаныс» мемлекеттік мекемелері кіреді.
ТЖМ орталық және атқару органдарының құзырлары:
Қазақстан Республикасының ТЖМ құқықтары:
министерстваның құзырындағы мәселелер шеңберіндегі заңдардың орындалуына бақылау жасау;
басқа министерстваларға, орталық және жергілікті атқару органдарына табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-дын алдын-алу, салдарын жою туралы нұсқаулар, ескерткелер беру;
өз құзыры шеңберінде Азаматтық қорғаныс шараларын шешуге, дайындауға ат салысу, шешім қабылдау;
ҚР аумағында болған қоғамдық тәртіпбі сақтау, халық шаруашылық объектілерін қорғау, табиғи апат, өнеркәсіптегі авария, катастрофалардың алдын-алу, салдарын жою жұмыстарына Әскери күштер бөлімшелерін, Ішкі істер Министрлігі күштерінің, арнайы мемлекеттік құтқару, шуғыл-іс-қимыл обрядтарын кірістіру жөнінде ҚР Өкіметіне сұраныс беруіне;
өз құзыреті шеңберінде өнеркәсіпбегі, қоршаған орта қауіпсіздігіне байланысты, құтқару-тағы басқа шұғыл жұмыстарды атқаруға рұқсат беру, құрамалардың біліктілігіне сараптама жүргізу, лицензия немесе сертификат беру;
Адамдар өміріне қауіп төнгенде, апаттық жағдай туғанда мекемелер мен объектілердің жұмысын уақытша тоқтатуға немесе мүлдем тиым салуға, эвакуация жұмыстарын жүргізуге;
Республика бойынша кәсіби түрде авариялық құтқару жұмыстарымен айналысқан құрылымдардың қызметтері белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда олардың қызметін уақытша немесе толықтай тоқтатуға;
Бүкіл республика аумағы бойынша өзінің бірегей радио толқынына ие болуға;
Төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою мәселелері жөнінде бюллетень, анықтамалықтар, журналдар және басқа да ақпараттық басылымдар шығаруға құқылы.
Сонымен қатар Мемлекеттік Азаматтың қорғаныс және қауіпсіздік жұмыстарын үйлестіру бағытында өкімет аясында Мемлекеттік салааралық Төтенше жағдайлар комиссиясы жұмыс жасайды. Комиссияның негізгі міндеті Азаматтық қорғаныс және ТЖ халықты қорғау мәселелері бойынша әр саланың күштерін біріктіру, мемлекеттік саясатты іске асыру, қаражат, мүмкіндіктерді еселеу болып табылады.
Д-11 (жалғасы). Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, атқаратын міндеттері
Азаматтық қорғаныс-мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Қазақстан Республикасының АҚ-сын басқаратын Республиканың премьер-министрі. Азаматтық қорғаныс ісіне басшылық жасау Қазақстан Республикасының «Төтенше Жағдайлар Министерствасына (ТЖМ) жүктелген.
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңының (7 мамыр 1997 ж.) 3-ші тарауында көрсетілгендей
Азаматтық қорғаныс күштері құрамы:
ҚР Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен;
Азаматтық қорғаныстық аумақтық құрылымдарынан;
А.Қ-ң объектілік құрылымдарынан;
А.Қ. және ТЖ қызметтері құрылымдарынан;
Шұғыл-құтқару бөлімшелерінен (Аудандық ШҚБ облыстық ШКБ) тұрады
АҚ құрылымдары мекеменің меншіктік түріне қарамай аумақтық-өндірістік принцип бойынша аймақтарда, облыстарды, қалаларда, аудандарда, мекемелерде құрылады.
Аймақтың құрылымдар әкімдердің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар-мекеменің басшысы бұйрығымен құрылады.
Мақсатына байланысты АҚ құрылымдары негізгі құрылымдар және қамтамасыз ету құрылымдары болып бөлінеді.
Негізгі құрылымдарға:
барлаушылар
құтқарушылар
дәрігерлік көмек
инженерлік
өртке қарсы
авариялық-техникалық
радиациялық-химиялық қорғау құрылымдары жатады.
Қамтамасыз ету құрылымдарына:
байланыс бөлімшелері
материалдық-техникалық қамсыздандыру
транспорттық
күзет немесе қоғамдық тәртіпті сақтау
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау
және басқа да қорғау, көмек бөлімшелері жатады
Бейбіт кездегі ТЖ салдарын жою үшін АҚ құрылымдары және арнайы қызмет құрылымдары адамдарынан шұғыл-қимыл отрядтары жасақталады. Бұл отряд әр дайым іс әрекетке дайын болуы керек.
Облыстық әр дайым іс-әрекетке дайын шұғыл-қимыл отрядтары саны – 150 адамнан кем емес
Қалалық отрядтар – 100 адамнан кем емес
Аудандық отрядтар – 50 адамнан кем болмауы керек.
Азаматтық қорғаныс күштерін дайындыққа келтірудің мөлшерлі уақыты төмендегідей белгіленген:
шұғыл-іс-қимыс отряды үшін – 2 сағаттан артық емес
негізгі құтқару құрылымдары үшін – 4 сағат
барлық қалған құрылымдар үшін – 6 сағат
Азаматтық Қорғаныс құрылымдары қызметіне еңбек жасындағы әйелдер мен ерлер тартылады.
Д-12 Соғыс және бейбіт кездегі Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері
Резпубликадағы соғыс немесе бейбіт кездегі ТЖ-дан халықты қорғау іс шараларының негізгі мақсаты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 7 мамыр 1997 жылы қабылданған Қ.Р. “Азаматтық қорғаныс туралы” заңында көрсетілгендей:
орталық және жергілікті атқару органдарының, министерствалардың, мекемелер мен кәсіпорын басшылары ТЖ және АҚ шараларын ұйымдастыру мен іске асыруға тікелей жауапты;
ТЖ және АҚ шараларын қажетті жеке басты қорғау, ұжымдық қорғау құралдарын жабдықтауға, олардың қорларын сақтауға, әрдайым дайындықта ұстауға;
өз қарамағындағы объектілермен аймақтарда ТЖ кезіндегі іс-шараларға мекеме қызметкерлері мен халықты дайындауға және үйретуге жауапты екендері баса айтылған.
Қ.Р. “Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” заңының 1 тарауы, 3-ші бабына сәйкес халықты қорғаудың қоршаған ортаны қорғаудың, халық шаруашылық объектілерін табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ қорғау принциптері төмендегідей:
болуы мүмкін немесе туындаған ТЖ туралы, олардың алдын алу немесе салдарын жою шаралары туралы мекемелер мен халыққа уақытында және жариялық тұрғысында нақты мәлімет беру;
жеке азаматтар мен мекемелер іс-әрекетінің зияндылығы және қауіптілігін алдын-ала анықтау, потенциалді қауіптен қорғануға, ТЖ-дың алдын алатын шараларды іске асыруға халықты үйретуге;
ТЖ кезінде құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін шараларды іске асырудың міндеттілігі, шұғыл медициналық көмек көрсету, залалға ұшыраған еңбеккерлер мен халықты арнайы қорғау, ТЖ салдарынан халықтың денсаулығына келген, қоршаған ортаға, халық шаруашылық объектілеріне келген залал, шығындарды өтеу міндеттілігі;
ТЖ-дан халықты қорғау, қазіргі заманғы қару зиялынан қорғау шаралары А.Қ-тың жоспарларында айқындалып, басқару органдарының шешімдеріне байланысты, жергілікті жағдайды, мүмкіндікті ескере отырып жасалады.
Біріншіден бұған алдын-ала қорғаныс шараларын іске асыру және жоспарлау жатады.
Қорғау шараларын жоспарлауды және жүргізуді Республиканың бүкіл аумағында іске асыру.
Қорғау шараларын жүргізу көлеміне, сипатына жергілікті жағдайға байланысты дифференциальды түрде келу.
Қорғау шаралары үшін пайдаланатын жабдықтар, күштер және әдістер жан-жақты болуы керек.
Төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы қырын жою қаруын қолданған кезде халықты қорғау әдістері жоғары дәрежедегідей нәтиже беру үшін, бейбіт кезде және алдын ала сипаты жағынан, көлемі жағынан әртүрлі-инженерләк, эвакуациялық, радиациялық қарсы, дәргерлік, өртке карсы және басқа да шараларды жоспарлап, және оларды іске асыру қажет.
5. Қорғау шараларын жоспарлауды, іске асыруды Қ.Р. қорғаныс және Ішкі стер Министрліктерімен бірлесіп жүргізу
Д-13 Тақырыбы : Салауатты өмір салты .
Адам табиғаттың ғажайып бір өнімі .Адамның жаратылысының өзі , оның анатомиясы мен физиологиясы , функциональдық мүмкіндігі , күші мен төзімділігі таңғаларлық жоғары дәрежеде жаратылған .
Дегенмен адам шексіз мүмкіншіліктерін адамзат апйдасына а\пайдалануй , көбінесе адамның салауатты өмір сүру салтына , дағдысына , күнделікті тәртібіне , сол мүмкіншіліктерін мемлекеттің отбасы және өзінің мүддесіне бағындыруына , арнауына әрі пайдалануына тікелей байланысты . Адам баласы табиғат өнімі болғандықтан сол табиғатқа оның ресурстарына , қоршаған ортаның жайнап тұруына , өзінің денсаулығының жақсы болуына көп көңіл бөлуге міндетті . Міне осылар , салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары .
С а л а у а т т ы ө м і р с ү р у д і ң н е г і з г і э л е м е н т т е р і .
Салауатты өмір сүру негізінде қоғамның және жеке адамның рухани жағдайына тікелей байланысты әрі оған күнделікті өмір сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді . Солардың ішінде :
адамның күнделікті қозғалу режимі жатады ;
организмді шынықтыру ;
еңбек және демалыс гигиенасы ;
жеке басының және қоғамдық гигиенасы ;
ұжымдағы психикалық – эмоциональдық қарым – қатынасты үйлестіру ;
қоршаған ортаны қорғау ;
А д а м н ы ң к ү н д е л і к т і қ о з ғ а л у р е ж и м і . Оңтайлы қозғалу режимі түрі дене шынықтырумен , спортпен айналысу - денсаулықты нығайтудың және жұмысқа деген қабілеттілікті көтерудің ең бір тиімді әдісі . Дене шынықтыру мен спорт кәрінің де , жастың да денсаулығын жақсартады әрі ауырмаудың мүмкіндігін алдын алуға мүмкіндік жасайды .
О р г а н и з м д і ш ы н ы қ т ы р у . Шынығу – организмді нығайтудың , экологияның адамдар денсаулығына кері әсер теуін жеңудің тиімді құралы , ол негізінен адам денесіндегі жылуды өзгертіп отыру арқылы қол жеткізетін әдіс .
Шынығудың процедуралары ерекше . Көп жағдайларда тек табиғи факторлар қолданылады : ауа , күн және су . Сондықтан болар шынығу қосымша материалдың шығынды қажет етпейді және кез – келген жерде айналыса беруге болады .
Е ң б е к және д е м а л ы с г и г и е н а с ы . Адамның әрбір жасына байланысты еңбек режимі физиология заңына байланысты , яғни еңбек процесі демалумен ауысып отыруы керек . Демалыс кезінде организмде қайта қалпына келтіру процесі жүреді де , адам еңбек етуге дайын болады , егер демалыс уақыты жеткіліксіз болса , онда организм қайта қалпына келіп үлгермей , шаршағандық пайда болады . Сондықтан адам өмірінде еңбек пен демалыстың гигиеналық режимі болуы өте қажет .
А д а м н ы ң ж е к е б а с ы н ы ң г и г и е н а с ы . Адамның жеке басының гигиенасы организм мен терінің өз қызметін жақсы атқарудың шарты ретінде тәнді тазалықта ұстауды аса қажет етеді . Теріні , шашты , ауыз қуысын , тырнақты таза ұстау , оларға ылғи да қарап отыру терінің сақталуына , инфекциялық аурудың жұқпауына , тарамауына жағдай жасайды .
Жеке бастың гигиенасы киім болып саналады . Киімді жыл мезгіліне , суық пен ыстыққа сай пайдалану адамның денесіндегі қажетті жылу алмастыру процесінің жүруіне қажетті жағдай туғызады . Киімнің кір болуы , оның гигеналық қасиетін төмендетеді , жұқпалы ауру туғызады , әр түрлі бактериялар көбейеді . Сондықтан адам киімі таз , әрі қонымды , жұмыс істегенде адамға қиындық туғызбайтын болуы керек .
Ұ ж ы м д а ғ ы п с и х и к а л ы қ – э м о ц и о н а л ь д ы қ қ а р ы м – қ а т ы н а с т ы ү й л е с т і р у . Адамзат табиғаттың өнімі ретінде өзіне әсер ететін табиғаттың күшін және әлеуметтік ортанының әсерін тұрақты сезінеді . Адам организмі бұған да ыңғайланады . Соның бірі – ұжымдағы қарым – қатынасы оның қиындығы , бірліктің жоқтығы адамның психикалық жағдайына өте қатты әсер етеді .
Психикалық - әлеуметтік күйзелістің мәселелері , оларды дұрыс шешу салауатты өмір сүру үшін өте маңызды .
Маскүнемділік , есірткіге әуесқойлық , темекі тарту – денсаулықтың қатері .
Академик Ф.Г.Угиов 1980ж. Былай деген . Алкогольдің зияны неде ?
ол наркотик . Адам мас болады , өзін - өзі постологиялық жағдайға қояды . Ерлермен қатар әйелдер де , жасөспірімдер де пайдаланады . Алкоголь тек адам денесін әлсіретіп қана қоймайды , сонымен қатар , адамның адамдығын бұзады , қоғамға қауіп төндіреді .
Әлеуметтік жағынан алғанда , болған қылмыстардың 80 – 90 % арақпен байланысты . Отбасының бұзылуы , ажырасу – ішімдіктің кесапатынан болып отыр .
Есірткіге әуесқойлықтың үш сипаттамасы бар :
Медициналық тұрғвдан – оны пайдалану адамның орталық нерв жүйесіне арнайы әсер тетді .
Әлеуметтік тұрғыдан – оны қолдану әлеуметтік өмірге , қоғам өміріне зор зийн тигізеді .
Заңдылық тұрғыдан – оны сақтау , алып жүру , сату , пайдалану қылмысты іс деп танылады . Олар анаша , харас болып бөлінеді . Қолдану түрі : тарту , ішке жұту , тері сатына тамырға айдау . Үнемі қолданущылық – шизофренияға , адамның халін бұзуға , бала таппаушылыққа соқтырады .
Темекі шегу . Қарын ашқанды , шөлдегенді сездірмейтін тамырлардың жұмысын тежеп , қанға түтіннің уы сіңеді . Түтіннің уында адам денесіне зиянды отыздан аса заттар бар . Темекі асқорыту органдарына да зиян келтіреді , асқа тәбеті шаппайды , қарынның жұмысы баяулайды . Әйел адамдарға өте зиянды .
3. Тәжірибе сабақтары
Мазмұны
№ 1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу
№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тексеру және тiркеу
№ 3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру
№ 4 а)Сабақ тақырыбы: Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері
№ 4 б) Сабақ тақырыбы: Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары
№ 4 с) Сабақ тақырыбы: Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар
№ 5 Сабақ тақырыбы: Өрт сөндіргіш құралдар
№ 6 а) Сабақ тақырыбы: Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар
№ 6 б)Сабақ тақырыбы: Химиялық барлау құралы және химиялық залалдануды анықтау
№ 1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу.
Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген стандарттың нұсқа-сымен,ондағы көрсетілген нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.
Оқу құрал жабдықтары:
Методикалық нұсқау
Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi
Жеке тапсырма.
Жұмыс ретi:
1. Кәсіпорын,мекемелерде нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі міндетті? 2. Әр нұсқаудың жүргізілу мерзімдері қандай?
3. Әр нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі? 4. Нұсқауларды кiмдер жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?
Алғысөз
«Жұмыскерлерді қауiпсiз еңбек етуге оқыту, еңбек қорғау , қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімдерін тексеру және нұсқауларды жүргізу ережелері» Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 313 бабына сәйкес, ҚР «Халықтың еңбегін қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің» 23 қыркүйек 2007 жылғы № 205 л бұйрығымен бекітілген. Бұл ереже барлық халық шаруашылығы салаларының мекемелерi мен кәсiпорындарында бiрдей жүредi.
I. Негiзгi баптар
1.1Жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек етуге оқыту, жұмыстың қауiптiлiк дәрежесiне , ерекшелiгiне қарамай, барлық кәсiпорында, мекемелерде:
жаңадан жұмысшыларды дайындау барысында ; (жұмысқа алғаш орналасқан кезде немесе мамандығы жоқ; мамандығын өзгерткен кезде)
мамандық шеберлiгiн арттыру кезiнде iске асырылуы керек.
1.3 Оқып-үйрету жұмысын ұйымдастыру мен жалпы басқару кәсiпорын (мекеме) басшысына , ал бөлiмдерде- бөлiмше бастықтарына жүктеледi.
1.4 Бөлiмдердегi қауiпсiз еңбек етуге үйрету жұмысын және оның сапасын , кәсiпорынның еңбек қорғау бөлiмi (бюрасы, инженерi) қадағалайды.
Ондай бөлiм жоқ болған жағдайда кәсiпорын (мекеме) басшысы” бұйрығымен бұл мiндет инженер- техник қызметкерлерiнiң бiрiне жүктеледi
1.5 Бұл ереженің шарттарын министiрлiктер әр саланың жұмыс ерекшелiктерiне қарай, оқулық-методикалық бағдармалар жасаған кезде және техникалық ереже , iс қағаздарын жасағанда ескерулері керек.
II Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.
2.1 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту кәсiптiк–техникалық оқыту бағдарла-масына сай, Мемлекеттiк кәсiби оқу бөлiмi, мемлекеттiк еңбек департаменті бекiткен «Өндiрiсте жұмысшыларды дайындау және олардың мамандық шеберлiгiн арттыру ережелерiне» сәйкес оқытылуы қажет.
2.2 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту , еңбек қорғау тақырыптары бойынша да , және мамандыққа оқыту-үйрету барысында да, мiндеттi түрде , еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының тақырыптарын қосып оқыту арқылы iске асады.
2.3 Жаңа жұмысшыларды қауiпсiз еңбек етудiң әдiс - әрекеттерiне тәжiрибе жүзiнде оқыту немесе өндiрiстiк оқыту - оқу шеберханаларында (цехтарында, бөлiмдерiнде) нұсқаушының (инструктордың) басшылығымен , ал жұмыс орнында арнаулы бiлiмi бар маман, бригадир немесе жоғарғы квалификациясы бар жұмысшының басшылығымен жүргiзiледi.
2.4 Еңбек қорғау сабағының әр өткен тақырыбы және сабақта болған адамдар тiзiмi оқу журналына жазылып отырылады.
2.5 Сабақ бiткен соң , алған бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан алынады.
III.Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- қосымша нұсқау (жоспардан тыс); 5шi – тиiстi нұсқау (мақсатты).
3.3 Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.
3.7 Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен , кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар , студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.
3.12 Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне, жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек.
3.13 Қайталама нұсқау жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн , меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.
Қайталама нұсқау - жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.
3.14 Қосымша нұсқау (жоспардан тыс):
- еңбек қорғау ережелерiне ,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген кездерде;
- технологиялық процесcтерде өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса олар жаңартылғанда;
еңбеккер қауiпсiз еңбек ету ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына , жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;
бақылау, қадағалау органдарының міндеттеуі бойынша жүргізіледі.
3.16. Тиiстi нұсқау (мақсатты):
- тікелей мамандығына қатысы жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі (тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс жердегі жұмыстар).
- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;
№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тiркеу.
Жұмыс мақсаты: Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң ретiмен, оны тiркеу жолдарымен , талдау әдiстерiмен танысу, өндiрiстік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі актi толтыруды үйрену.
Жұмыс ретi:
Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң мәні неде?
2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері қандай?
3. Өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне кімдер кiредi? Тексерудiң уақыт мерзiмi қанша?
4. Тағы қандай тексерулер түрлерiн бiлесiң? Қай уақытта арнайы тексеру жүргiзiледi?
5. Арнайы тексеру комиссиясына кiмдер кiредi? Тексеруге қанша уақыт берiледi?
6. Егер жазатайым оқиға ұшыраған адам, ол туралы сол уақытта айтпай бiрнеше күннен кейiн /3,5,10/ айтса, бұл жағдайда тексеру қалай жүргiзiледi?
Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адам-дардың;
2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген кү-зет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жө-ніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүше-лерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қа-жет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуы-на себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөнін-дегі шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмы-сын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтау-ға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құ-қықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарла-ма жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уә-кілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті ор-гандарға;
3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік ор-ганға;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс бе-рушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бас-тап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мына-дай құрамдағы комиссия жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынба-сары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қара-мастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инс-пекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексе-руді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жө-ніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнін-дегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топ-тық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мем-лекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Өкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін ар-найы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың маман-дары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу.
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың сани-тарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган-ның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші жеке тұлєа болса, жазатайым оқиға туралы акт толты-рылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
4. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тер-геп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өт-кені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіз-дігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзін-ді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта-масыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптама-лардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лау-азымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді кө-шірмелер жасауға құқылы.
№3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру.
Жұмыстың мақсаты: Жұмыс орнындағы, бөлмедегі микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау және микроклиматқа баға беру.
Жұмыс реті :
1. Бөлме микроклиматтының көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың жұмысымен, құрылысымен танысу.
2. Жұмыс бөлмелерінің микроклиматына сипат беретін жағдайларды өлшеп білу.
3. Зертханадағы микроклиматқа баға беріп , тәжірибе кестесін толтыру. Жұмысқа қорытынды жасау.
4. Микроклиматты қалыпқа келтірудің жолдарын көрсете білу.
Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері
Жыл маусымы
|
Жұмыс дәрежесі
|
Микроклимат көрсеткіштері
|
Температура
0С
|
Салыстырмалы
Ылғалдылық, %
|
Ауа қозғалыс жылдамдығы
|
Суық және ауыспалы мезгіл
|
Жеңіл, I
Орташа ауыр-лығы, I Iа
Орташа ауыр-лығы, I Iб
Ауыр, I , I I
|
20...23
18...20
17...19
16...18
|
60...40
60...40
60...40
60...40
|
0,2 дейін
0,2 дейін
0,2 дейін
0,2 дейін
|
Жылы мезгіл
|
Жеңіл, I
Орташа ауыр-лығы, I Iа
Орташа ауыр-лығы, I Iб
Ауыр, I , I I
|
22...25
21...23
20...22
18...21
|
60...40
60...40
60...40
60...40
|
0,2 дейін
0,2 дейін
0,4дейін
0,5 дейін
|
Жұмыс орнындағы микроклиматтың нақты жағдайлары нормада көрсетілген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, бұл жағдайларды уақытында анықтау үшін төмендегідей аспаптар қолданылады.
Температураны өлшеуге – сынапты термометрлер қолданылады.Бөлме ішінде жылу шығаратын құрылғылар болған кезде ауа температурасын қос термометр арқылы өлшейді(1-ші Сурет).Сынапты екі термометрдің бірі қара бояумен екіншісі күміс түстес бояумен боялған.Ауаның нақты температурасы екі термометрдің көрсеткіш айырмасы арқылы анықталады.
Термографтар – бөлмедегі ауа температурасының уақытқа байланысты өзгеруін жазуға арналған.
Тұрақты Августың психрометрі – қос термометрден тұрады. (2-ші Сурет).
Оның бірі ылғалды( сынап тұратын ыдысы суланған дәкемен оралған),екіншісі құрғақ термометр. Ылғалды термометрдің көрсеткіші әрқашан төмен.
Психрометрлер – жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптар. (3-ші,4-ші Сурет)
Екі термометрдің көрсеткіш айырмашылығы арқылы номограммадан немесе таблицаны қолданып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз.
Гигрометр МВ–1 аспабы–ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы( 1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді
Гигрограф аспабы – ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады.
Шөмішті немесе қалақты анемометрлер 9-20 м/с және 0,5-10 м/с аралығындағы ауа қозғалысын өлшеуге арналған. (5-ші Сурет) Жел қысымынан болатын қалақтың айналысын өлшеу механизмі көрсетеді.Қалақтың айналыс жылдамдығы, ауа қозғалысының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.М/с –пен көрсетілген жылдамдықта арнайы графикпен және секундомер арқылы анықтайды.
Ал, ауа қозғалысы 0,5 м/с төмен болғанда, ауа қозғалысы жылдамдығын кататермометр арқылы анықтайды.Термометрлердің спирт немесе сынап тұратын бөліктері шар тәріздес немесе цилиндр тәріздес болып екіге бөлінеді және төменгі, жоғарғы екі бөліктерден тұрады.Цилиндр тәріздес кататермометр шкаласы 38-35 0С ал, шар типтес 40-33 0С шамаға бөлінген.
Жылдамдықты өлшеу үшін алдымен термометрді +60 -70 0С суға салып,сынап, термометрдің жоғарғы ыдысына толғанша ұстайды.Содан соң өлшеу жүргізетін ауа жолына кататермометрді қойып,көрсеткішінің ( 38-35 0С,40-33 С) төмендеу уақытына байланысты жылдамдықты анықтаймыз.
Актинометрлер – сәулелі жылу температурасын өлшеуге арналған.Аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі қара немесе жарқыраған алюминий табақшалары.Олар термопарамен гальванометрге жалғанған.Аспап жылу ағынының тығыздығы 250 вт/м2 –тан жоғары болғанда ғана жұмыс істейді.
Барометр МД - 49, БАММ ауа қысымын өлшеуге арналған.Олардың шкалалары мм сынап бағанасы немесе паскальмен (Па) белгіленген.
М – 22, М – 22С барографтар тәуліктік немесе апталық ауа қысымының өзгерісін жазуға арналған аспаптар.
Тәжірибе кестесі.
№
|
Көрсеткіштер атауы
|
Қолайлы нормативтік көрсеткіштер
|
Нақты көрсеткіштер
|
1
|
Ауаның температурасы 0С
|
20-23
|
|
2
|
Салыстырмалы ылғалдылық %
(гигрометр бойынша)
|
60-40
|
|
3
|
Гигрограф бойынша салыстырмалы ылғалдық %
|
|
|
4
|
Жұмысшы басындағы көрсеткіш
|
|
|
5
|
Жұмыс аяғындағы көрсеткіш атмосфералық қысым,мм.сын.бағ.
|
760
|
|
6
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы. м/с
|
0,2
|
|
Қорытынды:
№4 Сабақ тақырыбы: Соғыс және бейбіт кездегі арнайы киім, аяқ киім және жеке басты қорғау құрал-жабдықтары
А)Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері.
Сабақ мақсаты: Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының түрлерімен танысу, жұмысшыларды қамтамасыз ету ретімен танысу.
Қауіпті,зиянды еңбек жағдайына сәйкес арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарын сұрыптауды меңгеру.
Жұмыс реті.
1. Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының жіктелуін (класификациялануы) жазып алу. 2. Арнаулы киім,аяқ киім,қорғау жабдықтарының сақталуы,берілуі және қолданылуы жөніндегі ережені оқып-білу.
Арнаулы киім, аяқкиім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар.
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер.
Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім.
Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.
Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:
Жұмысшы киім
Арнаулы киім
Ведомствалық киім
Технологиялық киім
Достарыңызбен бөлісу: |