Металдарды кеңнен өндіреді.Активтілігі төмен металдар табиғатта бос күйінде кездеседі. Мысалы: алтын, күміс,платина т.б. Актив металдар кең құрамында әртүрлі қосылыстар түрінде болады. Жеңіл металдар тұздар түрінде,ал ауыр металдар оксид,сульфид,сульфиттер т.б. болады.
Металдар өндірісін металлургия деп атайды,химиялық процестерге сәйкес бірнеше топқа жіктеледі:
а/ пирометаллургия – жоғарғы температурада қыздырып бөлу
ә/ гидрометалургия – еріткіштер әсерімен бөлу
б/ электрометалургия – электр тогы әсерімен бөлу /электролиз/
в/ металлотермия – басқа металмен жоғарғы температурада әсер етіп бөлу
Металдар құймалар түрінде қолданылады.8000 астам құймалар белгілі.
Темір құйма – шойын,болат, мысты құйма – қола,аса жеңіл құйма –дюралюминий,бағалы құйма – құрамында алтын,күміс,платина болатын құймалар.
ІІ. Адам ағзасында преиодтық жүйенің 70-ке жуық элементі табылған.Мына алты элемент: C, O, H ,N, P, S ағза массасының 97,4%-ін құрайды.Тірі заттағы элементтердің мөлшеріне байланысты оларды макро- және микроэлементтер деп бөлуге болады.
Макроэлементтерге C, O, H ,N жатады. Бұлардың үлесіне тірі зат массасының 96% және I, CI, Fe, N, Mo, Cu, Co, Zn (1% массасының) жатады.
Биологиялық неғұрлым керек металдарға ( биометалдарға) мына элемент жатады:
K,Na,Ca,Mg,Fe,Cu,Co,Mn,Zn,Mo; металл еместерден O, H, S, C, N, P, CI, I жатады,сондықтан осы элементтердің қасиеттерін зертханалық сабақта оқимыз.Көміртегі мен сутегі органикалық қосылыстардың негізі болғандықтан ,ол элементтерді органикалық химия пәнінде тереңірек оқытылады.
Калий осмостық,биохимиялық процесте,көптеген физиологиялық функцияларға қатысады,сілтілік-қышқылдық теңдікті ұстауға көмектеседі. Калий алмасуы ағзадағы натриймен тығыз калий,натрий,кальций иондарының белгілі ара қатынасы жүрек жұмысының қалыпты сақталуына әсер етеді.
Натрий ағзада осмостық қысымды реттеуге,су,минерал,азот және май алмасуына қатысады.Плазма мен жасуша аралық сұйықтардың барлық катиондарының 90%-тен астамы натрийден тұрады.
Кальций иондары сүт қышқылының түзілуіне,сүттің ұюына,бұлшық еттің және нерв қызметінің жұмысына қатысады.Фосфаттармен және фторидтермен қосылып,кальций сүйек ұлпасы мен тістердің минералдық негізін құрайды.Тамақта кальцийдің жетіспеуі көптеген ауруларға рахит,остеопароз,остеомоляция т.с.с.) себеп болады.
Сүт – кальцийдің ең жақсы көзі.Күніне үлкен адам 1г кальций қабылдау керек.
Магний тұздары органикалық қосылыстардың фосфорға айналуына қатысатын ферменттердің қызметін күшейтеді.Тамақта магний тұздарының жетіспеуі жүйке жүйесінің қалыпты қызметін,бұлшық еттердің жиырылуын бұзады.
Мырыш ағзада бұлшық еттің 65% -ін, сүйектің 20% -ін құрайды.Қан плазмасы,бауыр,эритроцит құрамына,эфирлер және ақуыздың гидролизі кезінде катализатор болатын 40-тан астам метелл-ферменттердің, 260 аминқышқылы қалдығынан тұратын карбоангидраза ферментінің құрамына кіреді. Қандағы қантты реттуге қатысады.
Алюминий қанның сары суында,өкпе,бауыр,сүйек,бүйрек,тырнақ,шаш құрамына және адам миының жүйке қабығының негізгі құрамына кіреді. Адам тәулігіне 47 мг алюминий қабылдауы керек. Алюминий эпителий және байланыстырғыш қабаттардың дамуына,сүйектің қалыптасуына,фосфорың алмасуына әсер етеді. Сонымен бірге ферментативті процестерге,қанның түзілуіне,трансаминирлеу реакциясына катализатор ретінде қатысады.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Калий мен натрий атомдарының құрылысының электрондық схемасын жазыңдар. Бұл элементтердің қайсысының тотықсыздандырғыштық күші артық, неге?
І топтың s-элементтерінің +І тотығу дәрежесі не себептен өте тұрақты?
К2О, К, К2О2 қалай сумен әрекеттеседі, химиялық реакциялар теңдеуін жазыңдар.
Калий хлоридінен металл күйінде калийді және калий гидроксидін алу үшін жүретін процестерінің схемаларын жазыңдар.
Натрий сульфатынан көмір мен әктасты жоғарғы температурада балқыту арқылы соды алу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Көмір мен әктас қандай функция атқарады?
Ас содасы, каустикалық сода, кристалдық сода, кальцинирленген сода деп техникада қандай заттарды айтады?
Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазыңдар: NaCl→Na→NaOH→Na2CO3 →NaHCO3 →NaCl→Na→Na2O2→Na2O→NaOH→ NaHSO4→ Na2SO4 → Na
Мына қатарда LiOH –CsOH негіздік қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?
Периодтық жүйедегі І және ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің тұздарының қасиеттерін салыстырыңдар: галогенидтердің, сульфаттардың, сульфидтердің, карбонаттардың. Олардың суда ерігіштіктерінің өзгеруін, топ бойынша және І топтан ІІ топқа өткенде термиялық беріктіктерінің өзгеруін көрсетіңдер
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г 9. Р.А.Лидин.,В.А.Молочко.,Л.Л.Андреева. Химические свойства неорганических веществ. Москва,2000 г.-479 с.
Дәріс 12. Комплексті қосылыстар
Мазмұны:
1. Комплексті қосылыстардың құрлысы
2. Комплексті қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы
3. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы
1. Коваленттік не иондық байланыс арқылы атомдардан молекулалық қосылыс түзілсе, олар бірінші ретті деп аталады. Бірінші ретті қосылыстардың электронейтрал молекулаларының өзара әрекеттесуінен түзілген көптеген қосылыстар болады. Оларды жоғары ретті молекулалар немесе комплексті қосылыстар деп атайды: NH3 + HCl → NH3•HCl → NH4Cl
Комплекс қосылыстағы химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырып, комплекс қосылысқа анықтама беруге болады. Мысалы: NH4Cl молекуласы қалай түзіледі
Барлық комплекс қосылыстарда донорлы-акцепторлы (д.-а.) байланыс болады. Комплексті қосылыстар дегеніміз донорлы-акцепторлы байланыс арқылы түзілетін жоғарғы ретті қосылыстар.
Комплексті қосылыстарда:
Комплекс түзуші, олар көбінесе оң зарядталған металл иондары болады, көбінесе d-элементтері жатады.
Комплекс түзушінің маңайында лигандтар орналасады, олар теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар.
Лигандтар саны координациялық сан деп аталады.
Комплекс түзуші мен лигандтар комплексті қосылыстарының ішкі сферасын түзеді, ол квадрат жақшаға алынады.
Ішкі сфераға кірмеген иондар сыртқы сфераны құрайды.
2. Катионды комплексті қосылысты атағанда, алдымен катионның, одан соң анионның атын атайды. Ішкі сферада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды. Мысалы: С6Н6- бензол, С2Н4- этилен, N2Н4- гидразин, Н2О- аква, NН3-аммин. Саны бірнешеу болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді: 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6гекса, 7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион- лигандтарының аттары атау үшін олардың әрқайсысының аттарына «О» жұрнағы қосылып ай-тылады. Мысалы, бромо-Br-, О2—оксо, N3—нитридо, ОН—гидроксо, СN—циано,СО32—карбонато, РО43—фосфато, S2O32--тиосульфато,С2О42—оксалато т.б.
Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионның атына «ы» деген жалғау қосып айтылады.
[Ag(NH3)2]Cl- диаммин күміс (І) хлориді;
[Cu(H2O)4]SO4∙H2O- тетрааква мыс (ІІ) сульфат гидраты;
[Pt(H2O)(NH3)2OH]NO3- гидроксодиамминаква платина (ІҮ) нитраты;
[Ru(SO2)(NH3)4Cl]Cl- хлоротетраммин күкірт диоксид рутений (ІІ) хлориді.
Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандтардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосады.
K[Ag(CN)2]- калий дицианоаргентаты (ІІ);
Na3[Co(NO2)6]- натрий гексанитрокобальтаты (ІІ);
K3[Ni(NO)2(S2O3)2]- калий дитиосульфатодинитрозилникеляты (ІІ).
Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандтардың аты, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.
[Co(NH3)3Cl]- трихлоротриаммин кобальт;
[Ru(H2O)(NH3)4SO3]- сульфиттетраамминаква рутений.
3. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан, суда еріткенде, олар комплексті ион мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды:
[Ag(NH3)2]Cl→ [Ag(NH3)2]+ + Cl-
K[Ag(CN)2] → K+ + [Ag(CN)2]-
Түзілген комплексті иондар өте аз мөлшерде өздерінің құрамына кіретін бөлшектерге (иондарға, молекулаларға) ыдырайды.
[Ag(NH3)2]+ ↔ Ag+ + 2NH3
[Ag(CN)2]- ↔ Ag+ + 2CN-
Комплексті иондардың диссоциациясы аз мөлшерде жүретін қайтымды процесс болғандықтан оларға массалар әсерлесу заңын қолдануға болады және процестер сан жағынан диссоциация константасы арқылы анықталады:
Кт.з.= ([Ag+]∙[NH3]2)/[Ag(NH3)2]+ =6,8∙10-8
Кт.з. = ([Ag+]∙[CN-]2)/[Ag(CN)2]- =1,0∙10-21
Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з. деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплексті иондардың тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып, комплексті қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады..
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.
Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.
Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?
Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?
[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г 9. Р.А.Лидин.,В.А.Молочко.,Л.Л.Андреева. Химические свойства неорганических веществ. Москва,2000 г.-479 с.
Дәріс 13. Бейметалдар химиясы. ІҮ топтың р-элементтері.
Мазмұны:
1.Периодтық жүйенің ІҮ топтың р-элементтері.Жартылай өткізгіштер.
2.Физикалық қасиеттері, қосылыстары,қолданылуы.
3.Химиялық қасиеттері.
1. ІУ-топтың р-элементтері. Жартылай өткізгіштер химиясы.
+6 С +14 Si +32 Ge +50 Sn +82 Pb
2s22p2 3s23p2 4s24p2 5s25p2 6s26p2
_____электр өткізгіштігі артады _________ ___________________________________________________________
│ │ │ │
диэлектрик жартылай өткізгіш өткізгіш
Германий жартылай өткізгіш ретінде техникада пайдаланылады.Одан фотоэлементтер,диодтар,детекторлар т.б. жасалады.
Периодтық жүйенің ІҮ топтың р-элементтері (көміртегі, қалайы, қорғасын) С, Sn, Pb- микроэлементтер, олардың ағзадағы мөлшері 0,002- 1∙10-5мг. Тамақ өнеркәсібінде Sn-дан консервілік банкалар, қақпақтар жасайды. Қорғасын улы зат, ол шынының, қағаз және полиэтилен қапшықтардың құрамына кіреді.
Тірі ағзада 6 элемент (көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт) ағза массасының 97,4% алады. Оларды органогендер деп атайды. Органоген №1 көміртегі. Себебі көміртегі майдың, көмірсулардың, витаминдердің, органикалық қышқылдардың құрамына кіреді. Бірақ бос көміртегі және оның монооксиді адам үшін өте улы. Натрий гидрокарбонаты, ағзада өтте майдың гидролизіне әсер етеді.
SiO2- кремнезем,оның кристалды түрі – кварц,алты қырлы кварц кристалын тау хрусталі деп атайды,оптикалық аспаптар жасуда,радиотехникада пайдаланылады.
Кристалды кремнеземның балқу температурасы -17550С суытқанда кварц шынысы түзіледі.Ол берік, қыздыру мен суытуға төзім-ді,ультра күлгін сәулені жақсы өткізеді.Одан химиялық ыдыстар,аспап-тар,кварц шамы жасалады.Кварц кристалы электр өрісінде деформация-ланады.Осы қасиетіне байланысты дыбыс жазу ісінде қолданылады.
Аморфты кремний –трепел кеуекті,қуысты,сондықтан катализаторды жақсы ұстайды. Оған нитроглицеринді сіңіріп жарылғыш зат – динамит жасайды. Кремний қосылыстарыныың көпшілігі улы: SiH4 – cилан өздігінен жанатын,улы зат, SiF4 – түссіз ұнамсыз.улы газ.Гексафторкремний қышқылының тұздары-кремнефторидтер өте улы заттар: Na SiF6 - натрийкремнефториді, Ва SiF6 - барийкремнефториді – интектицидтер. H2SiO3 – кремний қышқылы,тұздары силикаттар – жай.күделі,жасанды болып жіктеледі.
Алюмосиликаттар - шпаттар: K2О∙ AI2O3∙6SiO2 немесе К2AI2Si6O16 - ортоглаз
Na2О∙ AI2O3∙6SiO2 немесе Na2AI2Si6O16 - альбит CaO∙AI2O3∙2SiO2 немесе CaAI2Si2O3 - анортит 2Э2О∙ 2Н2О∙3AI2O3∙6SiO2 «Э= Na,К » - слюда 4Э2О∙4AI2O3∙ 9 SiO2 - нефелин AI2O3∙2SiO2 ∙ 2Н2О немесе Н4AI2Si2O9 - каолин, ақ түсті саз,фарфор жасауда колданады.
Жасанды силикаттарға шыны өндірісі өнімдері – шыны,керамика, фарфор,фаянс жатады.
Шыны құрамы: CaСO3+ SiO2 = CaSiO3+ СO2 Na2СО3+ SiO2 = CaSiO3+ СO2 Терезе шынысы: Na2О∙ CaO∙6SiO2 Балқыған шыныны фильяраның көзінен өткізіп өте жіңішке диаметрі 2-10 микрон талшық жіп алады,оны шыны талшық деп атайды. Одан жасалған мата электр тогын,жылуды өткізбейді, дыбысты нашар өткізеді,химиялық турақты, техникада және электротехникада қолданылады.
Шыны талшық пен түрлі шайырларды араластырып,конструкциялық материал – шыны пластик жасалады.Ол болаттан 3-4 есе жеңіл,бірақ өте берік, сондықтан машина жасау өндірісінде,құрылыста қолданылады.
Қалайы Sn күміс түсті ақ,жұмысақ металл,төменгі температурада сұр ұнтақ түрінде болады., тұтқыр, сумен және аммиак ерітіндісімен әрекеттеспейді. Қалайы- баббит- баспахана құймасын,подшипниктер жасауға қолданылады,таттанбайды,сумен әрекеттеспейді.
Қорғасын Рв сұр,көгілдір түсті,жұмысақ,пластикалық металл, баспахана құймасын және аккумулятор жасауда қолданылады, радиоактивті және гамма-сәулелерін жақсы сіңіреді,сондықтан радиоактивті сәулелерден қорғану үшін қолданылады.
3. Химиялық қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |