Дәріс № 3 Корреляциялық сараптау. Корреляция коэффициенті. Дербес корреляция коэффициенті.
Дәріс жоспары:
Корреляциялық сараптау
Корреляция коэффициенті
Жиынтық және дербес корреляция коэффициенті
Корреляциялық сараптау. Корреляция коэффициенті.
Дербес корреляция коэффициенті.
Корреляцияны қолдану математика жағынан өте тиімді, бірақ ол екі шама арасындағы байланыстың нақты өлшемін де бере алмайды. Тәуелділіктің өте нақты өлшемі, ковариациямен тығыз байланысты корреляция коэффициенті. Дисперсиямен коварияция тәрізді, корреляция коэффициентінің 2 формасы бар: теоретикалық және таңдамалы.
Теоретикалық коэффициент (ро)белгіленеді және латынның r әрпіне сәйкес келеді.
Таңдамалы коварация коэффициенті
Егер r=1 max мәнге ие болса, ол х және у таңдамалы мәндерінің арасындағы қатаң оң сызықтық тәуелділікті береді. Сәйкесінше r=-1 min мәнге ие болса, онда сызықты теріс тәуелділік бар деген сөз. Ал r=0 х және у арасында ешқандай тәуелділік жоқ дегенді білдіреді.
Корреляциалық сараптаудың негізгі міндеті кездейсоқ айнымалылар арасындағы өзарақатынасты жұп корреляция коэффициентін нүктелі және интервалдық бағалау арқылы анықтау, корреляция және детерминация жиынтық коэффициенттерінің маңыздылығын есептеу және тексеру болып табылады. Сонымен қатар, корреляциялық сараптау көмегімен келесі есептер шыңғарылады:факторлардың арасындағы байланыс дәрежесін өлшеу негізінде, нәтижелік белгіге едәуір әсер ететін факторларды; бұрын анықталмаған байланыстың себептерін табу. Корреляция параметрлер арасындағы себепті байланысты тікелей анықтай алмайды, бірақ осы байланыстардың сандық мәнін қояды және олардың бар болуын растайды.
Корреляциялық сараптау жүргізгенде барлық деректердің қосындысы айнымалылардың (факторлардың) жиыны ретінде қарастырыладыДеректерді сараптаудың негізгі құралы жұптық корреляция коэффициенті, корреляцияның дербес коэффициенті және корреляцияның жиынтық коэффициенті болып табылады.
Корреляция коэффициенті. Тәуелділіктің дәлірек өлшемі корреляция коэффициенті болып табылады және, ол мына түрде анықталады:
;
Егер r максималды, яғни бірге тең мәнге ие болса, онда x және y таңдамалы мәндері арасында сызықтық оң тәуелділік бар. Керсінше, r минималды мәнге, яғни –1 тең болса, онда сызықты теріс тәуелділік бар. Ал, егер r=0 болса, онда ешқандай тәуелділік жоқ дегенді білдіреді.
Детерминация және жиынтық корреляция коэффициенттері 0 және 1 интервалында анықталатын оң шама болып табылады. Бірге жақындағанда, кездейсоқ шамалардың өзарабайланысының тығыз екендігі туралы қортынды шығаруға болады, бірақ олардың бағытын көрсете алмайды. Жиынтық корреляцияның коэффициенті модельге қосымша айнымалыларды тек қосса үлкейе алады, бар белгілердің кейбірін алып тастаса үлкеймейді.
Жиынтық корреляцияның коэффициентінің мәнділігін есептеу мәндерін салыстыру жолымен, яғни Фишер критерийі бойынша орындалады.
Қарастырылып отырған кездейсоқ шамалар бір бірімен коррелирленетін болса, онда жұптық корреляция коэффициентіне басқа шамалар әсер ететіні байқалады. Осыған байланысты ең болмағанда бірінің немесе бірнеше басқа кездейсоқ шамалардың әсер етпегенде шамалар арасындағы дербес корреляцияны зерттеу қажеттілігі туады Корреляцияның дербес коэффициенті корреляцияның жұптық коэффициенті сияқты -1 ден +1 аралығында өзгереді.
Өзін тексеру сұрақтары
Корреляциялық сараптау
Корреляция коэффициенті
Жиынтық және дербес корреляция коэффициенті
Әдебиет:
К. Доугерти Введение в эконометрику. Пер. с англ. Москва-1997.
Просветов Г.И. Эконометрика: задачи и решения. Уч. Методическое пособие. Москва 2004г.
Брейли Р. Принципы корпоративных финансов: Пер. с англ.-М.:ЗАО «Олимп-Бизнес», 1997
Ә.Ж. Сапарбаев, А.Т. Мақұлова. Эконометрика. Алматы: Бастау, 2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |