ПОӘК 042-16-02 32/03- 2013 №2 басылым 30. 09. 2009



бет6/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,43 Mb.
#34667
1   2   3   4   5   6

“Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы. Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.


1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматыжа және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС нақ осы табиғаттың Алтынкүрек желімен салстырылса, артық емес. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок еді.

Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды. Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше “ерлік” көрсеткен МХҚ мен Ішкі істер министрлігі деректері, әрине, тым “қарапайым”. Олар не бәрі 2212-2336 аралығында ғана кінәлілерді күдірткен. Сабаздарың өз арттарын қалай ашсын?! Ал Мұхтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған, 1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай қойғанда, М.С.Соломенцев, Е.К.Лигачев, т.б. “жартықұдайлар” кесапатымен тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих М.С.Горбачев жолбасшылығы “арқасында”, міне, осындай масқара интернационализм көрінісіне куә болды. “Желтоқсан” жетекшісі, адвокат Аманжол Мәлібаев және ”желтоқсан оқиғалары” жөнінде деректі фильм түсіруші Қалдыбай Әбенов “желтоқсан оқиғаларына” қатысушы,солдаттарға Қайрат Рұсқылбековтың түрмеде қаза табуының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Әкімшілігі оның өзін-өзі өлтіргенін дәлелдемек болды. Ал Мәлібаев пен Әбенов бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтады. Олар “Желтоқсан” бұл оқиғаны тергейтінін мәлімдеді.


2 Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.


3 Қазақстан өзінің тәуелсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмаған.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.



Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да байланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жайлаған ¥лы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғұламалары, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады.

2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. Назарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.


3.Практикалық (семинар) тапсырмалары

Тақырып 1. Қазақстандық тайпалық одақтардың тарихи тұлғалары туралы

1. Сақ патшасы Томирис және оның портреті

3.Ғұн шаньюйі Мөде және Бұмын және Естеми, Үш елік қағандар

мақсаты: Пән туралы мәліметтер бере келе, тайпалық одақтарды құру мен басқарудағы тарихи тұлғалар туралы баяндау

Міндеті: Сақтар мен Б.з.б. III-I ғасырда өмір сүрген ұлы жүздің ірі тайпалары болған үйсін, қаңлы тайпалары туралы Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі. Негізгі шаруашылықтары туралы да Қытай жазба деректерінде мағлұматтар бар. «Кангюйлар» деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» «кангха» болып кездеседі. Сюннулар, хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тарихи деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты роль атқарды.

Әдебиеттер:

1. Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов.- Л.,1951.

2. Гумилев Л.Н. Хунну. - М., 1960.

3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгс дейін). Төрт томдық, 1-том.- А., 1996.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі дейін (Очерк).- А, 1994.

5. Малкин В.С. Материалы по истории сюпу.- М., 1968, 1973.


Тақырып 2 . Ортағасырлық мемлекеттікті құрудағы тарихи тұлғалар саясаты

1.Сатұқ Боғра ханның Қарахан мемлекетіндегі ролі

2.Қыпшақ қағандарының тарихи тұлғалары

3.Монғол ханы-Шыңғыс хан туралы



Мақсаты: Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне Түрік және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық. Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.Содан кейінгі Батыс Түрік қағанатының саяси тарихы туралы баяндауы қажет.

Міндеті: 1.Түркі мемлекеттері туралы ХІІІғ. Пайда болған Монғол мемлекетінің тарихы мен тарихи тұлғалар туралы мәліметтер беру.



Әдебиеттер:

1. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІ вв. Ашхабад, 1969.

2. Қазақтың көне тарихы.- А, 1993.

3. Кляшторный С.Г., Сүлтанов Т.И. Казахстан: летопись трехтысячелетий.- А., 1992.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 1 том. А, 1996.

5. Қазахстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А, 1994.

6. Ә. Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары.-А.,1991.
Тақырып 3: Қазақ хандары мен қазақ билері,

қазақ батырлары

1.Қасым хан және оның заманы

2.Есім хан және Тәуке хандар: оның заманы мен қазақ заңдарының мазмұны

3.Қазақ билері мен қазақ батырлары: олардың тарихтағы рөлі



Мақсаты. . Қазақ хандыгын құрудағы қазақ хандарының тарихи рөлі туралы мәліметтер жинақтау, талдау

Міндеті: Қазақ хандығының құрылуы мен Керей және Әз-Жәнібек хандардың ролі туралы баяндау. Қазақтардың әлеуметтік жағдайы, себеп-салдары, билеушілері, территориясы, тұрмыс-тіршілігі, саяси тарихи басқарулары мен қоғамдық өмірлерін жан-жақты баяндап ашу керек. Қазақ хандығын нығайтудағы Қасым ханның ролі мен Қазақтардың әлеуметтік жағдайы, себеп-салдары, билеушілері, территориясы, тұрмыс-тіршілігі, саяси көзқарастары, Қасым ханның саясаты туралы баяндау.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Есім, Тәуекел және де басқа хандықтар туралы олардың саясаты жөнінде баяндап, Қазақтардың әлеуметтік жағдайы, себеп-салдары, билеушілері, территориясын кеңейтудегі ролі жөнінде тарихи деректер көмегімен сипатамалар беру.

2. Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы қазақ халқының ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы әлеуметтік саяси өмірі жайлы, олардың саяси тарихы туралы баяндау қажет.

3. Қазақ билері және олардың қогамдагы ролі қандай болды, олардың қазақ мемлекетін құрудағы ролі мен данышпандылығы туралы банядау. Олардың заңдары мен жазалау шара түрлері, шешімдердің ерекшелігінің мағынасын ашу. Қазақ тарихындағы биліктері туралы жан-жақты баяндау.

Әдебиеттер:

1. Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI века. -А., 1985.

2. Вяткин М.П. Казахско-русские отношения ХУШ-ХІХвв.- А., 1964.

3. Тынышбаев М. История казахского народа.- А., 1992.

4. Қазақстан тарихы (көне замманан бүгінге дейін). 1 том.~ А., 1996.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.



Әдебиеттер:

1. Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы.- А, 1957.

2. Востров В.В., Муканов М.С. Родо-племенной состав и расселе-ния казахов (конец XIX — нач. XX вв).- А, 1968.

3. Қойшығара Салгарин. Қазақтың қилы тарихы.- А., 1982.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 2 т.- А, 1998.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А, 1994.



Тақырып 4: Үш жүз қазақтарының таңдауы болған

Абылай хан

1.Әбілмансүр оның шыққан ортасы

2.Абылай хан: оның саясаты

3.Абылайдың бас кеңесшісі –Бұқар жырау



Мақсаты: Абылай ханның шығу тегі мен жүргізген саясаты туралы. Абылайханның екі жақты саясаты және Абылай хан заманындағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы туралы толық тарихи деректер бойынша жан-жақты мағлұматтар беру. Абылайдың бас кеңесшісі болған Бұқар жырау туралы мәліметтерді толықтыру

Әдебиеттер:

1. Абылайхан. Тарихи жырлар. 1 том.- А., 1993.

2. Ч. Валиханов. Абылай. Собр. соч., т 4. - А, 1985.

3. Султанбеков М. Абылай и его батыры. Семипалатинск, 1992.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.

5. Қазақ ССР тарихы, 5 томдық, 3 том. — А, 1982.


Тақырып 5: Ұлт-азаттық қозғалыстардың басшылары кімдер еді?

1.батыр -Сырым Датұлы

2.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ерліктері

3.Қазақтың соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы


Мақсаты: ұлт-азаттық қозғалыстаың басшылар болған С.Датұлы, И.Тайманұыл, М.Өтемісұлы және қазақтың соңғы ханы К.Қасымұлының ел мемлекеттілігн құрудағы тарихи тұлғалылығын дәлелдейтін тарихи дерек көздерімен танысу

Міндеті: Қазақтардың Е. Пугачев және Сырым Датұлы бастаган 1773-1775 жж. шаруалар согысына қатысу қарқыны, елдің жағдайы және себеп-салдарын анықтау. Және қазақтардың қатысудағы негізгі әлеуметтік саяси жағдайлардан туғандығын тариха деректер бойынша талдаулар жасау. ХҮІІІ ғасырдың 80-90 жылдарындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаган қазақ шаруаларының көтерілісінің қозғаушы күші мен себеп-салдары, басталуы мен барысы туралы. Қазақстандагы Кенесары Қасымов бастаган ұлт-азаттық қозгалысы және оның тарихи маңыздылығын ашу. Кенесары ханның өзгерістер мен жорық барысы және ол қозғалыстың тарихи себептері мен маңызын ашу. Тарих баға беру.

Әдебиеттер:

1. Казахско-русские отношения в ХVIII-ХІХ вв. Сборник доку-ментов и материалов.- А., 1964.

2. Бекмаханов Н.Е. Легенда о Невидимке. —А., 1968.

3. Вяткин М.П. Срым батыр.- А, 1947.

1. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40гг. XIX в.- А, 1992.

2. Досмүхаметұлы X. Аламан. -А, 1991.

3. Рязанов АФ. Восстание Исатая Тайманова.- "Кзыл-Орда", 1927.

4. Шахматов В.Ф. Внутренняя Орда и восстание И. Тайманова.-А, 1946.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А, 1992.
Тақырып 6: ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ ағартушылары

1.Алғашқы саяхаткер-Шоқан Уалиханов

2.Ағартушы-Ы.Алтынсарин

3.Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев


Мақсаты: Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы капиталистік қатынастардың дамуы және олардың қазақ экономикасына тигізген себептері туралы баяндау.

Міндеті: Қазақстанның XIX гасырдагы мәдениеті, ағартушылар-Ш.Уалиханов., Ы.Алтынсарин., А.Құнанбаевтар туралы қазақ мәдениетіне қосқан үлестері туралы әдеби деректер бойынша толық мәліметтер беру керек.



Әдебиеттер:

1. Бес ғасыр жырлайды 1-2 томдар. —А, 1989.

2. Жүбанов А. Замана бұлбұлдары- А, 1974.

3. Жүбанов А. Ғасырлар пернесі.- А., 1977.

4. Шоқан Уалиханов. Таңдамалы шығармалары- А, 1985.

5. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 3-том.- А, 1979.

6. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А.,1994.
Тақырып 7-8: Алашорда қайраткерлері мен

қазақ интеллигенциясы

1.Ә. Бөкейханов және оның саяси портреті

2. Алаш Орда үкіметі оның қызметі

3.Қазақ интеллигенцилары: А.Байтұрсынов, М,Жұмабаев, М:Дулатов , М.Сералин т.б.


Мақсаты: Қазақстанда ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмір туралы және саяси партиялардың жұмысы мен саясаты бағдарламалары жөнінде қазақ халқының әлеуметтік жағдайы жөнінде толық мәліметтер беру.

Міндеті: ХХ ғасырдың басты оқиғасы болған «Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметі және қазақ алашордашылары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б.» тарихи тұлғалардың ел үшін сіңірген тарихи қызмет орындары туралы түсініктер қалыптастыру. ХХ ғасыр басындағы алғашқы онжылдықтар барысында «Алаш» автономиясын құрудағы қазақ зиялыларының ролі мен «Алаш Орда» үкіметінің жұмысы туралы және қазақ жерінде кеңес өкіметінің қалыптасуы туралы толық баяндау



Әдебиеттер:

1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 1994.

2. Алашорда. Сборник документов.- А., 1992.

3. "Алаш" сиезінің ақиқаты // «Жас алаш, 17 сәуір 1992 жыл.

4. История Казахстана: белые пятна.- А., 1991.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.

6. Муқаметканов Қ. Алаш сиезінің ақиқаты // Жас алаш, 17 сөуір 1992.
Тақырып 9-10: Қазақстан 20-30 жылдарда кеңес заманында

1.Қазақ АКСР-і және С.Меңдешев.

2.Т.Рысқұлов және Түркістан Автономиялы Кеңестік Республикасы

3.20-30 жылдардағы қазақ интелегенциясы: С.Садуақасов, С.Қожанов; Т.Жүргенов және т.б. зиялылардың тарихи рөлі туралы


Мақсаты. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейінгі мәдени құрылысының дамуы мен алғашқы мәдениет ошақтары мен жоғарғы оқу орныдары, театр және қазақ тылындегі оқулықтардың жарық көруі т.б. мәдение жетістіктер мен мәдениеттегі ресейлік қарама-қайшылықтар туралы тарихи деректер негізінде толық мәліметтер жасау.

Әдебиеттер:

1. X. Әбжанов. Мәдени қүрылыс ақтандақтары // Қазақ тарихы, 1993, ғЗ.

2. История Казахстана: белые пятна.- А., 1991.

3. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 4 т.- А., 1977.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.
Тақырып 11-12: 20-30 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыс кезіндегі тарихи тұлғалар

1.Араб грфикасының негізі қалаушы А.Байтұрсынов

2.Әдебиет пен өнер қайраткерлері: С.Сейфуллин., Б.Майлин., С.Торайғыров

3.М.Әуезов шығармашылығы және ұлттық мәдениет



мақсаты: XX г. басындагы Қазақстанның мәдениеті және қазақ ағартушылары С.Сейфуллин., Б.Майлин., І.Жансүгіров т.б. қазақ зиялылары туралы олардың қазақ әдебиетіне мәдениетіне қосқан үлестері туралы жан-жақты баяндау.

міндеті: ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы сталинизмнің дамуы мен мемлекеттік заңдылықтың бұзылуы мен жаппай репрессияның өзіндік қандай қайшылықтары болғандығын дерек көздерінің негізнде баяндау.



Әдебиеттер:

1. "Айқап". А, 1995.

2. Бөкейханов Ә. Шығармалар. —А., 1995.

3. "Қазақ" газеті.- А., 1998.

4. А. Күзембайүлы, Е. Әбіл. История Республики Казахстан. —А., 1998.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.

6. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 4 т.- А., 1979.13-14
Тақырып 13-14: ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі тарихи тұлғалар

1.Қазақстан және оның басшылығындағы тарихи тұлғалар: Ж.Шаяхметов, Д.А.Қонаев

2.Қоғамның рухани өміріндегі жетістіктерді қалаушы қайраткерлер туралы

мақсаты: Ұлы Отан соғысы кейін Қазақстанның әлеуметтік-саяси мәдени дамуы туралы тарихи деректермен жан-жақты толық баяндау.

Міндеті: 50-80 жылдардағы Қазақстанның кемелденген социализмнің дамуы мен барысы қазақстанның саяси-әлеуметтік экономикалық дамуы туралы кейінгі деректер бойынша мәліметтер беру. Қазақстанның 80 жылдарындағы Алматы қаласындағы бейбіт саяси шеру жөнінде және желтоқсан оқиғасының болу себептері мен барысы оның зардаптары мен тарихи салдарының жағдайларына толық мәліметтер беру.



Әдебиеттер:

1. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 5 т.- А, 1980.

2. С. Қасқабасов. Колыбель искусства.- А, 1992.

3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А, 1994.

4. А. Күзембайұлы, Е. Әбіл. История Республики Казахстан.- А, 1998
Тақырып 15: Тәуелсіздіктің негізін қалаушы тарихи қоғам қайраткерлері

1.Желтоқсан оқиғасының батыр-қаһармандары

2.Егеменді елдің басшысы-Н.Ә.Назарбаев

3.Тәуелсіз елдің жасампаздары- халық қалаулылары


мақсаты: Қазақстанның 80 жылдарындағы Алматы қаласындағы бейбіт саяси шеру жөнінде және желтоқсан оқиғасының болу себептері мен барысы оның зардаптары мен тарихи салдарының жағдайларына толық мәліметтер беру. 90 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер мен шетелден отандастардың шетелдік азаматтардың өз Отанына оралуы туралы тарихи талдаулар жасау арқылы мәліметтер беру. 1997 жылы 1 наурызда қабылданған ел басының алғашқы қазастандықтарға жалдаған жолдауы және оның негізгі мазмұны мен басым мақсаттары туралы толық мәліметтер бере отырып, елдің дамуының болашқ бағдарламасы ретінде бүгінгі дамудың негізі болатындығына жан-жақты талдау жасау.

Міндеті: 90 жылдардың басынан басталған тәуелсіздік тарихының негізін қалаушы тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлері туралы баяндау. 1997 жылы 1 наурызда қабылданған ел басының алғашқы қазастандықтарға жалдаған жолдауы және оның негізгі мазмұны мен басым мақсаттары туралы толық мәліметтер бере отырып, елдің дамуының болашқ бағдарламасы ретінде бүгінгі дамудың негізі болатындығына жан-жақты талдау жасау.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан егеменді тәуелсіз ел

2.ҚР-ның Ата заңы туралы

3.Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың 2005-2009 жылдардағы жолдаулары туралы баяндамалар дайындау.



Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- А., 1995.

2. Ж.А. Жансугурова. Полномочия Парламента Республики Ка-захстан в условиях президентской формы правления // Саясат, 2 (9) февраль 1996.

3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. —А, 1996.

4. Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы. -А, 1998.

5. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер жөне ұлт саясаты.- Семей, 1995.

6. Коновалов АП. Национальные процессы в Республике Казахстан. Семипалатинск, 1999.

7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.

8. Н.Ә. Назарбаев. Жадымда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан, 1998, 16 қаңтар.

9. 2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың еншісінде // "Егемен Қазақстан", 1998, 6 қаңтар .


4 Студенттердің өздік жұмыстары:


р/с


Тақырыптардың атауы

Оқу формасы

Сағат саны

1.

Кіріспе. Пәннің оқытылу мақсаты мен міндеттері

Баяндау, талдау

2

2.

Тайпалық одақтар мен түрік қағандығы кезіндегі тарихи тұлғалары

Конспектілеу,

Сұрақтарға жауап жазу



2

3.

Ортағасырлық мемлекеттікті құрудағы тарихи тұлғалар саясаты

Баяндамалар жазу

2

4.

ХІІІ ғасырдағы Монғол мемлекеті және оның негізін құрушы Шыңғысханның саяси тұлғасы

Ауызша журнал

2

5.

Қазақ хандары мен қазақ билері

Рефераттар

2

6.

Қазақ жүздері және тайпа көсемдері

Баяндамалар жазу

2

7.

Қазақтың басын қосқан Абылай

Ауызша журнал

2

8.

Ел қамын жеген батырлар

Баяндамалар

2

9.

ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ ағартушылары

Конспектілеу

2

10.

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары

Ғылыми еңбектерді талдау

2

11

Алаш партиясы және Алаш қайраткерлері

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс

2

12

Қазақстан 20-30 жылдарда кеңес заманында

Конспектілеу

2

13

20-30 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыс кезіндегі тарихи тұлғалар

Баяндамалар жасау. Қорғау

2

14

ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі тарихи тұлғалар

Талдаулар жасау

2

15

Тәуелсіздіктің негізін қалаушы тарихи қоғам қайраткерлері

Баспа материалдарымен жұмыс

2




Барлығы;




30 сағат


5 Студенттердің аралық аттестацияға дайындалатын сұрақтары

  1. Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси істерге тартылуы, алғашқы қадамдары.

  2. Қазақ оқығандарының баспасөз, білім беру ісіне араласуы.

  3. Қазақ зиялылары және қазақ газет-журналдары

  4. Қазақ халқының атақты ақындары, әнші - сазгерлері, күйшілері, түрлі өнер қайраткерлері

  5. Ә.Н.Бөкейхановтың шығармалары және бүгінгі өткір мәселелер

  6. А.Байтұрсынов шығармаларындағы саяси-тарихи мәселелер

  7. М.Тынышбаев шығармалары-қазақ тарихының жарқын жаршысы

  8. Қазақтың бас ақыны-А.Құнанбаев

  9. Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларындағы өзекті тарих мәселелері

  10. Қазақтың бес арысы

  11. Елу жыл ел билеген -Д.Қонаев

  12. М.Әуезов және ұлттық мәдениет

  13. Мұстафа Шоқай

  14. Т.Рысқұлов

  15. М.Тынышбаев

  16. Смағұл Садуақасов

  17. Мұхаметжан Сералин

  18. Сұлтанмахмұт Торайғыров

  19. Әріп Тәңірбергенов

20 Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Тестілік тапсырмалар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет