ПОӘК 042-14-5-02. 01. 20 / 01-2012 №1 басылым 13. 09. 12



бет4/10
Дата31.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#22334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4. Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан - Найман, Керейт, Жалайыр ру-тайпалары. Найман тайпалар одағы/түрікше "сегіз тайпа одағығы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғ-айдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде - қырғыздар, шығысында - Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жақ бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер, Оңтү-стігінде үйғырлар болды. Алайда, бүл қоныстар тұрақты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапқыншылықтар барысында тайпалар бір жерге тұрақтай алмай, жаңа жерлерге көшіп отырды. Өйткені наймандарда және олармен көрші керейттер де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан еді.

Х-ХІІ ғасырлардың басында наймандар Ляо империясына бодан болып, оның батыс аймағында, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде түрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жері солардың иеліктерімен көрші болды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы үлыстардың қүрылуымен қатар жүрді. "Ұлыс" деген сөз ол кезде "халық" деген үғымды білдірді, әрбір үлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды. Хан ордасы үлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері - ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді. Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде үйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен кажетті қүжаттарды куәлан-дырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті үлыс-тардың бірі болған. Шыңғысханның әкесі Ясукай батырдың тұсында найман елін Иналых Білгі Бүқа хан билеген. "Иналых" - сенімді, "білгі" - білімді, кеменгер, "бұқа" -үлық, мықты деген сөз. Бұқа ханды тек ез үлысы емес, өзге үлыстар да қадыр түтып қүрметтеген. Білгі Бүқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбұқа) хан мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман үлысын екіге бөлген. Бұл алауыздықты монғолдар пай-далануға тырысты. 1199 жылы Шыңғысхан керейлердің билеушісі Оң ханмен одақтасып, найман Бүйрық ханға шабуыл жасайды. Алтай аймағының Ұлыңгір көлінің маңындағы шайқаста Бүйрық хан жеңіліп, қырғыз еліне қашып кетеді.

1202 жылы Бұйрық хан меркіт, татар, қаташын ұлыстарымен бірігіп, үлкен әскер жинап, Шыңғысханға шабуыл жасайды. Бірақ оның шабуылы жеңіліспен аяқталып, езі қашып құтылады. 1204 жылы Шыңғысхан керейлерді жаулап алғаннан кейін, найман Таянхан мен меркіттердің би-леушісі Тоқтабектің біріккен әскерлеріне шабуыл жасап талқандайды. Таянхан қаза табады, ал оның баласы Күшлік хан майдан шебінен құтылып шығып, әкесінің інісі Бүйрық ханға кетеді. 1206 жылы монғолдар Бүқтырма езенінің бой-ында Бүйрық бастаған наймандарды жеңіп, оның өзін елтіреді. Бүйрықты паналаған Күшлік хан мен меркіт билеушісі Тоқтабек Ертіс бойына қашады.

1208 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бүдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып койды. Осы кезде Жетісу жерінде Қарақытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мүхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Қарақытай әскерлері талқандалып жеңілген кез-де, олардан үйғырлар бөліиіп шықты. Осыдан кейін Қарақытай мемлекеті қүлады. Хорезмшах наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді - Сайрам, Ташкент және Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды талқандап жецді. Қашып шыққан Күшлікті олар үстап алып Бадахшанда өлтірді. Бүкіл Шы-ғыс Түркістан мен Жетісу жерлері монғолдардың қол ас-тына кешті.Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың бас кезіне жатады. Керейттер конфедерациясының этникалық қүрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жүрттан күралады. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысын-Да - татарлар, оңтүстігінде - таңғүттар мекендеген. Ке-рейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы - Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы.Тарихи деректерде керей ұлысының Марғұзхан, Құршақұз, Бұйрықхан, Горхан және Онхан деген билеушілерінің аты да аталады. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тұырлға көшті. Тоғрылхан тұсында керейіттер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте Хуанхеге дейінгі, батыста – Хангай тауынан, шығыста-Халкин Гольге дейінгі жерлерді жайлаған.

Жалаиырлар туралы алғашқы тарихи деректер Х-ғасырдан бастап кездеседі. Жалайыр жайында тарихшылардың негізгі сүйенетін еңбектерінің бірі – Қадырғали Жалайридің 1602 жылы жазған «Жылнамалар жинағы» деген кітабы.

Ляо империясы және Қытайдағы Жин әулеті кезінде Жалайырлар Монголиядағы белді ұлыстардың бірі болған.ХІІІ-ғ. Басында Шыңғысхан монгол тайпаларын бір орталыққа біріктірген кезде, жалайырлар оған бағынып, Шыңғысханның басты әскери күштерінің біріне айналады.Жалайыр жасақтары 1219-1221ж.ж.Шыңғысханның Орта Азияға, Қазақстанға және Иранға жасаған жорықтарына қатынасып, олардың арасынан әйгілі әскери қолбасшылар шыққан.

Қорыта айтқанда, монголдар талқандағаннан кейін наймандар мен керейіттер, жалайырлар Қазақстан жерінде қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, соның ішінде қазақ халқының құрамына кіріп, біртіндеп сіңісе берді.



5.ҮІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.

Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған

VII ғасырда Тараз "¥лы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар.

Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі қала - Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары:


  1. Түріктердің шығу тарихы.

  2. Біртұтас Түрік қағанатының ыдырап куйреуінің себебі неде?

  3. Қазақ халқының қалыптасуында қыпшақтардың ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 56-72 б.

2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 51-89 б.

3.Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А-1996. 3-178 б.


4-тақырып. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулауы. XIII-XV ғғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан.

Лекцияның жоспары:

1. Шыңғыс хан шапқыншылығы.

2.Жошы Ұлысы және Алтын Орда.

3.Шағатай Ұлысы және Әмір Темір империясы тұсындағы Түркістан.



Мақсаты: XIII-XV ғасырлардағы қазақ тарихындағы ірі оқиғалардың желісін түсіндіру.

1. Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғол-дың бүкіл тайпаларын өзінің кол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-үйымдастыру принципін мемле-кеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орталық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмен-дер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" кұрылды.

Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нойондар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысха-нға бүлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден түратын кешігі /үланы/ қызмет етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп үстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдін оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан ша-буыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғ-ыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның бода-нымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/

бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жа-рақ, қамал бұзатьш машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бүл үшін ол мүсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мүсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойынүсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырғ-ан Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйе-; ден түратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есеп-тегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жа-сады деп күдіктеніп, оларды олтіруге бүйырды. Шыңғыс-хан Хорезм шахынан Қайырханды үстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бүл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді олтіруге әмір берді. "Отырар апаты" деп аталатын бүл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.

Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді. Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен - екеуі әскердің негізгі күштерімен Бүхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мүхаммед моңғолдарға қарсы түруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп езіне қарсы шығуынан корық-қан ол оскери күштерді әр қалаға бөліп үстап отырған. Мүның өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік жасады.

1219 жылдың күзінде Шыцғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мүнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғаны-сы Қазақстан мен Орта Азияның халык бүқарасының моңғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды. Қарамағында қамал бүзатын техника-сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын машиналары болса да, моңғолдар бүл қаланы алты ай бойы ала алмады.Қаланың қүлауына опасыздық себеп болған еді.

2. Қазақстан аумағы үш манғол ұлысының құрамына енді: соның ішінде үлкен бөлігі Жошы ұлысы еді.Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. 1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрыл-тай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шьщғысханның мүрагер немересі, Жошының ұлы Батый /Бату/ басқаратын болды.

Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары тұрды.

Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Қамадағы Бұлғарияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен үрыстар жүрді. Орыстың шағын қаласы Козельск түрғындары жеті апта бойы моңғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы үры-старда мыңдаған моңғолдар қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп моңғолдар қаланы басып алып, оны жермен-жексен етті.1239 жылдың басында моңғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, моңғолдар Переяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы үзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті, моңғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де, қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.Орыс халқыньщ моңғолдардың күшін әлсіреткен, оларға қарсы жүргізген ерлік күрестің нәтижесінде ғана Ба-тыс Еуропа моңғол шапқыншылығынан аман қалды. Бірақ, соның өзінде моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап қүлазытты.

Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі баты-ста - Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға, Солтүстікте Батыс Сібір ойпатына дейін жетті. Батый иеліктерінің қүрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректеме-лерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір үлысы ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел болып

бөлінді.

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан үрпақтары, хорезмдіктер түрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орта-лық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы немесе Сарай әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Ал-тын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Бер-ке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 ж., Төле-Бүқа 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1342-1357 ж. түсын-да қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы үлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытай-мен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналы-сып, қолөнерді дамытты.



Берке хан түсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан түсында үстем дінге айналды.

3. Әмір Темір /1336-1405ж.ж/ ХІҮғ.70-жылдары Мауреннахрде өз билігін орнатты да, шамамен 35 жыл билік басында болды. Әмір Темір монғолдардың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай Бкетің ұлы. Орта Азияны қолының астына біріктіріп, үлкен империя құруға ұмтылды.Империны құруды Шағатай ұлысының территориясын біріктіруден бастады. Өз билігін орнатқаннан кейін, Моғолстанға, яғни, Жетісу мен Шығыс Түркістанға кіріседі.

Темір империясына дала территориялары іс жүзінде қосылған жоқ, бірақ, Ақ Орда мен Алтын Орданың Ұлы билеушісі Орыс хан өлгеннен кейін Оңтүстік Қазақстанның Сығанақ, Отрар, Сауран, Яссы, Сайрам қалалары бағындырылды. Ақсақ Темір Сығанақта таққа Орыс ханы кезінде жазалаған Маңғышылақтың билеушісі Туй-Ходжа-Оғланның ұлы Тоқтамысты отырғызды.

Әмірдің өмірінің соңында оның қол астына Мауреннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан, Үндістанның бір бөлігі кірді. 1404 – 1405 жылдардың қысында ол Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға жорыққа шықты, бірақ, 1405 жылдың ақпанында Отрарда қайтыс болды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Шыңғыс ханның әскери жетістіктерінің себебі неде?

  2. Қазақстан территориясын Шыңғыс хан ұлдарына қалай бөліп берді?

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 56-72 б.

2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 51-89 б.

3. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А-1996. 3-178 б


5-тақырып. Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

Лекцияның жоспары:

  1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

2.Қазақ халқының қалыптасуы.

3. Алғашқы қазақ хандығының саяси-экономикалық ахуалы.



Мақсаты: Қазақ этнониміне мән беру арқылы қазақ халқының қалыптасу үрдісін саңаға сіңіру.

1. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбы-лыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың ершуі, әлеуметтік қай-шылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бүл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бүқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісу-дың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғол-стан ханы Есенбүғы (1434-1462) казақтардың мүнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбүғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыр-тқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс ауда-руының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қанаушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сүлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін қүру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолдаған дербес мемлекет қүру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бүл арада түңғыш казақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сүлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандар-Дың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының түңғыш шанырағын көтерген Барақ ханның үлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғ-астыруы, әрине, табиғи құбылыс.



Бұл кезде жаңадан кұрылған Қазақ хандығының алдын-да тарихи үш үлкен міндеттурщл. Біріншіден, жаңа қоныс-танған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшақ даласында қалып-тасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екіншіден, "¥лы Жібек жолы" бойында орналасқан ірі қолө-нер-сауда орталықтары - Сығнақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қара-ту. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайлан-ды /1473-1480 жж./. Бүлардың түсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бүғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бүрынғыдан да күшейтті. Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арт-тыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шық-қан сүлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын-у дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы ӘбілхайырІ өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мүны қазақ хані дары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бүдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагер-леріне қарсы күрес жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбіл-қайыр ханның орнына отырған мүрагер баласы Шайх Хай-дар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мүхаммед Шайбани мен Махмүд сүлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тай-паларды езіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.



Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бүрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сыр-дария жағасындағы Сығнақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мүхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мүхаммед Шай-бани Астрахань қоршауынан кашып шығып, Түркістан ай-мағына келді. Мүнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір түқымынан шыққан Мүхаммед Мәзит тархан-ды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мүхаммед Шай-баниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бүдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Махмүд сүлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мүхаммед Шайбани Бүхараға қашты.

1472 жылы Мүхаммед Шайбани Түркістанға қайта ора-лып, Ноғай Ордасының әмірі Мүса мырзаның көмегімен Аркок бекінісі мен Сығнақ қаласын басып алды. Бүл уақыт-ша жеңіс еді. Бүрындық сүлтан мен Махмүд сүлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғүнлық асуында Мүхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бүрындық сүлтан Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бүл соғыста күйрей жеңілген Мүхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы калалар қайтадан Қазақ хан-дығына өтті.

Бүл кезде Қазак хандығына Мүхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп түрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бүларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын ездеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сүлтан Махмүд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мүхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Оты-Рарға ие болған Мүхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.

Сонымен қорытып айтқанда, қазақ хандығының құрылуына ХҮ ғ.ІІ-жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы /көшпелі өзбек мемлекеті/ мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет