Дәріс 11 . Металдардың жалпы қасиеттері.
Мазмұны:
1.Металлдардың жалпы қасиеттері.
2.Сілтілік металдар,олардың қосылыстары,биологиялық ролі.
3.Сілтілік жер металдар, олардың қосылыстары,биологиялық ролі.
1. Бейорганикалық химияны оқығанда элементтердің периодтық жүйедегі сипаттамаларын,жай қосылыстарының құрылысын,олардың алыну жолдарын,элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқумен қатар,элементтердің табиғатта таралу түрлері,қолданылуы,биологиялық ролі қарастырылады.
Металдар периодтық жүйенің 80%-ін құрайды,яғни 85 металл бар.Олар ІА,ІІА,ІІІА және В топшалардың төменгі жағында орналасқан. f-элементтердің барлығы металл.
Физикалық қасиеттері:
а/ Нg -сұйық
ә/ сілтілік және сілтілік жер металдар жұмысақ,пышақпен кесуге болады
б/ қалғандары қатты,УІ-В топта хром өте қатты
в/ металдық жылтыры болады
г/ электр өткізгіш Аg,Cu –жақсы өткізеді,Рв,Нg–нашар өткізеді.Температура артса электрөткізгіштік кемиді,төмендесе артады.
ғ/ жылуы өткізгіш
е/ пластикалық қасиет,тіпті созуға болады,мысалы 1г алтыннан 3км жіңішке жіп созуға болады.
Металдар тығыздығына байланысты жеңіл (p=5г/см),одан артса ауыр болады.Жеңіл металдың балқу температурасы төмен,ауырдыкі жоғары болады. Мысалы: цезий жеңіл,балқу тем.28 Со, ал вольфрам ауыр, балқу тем. 3380 Со.
Кейбір металдарға полиморфизм құбылысы тән,ол металдың қатты күйде әртүрлі кристалдық пішінде болу қасиеті.
Магниттік қасиеті бойынша:
а/ димагнитті,яғни мұндай металдар магнит өрісінде тербеледі Аg,Cu,Au, Нg,Zr,Zn
ә/ парамагнитті,яғни магнит өрісіне тартылады Sd ,Ti, W , Y, Mo ,Mn т.б.
б/ ферромагнитті- магниттелу қасиеті өте жоғары Fe,Co ,Ni.
Техникада:
а/ қара металл – темір,оның құймалары
ә/ бағалы металл – алтын,күміс,платина,цирконий
б/ сирек металл – титан,германий, берилий,ванадий т.б.
в/ түсті металл – мырыш,магний,алюминий т.б.
Ең басты қасиеті – сәуле,электромагниттік толқынның әсерінен электрон бөлуі.Оны фотоэлектрлік эффекті деп атайды. Мұндай қасиет ІА-топша элементтеріне тән.Өйткені сыртқы валенттік электрондары ядроға әлсіз байланысқандықтан сәуле әсерінен бөлініп кетеді.
Химиялық қасиеттері:
а/ тотығу – электронды оңай беріп,оң ионға тез айналады – тотықсыздандырғыш
ә/ иондану энергиялары төмен
б/ металл ешқашан электрон қосып алмайды,тотықтырғыш болмайды
в/ металдар оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді, т.д. тұрақты металл оксидтері- негіздік оксид,т.д.әртүрлі болатын металдардың төменгі оксидтері – негіздік, ортаңғылары – екідайлы,жоғарғылары – қышқылдық оксид болады.
Мысалы:
CrO - негіздік,Cr2O3 - екідайлы, CrO3 - қышқылдық
В топша металдары жоғары тотығу дәрежесін көрсететін оксид түзгенде оларға сәйкес гидроксидтері қышқыл болады.Мысалы: CrOз (УІ) оксидіне Н2CrO4 хром қышқылы сәй кес келеді.
Металдар тотықсыздандырғыш, сондықтан тотықтырғыштар-мен,бейметалдармен,қышқылдармен,тұздармен әрекеттеседі. Қышқылдармен әрекеттесуі металдардың стандартты электродтық потенциалдар қатарындағы орнына,қышқылдардың табиғатына және концентрациясына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |