ПОӘК 042-14-5-02. 01. 20 / 01-2012 №1 басылым 13. 09. 12



бет3/4
Дата11.12.2016
өлшемі0,89 Mb.
#3662
1   2   3   4

Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.

1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери өкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери өкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.

1. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей  қаласында құлатылды.

Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К.Сүтішев, И.Дубынин, П.Калюжная, Г.Ыдырысов, К.Шұғаев, И.Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді.

Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады.

22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды.

1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.

Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес өкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.

«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.
№ 7. Дәріс (2 сағат)

Тақырыбы: Шығыс Алашорданың қызметінің ресми тұрғыда тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысында жалғаса беру

1.Алашорданың Компучен, Уфа Директориясымен және Колчак диктатурасымен саяси қарым-қатынас

2.Алашорда және Колчак

3.Азаматтық қарсыласу кезеңіндегі саяси-әскери жағдайлар және алашорда қызметінің жалғаса түсуі

4.Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-1920 жж.)


Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда өкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді.

Екіншіден, желтоқсан съезі автономия туралы шешім қабылдай отырып, мемлекеттік күйреуіне, тоқырауға тұтастай бетімен кетушілікке (анархия) алып келген елдегі жағдайға берілген саяси бағаны басшылыққа алды. Большевизм осы анархиямен теңестірілді. Большевиктер билігін құлатып, кадет-әсерлер өкіметін орнату ақгвардияшылардың есебі бойынша олар анархия мен бүліншілікке тоқтау салады, соған сәйкес автономия идеясы қажет емес деп есептеді. Үшіншіден, облыстық және уездік орталықтарға алашордалық басқару органдарын құру туралы жеделхаттарын жібере отырып, Ә.Н. Бөкейханов пен оның жақтастары өздерінің қолданып отырған шараларының уақытша сипат алатынын көрсетті. Төртіншіден, жеделхаттарда биліктің ұлттық органдары «жергілікті земстволық қалалық өзін-өзі басқару ісіне араласпайды», [9]. өз қызметін тек қазақтар арасында ғана жүзеге асырады делінді. Елде бір орталықтан баскарылатын билік органы болмады. Ақмола мен Семей облыстарында Сібір өкіметімен қатар Сібір қазақ әскерінің билік аппараты да қызмет етті. Оралда Орал қазақ әскери билігі мен Алашорда өкіметі орнады. Жағдай былайша өрбіді: Заңдылықпен билік қала мен поселкелерде бір түрлі, станицаларда екінші түрлі, ауылдарда үшінші түрлі әрекет етті. Ұлт өкілдері аралас елді мекендерде, ондайлар аз болмайтын, адамдардың қандай да болсын бір билікке бағынудан бас тартқан кездері жиі болып тұрды, олар өзіміздің өкіметіміз бар дегенді алға тартты.

Елдегі бұл бей-берекетсіздікті ретке келтіруге және билік жүргізу ауқымын шектеуге күш салған Омбы облыстық қазақ комитеті атынан Абылайханов пен Сәдуақасов 1918 жылы 29 маусымда қол қойып, облыстық комиссариатқа (Сібір өкіметінің органы. — авт.) жіберген хатында былай деп атап көрсетеді: «Кейбір станидалық және поселкелік басқармалар, сондай-ақ шаруалардың болыс селолық комитеттері қырғыздардың (қазақтардың) жекелеген шағымдары бойынша уездік және облыстық қазақ комитеттерінің келісімінсіз ауылдарға қарулы отрядтар жібереді.

Бұл әрекет дұрыс емес және мұндай келенсіз көріністер бұл билік басында тұрған қырғыз (қазақ) органдарының беделін түсіреді деп есептей отырып, облыстық комитет комиссариаттан алдағы уақытта мұндай шара қолданбауды, қолдану қажет болған жағдайда, ол туралы уездік немесе облыстық қазақ комитетіне дер кезінде хабарлауды сұрайды.

Қазақтардың әскери аппаратынан да станицалық және поселкелік басқармаларда осындай оқиғаларға жол бермеуін өтінеді». [10].

Комиссар осындай жағдайда не істеу керек екендігін өкіметтен сұрағанда, оған: «Уездік және облыстық қырғыз (қазақ) комитеттері дербес ұйымдар, не істеу керегін өздерің шешіндер» деген жауап келген. [11].

Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты. [12]. Сібір өкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір өкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.

Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді. [13].

Бұл мақаланың жариялануына Алашорда басшылығының 1918 жылы 23 шілдеде Сібір өкіметінің премьер-министріне жолдаған хаты себепші болды. Онда Алашорданың басшылығы басқару органдарын құру мен Алашорда өкіметінің заңдылығын дәлелдеуге тырысты. «Дәл қазіргі сәтте Ресей бірыңғай біртұтас мемлекет ретінде өмір сүріп отырған жоқ. Сол себепті автономиялық облыстар мен халықтар большевиктер билігінен құтылып, өзін-өзі басқару жолына түсуге тиіс...

Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық өкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз.

1. Сібір өкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі тану, мойындау

аркылы карым-катынаска түседі». [14].

Келесі бес пункттің мазмұны мына тұрғыда болып келеді:

1. Алашорда тек казак халкының ғана билік органы болып табылады;

2. ұлттық әскер жалпы сібірлік басқарма мен Алашорданың әскери бөліміне бағынады;

3. банк пен қаржы-қаражат мекемелері Сібір өкіметінің қарамағына беріледі;

4. федералдық өкімет құру үшін большевиктерден тазарған өңірлер халықтарының конгресін шақыру қажет. [15].

Бұл жазбада не нәрсе өзіне назар аудартады?

Біріншісі - өзін танытуға тырысу, яғни Алашорда өкіметі келіссөз жүргізу барысында өз мемлекеттілігін көрсетуге ұмтылды. Екіншісі — Алашорда бірыңғай ресейлік биліктің күйреуі жағдайында дербес өмір сүру заңдылығын дәлелдеуге талпыныс жасады. Үшіншісі — Алашорда билігін қалыптастыруға тырысты. Төртіншісі — Қазақ автономиясын тану қажеттігін, жергілікті жерлердеавтономияның қалыптасу үрдісі басталғанын дәлелдеуге ұмтылды: «Біздің Сібір өкіметімен ұзаққа созылған келіссөздеріміз Орал облысындағы Алаш автономиясын жойды. Мүмкін, большевиктерден азат етілген қырғыз облыстары Алаш автономиясын күтіп отырмастан, Түркістанмен жақындасудың бағыт-бағдарын іздер». [16]. Бесіншісі — Ресей Алаш автономиясын мойындамаған жағдайда Түркістаннан айырылады, ал Сібір Алаш сияқты одақтасын жоғалтады: «Автономияның құлау қаупі Алаш партиясына қалай болғанда да Алашорданы Сібірмен одақ болудан бас тартуға, Алаш автономиясын жариялауға және қырғыз халқының бірлігін сақтап қалуға тырысуға мәжбүр етеді.

Сібір өкіметінің Алаш автономиясын мойындауы Түркістанды Ресей аумағындағы федерациялық құрылым ретінде орнығуына мүмкіндік берер еді». [17].

Хатавторлары кандай нәтиже күтседе, ол өз рөлін атқарып шықты. Майдандағы жағдай сенімсіз болды, сібірлік ақ гвардияшылар жақын тұрған одақтасын жоғалтып алғысы келмеді. Олар бірқатар шара қолдануға дейін барды. Премьер-министр П.В. Вологодскийдің өкімімен алғаш «бұратаналар ісі» бойынша министр Б.М. Шатиловтың, кейін халық ағарту министрлігінің басшысы профессор В.В.Сапожниковтың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері: Ішкі істер министрінің орынбасары В.Д. Михайлов, Министрлер кабинеті қоныс аудару бөлімінің меңгерушісі A.M. Ярмош, әскери ведомствоның өкілі генерал В.Л. Поповтан құрылды.

«Комиссияға білікті, жөн білетін адам ретінде Алашорданың басшысы Ә. Бөкейханов тартылды. [18]. Төрт күн бойы — 29,30 шілде, 2,3 тамыз күндері комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір өкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда өкіметінің келісімімен Сібір әскери өкіметі тағайындайтын болды. [19]. Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір өкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілді. Алашордаға белгілі бір жеңілдік бере отырып, Сібір өкіметі басты саяси мәселеде өктемдік танытты.

Алашорда делегациясы (Бөкейханов оған Ә.А. Ермеков пен X. Тоқтамышевті қосты) мен Сібір өкіметі комиссиясының келісіміне Уфа мемлекеттік мәжілісінің басталу қарсанында қол жеткізілді.

Мәжіліс 1918жылы 8 қыркүйекте ашылды. Оның жұмысына 147адам қатысты, оның ішінде 81 адам Құрылтай жиналысының мүшесі болды. Оған барлық қазақ облыстары, оның ішінде Түркістан автономиясынан Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, С. Досжанов, Б. Жақандамов, А. Байтұрсынов, Ғ. Әлімбеков, М.Тынышбаев, М. Шоқай, Е. Тұрмұхамедовтар қатысты. [20].

Уфа мемлекеттік мәжілісінің қараған басты мәселесі Бүкілресейлік жоғаргы өкімет билігін құру болатын. Жаңа өкімет Директория деген атқа ие болды. Ол әсерлер партиясы ОК-нің мүшесі Н. Авсентьев төрағалық еткен бес адамнан тұрды.

Директорияның басты міндеттері былай деп жарияланды:

1. Ресейді Кеңес өкіметінен азат ету үшін күресу;

2. Ресейдің күшпен тартып алынған, ыдыраған және бөлініп кеткен облыстарын біріктіру;

3. Брест келісімі мен Ресейдің мүддесіне қайшы келетін барлық басқа да келісімдерді мойындамау;

4. Германия одақтастарына қарсы соғысты одан әрі жалғастыру». [21].

Уфа мемлекеттік мәжілісі күшті орталық мемлекеттік билік орнатуға қарсы тұрушылармен аяусыз күресетіндіктерін ашық мәлімдеді. Мемлекет

тұтастығы, күшті мемлекет билігі көптеген адамдарды, солардың қатарында Алаш көсемі Ә. Бөкейхановты да аландатты. Ол оңтүстік облыстардың Түркістан құрамында болуы, қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолында көптеген проблемалар туғызатынын айқын түсінді. Алаштың батыс тобының күш салуымен құрылған автономиялық сипаттағы облыстық ұлттық аумақтық Ойыл уәлаяты да бұдан кем аландаткан жоқ. Ә.Н. Бөкейханов Уфада Ойыл уәлаяты жетекшілерінің жиынына қатысуын пайдалана отырып, Мемлекеттік мәжіліске Қазақстаннан келген барлық Алашорда мүшелерінің арнайы отырысын өткізді. 1918 жылы 11 кыркүйекте Ә.Н.Бөкейхановтың төрағалық етуімен Алашорданың басшылары Ж.Досмұхамедов, X.Досмұхамедов, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаевтар автономияны басқару мен бүкіл Қазақстан көлемінде өкімет аппаратын құру мәселелерін талқылады. Осы мәселеге байланысты қабылданған қаулы 11 пункттен тұрды және автономиялық уәлаятты жойып, оның ісін Алашорданың қайта құрылған Батыс бөлімшесінің арнайы өкілетті органының басшылығына беру жағдайы қарастырылды. Өкілетті органның құрамы төрт адамнан: X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Б.Құлманов және Е.Тұрмұхамедовтерден тұрды.

Алаш көсемі Ә.Н. Бөкейхановтын бірқатар мәселені бірден шешкенін байқаймыз: ол Уфа мемлекеттік мәжілісінің облыстық өкіметтерді жою туралы шешімін орындады және ең бастысы, оралдық радикалдардың сепаратистік пиғылдарына елеулі түрде соққы берді. Досмұхамедовтар тобымен арадағы қатынасты тым ушықтырып алмау үшін, ол топтың екі басшысы Жанша мен Халел де Алашорданың Батыс бөлімшесі басшылығының құрамына енгізілді, бірақ бұдан былай олар Ә.Н.Бөкейхановтың жақтастары Б.Құлманов пен Е.Тұрмұхамедовтың бақылауында болатын болды.

Алашорда Қазақстанның аумақтық тұтастығы проблемасын шешіп жатқан осы тұста мәселені түбірінен өзгерткен саяси оқиға өтіп жатты. Сібір әскерінің құрылуы мен нығаюы және әскері қатты женіліске ұшыраған Құрылтай жиналысы комитетінің күйреуімен байланысты Директорияның ішінде күштердін арасалмағы елеулі түрде өзгерді. Оның әсерлер партиясынан сайланған мүшелері беделден мүлде айырылды. Олардың нақты тірегі болмады. Директорияның Сібір өкіметін таратып жіберуге тырысқан әрекетінен ештене шықпады.

Н.Д. Авсентьев пен оның әріптестері Алашорда өкіметі жойылсын, оның кызметі мәдени-тұрмыстық және шаруашылық-экономикалық

мәселелермен шектелсін деген шешімге келді. [22].

Алашорданы тарату туралы шешім Ә. Бөкейханов пен барлық Алаш қайраткерлеріне мүлде күтпеген жағдай болды.

Шын мәнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар-ақпанда Верныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды.

Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов пен Ә. Ермеков әскери бөлімнің меңгерушісі X. Тоқтамышевпен бірге 1918 жылы шілде мен тамызда Самарадағы Құрылтай жиналысының комитеті және Омбыдағы Уақытша Сібір өкіметімен Алашорда қарулы күштерін құруға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшесінің басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер Самарадан Құрылтай жиналысынын комитеті арқылы 600 винтовка мен пулемет алды және жақын уақытта 2000 адамнан тұратын қазақ әскерін ұйымдастыруға уәде етті.

Алашорданың Торғай бөлімшесіне 1918 жылы қыркүйекте 300 берденке, 20 мың патрон және көп мөлшерде киім-кешек бөлінген болатын. Дутовтың көмегімен екі атты полк: бірі – Қостанай, екіншісі - Ырғыз уезінде құру ісі қолға алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уақытша Сібір өкіметінің сенімді өкілі Давыдовтың көмегімен екінші бір атты полк құрылып, оның құрамы 38 офицер мен 750 жауынгерден тұрды. [23].

Бұдан басқа, Жетісу облысының шығысында екінші полк құрылды, ал оған қосымша Семейде үшінші полк жасақталынды. Торғайда төртінші атты әскер полкі құрылды; Орал бойында, Жымпиты унтер-офицерлер курсының базасында Оралдан, Гурьевтен және басқа жерлерден келген нұсқаушылардың көмегімен прапорщиктер мектебі ашылды; саны 2 мың адам болатын жекелеген атты бригадалар құрыла бастады. 1918 жылы 26 қазанда ұлттық әскер құру ісінің жағдайын Алашорда өкіметінін бір өкілі былай деп бейнелеп берді: «Қырғыздардан (қазақтардан) жасақталған бөлімдер дер кезінде қаруланып үлгермегендіктен, большевиктерге қарсы ұрыстарға кенінен қатыса алмады.

Қарудың неге жетіспей жатқан себебін жақсы түсінеміз. Қазіргі кезде большевиктерге қарсы күреске Жетісуда 500-дей адамы бар қырғыз (казак) отрядтары, Жетісу облысында 8 мы ерікті, Семейде - 2 мың, Оралда – 2 мың, Қостанайда - 450 адам қатысуда». [24]. 1919 жылы 11 ақпанда Сібір Уақытша өкіметі делегаттарымен келіссөз жүргізу барысында Ә. Бөкейханов та шамамен осындай деректер келтірді. Ішкі істер министрлігі Сібір Уақытша өкіметінің төрағасы А. Малаховтың: «Милиция деген не?» деген сұрағына Ә. Бөкейханов былай деп жауап қайтарған: «Милиция — ол біздің әскеріміз. Ол қазірдің өзінде бар: біздің 700 жігіт Жетісуда шайқасуда. 540 адам Троицкіде, 2000 адам Орал облысында әскери жаттығудан өтуде». [25].

Сібір өкіметінен белгілі мөлшерде көмек алып тұрған Алашорда көсемдері оның орнына келген Директориядан ұлттық әскер құру ісінде ондай көмек ала алмады. Мұнымен қоса, Алашорданың билігін жою және Ә. Бөкейхановтың басшылығымен қазақ істерін басқарудың арнаулы органын құру туралы Директорияның қаулысынан кейін (1918 жылғы қыркүйек) ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесі мүлде тоқтап қалды. Бүдан кейінгі оқиғалардың бүкіл барысы ресейлік биліктің Алашордаға кері қатынаста болғанын көрсетті. Алашорда Ресейдің орталық мемлекеттік билігіне төнетін қауіп ретінде қарастырылды. Дәл осы көзқарас алғашында Директорияның, кейін Колчак өкіметінің ұстанымына айналды.

Ұлттық мемлекеттілікті құру мүмкіндігінен айыру қазақ халқынын басым көпшілігін Кеңес өкіметімен белсенді түрде күресуден шет қалдырды. Оның үстіне аз санды, нашар қаруланған «халық милициясының» құрамалары Қазақстандағы Азамат соғысының барысымен қорытындыларында қандай да бір елеулі рөл атқара алмады.

Қазақстандағы қарулы қақтығыс Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан қазақстандық майдандардағы ұрыс қимылдарының барысына Азамат соғысының басты майдандарындағы шайқастардың нәтижесі ғана шешуші ықпал етіп қойган жоқ, сондай-ақ жергілікті әскери құрамалар мен партизандардың іс-қимылдары және Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда, ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарын Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстаннан және Жетісу жерінен қуу кездерінде айқын көрінді. Кеңес өкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады. Мұндай әскери көмектердің айқын мысалдарының бірі Ә. Жангелдинэкспедициясы болып табылады. Ол 1918 жылы 20 шілдеде мол қару-жарақпен Мәскеуден теміржол арқылы шығып, 1 тамызда Астраханға келеді. 21 тамызда экспедиция екі желкенді кемеменКаспий арқылы Александровскіге (қазіргі Ақтау қаласы), одан Құланды аралы арқылы Бұзашыға келіп, Жандауыр мүйісіне жүктерін түсіреді. Осында бір ай бойы даламен жүріп өтуге дайындалады. Экспедицияның табысқа жетуі енді жүк көлігімен және әр түрлі керек-жарақтармен қамтамасыз еткен жергілікті қазақтардың қолдауына байланысты болды.

11 карашада, 57 күннен кейін, аса киын дала жолымен жүріп өткен экспедициялық отряд өзін асыға күтіп отырған Ақтобе майданының әскері тұрған Шалқар стансасына келіп жетті. 1927 жылы Ә. Жангелдин осы экспедицияны ұйымдастырғаны және Отан алдында басқа да сіңірген еңбектері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.

1919 жылы Степан Разин атындағы алғашқы орынборлық қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919 жылы сәуір-шілде аралығында Оралды қорғауға қазақ эскадроны қатысты, кейінірек ол алғашқы кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылды.

Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.

Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды. Ол Ақмола, Семей облыстарында да кең етек алды. Партизан қозғалысының тарихында Ақмола облысының Атбасар уезіндегі Маринский көтерілісі үлкен орын алады. Партизан қозғалыстары Семей облысының Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зыряновск, Катонқарағай, Шемонайха болыстарында едәуір көлемде epic алды. Қазақстандағы Азамат соғысының тарихына Черкасск қорғанысы, Орал қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері сияқты оқиғалар кернекті сипат алды. [26].

1. жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында майдандардағы оқиғалар, әрине, ақтардың пайдасына қарай epic ала қоймады. Ақ гвардияшылардың аса қуатгы күші — қайта топтастырылған және қосымша күштермен нығайтылған А. Колчак әскері Орынбор мен Орал қазақтарына дер кезінде көмек көрсете алмады, осы себептен Қызыл әскерлер екі қазақ әскерінің

де әкімшілік орталықтарын басып алып, бүкіл Орынбор—Ташкент магистраліне өз бақылауын орнатты. Оралдық қазақтарды Орынбор мен Сібірден бөліп тастады және Түркістан мен Жетісуда өз позициясын нығайтуға мүмкіндік алды. Кеңес басшылығы Мәскеуде 1918 жылдың қорытындыларын талдай келіп, ұлттық-мемлекеттік құрылыс реформасын тез арада қолға алу, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстанда ұлттық автономияны тездетіп құру туралы шешімге келді. Бұл бағыт РК(б)П VIII съезінің (1919 жылғы наурыз) шешімдері арқылы бекітілді. Азамат соғысында жеңіске жете бастаған большевиктер ақ гвардияшылардан және түрлі өкіметтерден қатты көңілі қалған алаштықтармен байланыс орната бастады. Өз кезегінде Ә. Бөкейхановтың айтуымен Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш азаматтары Кеңестік билікпен келісімге баруға мәжбүр болды.

1. жылы наурызда Шалқар стансасында Кеңес комиссары Ә. Жангелдинмен кездескен А. Байтұрсынов Мәскеуге жүріп кетіп, онда Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариаты Қазақ бөлімінің құрамына енгізілді.

Алашорда көсемдерінің жағдайы 1919 жылы көктемде бірқатар себептерге байланысты мүлде күрделеніп кетті. Колчактык режим шын мәнінде монархиялық билікті қайта орнатуды көксеушілердің диктатурасы болды. Ол 1918 жылы қарашада билікке келген бетте Сібір мен Қазақстанның солтүстігінде Кеңес өкіметін құлатуда көрнекті рөл атқарған әсерлерге қарсы жазалау шараларын бастады.

1919 жылы наурызда тұтқынға алынғандардың ішінде кейбір Алаш белсенділері де болды, олар: азаматтық іс бойынша қазақ сотының төрағасы Ж. Ақбаев және «Сарыарқа» газетінің редакторы Имам Әлімбеков еді. Оларды большевизмге қатысы бар деп кінәлады. И. Әлімбековке бұған қосымша заңсыз қару сақтаған, әсерлер ұйымымен астыртын байланыс орнатқан және өкіметке қарсы листовка құрастыруға қатысқан деген айып тағылады. Петропавлда шығатын және өз оқырмандары арасында Алаш қозғалысының идеяларын насихаттайтын «Жас азамат» жастар газеті жабылады.[27].

Ақтар режимі Алашордаға сенімсіздік білдірді, кейде жаулық пиғыл танытып қауіп төндірді, сөйтіп одақтасының мүлде түңілуін тудырып қана қоймай, оған ұлттың өз тағдырын өзі анықтау проблемасын шешудің басқа әдіс-амалдарын іздеуге ұмтылдырды.

№ 8. Дәріс (2 сағат)

Тақырыбы: Алашорда қозғалысы қайраткерлері Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері

4) 20-жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі және қазақ зиялылары

5) Қазақ зиялыларының қатал тағдыры

6) Тарих тағлымы не дейді
Қандай да болмасын халықтың ұзына бойғы тарихында гуманизм идеялары бір кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дәуірін жасайды. Бұл - батыстық ғылымда әлдеқашан дәйектелген, мойындалған құбылыс. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, азаматтық тарихта да, әдебиет, өнер, мәдениет тарихында да арнайы тарау ретінде зерттсудің тұрақты нысанына айналған. ХIV ғасырда Италияда, ХV-ХV ғасырларда Испанияда, Францияда, Голландияда, Португалияда т.б.

Еуропа елдерінде кең канат жайған Ренессанс Батысты жарық пен шуаққа қарай тартты. Қазақ ғылымында «Ренессанс» мәселесі жүйелі түрде зерттелінген емес. Бұл Жаңғыру немесе Қайта өрлеу құбылысының қазақ топырағындағы болмысы жөніндегі пікірлерде, біздің пайымдауымызша, осы құбылыстың туу негіздері, өрістеу арналары, дәстүрлері мәселелерін жіліктеуден гөрі, ренессанстық сыбағаны жекелеген тұлғаларға сыйлау жағы басым болып отыр. Ренессанс жеке бір адам шығармашылығының жемісі емес, ол - тұтас шоғыр еңбегінің табысты нәтижесі. Қазақ Ренессансының басы Абай екендігі академик С.Қасқабасовтың «Абай поэзиясының ренессанстық сипаты»атты мақаласында ғылыми тереңдікпен дәлелденген. Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген - Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, каламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады.

Алаштың ренессанстық сипаты Ұлы ұлтшылдық дәуір ғана туғыза алатын Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, Жанша, Ғалел, Әлімхан т.б. қайраткерлерді, Жүсіпбек,Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. Бұл ұлтшылдық, адамсүйгіштік, отансүйгіштік сезімдерінен ой мен іске айналған табиғи талпыныс болатын. Яғни, Алаш қайраткерлерінің ұлтшылдығы өз дәуірі туғызған, қазақ ұлтының алдына сол дәуірдің өзі қойған сауалдарға пікір жүзінде де, әрекет барысында да берген жауабы еді. Бұл жөнінде Мәннан Тұрғанбайұлы былай деп осы құбылыстың сырын толық жеткізе алған: «Қазақ қатарға кіріп жұрт болсын деген кісі тәрбиенің жолынан айрылмасқа керек, әуелі қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық құқығын білдіруге, онан соң жақын ағайын, туғандарын сүйгізіп, міндетсіз қызмет қылдыруға, онан соң Отанын танытып, жақсы көргізуге, ұлт жұмысы, жұрт намысы деген сөзді тоқып көңіліне кіргізуге, сонан соң дүниедегі барлық адам баласы бауыр екенін білдіріп, көпшіл адамды сүйгіш қылуға тырысу керек. Ұлтшылдық(ты), кісішілдікті айыра білмеген, бас пайдасынан басқаны ойына алмаған, дін хұқымі шариғатқа бас иіп іске асырмаған, әдебиеттен жырақ жатқан қазақ секілді жүртты салғаннан көпшіл қылам демей, әуелі ұлтшыл қылу керек».Осы тұста жазылған көркемдік бағыты жағынан ағартушылық, сыншыл реализм, сентиментализм, романтизм шегінде туған өлеңдер мен поэмалар, әңгімелер, алғашқы қазақ романдары Абайдың«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген ұлы гуманистік декларациясын жалғастырған, оны жаңа ұлт-азаттық мазмұнмен өрістеткен көркем дүниелер болды. Олардың негізгі арқауында адамның ішкі жан дүниесі бейнелене отырып, оның күйзелісіне рақыммен қараған шынайы адамсүйгіштік пафос жатты. Алаш зиялыларының гуманизмі - олардың қайраткерлік әрекеттерінің де өзегі еді. Мұндай гуманизм болмаса, олар ұлт тағдыры жолындағы жанкештілік әрекеттерге де бармас еді. Алаш қайраткерлерінің осы тұстағы ұлт мүддесі жолындағы өрекеті мен мақсатына беріктігін шынайы өрі терең көрсеткен «Қалам қайраткерлері жайынан» мақаласында А.Байтұрсынұлы дәуір куәгерінің көзімен былай деп жазады: «...қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес: кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ калам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес». Ахаңның айтып отырғаны адам баласының өз ұлтының тағдырына деген табиғи жанашырлығы, адамгершілігі. Осыны советтің оспадар саясаты бейнебір адамға тән емес теріс әрекет ретінде бағалады. Ар білімін насихаттаған Шәкәрім қажының,«Адамдық диқаншысы» болған Ахаңдар тобының ұлы гуманизмін көруге советтік саяз саясаттың өресі де жетпеді, бағыты да келіспеді.

Алаш қозғалысының қазақтың Жаңғыру дәуірі болғандығын, оның елім деген, жұртым деген азаматтардың басын қосқандығымен де дәлелдеуге болады. Абылай заманында сыртқы жаудың қауіп-қатерінен басы қосылған қазақ, Кенесары, Махамбет, Абай дәуірінде «Бас-басына би болған» қазақ Алаш тұсында бас біріктірді, ой біріктірді, қимыл біріктірді. Оның негізінде Отанына, сол Отанының ұрпағына деген ұлы жанашырлық жатты. Бұл нағыз Ренессанстың тамыры боларлық гуманизм еді. Алаш қозғалысының қазақ Ренессансы болғандығына бұл құбылыстың мәнінен бейхабар адам ғана келіспейді. Алаш қозғалысын Ренессанс ету - біздің қалауымыз бен еркіміз емес. Ақиқаты солай. Алаш қозғалысын ренессанстық құбылыс ретінде профессор Д.Қамзабекұлы«Алаш және әдебиет» монографиясында қарастырған болатын. Қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының ренессанстық сипаты қазақ ғылымы шұғылданатын іргелі мәселеге айналуы тиіс деп ойлаймыз.

Алаш қозғалысына, одан туындаған Алаш партиясына, Алашорда өкіметіне баға бергенде біз мына мәселеге де көңіл аударуымыз керек сияқты. Патшалық Ресейдің үш генерал-губернаторлығына, қазақтың үш жүзіне бөлініп өмір сүріп жатқан алып даланың оқыған азаматтары ұлт тарихында тұңғыш рет тізе қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, туған жұртының азаттығы үшін саяси жолда бас біріктірді. Батысы Бөкей Ордасынан шығысы Жайсаңға дейінгі, солтүстігі Омбыдан оңтүстігі Ташкентке дейінгі аралықтағы ұлтын ерекше сүйетін, оған шын жаны ашитын қазақтар Алаш ұранының астынан табылды. Мұндай саяси-қоғамдық мәндегі ұлы істе ұйысу, ілгерідегі ғасырларды қоспағанда, тіпті берідегі Шоқан мен Абай заманында да болған емес. Яғни, Алаш қозғалысы дәуірі - қазақтың ұлт ретінде бірігу, тұтасу, етене араласу дәуірі болды. Бұл - ерекше бағаға ие боларлық айрықша жагдай. Оған Қазақстанның төрт түкпірінің барлығын қамтыған облыстық, уездік, болыстық қазақ сиездері, Алаш бағытын қолдаған ірілі-ұсақты басқосулар, жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен бөлімдері куә.

Бұл біріктіру, тұтастыру үдерісі қиындықпен жүрді. Алаш қозғалысы тарих сахнасына шыққанда 1867-1868 жылдардағы жаңа низамнан кейін бүкіл қазақ даласында отаршылдардың бөліп алып биіку саясатының әбден күш алған кезеңі еді. Оған жергілікті аймақтардағы орыс шенеуніктері мен әскерилерінің бір қазақты ру-руға бөліп, болыстыққа таластыруы, ең шұрайлы жерлерге келімсектерді орналастыруы сияқты ұлттың ұйысуына кедергі келтірер отаршылдардың жоспарланған саяси-әлеуметтік шараларын қосыңыз. Міне, осы отарлық саясат, бір жағынан, Алаш козғалысының өзін соған қарсылық ретінде дүниеге әкелсе, екінші жағынан, оның кеңінен өрістеуіне де үлкен бөгесін болып келді. Бұл Алаш қозғалысының басында түрған азаматтардан жан-жақты білімді, ерен ерікті, мұқалмас қайратты талап етті. Алаш кайраткерлері осы үлкен сынды абыроймен орындай алды. Өз заманының мүмкіндіктері ауқымында олар ұлттық мұратты ту етіп, қазақ даласын Алаш рухына бөледі. Кешегі Кенесары заманында басылған кеуде мен еңсені көтерді. Отаршылдардың арбауындағы ұйқылы елді оятты. Сөйтіп елді бірлікке шақырды, халықты еркіндікке сендіре алды. Бұл нағыз ұлттық жаңғыруды туғызған ұлы істер толқыны еді.

Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты қүжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі.

Айталық, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасканы белгілі.

Алаш қозғалысы - бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялык жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы

құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы казақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келеек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан

1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Реcейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың,М.Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ жәш оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмүхамедұлы , М.Тынышбаевтардыңқатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине бұл сиез кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашкы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі әсіресе 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марееков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы«Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин «Азып-тозып кетпееке не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шакыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лагіиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады.

Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан ашық хат түрінде жауап жазады. Ол хатын: ««Айқапқа» Жиһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, казақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз» - деп бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертті сөздерімен хатын аяқтайды. Міне, осы жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты. Өйткені патшалық Ресейдің отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен төңкерістен кейін Қазақстанның әр түкпірінде қазақ азаматтық комитеттері құрыла бастады. Оның жұмыс істеуіне Уақытша өкімет комиссарларының оң ықпалы тиді. Мәселен, Ә.Бөкейханның Уақытша өкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың Уақытша өкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болуы. Аталған жылдың сәуір-мамыр айларында Торғай, Жетісу, Орал,

Омбы, Семей қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл облыстық сиездер ұлт-азаттық қозғалыстың қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ сиезін дайындады. 1917 жылдың 21- 26 шілдесі аралығында өткен бұл сиез мемлекеттік құрылыс, саяси партия, Қ9рылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелерін көтерді. Біздің ойымызша, сиездің басты маңыздылығы - хандық дәуірден кейін барша қазақтың бас көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік мәселелерді шешуде олардың бірлік жолынан табылатындығын дәлелдеген сенім шарасы болуында да еді.
1917 жылдың 5-13 желтоқсанында өткен екінші сиез қазақ автономиясын жариялады, халық кеңесін сайлады, Алашорда өкіметінің төрағалығына демократиялық, баламалы жолмен Әлихан Бөкейхан сайланды. Алаш қозғалысы, ендігі жерде саяси күшке, қолында билігі бар өкіметке айналды. Бұл аз уақыт болса да империя құрсауынан шыққан халықтың өз мемлекеттілігін қалыптастыруға жасаған тарихи қадамы болатын. Осы кезеңдегі тарихи құжаттардан, баспасөз материалдарынан жалпы қазақ қоғамының Алаш идеясына тартылғанын, Алаш өкіметін қолдағанын аңғаруға болады.

Қозғалыстың өрістеуіне ислам дінінің маңызы ерекше болғандығын ұмытпауымыз қажет. Алаш қайраткерлерінің имандылығы мен кісілік қасиеттері - олардың мұсылманша тәрбие, білім алғанынан дарыған табиғи қасиет. Ұлт-азаттық күрестің ішінде ислам дінінің көптеген ірі өкілдері болды. Сондай-ақ, қозғалыстың қарқынды жүруіне, зиялылардың бас біріктіруіне Мұсылман сиездерінің, Мұсылман фракциясының, «Шура-и-ислам» сияқты қоғамдық-саяси ұйымның рөлдері айрықша байқалды. Бірінші, екінші жалпыказақ сиездерінде дін мәселесі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болды. «Алаш» партиясы бағдарламасына дін ісі жеке тарау ретінде енгізілген болатын. Сонымен бірге дін бірлігі сол тұста қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан т.б. ұлттардан шыққан елшіл қайраткерлердің ортақ мүдде тұрғысынан серіктесіп, өзара байланыста болуларына, ұлт тәукелсіздігі мәселесі төңірегінде ұйымдасуларына айтулы ықпал жасады.

Алаш құбылысы - сол тұстағы қазақ қоғамының барлық жағын қамтыған салалы, саралы құбылыс. Бұл құбылыс, бүгінгісін таразыға салған және болашаққа бағыт айқындаған, тәузлсіздікті ғана мұрат еткен қасиетті құбылыс. Алаш қозғалысы сол тұстағы қазақтың саясат, әдебиет, өнер қайраткерлерін, дінбасыларын, оқымыстыларын, бақуатты азаматтарын медицина, техника, ауыл шаруашылығы, экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап қолға алған, жігері мен сенімі жеткілікті, бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс болатын.

Алаш қозғалысының көпжылдық тарихында және облыстық, жалпықазақ сиездерінде Алашорда өкіметінің жұмысында үнемі басты назарда болған мәселенің бірі - жер мәселесі. Оны Алаш көсемдері өте жақсы түсінген болатын. Айталық, сол дәуірде Ә.Бөкейхан: «Жер мәселесі - өмір сүру мәселесінің ең зоры» деген болатын. Бірінші жалпықазақ сиезінің қаулысында: «Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша казақ жері ешкімге берілмесін» делінсе, бұл «Алаш» партиясының бағдарламасында: «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу» делініп бекітіле түсті. Ашашорда өкіметі автономия жариялай отырып, оның бірінші бабында: «Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарканд облыстарындағы һәм Әмудария бөлімдеріндегі казақ угздері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қыргыз қаны, түрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға...» деп жер тұтастығын басты мәселе ретінде бекітті.

Алашорда өкіметінің 1918 жылы 24 маусымдағы «Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ережесі» өзінің мазмұны мен пәрмені жағынан маңызды құжаттардың бірі болды. 11 баптан тұратын бұл Ережеде жерді пайдаланудың негізгі тәртібі көрсетілді. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олардың кеңес өкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе А.Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызга ие болды.

Қозғалыстың өрістеуіне ақын-жазушылардың қаламгерлік те, қайраткерлік те үлестері айрықша болды. Біздің ойымызша, Алаш қозғалысы дәуірі - ұлттық жазба әдебиетінің тарихындағы ерекше жылдар. Қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келуінің бастапқы кезеңі Абай заманымен байланысты болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы , Нарманбет Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары - баспасөз, кітап басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы, «Қазақ» т.б. газеттер көркем ойды мыңдаған оқырманға жеткізушіге айналды. Үшіншіден, көркем проза, драма, әдеби сын үлгілері туып қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, оның шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға беруі - жазба әдебиеттің есейе бастағандығының айғағы болды. Абай шығармаларының түңғыш жинағының жарық көруі - жазба әдебиеттің қал ыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. Сөйтіп бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан,

Сұлтанмахмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам кайраткерлері қазақтың түңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін жаналық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін қалыптастырды. Шамасы он-он бес жылдың ішінде Алаш қаламгерлерінің ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты, туған жұртының бүгінгісіне көңілі толмаған күдігі мен азат болашағына үміті кейінгілерге үлгі боларлық әдеби туындыларды өмірге әкелді. Алаш ұранды әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмұны Ахаң бастаған қазақ ақын- жазушыларының ұсталып кеткен кезеңіне дейін, яғни 1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Сол екпін, сол бет, сол бағыт қашанда ұлтына перзенттік сүйіспеншілігі мен адалдығын сақтаған қаламгерлердің шығармашылығында баяу болса да қан тамырындай бұлқ-бұлқ соғып жатты. Алаштық саралы жолдан ауытқыған советтік әдебиет әсіре қызылдың тез оңатынын сезбестен, адамға емес, саясатқа қолбалалық, құлдық сапарын айғай-шумен, беттен алумен бастап, бір кісінің ғұмырындай ғана өмір кешті. Әуелден таза, әуелден көркем, әуелден адамға, ұлтқа деген жанашырлық пен ізгілікке, шуак пен мейірімге толы «Алаш әдебиеті» аталатын алып бәйтерек қайта жаңғырып, ізгілік тұқымдарын шаша баетады. Ендігі жерде қазақ баласы жасағанынша жасайтын оның байтак та баянды мәңгілік өнегелі сапары басталды.

Қандай ұлттың болмасын мәдени деңгейін көрсететін факторлардың бірі - театр өнерімен байланысты екендігі мәлім. Бұл жолда да Алаш зиялылары «тұңғыш» деген атаққа ие. Айталық,Б.Серкебаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов қазақтың алғашқы драмалық шығармаларын жазса, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» тұңғыш театрлық қойылым болғаны белгілі. Ал, Қ.Кемеңгерұлы ның «Алтын сақина» пьесасымен мемлекеттік ұлт театры түңғыш шымылдығын ашқан болатын. Жалпы өз заманында Алаш өкілдері ұлт мәдениетін, өнерін танытуға, насихаттауға қатысты бірқатар тағылымды шаралар атқарды.

Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлармен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан жәнеА.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл - ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.

Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсшді мүшелері қазактың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінш ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше баетады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары үтымды пайдалана алды. Сөйтіп қандай да бір қасаңдыктан ада, адами құндылыктарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдык, наеихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердің шығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері карай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете баетады. Осы эволюциялық жол - Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықтары.

Қазақтың жазба әдеби тіліндегі публицистикалык стильдің қалыптасуы 1905-1918 жылдар аралығында баспасөз құралдарының көбейе түсуімен түсіндірілетіндігі белгілі. Осы тұстағы баспасөз беттерінен тіліміздегі публицистикалық стильдің қалыптаса бастағанын көреміз. «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш», «Жас азамат» газеттерінен және «Айқап» журналынан т.б. баспасөз құралдарынан қазақ сөзінің коғамдық-әлеуметтік саланың әртүрін көрсететін лексиканың стильдік реңктерге ие бола бастағанын байқаймыз. Осы баспасөз беттерінде саяси-қоғамдық лексикамен бірге, мәселен, жаңа мазмұндағы салтанатты стильдің де ерекше үлгілерін аңғарамыз.

Алаш қозғалысы қазактың жазба тіліндегі құжат тілінің де белгілі бір қалыптарын түзді. Айталық, уездік, облыстық, жалпықазақ сиездерінің хаттамалары, қаулылары, «Алаш» партиясының бағдарламасы, қатынас хаттары құжат тілінің жаңа бағыттағы лексикасын қалыптастырды. Бүған қоса, Алаш қозғалысы дәуірінде эпистолярлық жанрдың қауырт дамығанын әбден аңғаруға болады.Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Шоқайдың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, Х.Досмұхамедұлының, М.Дулатовтың

т.б. хаттары осы жанрдың тарихындағы үздік үлгілер. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау - олардыңұлттық ойлау жүйесін, сондай-ақ Батыc пен Шығыс ілімін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы сырты советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Бұл да зерттелуін қалап тұрған үлкен тақырыптың бірі. Алаш қозғалысын қазақ руханиятындағы тағылымды орасан құбылыс болды десек, соның бір парасы - қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерілуімен сабақтас.

Қазақ қоғамының оянуына, сілкінуіне сол кезеңдегі қазақ баспасөзі өлшеусіз үлес қосты. Бұл қатарда ұлттық қозғалыстың серпінді болуына, қарқынды өрістеуіне зор ықпал жасаған «Қазақ» газетіалдымен аталады. Ахаң басында тұрған бұл ұлы басылым Алаш идеясын қазақ сахарасына тарата отырып, өзінің зор миссиясын абыроймен орындады. «Қазақтан» кейінгі алаштық идеяны Х.Ғаббасов пен Р.Марсеков шығарушылары болған «Сарыарқа» газеті және М.Шоқай шығарған «Бірлік туы» газеті өрістетіп отырды. Бұл газеттер қазақ баласының бойына ұлттық сезімді, ұлттық ождан мен абыройды сіңірді.

Қазақ ғылымының тууына Алаш зиялыларының тікелей ықпалы тигені бәрімізге белгілі. Қазак тіл білімі мен әдебиеттануының басында Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы тұрса, медицина, биология, табиғаттану салаларынан

Х.Досмұхамедұлы, математикадан

М.Дулатов пен Ә.Ермеков, психологиядан Ж.Аймауытов, педагогикадан М.Жұмабаев, ауыл шаруашылығынан Т.Шонанұлы ,Қ.Кемеңгерұлы арнайы еңбектер жазды. Қазақ жазуының, ұлт грамматикасының дүниеге келуіндегі Ахаңның еңбегі айрықша аталады. М.Әуезовтің сөзімен айтсақ: «...Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік үраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдагы қан жылаган қазақ баласына істеген еңбегін, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз үмытсақ та, тарих үмытпайтын істер болатын». Алаш зиялылары қазақ ғылымын қалыптастыра отырып, оның терминологиясын да жасағанын және оның өміршең болғанын да атап өткеніміз дұрыс.

Алаш қозғалысы қазақтың тарих ғылымын дүниеге әкелді. Өткенді аршу, бағзы өмірдің даму түстарын санадан өткізу сияқты еңбектер - ұлттың есейе бастағандығының белгісі. Өткенге көз салу, оны бүгінмен, болашақпен байланыстыру - оқуы мен мәдениеті өскен елдің белгісі. Міне осындай ұлттық рухани жаңғырудың басында Алаш қайраткерлері тұрды. Бұған Шәкәрімнің, Ә.Бөкейханның, М.Тынышбаевтың, Х.Досмүхамедұлының, Қ.Кемеңгерұлының, С.Асфендияровтың жазғандары куә.

Халқымыздың өткен тарихына үңілгенде олар ең алдымен Абылай,Шоқан, Абайдың

есімдерін ұлықтады. Ал өз заманының тұлғаларын бағалауға келеек, мәдениет көзімен Карағанда Әлиханды Семей жұртшылығының қарсы алуы, Ахаңның елу жылдығын зиялы қауым болып арнайы атап өтуі - Алаш қайраткерлерінің жаңа өркениеттік жолға бет алгандыгын көрсетеді. Осының барлығы Алаш қозғалысы дәуірінің - қазақтың өткенін бағалаудың, өз заманын зерделеудің ұлт тарихындағы алғашқы кезеңі болды деп түжырым жасауға мүмкіндік береді.

«Алаш» партиясының, Алашорда өкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажетті саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттерінде жоғарыда аталған қажеттіліктер көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, Ж.Досмүхамедұлының, М.Дулатовтың, Б.Құлмановтың, Ғ.Бірімжановтың,

Ж.Ақбаевтың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, У.Танашевтың,

Х.Ғаббасовтың, А.Тұрлыбаевтың, Ы.Жайнақовтың т.б. жазған еңбектері

мш атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Алаш қайраткерлерінің облыстық,) уездік сиездер мш комитеттерді, жалпықазақ сиездерін үйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша өкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы - олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткер болғандықтарын көрсетеді. Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да мегзеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақстанның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді.

Алашорда мен Түркістан мұхтарияты жетекшілері арасындағы мәселеде олардың арасында бірлік болмады немесе әрқайсысы өздерінше дербес мемлекет ретінде өмір сүргілері келді деудің реті келіңкіремейді. Өйткені біріншіден, олар қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бір бағыт ұстанды, екіншіден, олар ортақ мүдде төңірегінде ұйыса алды. Оған М.Шоқай, М.Тынышбаев т.б. Түркістан қайраткерлерінің Алаш сиездеріне қатысуы, М.Дулатов, Т.Құнанбаев сияқты Алаш өкілдерінің Сырдария

қазақтарының сиезіне арнайы баруы, бірлікке шақыруы, ақпан төңкерісінен соң Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Дулатов бірлесіп үндеу жариялауы т.б. ірілі-үсақты байланыстар тарихы бізге Алаш пен Түркістанның мызғымас бірлігін айғақтайды. Үшіншіден, егер кеңестік билік казақ даласында орнамағанда, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері қалайда бірігіп, туған елінің тәуелсіздігін ту етіп, Қазақ мемлекетін қүрар еді. Бұлайша ой қорытуымызға сол дәуірдегі сыртқы саяси жағдайлар да, қазақ тұрмысының ішкі қоғамдық қажеттіліктері де мүмкіндік береді. Сондықтан да тарих жүзінде оларды дербес нысан ретінде қарағанымызбш, өткен ғасырдың басында ең ұлы идея - ұлт бостандығын көтерген екі ірі қозғалысты, Алашорда мш Түркістан мүхтариятын бөлуге әсте болмайды.

Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең идеяның із-түзсіз жоғалып кетпейтіні сияқты алаштық идея да ұлтжанды азаматтардың ойында жүрді. М.Шоқайдың эммиграцияда жүргендегі еңбектері, М.Әуезовтің шығармашылығы, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулері, І.Есенберлиннің, М.Мақатаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, Қ.Мырзалиевтің,

О.Сүлейменовтің, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Қ.Жұмаділовтің т.б.

ақын-жазушылардың көркем туындылары, Қытайдағы, Еуропадағы казақ диаспорасының санасындағы ұлттық идеялар, Желтоқсан көтерілісі сияқты көрнекті мысалдар Алаш идеясының, азаттық идеясының тәуелсіздікке дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады.

Алаш қозғалысының тарихы - отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері - алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру - қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары - ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты қүндылық - тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.

Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары - бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайык еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі - Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы - ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт- дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау - алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралгысы десек, Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда өкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энңиклопедиялық басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғал ысқа тікелей қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеп алдық. Әрине ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезенде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. Бұл тізім бүдан үзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге ойдан бірде-бір адам қоспадық. Алаш қозғалысының толық шынайы тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде, болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін болмағандықтан жүзден аетам тұлғаның өмірбаяндарын бердік. Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінеп кейбір алаштықтардың өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны еөзсіз. Біздің анықтамалық шығарудағы мақсатымыздың бір парасы - көпшілік арасынан оеындай дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу. Кітаптың «Алаштаным» бөлімінде қозғалысқа қатысты деректер мен оқиғалар, ұйымдар мен баспасөз құралдарының атаулары, Алаш қозғалысын зерттегш ғалымдардың өмірбаяны қамтылды. Анықтамалықтың келесі бөлімі «Алаш жылнамасы» деп аталынып, оған 1905-1930 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысына қатысты деректер енгізілді. Кітап соңында берілгш қосымшада Алаш қозғалысының болмысын байқатуға тиісті әртүрлі аса маңызды құжаттар топтастырылды.[1]

№ 9. Дәріс (2сағат)

Тақырыбы: Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар

1. Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің қилы тағдыры

2. Алашорда қайраткерлерінің халық жадында қайта жаңғыруы

3. Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер
Шынжаң қазақтары өздері қоныстанған байтақ даланы ата-бабамыздан қалған ежелгі мекеніміз деп біледі. Сондықтан да болар, ел басына ауыр күн туған қилы кезеңдерде Қазақстан жерінде қуғын-сүргін көрген қазақтардың көбі солай қарай босты. Әсіресе кеңестер одағының орнауына байланысты қызыл империяның тіс-тырнағынан қашқан талай боздақ сондағы қандастарының бауырына паналады.

1916 жылы орыстардың (патшалық Ресейдің) әскер алуына қарсы шыққан албан руы мен қырғыздар қарулы көтеріліс жасап қырғынға ұшырады. Бұл тарихта «Қарқара көтерілісі» немесе «Албан қырылған» деген аттармен белгілі. Қырғынға ұшырап, жан сауғалаған 200 мыңға тарта қазақ-қырғыз арт-артынан Шынжаңға қашып өтті. Албандар Іле өңірін мекендеді.

Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы, Әсет Найманбайұлы секілді әйгілі ақындармыздың қытай жеріне қашып өтуі де осы жылдарға тұспа-тұс келеді. Осыдан кейінгі жерде 1917 - 1920 жылдар аралығындағы Кеңестер одағының орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты ақтар мен қызылдардың қырқысы тұсында да талай қазақ ауылы босқындық күйге тап болды.

Өткен тарихтың парақтарына үңілгенде Қытайдың Алтай жеріндегі керейлердің арасына барып қайтқан аға сұлтан Құнанбай: «Түбі біздің елдің бір тиянағы осы ел болар-ау» дейтін сөзін еске алсақ, Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Міржақып Дулат(1885-1935), Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына барып қайқаны да тегін болмаса керек. Әсеттің осы бас қосуда шығарған «Алашқа» атты атақты өлең-толғауы сол тарихтың бір куәсі болып бізге жетіп отыр.

Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) жазған «Қазақ» үнқағазының (газетінің) 1917 жылғы 6-желтоқсандағы №254 санында: Қазақстандағы 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болғанын, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан екендігін жазады. Ал, енді бір деректерде 1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адамның қуғынға ұшырап, 25 мың адамның атылғаны, қазақтардың 42 пайызының аштықтан қырылғаны және бір милионға жақын адамның босып кеткені айтылады.

Енді бір дерек көзінің мәліметінше 1930-1933 жылдары негізінен қазақтар тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігені сөз болады. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны - 1 миллион 31 мыңға жеткені туралы да дерек бар.

Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3 миллион 963 мың 300, 1939 жылғы санақ бойынша 3 миллион 100 мың 900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын-сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді» деп жазады.

Демек аталған мәліметтерге негізделгенде, Кеңестер одағы құрылғаннан кейінгі әр түрлі соғыс апаттары мен қуғын-сүргін салдарынан шетел асып кеткендердің жалпы саны 500 мың төңірегінде болса, соның ішінде тек қана 1917 жылдан кейінгі қытай асып кеткендерінің санының өзі 200 мыңнан асқан екен.

Сталиннің билік басына келгеннен кейін өзіне қарсылардың көзін құртып, партияны өзінің бағыты бойынша істеуге жұмылдыруымен жұмыс бастаған Ішкі Істер Халық Комиссариаты (НКВД) жазалаушы орган ретінде тарих сахнасына шыққан еді. Міне осындай қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған шағында Ф. Голощекиннің (1876-1941) 1925-1933 жылдар аралығында қазақстанда билік жүргізуі ұлт зиялыларының басына қаралы кезеңнің қарлы дауылын үйірді.

1925 жылы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннiң Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына келуi Республиканың қоғамдық-саяси өмiрiн күрт өзгертiп, қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы 44 адам - «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрыңғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды.1937-1938 жылдары бұл үрдiс жаппай етек алды. Тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған, сол өкіметтің сойылын соғысқан Т.Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т.б. бастаған қазақтың бетке ұстар азаматтары да қуғын-сүргiнге ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi.

Бұл зұлматтар аранын күн сайын аша түсіп, қазақ ұлтшылдарының қомақты бір тобы көктей орылып, жетпей жатып желкесінен қиылды.

Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында Сталинмен пiкiр алысқанда Ф.И.Голощекиннің: «Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкiл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, "Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады" - деп жауап бердi», - дегенінің (Қазақ әдебиетi, 01.12.2006) өзі-ақ зұлматтың түп-төркінінің қайда жатқанын айқын аңғартса керек.

Осындай жантүршігерлік тәсілмен жүргізілген тәркілеу, Алаш қозғалысы жетекшілерін жаппай қудалау, тұтқындау, жер аудару және ауылшаруашылығын зорлап ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру, қолдан жасалған аштық секілді зұлматтар салдарынан елі үшін, жері үшін еңбек етіп жүрген талай ұлт зиялысы шет жұртқа бас сауғалауға мәжбүр болды. Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары арт-артынан Шынжаңға қашып барды.

Қытай асқандардың көп бөлімі Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі бұрыннан бар қазақ бауырларына барып паналады.

Айталық 1929 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен Әбдікәрім болыс өз балалары Қамбар, Шабдан, күйеу баласы Ғазез Қалбанов және Ысқақ Изетұлы, Тіленші, Әбдіразақ, Қабдыраш, Мәметек бидің немерелері Айдархан, Мұхтархан бастаған бір топ адаммен Қытай аумағына қарасты Алтай аймағына қашып өткен. Әбдікерім Ережепұлы болса Санкт-Петербург орман шаруашылығы инситутында оқыған, Мемлекеттік Думаға делегат ретінде екі дүркін қатысқан, 28 жыл бойы Семей губерниясының Өскемен-Зайсан уезінің Шыңғыстай болысын басқарған, Алаш партиясының бағдарламасын жасаушылардың бірі еді. Өз кезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен де жақын өткен. Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет тауысса, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факультетінен оқып, прокурор, сот, адвокат жұмыстарын атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосты.

Сталиндік зұлматтың қанды құрығы 1937 жылы Шынжаң жеріне дейін жетіп, Қамбар, Шабдан, Ғазез, Тіленші, Ысқақ, Айдархан, Мұхтархан, Сәлім Жаназаров бастаған бір топ адамды Шың Сысайдың қолымен тұтқынға алып Нобосибриски түрмесінде өлтірген екен. Сталиндік қуғын-сүргін кеңес одағы жерімен шектеліп қалмай жат жұртқа кеткен қазақтардың сары ізіне шөп салып, олардың басынада ақыр заман келтіріп отырған. Шынжаңда Шың Сысай билік құрған дәуірде бұл зұлмат мейлінше асқынып, қазақтардың қуғындалуы мен түрмеленіп-өлтірілуі ең жоғарғы деңгейге жеткен. Ол кезең Ақыт Үлімжіұлы, Шәріпхан Көгедаев бастаған ел серкелерінің басын алып, Таңжарық Жолдыұлын тар зынданға тастаған ауыр қасіретімен есте қалды. 1917 жылдан 1958 жылға дейінгі Шынжаңда жүрілген көптеген саяси қозғалыстар мен қырғындаулардың түгелге жуығы «кеңес одағының ценариі» бойынша жүрді немесе сол зұлматтың қытайлық бейнеленуі болып отырды.

Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкерім қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкерім қажы Қарасартов жағынан жазықсыз атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Тәкежанов, Мәнәкеш Әзімбайұлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң Алтайға қашып барады. Өкінішке орай, Зиятта 1938 жылы Сталиндік бұйрықтың құлы болған Шың Сысай жағынан қолға алынып, із-түзсіз жоғалтылды. Бердеш Әзімбайұлы кеңес одағы мен қытай арасындағы достық тұсында яғный 1956 жылы Зияттыңұлы Мерекені ертіп, Қазақстанға оралды.

Бұдан басқа ілгерілі-кейінді болып Алтайға жан сауғалап барған Сейітқазы Нұртаев, Кәрім Дүйсебай, Сәлім Жаназаров, Мырзахмет, Құсайын, Ахметқали Жайсаңбаев, Жұптыбай Сағындықов Алтайдан басқа жерлерді паналаған Райымжан Мәрсеков қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың да алды болыс болса, арты университет тауысқан асыл текті тұқымнан тараған аса білімді жандар болған. Бұлардан сырт Мұстафа Шоқай бастаған алыс-жуық шетелдерге бас сауғалаған қазақ зиялылары да аз болған жоқ. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тентіреп кеткен Мәжит Айтбаев сияқты тұлғалар отанына орала алмай өмір-бақи зарлап өтті.

Аты аталғандар ғана емес, ілгерінді кейінді Кеңестер Одағы өзіне қарсы оқ атқан немесе қашып кеткен әр пенденің сары ізіне шөп салып, 1938, 1939, 1940 жылдары барған елдерінде арт-артынан қолға алдырды, қырғындады. Бұл қанды жазалау Моңғол жеріндегі қазақтар арасында да жалғасын тапты.

Жоғарыда айтылған қуғын-сүргін құрбандарының бірі Ахметқали Жайсаңбаевқа азырақ тоқталар болсақ, әкесі Жайсаңбай аса сауатты, бай кісі болып, қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде 12 жыл болыс болған екен. Ахметқали «бай, кулак, халық жауы» секілді жалалармен қолға алынып Өскемен түбіндегі «Крепость» түрмесіне түседі. Түрмеден қашып шығып, олда Өр Алтай жеріне тартады. Онда барған соң Халифа Алтайдың ұстазы болып «Алтайдан Анадолыға» босқан елмен бірге кетеді. 1943 жылы Пәкстанның Дир аймағының Жандул деген жерінде аурудан қайтыс болды. Балалары Қазақстан, Қытай, Түркия үш елге шашылып, торғайдай тозды.

Бұл арада Ахметқалиға орай айта кетерлік бір жағдай бүгінгі Еуропа қазақтарының қалыптасуына себеп болған Қытайдағы қазақтардың Түркияға қарай көшуі - шын мәнінде кеңес қызылдарынан қашудан басталған болатын. 1934-1941 жылдар арлығындағы Елсіхан батырдың бастауындағы көш туралы айтар болсақ, мұсылман елдерін, түркі халқын бетке алып қызыл империядан құтылатын жалғыз есік - Үндістан, Пакстан, Ауғанстан арқылы Түркияға өту болған. Демек, кеңес одағы териториясында отырған қазақтар ғана емес, дүниені жалмаған қызыл тасқыннан қашқан қандастарымыз Такламакан шөлін кесіп, Гималай тауын асып жер шарының түкпір-түкпіріне тарыдай шашылды.

Осының бәрін айтып, азда болса жеке адамдар тағдырына тоқталуымыз кеңестік зұлматтың кесірлерінің қандай болғанын көрсету еді. Қазақ сынды қайсар халық тағдырдың қиын сынағына көбірек түсіп, өзінің ерлік рухын дәлелдеу үшін орыс және қытай сынды екі алпауыт елдің арасында әдейі өмір сүріп жатқан сияқты. Бұл халықты жер бетінен құртып жібермекші болған әлемнің қожасына айналмақ болған кеңестік билік те өз түбіне өзі жетіп, түп-тамырымен қопарыла құлады. Тарихтың жеңілісіне ұшырады.

Тарыдай шашылған қанды тарихымыздың қайталамауын тілесек те, тасқа басылған ерлігімізді ешкімнің өшіре алмайтынына мақтанғымыз келетінінде де шүбә жоқ! Өйткені біз комунизимнің қып-қызыл өртіне керілген қыл көпірден сүрінбей өтіп, империялардың әріптесіне айлалған ҚАЗАҚ деген халықпыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1995.

2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.,1994.

3. Ө. Әбліманов «Қазақ» газеті. А.,1993.

4. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

5. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995.

6. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.


Қосымша әдебиеттер:

1. Т. Қожекеев. Көк сеңгірлер. А., 1992.

2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағлымы не дейді. А., 1993.

3. Ж. Алмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы А.,1994.

4. Бес арыс /жинақ/ А., 1992.

5. Қазақ тарихы // №1-6,1993-1994 жж.

6. Ақиқат //№ 1-12. 1992-1999 жж.

7. Саясат. Политика // №1-6, 1996-1999 жж.

Қазақ тарихы //№ 1-6. 1993-1999 жж.
Арнаулы семинар тақырыптарына ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А.1992 ж.

2. Қозыбаев М. Қ. Ақтандықтар ақиқаты. А. 1992 ж.

3. Қожанов Т. Көк сеңгірлер. А.1992 ж.

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А. 1995 ж.

5. Нәубәт (жинақ) А. 1994 ж.

6. Зобалаң (жинақ) А. 1994 ж.

7. Қызылдар қырғыны А. 1993 ж.

8. Зауал. А.1991 ж.

9. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.

10. К. Есмағанбетов. Қазақтар шетел әдебиетінен. А., 1994.

11. Қойгелдиев. М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді А. 1993 ж.

12. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

13. Қазақстан тарихының журанал. 1993-1999 жж.

14. Ақиқат журналы. 1991-1999 жж.

15. Отан жураналы. 1998-1999 жж.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет